Инфоурок Музыка КонспектыКонспект урока на тему "Қазақ вальсі"

Конспект урока на тему "Қазақ вальсі"

Скачать материал

№ 50 орта мектеп

Музыка пәні мұғалімі

Мектепова Жайнагул Ермековна

Г. Актобе

Казахстан

                                                

Пәні: Музыка                    Класы: 6 «Г»

Сабақтың тақырыбы:  Қазақ вальсі

Сабақтың мақсаты:  Қазақстандағы вальс жанрының қалыптасуы жайлы әңгімелеу.

Білімділік:  Композитор Л.Хамидидің  шығармашылығы туралы мағлумат толықтырып,   «Қазақ вальсі» әнін үйрену.

Дамытушылығы: Вальс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық-іс әрекетін  дамыту,  ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.

 Тәрбиелілігі: Әнді тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Түрі:  Жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдері:  Сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО технологиясының «Алты телпек», топтастыру әдістері, өзін өзі бағалау, топтық  жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті  тақта, тақырыптық слайдтар, видео бейнетаспа,  стикерлер.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, тарих, математика, хореография

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылығын ояту.

Класқа оқушылар вальс әуенімен кіреді.

1. әндетіп амандасу.

2.Психологиялық тренинг.

- Мен мықтымын,

- Мен әдемімін,

- Мен өнерлімін,

- Мен білімдімін,

- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!

3.Интерактивті тақтадан вальтің бірнеше түрлерінен үзінді көрсетіледі.

- Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады?                    

ІІ. Мағынаны тану.

- Ия , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ вальсі» деп аталады.(Дәптермен жұмыс)

- Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз, яғни  сабағымызды  «Алты телпек» әдісі арқылы өткіземіз. (№ 1 слайд)

1. Бейнетаспаға назар аударайық. Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Қазақ вальсі» әні тыңдалады.

«Ақ телпек» Статистикалық .( Вальс қалай пайда болған?, әннің өмірге келген тарихы, тағдыры туралы не білесіңдер? )

«Сары телпек» - Сәттілік  («Қазақ вальсі» әні несімен сәтті шықты. Немесе алғашқы орындаушысы кім? т.б.)

«Қара телпек» - Сәтсіздік  (әннің сәтсіз тұстарын айтасыздар. Қазаргі таңда бұл әннің ырғағына жастар билей ма?, т.б.).

«Көк телпек» - Аналитикалық  (Не үшін?, Неге байланысты? деген  сұрақтарға жауап іздейді)

«Жасыл телпек» - Шығармашылық  (Әннің ырғағына вальс билеп көрсетуге болады, немесе өлең шығару.)

«Қызыл телпек» - Сезімтал (Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар.Билеген бимен әннің ырғағы үйлесе алды ма?)

-Балалар, вальсті қай кезде, қай жерлерде биленеді?

- Вальс ырғағында біз қандай әндермен таныспыз?

- Ендеше «Ана туралы жыр» әнін орындайық.

2. Дауыс жаттығуларын жасау.

3. Ән орындау. Ш.Қалдаяқов  «Ана туралы жыр»

4.Ән үйрету. Л.Хамиди «Қазақ вальсі» әні

Бұл биді нақышына келтіре орындаған Шара Жиенқұлова

Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы

 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған.

Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы  Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған.

1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды.

Бейімбет Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліш бейнесі - оның театрдағы алғашқы сомдаған рөлі. Кейін ол Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз» қойылымдарында басты рөлдерді сомдады.

1934 жылы өз жұмысын Музыкалық драма театрында (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры) жалғастырды. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында бой көрсетті.

- Балалар қазір Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін тыңдап  үйренеміз.

- Латиф Хамиди кім, ол туралы не білеміз?

- Оқушыларға әннің авторлары Латиф Хамиди  туралы мағлумат беріледі.

 Қазақ музыкасының тарихында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық   әртісі, композитор Латиф Абдулхайұлы есімі ерекше орын алады. 

 Композитор, дирижер, ұстаз өзінің жан-жақты жемісті еңбегімен, өзіндік

сипаты бар, көркемділігі биік шығармашылығымен өшпес мұра қалдырды.

Л.Хамиди (1906-1983) алғашқы шығармашылық жолын көптеген қаламдастары сияқты ән

жанрынан бастады. Бұл халыққа ең түсінікті және тартымды өнер саласында Латекең

жүзге жуық туындылар жазды. Заман сұраныстарына сәйкес хорлар, өз кезінде тәрбиелік-

рухтық, патриоттық сезімге толы бұл ән-романстар халық арасында кең тарап, қоғами-

әлеуметтік міндетін жоғары атқарды. Бұл тұрғыдан Л.Хамидидің 1940 жылы шыққан

әйгілі «Қазақ вальсін» (сөзі Сәбит Мұқановтікі) айтуға болады. Қуаныш пен шаттық сезім,

жастық үн мен еркіндікті паш ететін бұл вальс, осы күнге дейін өзінің құндылығын, мәні

мен сәнін сақтап, тыңдаушыны өмір сүйгіштікке бөлеп, қазақ музыкасының классикалық

үлгісі ретінде бағаланады. «Қазақ вальсін» тұңғыш орындаушы есімі аңызға айналған

өнер жұлдызы КСРО-ның халық әртісі Күләш Байсейітова еді. «Қазақ бұлбұлы» атанған

Күләш бұл әнді орындауымен халқымыздың, Латекеңнің атын бүкіл әлемге мақтан етуге

үлесін қосты. Ал, Күләштан кейін «Қазақ вальсіндей» керемет туындыны жаңа

орындаушылық деңгейде атақты әншіміз Бибігүл Төлегенова шырқады.

- Ән қай екпінде орындалады?
- Вальс екпінінде.
- Бұл ән – жастардың әдемі көктем шағы, махаббат, табиғат, бақытты, қуанышты кезең-шағын жырлайды. Вальс екпінімен, асқақтата орындалады.

- Әнді орындау барасында  мәтіндегі сөздерді анық, таза айтуға талап етіледі.

5.Бейнетаспадан қазақ вальсі биі көрсетіледі. Әннің ырғағына оқушылар қосылып орындайды.

6. Би элементтерін  әннің ырғағына билеп көрсету.

ІІІ. Ой толғаныс.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

1.Маған сабақта.....

2.Вальс дегеніміз....

3. «Қазақ вальсі» әнін ......

4.Әннің авторлары.....

5.Вальс өлшемде....

ІҮ. Бағалау. Әр топ бір-бірін бағалайды.

Ү. Үйге тапсырма. «Қазақ вальсі» әнін нақышына келтіріп орындау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока на тему "Қазақ вальсі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 969 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 968
    • DOCX 39 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мектепова Жайнагул Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мектепова Жайнагул Ермековна
    Мектепова Жайнагул Ермековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13969
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыкальный менеджмент: от создания до продвижения

PR-менеджер (музыкальный бизнес)

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс повышения квалификации

Основы художественного анализа

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе