Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект урока на тему: «Дауысты және дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Конспект урока на тему: «Дауысты және дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау»

библиотека
материалов

hello_html_m6b893a88.gifСабақтың тақырыбы: «Дауысты және дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау» Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік.Оқушылардың өткен дауысты және дауыссыз дыбыстан алған теориялық білімдерін бекітіп, игерген білімдерін толықтыру, талдау, сауатты жазуға төселдіру. ә )Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау, шығармашылық    қабілеттерін, сөз байлығын дамыту.
б) Тәрбиелік. Сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін оята отырып, ұлттық нақышта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ. Сабақтың типі: Жалпылау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, киіз үйдің макеті, кесте. Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика, әдебиет.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО, сұрақ-жауап, шығармашыл жұмыстар. Оқыту формасы: Аралас
Кіріспе. Мұғалімнің сөзі: - Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады. Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау және бүгінгі келіп отырған қонақтарға білім деңгейлерінді көрсету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру Бүгінгі сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар деген екі топ алдарыңызда отыр.

І Үй тапсырмасы: Балалар, үйге берілген тапсырма өз топтарыңның атына сай ұранын дайындап, топ басшыларын тағайындап келіңдер деген болатынмын. Қане, ендеше әр топқа сөз кезегін береміз.

І топ ІІ топ

Дауыстылар тобы Дауыссыздар тобы

Біз дауысты дыбыспыз, Біз дауыссыз дыбыспыз. 12 әріптен құралған 26 дыбыстан тұрамыз Тіл,жақ,ерін қатысына қарай, Қатаң,ұяң,үнді болып, 6 топқа бөлінеміз. Өзіміз 3-ке бөлінеміз.

ІІ Психологиялық дайындық. (Сабақтың ұраны)
Қазақ тілім –өз тілім,ана тілім.
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым , бақытым дара тілім.
-Дұрыс, балалар, ендеше ғұлама ақындарымыздың тілі, туған тіліміз, қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Қызығушылықты ояту. Мен бүгінгі сабағымды сендерге жұмбақ жасырудан бастағалы тұрмын.

Жұмбақтың шешуі біздің бүгінгі сабағымызға арқау болады.

Ұқсайды шеңберге,

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы мол, кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

                        (Киіз үй)



http://adyrna.kz/wp-content/uploads/2010/09/70008.thumbnail1.jpg

Балалар, киіз үйді көргенде сендердің ойларына не оралады?

Жалпы, киіз үй туралы не айта аласыңдар?

Жарайсыңдар, балалар.

Енді киіз үйдің негізгі құрылымдық бөлшектерін құруымыз керек. Ол үшін киіз үйді әр бөлшегінің сендерге қояр тапсырмасы бар. Сол тапсырмаларды орындау арқылы біз сабағымыздың мақсатына жетеміз.

Мағынаны тану

1. Кереге. Ой шақыру.

Кереге - киіз үйдің қабырғасын құрайтын жиналмалы, тор көз тәріздес қанаттардан тұратын бөлігі.

Мұғалімнің сөзі: Қазақта «Көсеген көгермесің, кереген мықты болсын» деген қанатты сөз бар. Фонетика саласын өткенде, мына сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы фонетикадан мықты фундамет құра аламыз.



  1. Фонетика нені зерттейді?

  2. Сөйлеу мүшелеріне нелер жатады?

  3. Қай жылдары қандай әліпбилерді қолдандық?

  4. Қазақ әліпбиі мен орыс әліпбиіндегі әріптер санында қандай айырмашылықтар бар?

  5. Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар?

  6. Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар

  7. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?

2. Уық Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар.

Өрмек тоқу. Әр топтан бір оқушы келіп, дауысты дыбыстарды біріктіреді, ал екінші оқушы келіп дауыссыз дыбыстарды біріктіреді. Сөйтіп, өрмекшінің өрмегі тоқылады.

ә в т ұ м н ө Һ ч ш і ғ з қ у э

а б г д е ж и

к ү л о п с

ф ц ы х ц щ

І топ ІІ топ









3. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

Мұғалімнің сөзі: Шаңырақ киіз үйдің еңсесін көтеріп, біріктіріп тұратын күмбез. Енденше, фонетика саласы мен фонетикалық талдау да біртұтас ұғым. Фонетикалық талдау. (тақтамен жұмыс)

Қазақ тілі жолымен Математикалық тәсіл арқылы

Егеменді Тәуелсіз



Сергіту сәті . (Қара жорға)

4 «Табалдырық» - Екі таяныштың аяғын көлденең бекітіп тұратын ағаш.

Мұғалімнің сөзі: Табалдырық – төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн орын. Сондықтан қазақ баласына «табалдырықты баспа» деп тыйым салады. Ендеше, балалар , қазір сендер кезектесе отырып, тыйым сөздер айтасыңдар. Бір-бір тыйым сөздің мағынасын түсіндіреді.

5. «Маңдайша»- Екі босағаның үстіңгі жағынан бекітіп тұратын әшекейлі көлденең ағаш. (Оқулықпен жұмыс)

І топ 292-жаттығу. ІІ топ 278-жаттығу

6. «Таяныш»-Тіреу мағынасындағы сөз. Есіктің екі жағын тіреп тұратын ағаш.

Дауысты дыбыстардан басталатын ұлттық спорт ойындарын топтастырып жаз. І топ

Дауыссыз дыбыстан басталатын ұлттық киім үлгілерін топтастырып жаз. ІІ топ

7. «Сықырлауық»- Киіз үйдің ағаш есігі. Ол сықырлап ашылады, сондықтан оны сықырлауық ,-дейді. (Шағын зерттеу жұмысы.)

І топ ІІ топ

И- әрпін зерттейді. У - әрпін зерттейді.

Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындап, киіз үйді құрып шықтық.

Енді шағын бейнеклип тамашалайық. (киіз үй туралы)

Балалар, міне ,біз киіз үйді құру арқылы фонетика саласынан дауысты және дауыссыз дыбыстарын қайталап шықтық.

Қорыту. «Венн диаграммасы» арқылы қорыту.

Дауысты дыбыстар      Ортақ қасиет          Дауыссыз дыбыстар
Ауа өкпеден кедергісіз Екеуі де 38 дыбыстың Ауа өкпеден шығады. Олардың құрамына кіреді. кедергімен шығады. . саны -12 Сөйлеу мүшелері арқылы 26 дауыссыз дыбыс Тілдің, жақтың   жасалады. бар. Түрлері қатаң, ерін мен езудің                     ұяң, үнді. Үн мен
қатысына қарай           салдырдан тұрады.
бөлінеді.


Бағалау. Бағалау парақтары арқылы бағаланады.

Рефлексия. Смайлинк арқылы сабақтың оқушыларға қаншалықты ұнағанын анықтау.

Үй тапсырмасы: Фонетика сөзіне сөзжұмбақ құрып келу. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» шағын эссе жазып келу.







Степногорск қаласының білім бөлімі

«Қарабұлақ селолық орта мектебі» ММ



Облыстық ашық семинар сабағының тақырыбы:

( 5-сынып)

http://adyrna.kz/wp-content/uploads/2010/09/70008.thumbnail1.jpg

Сабақты өткізген қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:

Қарағұлова Әсия Қойшанқызы.



2014-2015 оқу жылы.

Сабаққа өзіндік талдау.

Мектеп:Қарабұлақ орта мектебі Мұғалімі: Қарағұлова Ә.Қ.

Күні_24.11.2014_сынып_5 «А»__оқушы саны_10_сабаққа қатысқаны__10

Пән: Қазақ тілі Тақырыбы: « Дауысты және дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау»____

Сабақтың тақырыбы: а) Білімділік.Оқушылардың өткен дауысты және дауыссыз дыбыстан алған теориялық білімдерін бекітіп, игерген білімдерін толықтыру, талдау, сауатты жазуға төселдіру. ә )Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау, шығармашылық    қабілеттерін, сөз байлығын дамыту.
б) Тәрбиелік. Сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін оята отырып, ұлттық нақышта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.

Сабақтың типі: Жалпылау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, киіз үйдің макеті, кесте.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика, әдебиет.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО, сұрақ-жауап, шығармашыл жұмыстар.

Оқыту формасы: Аралас
Сабақ кезінде нақты іске асырылатын әрекеттер. Сабақты бастамас бұрын Ұйымдастыру кезеңіне назар аудардым: Оқушылардың сабаққа жалпы және психологиялық дайындығын және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырдым.Оқушыларға сабақтың тақырыбын, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарды таныстырдым, бүгінгі сабақтың өту барысымен таныстырдым.

Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама: Сабақтың түрі. Сабақта танымдық сабақ түрін пайдаландым. Сабақта жеке практикум түрі бойынша оқушыларға өзіндік тапсырмалар мен оларды орындауға нұсқаулар бердім. Мұнда теориялық білім практикалмен ұштастырылды. Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым. Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуін жоғарылату мақсатында дидактикалық негізгі функцияны – проблемалық-ізденімпаздық іс - әрекет тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытуды қарастырдым.Сабақ беру әдіс- тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақтаны) тиімді пайдаландым. Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды өз жаттығуларында дұрыс қолдана білді. Сабақ барысында оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, киіз үйдің макетін құрып шықты. Сабақтың әр кезеңінен өту барысында оқушылар ерекше бір қызығушылықпен жұмыс істеді. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ өте жақсы деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, топтаса жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.
5.Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі. Фонетика сөзіне сөзжұмбақ құрып келу. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» шағын эссе жазып келу сияқты тапсырма беру арқылы оқушыларға тапсырманың әрі қызықты,әрі шығармашылықпен жұмыс атқаруларына да мән бердім. V.Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді. Сол себепті сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров186
Номер материала ДВ-439045
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх