Сабақтың тақырыбы: Кім? Кімдер? Не ? Нелер?
Сабақтың мақсаты:
а)оқушыларға кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына
жауап беретін сөздерді меңгерту.
ә)ойлау қабілетін арттыру, тілдесім әрекеті арқылы
сөздік қорын молайту.
б)оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:суреттер т.б
Сабақтың түрі:аралас.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Жаңа сабақ
Балалар мынау кім?- мұғалім кімдер?- оқушылар
не?- қой не?- доп нелер?- парталар.
Міне , балалар, кім? не ?кімдер? нелер?
сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың атын білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде адамға кім?кімдер деген сұрау
қойылады. Малға, жансыз заттарға не ? нелер?деген
сұрақтар жауап береді.Салыстырайық:
Орыс тілінде: Это кто? -баран. Қазақ тілінде:Мынау не?- қой.Мынау
нелер?-қойлар
Это кто?- собака Мынау
не?- ит. Мынау нелер? Мынау иттер
Это что?-ручка Мынау
не?-қалам.Мынау нелер?Мынау қаламдар.
ІІІ..Кітаппен, дәптермен жұмыс.
Күнді, класс жұмысы деп жазу
1-тапсырма Кім? Не?Кімдер?Нелер?деген сұраққа
жауап беретін сөздерді ажыратыңдар:
Аю оқушы тал ұшқыш бүркіт шопан нан тігінші Даша
Мысықтар мұғалімдер кітаптар адамдар мектептер
2-тапсырма Бұл не? Аңдардың атауларын қайталап ,дәптерлеріне жаздыру
Сергіту
жаттығулары. Оқушылар қимыл
жасау арқылы бойларын жазады:
Әтеш
ерте оянды,
Жан-жағына
қарады.
Шынықтырып
денені,
Қанаттарын
тарады.
Қаз
қанатын жайды,
Аққу
мойнын созды
Үйрек
көлге келіп.
Асықпай
шомылды.
Ойын: Кім жылдам ?
Кім?------------------Кімдер?
---------------Не?------------------- Нелер?
Оқушы ,мұғалімдер,кітап,балалар,бала, аналар,дәптер,қаламдар,ата,әжелер, өшіргіш,терезелер,Гриша,оқушылар,сызғыш,кітаптар.
V. Қорытындылау:
- Бүгін қандай тақырып өттік?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай
сұрақтар қойылады екен?
- Адамға ше?
- Жансыз және жан-жануарларға ше?
- Орыс тілінде қалай екен?
VІ Үйге:
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.