Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Конспект урока на тему Температура.Температураны өлшеу тәсілдері.

Конспект урока на тему Температура.Температураны өлшеу тәсілдері.


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСынып: 8 «А» Мерзімі: 3.09.14

Сабақтың тақырыбы: Температура.Температураны өлшеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға температура және оны өлшеу тәсілдері жайлы түсінік беру;

дамытушылық: оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой өрісін дамыта отырып кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, мысалдар келтіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, таратпа қағаз ,термометр түрлері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

в) ТҚ таныстыру,журналға белгілеу
Үй тапсырмасын тексеру: 7 сынып бойынша қайталау (таратпа қағаз)
Жаңа сабақ:

Температура


  • Температура нені сипаттайды?

  • Температураны өлшеу қандай әдіске негізделген?


Негізгі физикалық шама – температура жылу құбылыстарымен тығыз байланысты. Дене әр түрлі дәрежеде қызу қасиеттеріне ие болады, оны температура деп атайды. Егер әр түрлі қыздырылған екі денені түйістірсек, онда аса қатты қызған дене салқындайды, ал суық дене жылынады. Мұнда жылудың берілуі нәтижесінде екі дененің бір-бірімен жылу немесе энергия алмасуын байқаймыз.

Жылу алмасу – екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.

Жылуды қабылдайтын екінші денеге қарағанда жылу беретін дененің температурасы жоғары болады.

Стақандағы суға мұз кесегін салып, оны қақпақпен нығыздап жабамыз. Біз мұз еріген сайын, стақандағы судың салқындайтынын байқаймыз. Мұз толық еріп болғанда, мұздың еруінен жиналған су жыли бастайды, ақырында су қоршаған ортаның температурасын қабылдайды.

Температураларды өлшеу әдісі екі дене арасында болатын жылу алмасу кезіндегі жылулық тепе-теңдіктің орнауына негізделген.





Осы құбылыс негізінде түрлі термометрлер жасалған.

Температура



Дене әр түрлі дәрежеде Дененің температурасын жылу құбылыс-

қызу қасиеттеріне термометрмен өлшейді тарымен тығыз

ие болады байланысты.

Термометр – температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал. Кез келген жүйенің температурасы туралы айту үшін жүйе мен термометр жылулық тепе-теңдікте болуы шарт.

Атмосфералық қысымдағы таза судың қайнау және қату температуралары айырымының жүзден бір бөлігін бір градус деп аталады.

0 мен 100 нүктелері аралығындағы шкаланы бірдей 100 бөлікке бөледі, оларды градустар деп атайды. Сұйық бағананың бір бөлікке орын ауыстыруы температураның 10-қа өзгеруіне сәйкес келеді. 00-тан төмен температураларға « - » таңбасы қойылады (термометрді көрсету).

Термометрлер және температуралық шкалалар.
Температураны өлшеу үшін денелердің кейбір қасиеттері температураға тәуелді өзгеріп отыратыны пайдаланылады.
Термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратыны белгілі бір сипаттамасын, мысалы, газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктелерді тағайындайды. (судың қайнау, қатаю
нүктелері). Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады.
1. Фаренгейт шкаласы. 1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фарангейт ұсынған. Реперлік нүктелер:
0 F - 1709 ж. ерекше суық қыстың температурасы 32 гр F – мұздың еру температурасы 98 гр. F. бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 212 гр F. Фаренгейт шкаласын АҚШ - та пайдалана - ды.
2. Реомюр шкаласы. 1730 ж. француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр.
Р – мұздың еру температурасы: 100 гр С - судың қайнау температурасы.
3. Цельсий шкаласы. 1742ж. швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр С – мұздың еру температурасы; 100 гр С - судың қайнау температурасы.

Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273,150С-қа тең. Ол температураның абсолют нөлі деп аталады.

ХБЖ-де температуралардың абсолюттік термодинамикалық шкаласы – Кельвин шкаласы қабылданған.

Бір Келвин – Цельсий шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 10-қа тең.

Цельсий шкаласы бойынша алынған температура t0(С) мен Кельвин шкаласы бойынша алынған термодинамикалық температураның Т(К) арасындағы байланыс:

T=(t+273)K немесе t=(T-273)0С.


Энергия деп дененің жұмыс істей алу қабілетін айтады. Ол жұмыс сияқты джоульмен өлшенеді.

Энергия



Потенциалдық Кинетикалық


Денелердің немесе дене Қозғалыстағы денелер

Бөлшектерінің өаара әрекет ие болатын энергияны

нергиясын айтады. айтады.



Сабақты қорыту: Не білдім? Не үйрендім?

Үй тапсырмасы: §2 оқу, 1 – 9 сұрақтарға жауап. 1-жаттығу 3-8.

Бағалау: оқушыладың белсенділктеріне қатысты бағлау






















Физикалық

шама


Белгіленуі


Формула

Өлшем бірлігі

































Физикалық

шама


Белгіленуі


Формула

Өлшем бірлігі
































Физикалық

шама


Белгіленуі


Формула

Өлшем бірлігі

























Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Температура.Температураны өлшеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға температура және оны өлшеу тәсілдері жайлы түсінік беру;

дамытушылық: оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой өрісін дамыта отырып кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, мысалдар келтіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, таратпа қағаз ,термометр түрлері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

в) ТҚ таныстыру,журналға белгілеу

Автор
Дата добавления 24.04.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров619
Номер материала 252614
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх