Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Конспект урока на тему "Жаса Қазақстан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Конспект урока на тему "Жаса Қазақстан"

библиотека
материалов


Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел- Қазақстан»

Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік бері, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.

Би: 6 сынып оқушыларының орындауындағы қазақ биі -

Бастаушы: Армысыздар құрметті бүгінгі қасиеттіде қадірлі мерекенің қонақтары! Аса құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды келелі бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер! –дегендей бүгін тойлатып отырған «Тәуелсіздік» бізге оңайлықпен келген жоқ. Талай бабаның ғасырлар бойы аңсаған арманы, ұзақ уақытты қамтитын тарихтан тұратын төл мереке! Бұл ұлы тарих!

Тарих –сырт көзге оп-оңай сияқты көрінгенмен, терең қатпарлы, күрделі ғылым. Содан болар, тарихтың айналасында айтыс-тартыс, пікір-талас үнемі болып турады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, тарихымыздың көлеңкелі беттері ашылып, өз тарихымыздағы шындықтарға көзіміз жетіп отыр.

Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңіз.

1-жүргізуші: Тәуелсіз мемлекетіміздің 22 жыл толуына орай өткен тарихымызға көз жеткізейік.

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. 15 ғ . қуатты қазақ хандығы құрдық, алайда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады.

2-жүргізуші:

Слайд «Қазақ хандығы»

Ән: орындайтындар:

1-жүргізуші: Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. XVIII ғасыр басында дүріккен ел «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.

2-жүргізуші:

Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,

Елі үшін жорық жасап жанкешті.

Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,

Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.

Слайд. «ХҮІІІғ Қазақстан»

1-жүргізуші: XVII -XIX ғасыр басында халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз басынан қара тұман серпілмеді.

2-жүргізуші:

Неше заман, неше ғасыр санашы,

Теңдік іздеп бабамыздың бабасы

Тақымынан түспей қойған найзасы,

Ауызынан түспей қойған тобасы.

Слайд «Ұлт –азаттық көтерілістер»

Ән: орындайтындар:

1-жүргізуші: Біздің 1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізге өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1923-1933ж. болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта халықтың 2,2 миллион опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінгі атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың адам.

2-жүргізуші: 1936-1938 ж. репрессия оқиғасы.Талай зиялының көзін жойған, ұлтшыл атандырып айдар таққан нәубет кезеңді де қазақтар басынан өткерген. Қанша ұлт зиялысы жапа шекті. Мысалы М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, І.Жансүгіров және т.б.

1-жүргізуші: Отыз жеті!Есік бұзар кез кірді,

«Халық жауы» естімедік өзге үнді.

Бірінен соң бірі атылған боздақтар,

Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды.

Слайд «Алаш зиялылары»

2-жүргізуші: 1941-1945 ж. аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизімнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Осы жылдарда ең көп қырылған қазақ еді.

2-жүргізуші: Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,

Отан үшін талай ерлер мерт еткен.

Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс,

Соғыс десе жүрегіміз селт еткен.

Слайд « Ұлы Отан соғысы»

1-жүргізуші: 1954-56ж. қазақ жеріне өзге ұлттар топырлатты.

2-жүргізуші: 1970-1980 ж. тілі мен салт-дәстүрін айырылып, рухани азғындау күшейді.

1-жүргізуші: 1986 ж. қазақтың рухын таза құрпақшы болды. 1986ж.

16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Комунистік Партиясы Орталық Пленумы болды. Пленумында Республика басшысы Д.А.Қоневты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, тәуелсіздік жолында мерт болды.

2-жүргізуші: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Бастаушы: Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Слайд «Желтоқсанда»

Би: орындайтындар:

Бастаушы: «Орнында бар оңалар» демекші ел орында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.

Қалса да қайда жерің, қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің!

Айрылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан,

Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

Жас өрендердің «Тәуелсіздік» туралы өлеңдеріне құлақ түрейік.

Слайд. «Тәуелсіз Қазақстан»

1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бастаушы: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын





Тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, дүниетану.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, суреттер, шарлар

Әнұран орындалады

                            Кіріспе бөлім.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл.

Танғажайып атында дәл табылды,

Табылда талай жұртқа танылды,

Туған елім, көкке жетті көк туын

Сен,  Тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі!

Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік  алғанына 22 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық  дегенді қалай түсінесіңдер?  (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық  дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).

Мүғалім: Дүрыс айтасындар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған  қандай тақпақ білесіңдер?


Карина:Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Сания: Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Мүғалім:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?

(балалар жауабы:  Олар бір — бірімен дос, тату тұрады.)

Аруана: Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан

Барлық  ұлттын баласы

Достығымыз жараскан.

Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар жауабы)

Ерасыл: Елімде бейбіт тыныш заман болсың,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың  қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме?   (балалар жауабы)

 Дүрыс,  мемлекеттін рәміздері:  елтанба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн) жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков.

Елдана: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Мүғалім: Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасы.  Елтанбаның орталық элементі — шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәнгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтанба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтанбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасының  авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

Сұлтан: Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Мүғалім: Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нүрсүлтан Назарбаев,  әнің жазған  Шәмші Қалдаяқов.

Сания: Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық  тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.

         Сайыстың шарттары:

1.     Мақал-мәтел айту

2.     Бәйге

3.     Поэзия минуты

4.     Үй тапсырмасы

5.     Қызықты алтылық

6.     Тілек айту

      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.

     Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім.  Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).

 

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)

1. Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997жж. Алматы қаласы.

1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

  Мұғалім:    Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.  Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

3.Тудың авторын атаңыз.

4.Елтаңбаның авторы кім?

5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.   Әні: Шәмші  Қалдаяқов)     

6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)

9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).

 ІІІ бөлім.Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.

IV бөлім. Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  «Республикамыз 22 жыл ішінде қандай хетістіктерге жетті» тақырыбы төңірегінде дайындалып келген үй тапсырмалары бойынша сайысымызды бастаймыз.

 V бөлім. Қызықты алтылық

1.      1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?

2.      Тіл туралы заң қашан қабылданды? Қанша баптан,қанша тараудан тұрады? (1989ж. 22 қыркүйек)

3.     (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)

4.      Сөйлемді аудару. Мен Жарлы ауылында  тұрамын.

5.      Сөйлемді аудару. Мен туған  жерімді жақсы көремін.

6.      16.12.1991 жыл нені білдіреді

VІ бөлім.  «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.

Хормен: Қазақстан – елім менің,

Қазақстан – жерім менің,

Саған арнап айтылады

Сүйікті әнім менің.

Хор: Ән айту Ұланымын елімнің  

Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

Туған тілді білу парыз.

Туған жерді сүю парыз.

Отанды қорғау парыз.

  Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.06.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров104
Номер материала ДБ-112608
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх