Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока по ана тілі на тему: "Не тәтті?"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспект урока по ана тілі на тему: "Не тәтті?"

библиотека
материалов



Ұлан аудандық білім беру бөлімі

Бозанбай орта мектебі





Ана тілі пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы:



hello_html_m6edc3dcf.gif



















12.02.2015 ж

Сабақ тақырыбы: «Не тәтті?»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға, түсініп оқуға үйрету. Шешендік сөздер жайлы түсіндіру. Мәнерлі сөйлеу мен толық жауап беруге дағдыландыру. Топпен жұмыс істеуге үйрету. Жуан, жіңішке айтылатын сөздер туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз ойын ашық айта білуге үйрету, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: әже мен анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: музыка, математика

Көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шеңберге тұрып өлең жолдарын айтады:

Ардақта тіліңді,

Ал одан білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді, ғылымды

Тіліңсіз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Бір – біріне тілектерін айтады.

  • Балалар, бүгінгі сабақта сендер не күтесіңдер? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

  • Бүгінгі сабаққ деген көңіл – күйлеріңді «бармақ» арқылы көрсетіңдірші.

  • Жақсы орындарыңа отыра қойыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Топ басшылары ұнаған сандарын таңдайды. Қай топқа қандай сан келеді, сол санға сәйкес сұраққа жауап береді. 1,2,3,4,5,6,7,8

1. Дыбыс дегеніміз не?

2. Әріп дегеніміз не?

3. Дыбыстың неше түрі бар?

4. Дауысты дыбыстың неше түрі бар?

5. Жуан дауысты дыбыстарды ата

6. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата

7. Қандай сөздер жуан болып айтылады?

8. Қандай сөздер жіңішке болып айтылады?

«Әже мен немере» өлеңін жатқа сұрау ( рольге бөліп айтқызу)

ІІІ. Жаңа тақырып:

  • Бүгінгі сабақта, балалар, біз жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы біліміміз ары қарай жалғастырамыз.

Топ басшылары үстел үстінен сөздер алып, топ бойынша жуан, жіңішке айтылатындығын дәлелдеу.

Неге? Не себепті? деген сұрақтарға жауап алу.

Сөздер: «Ата», «Әже», «Ана», «Әке»

  • Осыдан қандай ереже шығаруға болады?

  • Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.

Сөзжұмбақ шешкізу:

1. Әкеңнің анасы (апа)

2. Ас атасы – ... (нан)

3. Өзіңнен үлкен ұл бала (аға)

А

П

А

Н

А

Н

А

А

Ғ



  • Балалар, қараңдаршы, тігінен қандай сөз пайда болды?









  • Ана

  • Дұрыс айтасыңдар Ана деген сөз пайда болды.

  • Ендеше бүгінгі сабақта ардақты Аналар туралы айтамыз.

  • Олай болса оқулығымыздың 49 – бетіндегі 43 – жаттығуға назар аударайық. Бұл тапсырмада Ғабит Мүсіреповтың «Ана» туралы жазған қанатты сөзі бар екен.

Мәтінді бір оқушыға оқыту.

Ана

Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.

Ғ. Мүсірепов

( мәтіннің ішінен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді тапқызу).

  • Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері.

  • Енді «Не тәтті?» мәтінімен танысамыз

Мәтінді оқу, талдау.

  1. Іштей оқу.

  2. Мұғалімнің оқуы.

  3. Тізбектей оқу (әр топ екі сөйлемнен оқиды)

  4. Тауып оқу

  5. Мазмұндау

Сұрақ:

  • Қай баланың жауабы ұнады?

  • Неге?

ІҮ. Сергіту сәті:

Ұста қолды алдыға, қайшылашы беріліп

Ұста қолды жаныңа, тұрсын кеудең керіліп

Ұста қолды бүйірге, қанат қақшы оң қолмен

Ұста қолды бүйірге, қанат қақшы сол қолмен

Ү. Сабақты бекіту. Топ басшылары тапсырма алады.

Тапсырмалар:

І топ: Аналарың қалай еркелетеді?

ІІ топ: Анаға тілек

ІІІ топ:

Не тәтті?______________________________________________________

Не жұмсақ? ___________________________________________________

ІҮ топ: Жуан айтылатын бір сөз, жіңішке айтылатын бір сөз жазу

Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Несімен?

  • Бүгінгі сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?

  • Сабақта сені қызықтырды ма?

  • Сабақта қиналған жерлерің болды ма?

ҮІ. Үйге тапсырма: «Не тәтті?» мәтінін түсініп оқу, мазмұндау

ҮІІ. Бағалау































12.02.2015 ж. Өткізілген ашық сабақтың талдауы.

Пәні: ана тілі

Сыныбы: 1 «Ә»

Мұғалімі: Ашимжанова Бейбитгуль Камбаровна

Тақырыбы: «Не тәтті? Жуан және жіңішке айтылатын сөздер»

Өткізілген ашық сабақ «Lesson Study» зерттеу сабақ тәсілі бойынша өтті. Ең алдымен бұл сабақты өткізбес бұрын бастауыш сынып ӘБ сабақ жоспарын құрып алынды және талқыланды.

Сабақ 8 кезеңге бөлінді:

І. Ұйымдастыру. Балалар шеңберге тұрып, тіл туралы өлеңдерін айтты. Бұл өлең жолдары оқушылардың ана тілге деген құштарлығын, ынталарын оятады. Содан кейін бір – біріне тілектерін айтты және бүгінгі сабақта не күтетіндері жайлы пікірлерімен бөлісті. Кейін көңіл күйлерін «бас бармақ» бағалау әдісімен бағалады.

Сынып 4 топқа бөлінген. Әр топтың басшысы бар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезінде, оқушылардың білімдерін жан – жақты тексеріп алдым, яғни сұрақтарға жауап алдым. Оқушылар жақсы жауап беріп отырды. Сұрақтар нөмірленген карточкаларда болды.

Үйге берілген «Әжесі мен немересі» атты өлеңді рольге бөліп, жатқа сұралды. Оқушылар үй тапсырмасына дайын болғандықтарын көрсетті.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде, оқушыларға сөзжұмбақ шешкізу арқылы жаңа тақырыпты ашып алдық.

Оқушылардың зейінділіктерін, ойлау қабілеттерін анықтау мақсатында «Ана» туралы өз ойларын жеткізуге бағыттадым. Олар өз ойларын толық жеткізе білді.

Одан кейін «Ана», «Не тәтті?» мәтінімен танысты. Мәтіндердің авторларымен таныстырылды, мазмұндалды. Сұрақ – жауап арқылы түсінгендері сұралды.

ІҮ. Сергіту сәті өткізілді.

Ү. Бекіту кезеңінде топпен шығармашылық жұмыс жүргізілді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындай алды.

Рефлексия болды. Яғни оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгендерін, не туралы айтқандары жайлы пікірлерін ортаға салды. Ойларын қорытындылады.

ҮІ. Үйге тапсырма берілді.

ҮІІ. Бағалау кезеңінде әр топтың жетекшісі өз тобының мүшелеріне қатысу бойынша ойларын айтты және топ жетекшілері бір – бірлеріне өз ойларын айтты. Ал бағаны мұғалімнің өзі қойды.



Қорытындылай келгенде, сабаққа қойылған мақсат өз мәресіне жетті, қойылған кезеңдер өз ретімен өтті, оқушылар белсенді қатысып отырды. Тек 2 – 3 оқушы ғана қатыспай отырды.

Бұл сабақты өткізу кезінде болған кемшілігім, жоспардан тыс тапсырмалар қосып жібердім. Келесі жолы бұл кемшілікті жоюға тырысамын. Жалпы айтқанда бұл «Lesson Study» зерттеу сабағы тәсілі бойынша сабақ өткізген маған өте қызықты болды.

Әлі де осындай сабақтарды өткіземін деген ойдамын.







































Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров158
Номер материала ДВ-208779
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх