Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Конспект урока по биологии на тему "Көпжасушалы балдырлар"7 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

Конспект урока по биологии на тему "Көпжасушалы балдырлар"7 класс

библиотека
материалов

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Көп жасушалы балдырлар»
Мақсаты: Көпжасушалы балдырлар туралы түсінік беру.
Білімділік: Көпжасушалы балдырлардың түрлері, құрылыс ерекшеліктері, тіршілік әрекеті, маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Балдырлар туралы түсініктерін дамыту. Судың түсінің жасыл, сары - жасыл түсті болуы балдырларға байланысты екендігі туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу. Табиғатты сүюге, оған өз бетінше бақылау жасап, қорытындылауға дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, СТО, проблемалық.
Көрнекілігі: слайд материалдары, суреттер.
Пәнаралық байланыс: экологиямен.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
Сабаққа кіріспе. «Жұлдызша артында не бар?
1. Төменгі сатыдағы өсімдіктерді атаңыздар / бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, қыналар
2. Суретте бейнеленген өсімдікті атаңыз / Төменгі сатыдағы өсімдіктер – қыналар. Олар саңырауқұлақтар мен балдырлардың селбесіп өсуінен пайда болған.
3. Суретте бейнеленген өсімдікті атаңыз /Саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар жіпшумақтан,
сирек жеке жасушалардан тұрады/
4. Оттегін бөлетін ең алғашқы өсімдіктерді атаңыздар:
/ Ең алғаш пайда болған ежелгі бактериялар және балдырлар: Көкжасыл балдырлар,
Фотосинтездеуші бактериялар, Бактерия таяқшалары, Хемосинтездеуші бактериялар /
І. Ой – маржан.
1. Жалпы өсімдіктер қалай жіктеледі? / төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы /
2. Олардың ортақ белгілері қандай?
3. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді ата: /мүк, қырықбуын, плаун, қырықжапырақ/
4. Өсімдіктерге көбеюдің қандай түрі тән? /өсімді, жынысты, жыныссыз /
5. Балдырлар туралы не білесіңдер? /Балдырлар – ертеден келе жатқан төменгі сатыдағы біржасушалы және көпжасушалы споралы өсімдіктер. Жасушаларында хлорофилі болады, суда тіршілік етеді./
6. Балдырларды зерттейтін ғылым қалай аталады? /альгология /
7. Таллом дегшеніміз не? балдырдың мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі /
8. Балдыр жасушасындағы хлоропластар қалай аталады? /хромотофор /
9. Жыныс жасушалары қалай аталады? гаметалар /
10. Зооспора дегеніміз не? / талшығы бар спораның қозғалатын түрі /

ІІ. «Мағынаны тану» /деңгейлік тапсырмалар /
І деңгей: тапсырма:
Өсімдіктерді жүйелеудің сатыларын ретімен дұрыс орналастырып, оны кестеге жаз.
Өсімдіктерді жүйелеу сатылары: Дүние, Класс, Тұқымдас, Бөлім, Түр, Туыс, Қатар.

ІІ деңгей:
Жасыл балдырдың бір өкілі хламидомонадаға сипаттама беріп, салыстыр.

ІІІ деңгей:
Салыстыруға арналған кесте.

ІІІ. «Кім жылдам» /сызбаны аяқтаңыз /
ІҮ. «Ой шақыру:» Тапсырма: Мына суреттен балдырлар туралы не айтуға болады? Қандай түрлері бейнеленгенін топтастырыңдар және ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажыратыңдар
балдыр:

• біржасушалы /хломидоманада хлорелла. хлоракокк/
• шоғырлы /вольвокс /
• көпжасушалы / спирогира, улотрикс, кладофора /

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Көп жасушалы жасыл балдырлар»
Тірек сөздер: спирогира, улотрикс, жалпақ білезік, зооспора, кладофора, ульва, ризойд
Тапсырма: 1. Көпжасушалы балдырлар қайда тіршілік етеді және олардың түрлері қандай?

Жер бетінде тіршілік ететін балдырлар топырақтың ылғалды беткі қабатында, ағаш қабығында, тіпті қарлы, мұзды жерлерде кездеседі.
Бентосты (су түбіндегі) балдырлар су қоймасының, теңіздердің түбінде 30 - 50, кейбір түрлері 200 м тереңдікке дейін субстратқа бекініп тіршілік етеді.
- Көпжасушалы, жіп тәрізді жасыл балдыр ағын су түбіндегі заттарға бекінеді
- Бірқатар қысқа жасушалардан түзілген, жіп тәрізді, төсемікке бекініп өседі.
- Улотрикстің спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді.
2. Көпжасушалы жасыл балдырлардың жыныссыз көбеюі қалай жүреді?
- Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.
- Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар
түзіледі. Олар қозғалып төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзей бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады.
3. Көпжасушалы жасыл балдырлардың жынысты көбеюі қалай жүреді
- Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді.. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзіледі. Олар екі екіден қосылып, зигота пайда болады. Сырты қалың қабықпен апталып, бұйығы спораға айналады. Олар бірнеше бөлшекке бөлініп, әрқайсысы зооспораға айналады. Олардан жаңа улотрикстер өсіп жетіледі.

4. Балдырлардың қандай маңызы бар?
Спирогира мен улотрикс басқа жасыл балдырлар тәрізді күн сәулесінің қатысуымен хроматофорларында суда еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, ағзалық зат түзеп, қоректенеді. Сонымен бірге суға оттегін бөліп шығарады. Ол оттегімен судағы тірі ағзалар тыныс алады.
Ү. «Артық болмас білгенің»
Спирогира балдырдың туыс аты, жер жүзінде кең таралған 340 - тан астам түрлері кездеседі. Спирогира балдырының туыс атын ғылымға 1820 жылы неміс ғалымы Х. Линк енгізген.
Балдырлардың тіршілік циклінде жынысты және жыныссыз көбею алмасып отырады. Нәтижесінде гаплоидты (n) және диплоидты (2n) фазалар ауысып жүріп отырады. Гамета түзетін организм гаметофит деп, ал спора түзетін организм спорофит деп аталады. Кейбір балдырларда спорофит пен гаметофит бір мезгілде болады.
1. Балдырлардың айырмашылықтары.
- Вегетативтік бітімі мүшелерге және ұлпаларға жіктелмеген қабаттан (талломнан) тұрады
- Негізгі қоректену тәсілі автотрофты, сонымен қатар гетеротрофты қоректену де болады.
- Олардың көбеюі жыныстық және жыныссыз
- Жынысты көбею мүшесі бір жасушалы
- Олар өсімдіктер әлемінің ең ерте замандағы өкілдері, 1, 5 млрд жыл бұрын пайда болған
- Таллом пайда болған жасуша целлюлоза және пектинді заттардан тұратын берік қабықпен жабылған
- Балдырлар жасушасы бір немесе бірнеше ядросы мен пигменті бар хроматофордан тұрады.
2. Балдырлардың көбеюі
3. Жынысты көбеюдің үш типі
4. Балдырлардың маңызы.
Су бетінде тіршілік ететіндер планктонның түзілуін қамтамасыз етеді. Балдырлар арқылы түзілген фитопланктон су қоймасындағы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруіне қажетті органикалық заттардың негізгі бөлігін құрайды.
1. Топырақты құнарландырады
2. 1 г қара топырақта 50 000 балдыр болады
3. Судағы балдырлар суды тазартады
4. Суда оттегін бөледі
5. Судағы балықтар мен жәндіктерге азық болады
6. Тау жыныстарын ыдыратып топырақ түзуге қатысады
7. Озон қабатының пайда болуы да балдырлардың тіршілік әрекетімен байланысты.
8. Құрамында витаминдер көп мөлшерде, адамдар оларды тамаққа пайдаланады.

ҮІ «Толғаныс»
1 - тапсырма: Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыр.
• Біржасушалы балдырлардың ерекшеліктері
Тіршілігі - тоқтау суларда
Жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді.

• Ұқсастықтары
Хромотофорлары бар
• Көпжасушалы балдырлардың ерекшеліктері
Тұщы су қоймаларында, теңіз суында.

2 - тапсырма: Көпжасушалы жасыл балдырлардың екі өкілі спирогира мен улотриксті салыстыр, олардың құрылысының белгілеріне сәйкес келетін сандарды торкөзге жаз.

1. ағынды судың түбінде өседі
2. бір қатар жасушалардан түзілген жіп тәрізді балдыр
3. талшықты зооспоралар түзе отырып, жыныссыз жолмен көбейеді
4. жыныссыз жолмен көбеймейді
5. хромотофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді
6. хромотофоры ширатылып келген таспа пішінді
7. баяу ағатын суларда қалқып өседі
8. жынысты көбеюі жіптеріндегі екі жасушаның цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді
9. жынысты көбеюі екі талшықты гаметалар түзіліп, олардың қосылуынан зигота пайда болу арқылы жүреді.
10. өсімді жолмен көбеюге қабілетті

3 - тапсырма: Суретке назар аудар. Балдырлардың атаулары мен құрылысын жаз.
А. спирогира 1 - ядро, 2 - цитоплазма, 3 - жасуша қабықшасы, 4 - хромотофорлары
Ә. улотрикс. 1 - жасуша қабықшасы,, 2 - хромотофоры, 3 - ядро, 4 - цитоплазма

ҮІІ. «Биологиялық тренажер»
Берілген балдырлардың бір түрі үшін дұрыс жауапты тауып, жауап кодын кестеге түсіріңдер.
1. Балдыр атаулары: (түрі)
1. хломидоманада
2. хлорелла
3. спирогира
4. улотрикс
2. Балдырлар бөлімі:
2. 1. Біржасушалы балдар
2. 2. көп жасушалы балдыр
3. Балдырдың сипаттамасы:
3. 1. шоғырланған организм
3. 2. біржасушалы организм
3. 3. көпжасушалы организм
4. сыртқы құрылысы:
4. 1. жібі бір қатарға орналасқан, ұзын жасушалардан құралған.
4. 2. денесі жұқа, жіп тәрізді қаптама
4. 3. денесі сопақша пішінді, ұшы үшкірлеу, екі талшығы бар.
4. 4. денесі шар тәрізді, талшығы бар.
4. 5. денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама
5. Тіршілік формасы:
5. 1. субстрактқа ризоиды арқылы бекініп тұрады.
5. 2. талшық арқылы қозғалып тіршілік етеді.
5. 3. су ағысымен пассивті қозғалады.
5. 4. тұщы суқоймалары мен теңіз суында тіршілік етеді.
6. хромотофорының немесе хлоропласының құрылыс ерекшелігі:
6. 1. таспа пішінді хромотофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан.
6. 2. хромотофор сопақша тәрізді, жасыл пигменті бар
6. 3. хромотофоры жасыл, жартылай сақина пішінді

ҮІІІ «Сен білесің бе?»
Ғарышқа адаммен бірге ұшырылған балдырды білесіңдер ме? Ол - хлорелла. Пішіні шар тәрізді, бір жасушалы, хромотофорында бір ядросы бар. Ғалымдар неліктен «космосқа тек хлорелла балдырын ұшыру керек деп шешекен?»
1. Хлорелла балдыры өте жылдам көбееді.
2. Ол аквариумда өсететіндіктен көп орын қажет емес.
3. Құрамында қор заты мол.
Хлорелла - ең алғаш 1960 жылы тамызда ғарыш кеңістігінде болып қайтқан.

- Ең үлкен Саргасс теңізі, Атлант мұхитының Солтүстік Америка жағалауында орналасқан, бұл теңіздің Саргасс деп аталуы оның су бетін саргасс балдыры жауып жатыр.

ІХ: Қорытынды: «Сөйлемді аяқта»
1. Балдырлар - өсімдікке жатады, себебі,.../ жасушасында жасыл пластидтері /хромотофор /болады. Жасыл пластидтеріндефотосинтез процес жүру арқылы органикалық зат түзіледі.
2. Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктерге топтастырылады, себебі..../өсімді және көбею мүшелері болмайды. /
3. Балдырлардың жасыл, қызыл, сары, қоңыр түстілері болады, себебі.../хромотофорында хлорофилден басқа пинменттердің болуына байланысты. /
4. Балдырлардың денесі таллом деп аталады, себебі,.../денесінде ұлпалар болмайды және мүшелерге бөлінбейді. Балдырлар денесі бір ғана жасушадан тұрса да көпжасушалылар сияқты онда тірі ағзаларға тән тіршілік қасиеттері сақтаған.
5. Балдырлардың кездеспейтін жері жоқ, себебі,.../олар суда да, топырақта да, құрғақ жерлер мен жартастарда да, мұздар мен қарда да т. б жерлерде таралған.

Х. «Есіңде сақта!»
Балдырлардың маңызы көп. Олардың пайдасын біле тұра оны қорғай білу әр адамның міндеті. Әсіресе, балдырлар өсетін суды ластамау қажет. Суға төгілген мұнай, тасталған қоқыстар тек балдырларға ғана емес судағы барлық тірі ағзаларды жояды. «Балдырлы көлде - балық көп» деген халық мәтелінің мәнін естен шығармайық!

Қорытынды: Үйге тапсырма: «Көпжасушалы балдырлар»
Бағалау

Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров143
Номер материала ДВ-556826
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх