Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Конспекты / Конспект урока по биологии "Тамыр түрлері" (6 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Конспект урока по биологии "Тамыр түрлері" (6 класс)

библиотека
материалов

Биология, 6 «Ә» сыныбы, 14 – қазан, 2015 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түрөзгерістері.

Мақсаты: А) Білімділік: Тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы мағлұмат беру оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ә) Дамытушылық: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Құрал – жабдықтар: тірек - сызба, слайд-презентация, қосымша ғаламтор материалдары.

Пән аралық байланыс: география, химия, математика, этнопедагогика.

Оқыту формасы: Жалпы сыныптық, жеке

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау.

А) Тамыр қандай аймақтардан тұрады? Тамыр оймақшасының маңызы қандай?

Ә) Бөліну және өсу аймақтары қайда орналасқан, олар қандай қызмет атқарады?

Б) Сору аймағының құрылысында қандай ерекшеліктер бар? Тамыр түктерінің маңызы мен қызметі қандай?

В) Өткізу аймағы қайда орналасқан? Өткізу аймағының өсімдік үшін маңызы неде?

Г) Тамырдың өсуі қалай жүзеге асады? Геотропизм деген не?

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Тамырдың түрөзгерістері
Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.
Жемтамырлар. Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы).
Тіреу тамырлар. Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады
Түйнекті тамырлар. Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамырларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Ауа тамырлар сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.

4.Бекіту сұрақтарын беру.

А) Тамыр шығу тегіне қарай қалай жіктеледі? Тамыр жүйесінің қандай түрлері бар?

Ә) Тамырдың қандай түрөзгерістері бар? Жемтамыр қандай өсімдіктерде болады?

Б) Тіреу тамырдың маңызы мен қазметі қандай? Ол қандай өсімдіктерде болады?

В) Ауа тамырлы өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

Г) Емізік тамырдың өсімдік үшін маңызы неде? Ол қандай өсімдіктерде болады?

Д) Түйнек тамырлы өсімдіктер қандай өсімдіктерде кездеседі?

Қорытынды тест:

1.Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелеінің түрін өзгертуін:

А) жемтамыр в) метаморфоз с) вегетативті мүше

2.Органикалық заттар қорға жиналады:

А) ауа тамырларда в) тіреу тамырларда с) жем тамырларда

3.Паразитті тіршілік ететін өсімдік тамырлары:

А)түйнек тамырлар в) ау тамырлары с) емізік тамырлар.

4.Жемтамырларға жатады: а) үнді фикусы в) батат с) қызылша

5. Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болады:

а)ауа тамыры в) тіреу тамыр с) түйнек тамыр.

6.Нарғызгүл ,батат, шырыш өсімдіктерінің тамыры:

А) жем тамыр в) түйнек тамыр с)ауа тамыр.

7.Сұңғыла ,арамсояу өсімдіктерінің тамырлары: а) тіреу тамыр

В) жем тамыр с) емізік тамыр.

8.Жемтамырдың түйнектамырдан айырмашылығы:

А) тек негізгі тамырына қоректік зат жиналады.

В) жанама тамырына қоректік зат жиналады

С) түйнегіне қорек жиналады.

5.Пысықтап, қортындылау.

6.Үйге тапсырма беру.

§14. Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түрөзгерістері.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.10.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров677
Номер материала ДВ-065074
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх