Конспект урока по физике "Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі."

Предпросмотр материала:

Күні: 21.09.09

Сабақтың тақырыбы: §6 Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.

Сабақтың білімділік мақсаты: Дененің еркін түсуі туралы түсінік беру, еркін түсу үдеуіне анықтама беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Денелердің еркін түсуін бақылай отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, танымын дамыту, формулаларды, өлшем бірліктерін есептеулерде  қолдана алу дағдысын  дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, байқампаздыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі;

2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

3. Үй тапсырмасын сұрау;

4. Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап;

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

6. Есеп шығару.

7. Үйге тапсырма.

Сабақтың жазбасы: §6-тың ең маңызды мәселелері.

         Қандайда бір биіктікте бос тұрған дене Жерге құлайтыны бәрімізге мәлім. Жоғары лақтырылған дене қайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тарту әсерінен болады дейміз. Мәселен ауыр шар тез құлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен қалықтап түседі.

         Демек құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Мұндай денелердің қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибеде бұл айырмашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді.

         Ең алғаш мұндай тұжырымды итальяндық ұлы ғалым Галилео Галилей жасаған болатын. Галилей 1583 жылы Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне көз жеткізеді. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі  денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталаған. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығын тәжірибе арқылы көз жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп ұйғарды.

         Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген  XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар жоқ еді. Оны тек 80 жыл өткен соң И. Ньютон жүзеге асырды. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді. И.Ньютон жасаған тәжірибесінің мәнісі мынада. Ұзындығы бір метрдей шыны түтікке қорғасын кесегі (бытыра), ағаш қабығынан жасалған тығын және құстың қауырсыны салынады.Түтікті тез төңкерген кезде бұл денелер түтіктің түбіне әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында қауырсын түседі. Ал егер түтіктің ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Міне осындай ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі – еркін түсуі деп аталады.

         Еркін түсу үдеуі   әрпімен белгіленеді. Еркін түсу үдеуінің векторы  әрдайым төмен қарай бағытталады. Еркін түсі кезіндегі барлық денелер Жер бетіне жақындаған сайын теңүдемелі қозғалады.Есептеулерде жуық түрде   немесе  деп аламыз.

6. Есеп шығару. 5- жаттығу.

1. Биіктігі  ағаштан алма үзіліп түсті.Ол қанша уақытта жерге түседі? Түскен мезеттегі жылдамдығы қандай болады? (Ауаның кедергісі ескерілмейді).

Есептің шығарылуы:

Берілгені:                 Талдау:                Шешуі:

                                      ;

Т/к: ,                                ;

                                  ;                                         Жауабы:

 

Сабақты қорыту:

Үйге тапсырма: §6 оқу, 5- жаттығу.

 

 

 

Краткое описание материала

Конспект урока по физике "Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі."

4

(3 оценки)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Камзина Аида Айдаргазиновна

учитель физики

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 39929
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 13
  • 39929
    просмотров
  • 13
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Камзина Аида Айдаргазиновна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~240

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: