Инфоурок Химия КонспектыКонспект урока по химии на тему "Тұздардың номенклатурасы, қасиеттері"

Конспект урока по химии на тему "Тұздардың номенклатурасы, қасиеттері"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы.

Мақсаты: А) Білімдік: Тұздардың құрамы, аталуы (номенклатурасы), жіктелуі, суда еритін, ерімейтін, аз еритін тұздар, оларды алу жолдары, химиялық қасиеттері, қолданылуы және экологиялық проблемелер жайлы теориялық білім беру.

Ә) Дамытушылық: Заттарды салыстыра білу, логикалық ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, пәнге қызығушылықтарын дамыту. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу, қортынды жасау, реакция теңдеулерін құрастыра білу, қасиеттерін салыстырып-ажырата білу қабілеттерін дамыту.

Б) Тәрбиелік: Өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру, оқушылардың жеке белсенділіктерін тәрбиелеу, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар: Тұздар ертінділері: натрий хлориді, мыс (ІІ) сульфаты, варий нитраты, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, сынауықтар, «Тұздар», «Тұздардың қолданылуы», т.б. - слайд-презентация, т.б.

Сабақтың түрі: Аралас (дәстүрлі).

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, демонстрация, сұхбат.

Оқыту формасы: Жалпы сыныптық, жеке.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

А) Негіздер қандай екі топқа бөлінеді? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

Ә)Мыс (ІІ) гидроксиді мен темір (ІІІ) гидроксидін алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар.

Б) Еритін негіздер мен ерімейтін  негіздер сумен  қалай әрекеттеседі?

В) Ерімейтін негіздерді қыздырғанда не байқалады?

Г) Негіздерді қалай алуға болады?

Д) Негіздердің химиялық қасиеттері қандай? Қайда қолданылады?

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын анықтап алу үшін,алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жұмбақты шешуді ұсынып, айтылған затты табуды тапсырамын: Ертедегі грек поэты Гомер бұл затты қадірлі, аулы зат деп бағалаған, біздің заманымызға дейінгі 8 ғасырда бұл зат алтыннан қымбат бағаланған, Оны өндіретін кен орындары үшін жиі қарулы қақтығыстар болып тұрған. Ол ертедегі дәрілердің құрамына кірген, оның емдік қасиетін жоғары бағалап, зарарсыздандыру, тазалау қасиеті бар екенін айтқан. Оны ертеден-ақ тері, ағаш өңдеуде қолданған. Ол ерте кезден түскі астағы ең басты, ең негізгі химиялық реактив болған. Орыстардың дәстүрлері бойынша оны қонақтарға нанмен бірге ұсынып, сонымен бірге денсаулық тілеген. (ас тұзы).

«Қызығушылықты ояту»

-Қышқылдар металдармен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?

-Ал енді осы сұраққа жауап беру үшін қышқыл мен металдар арасында  жүретін бірнеше химиялық теңдеу жазайық.

 Са + H2SO4 СаSO4 + H2

 2Аl + 6HNO3 →2Аl(NO3)3  + 3H2

 Fe + 2HCl → FeCl2 + H2

К + H3PO4 К3PO4 + H2

Түзілген қосылыстардың аттарын атайық : «Ойлан тап »

СаSO4  - кальций сульфаты

Аl(NO3)3  – алюминий нитраты

FeCl2  - темір (II) хлориді

К3PO4 – калий фосфаты

- Алынған заттар қандай құрам бөліктерден құралған?

Бүгінгі өтетін тақырыбыз осы тұздар туралы болмақ.   Дәптерлерімізге жаңа тақырыпты жазайық, - деп,  жаңа тақырыпты тақтаға жазып, түсіндіруге көшемін. Тұздарға анықтама беру, бірнеше тұз формуласын тақтаға жазу арқылы оқушылардың өздеріне қортынды жасатып, анықтамасын айтқызу. Бұдан соң тұздардың жіктелуіне тоқталу. Оны кесте арқылы көрсетуге де болады:

Суда еритіндер

 Аз еритіндер

 Ерімейтіндер

NaCI, КNO3, MgSO4  және т.б.

СаSO4, PbCI2  және т.б.

 ВаSO4 , MgСО3, AgCl, т.б.

Тұздардың номенклатурасы

 

Тұздың атауы

 

  = 

Тұз құрамындағы металдың аты

 

  +

Айнымалы валенттік көрсететін металдың валенттігі жақшада рим санымен

 

 +

 

Қышқыл қалдығының атауы

Мұнан соң тұздардың жіктелуі айтылып, кестесі түсіндіріледі, оқушылардың алдарына тұздардың формулалары жазылған карточкаларды беріп, жіктелуі бойынша анықтауды тапсырамын. (2 минут уақыт беріледі)       Тұздар

(қышқыл қалдығының құрамы бойынша)

                        

Орта немесе қалыпты                            негіздік                                қышқыл

              (K2CO3, CuSO4, Na3PO4)          (AlOHCl2, Ca(OH)NO3               (NaHSO4, KHS)

Орта тұздар СаSO4 (кальций сульфаты), NaNO3 (натрий нитраты), K3PO4 (калий фосфаты), СаSiO3 (кальций силикаты), FeCl3 (темір хлориді), MgSO3 (магний сульфиті).

Қышқылдық тұздар  CaHPO4 (кальций гидрофосфаты), КН2РО4   - калий дигидогидрофосфаты.

Негіздік тұздар - Al(OH)SO4 (алюминий гидроксосульфаты)

Тұздардың химиялық қасиеттері: Химиялық реакцияларды бар реактивтер бойынша демонстрациялап көрсетемін. (натрий карбонаты, тұз қышқылы, варий нитраты, натрий гидроксиді, темір шеге, мыс (ІІ) сульфаты, кальций карбонаты, т.б арқылы.

1 Тұздардың металдармен әрекеттесуі.

Fe +СuSO4 =FeSO4 +Сu

2 Тұздардың сілтілермен әрекеттесуі:

3KOH + Fe(NO3)3 = Fe(OH)3¯ + 3KNO3

3 Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі:

СаСО3 + НCI = СаCI2  + Н2О + СО2

4.Тұздардың басқа тұздармен әрекеттесуі:

ВаCI2  + Na2SO4 =ВаSO4↓ +2 NaCI

5. Тұздардың термиялық айырылуы:

ВаСО3 = ВаО +СО2

Тұздарды алу жолдары:

1.Металдар + қышқыл = тұз + сутек газы

2.Тұз + металл = басқа тұз + тұз құрамындағы металл

CuSO4 +Fe =FeSO4 + Cu

3.Сілті + қышқыл = тұз + су

NaOH + HCl = NaCl + H2O

4.Негіздік оксид + қышқыл = тұз + су

CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O

5.Сілті + қышқылдық оксид = тұз + су

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O

Тұздарды алу жолдарының кестесі

 Заттардың аты

 Қышқылдық оксид

 Қышқыл

 Тұз

Металл

-

+

+

 Негіздік оксид

+

+

-

 Негіз

+

+

+

 Тұз

-

+

+

Кальций фосфаты тәрізді ерімейтін минералды тұздар сүйек ұлпасының аралық жасушалары, ұлу бақалшактары құрамына кіріп, олардың беріктігін арттырады. Жасушалар цитоплазмада қалыпты әлсіз сілтілі орта болуына жердемдесе алады. Жасушаның бұл қасиеті буферлілік деп аталады.

4.Бекіту сұрақтарын беру.

А) Тұздар дегеніміз қандай заттар? Олардың құрамына нелер кіреді?

Ә) Тұздардың номенклатурасы қандай, оларды қалай атауға болады?

Б) Тұздарды қалай жіктейді? Жіктелуі неге байланысты? Орта немесе қалыпты тұздар деген не?

В) Қышқыл тұздар деген не? Мысал келтіріңдер. Қалай аталады?

Д) Негіздік тұздардың ерекшеліктері қандай? Қалай атаймыз?

Е) Кестедегі тұздардың формуласы мен атын сәйкестендіріңдер.

NaCl

карбонат кальция

K2SO4

сульфид магния

Na3PO4

нитрат магния

CаCO3

хлорид натрия

Mg(NO3)2       

сульфит лития

Li2SO3

сульфат калия

MgS

фосфат натрия

 

Оқушылардың жауаптарын дұрыс жауаппен салыстыру, қателерін жөндету.

Мұнан соң бірнеше тұз формуласын жазып, оларды дұрыс оқу мен атауды түсіндіру.

MgS – магний эс

Na3PO4натрий үш пэ о төрт

Mg(NO3)2магний эн о үш екі еселенген.  

5. Пысықтап, қортындылау.

Тұздардың кең таралған түрлері, күнделікті тұрмыста қолданылатын тұздар, олардың маңызы жайлы айтып, сабақты қортындылау. Мұнан соң сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап, білімдерін бағалау, үйге тапсырма беру.

6.Үйге тапсырма беру.

§35,48. Тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по химии на тему "Тұздардың номенклатурасы, қасиеттері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.10.2015 1259
    • DOCX 38.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аплатинова Кунзияш Шакимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аплатинова Кунзияш Шакимовна
    Аплатинова Кунзияш Шакимовна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71285
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 463 человека из 70 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 43 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 27 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе