Инфоурок Другое КонспектыКонспект урока по казахскому языку для 8 класса

Конспект урока по казахскому языку для 8 класса

Скачать материал

Разработка урока по казахскому языку в 8 классе

Пән: қазақ тілі 
8 сынып 

Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы. 
Мақсаты: 
а) Білімділігі: Оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру. 
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. 
б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: жазушының өмірбаяны, мәтін, сұрақ-жауап, мәнерлеп өлеңдер оқу, қанатты сөздер мен өлең талдау, тест. 
Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, және өлең жолдары жазылған қағаздар. 
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті. 
Қолданылатын инновациялық технологиясы: СТО элементтері 
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі. 
(оқушылармен амандасып, оларды түгендеу). 
2. Үй тапсырмасын сұрау. 
3. Сөздік жұмысы. (сөздерді аударып жазу, қосымша тапсырманы орындау) 
Нет разницы /айырмасы жоқ/, звучать одинаково /бірдей естілу/, точно /анықтап/, придираться /түртпектей/, впервые /тұңғыш рет/, много /талай/, значение /мағына/, хвалить /мақтау/, поручил /тапсырды/, не полностью /шала-пұла/, обрадовавшись /мәз болып/. 
Қосымша тапсырма: мақтау сөзін септеу, тапсырды сөзін жіктеу (жазбаша), мағына, талай сөздерін септеу(ауызша). 
4.Сұрақ-жауап. 
- Зат есім деген не? 
- Сын есім деген не? 
- Сан есім деген не? 
- Есімдік деген не? 
- Етістік деген не? Тұйық етістік? 
- Құрмалас сөйлем деген не? Неше түрі бар? 
- Салалас құрмалас сөйлем деген не, неше тобы бар? 
- Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар, қандай жалғаулықтары мен шылаулары бар? 
- Сабақтас құрмалас сөйлем деген не, неше топқа бөлінеді? 
- Бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің неше және қандай түрлері бар? 
- Өткен сабақтарда танысқан шығармалардың әйгілі Қазақстан жазушыларын атаңдар? /Ы.Алтынсарин, Сапарғали Беғалин, Саттар Ерубаев, Өтебай Тұрманжанов, Бердібек Соқпақбаев, Мұзафар Әлімбаев, Бауыржан Момышұлы/ 
5. «Ой шақыру» стратегиясы. 
-Дәптерлерінді ашып бүгінгі күнді жазыңдар. 
Ақын- сөзіне қандай ассоциация сөздер ойларына келеді? (адам, ақылды, өлең, құрметті, әдебиет, шығармалар т.б.) 
-Бүгінгі тақырыпты жазыңдар. 
6. Мағынаны тану. 
Бүгін біз Қазақстан әйгілі жазушы Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінеміз. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыра білеміз. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғып аламыз. 
«Қадыр, негізінен, ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда, қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдерінің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге болады». 
Мәтінді екі топқа бөліп аудару. Одан кейін мәтіннен ең маңызды деректерді теріп жазу. 
Өмірбаяны мен шығармашылығы. (қысқыша мәлімет – 1 оқушы ауызша оқып шағады)
Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 
Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби – сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), » Бұлбұл бағы» (1967),«Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971, 1974), «Кеш» (1973) т.б., сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының 5 томдығы, ал 2001 жылы »Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. 
Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. 
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. 

АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІ – ШЫНДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ 
Поэзия – әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен нұры, ал лирика – поэзияның поэзиясы секілді қағида адамзат баласының танымына сөз өнерін тани және таныта алатын қабілет дарығалы бері айтылып келеді. Қадыр Мырзалиев өзінің ақындық, азаматтық өмірінің мәні мен мағынасын осыдан, поэзияның поэзиясынан – лирикадан тапқан. 
Ақындық өнер өнер біткеннің алды екендігінде сөз жоқ. Шын талант үшін ақындық өнер емес, өмір. Заманның қилы қияндарында өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған талант тағдыры ғана талайлы болмақ. Мұндай талант үшін өлеңсіз өмір жоқ. Қадыр Мырзалиев – өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі талант. 
Қазіргі оқырманның интеллектуалдық деңгейі биік, эстетикалық талғамы жоғары. Олар кез келген қаламгерден әдемі ырғаққа, шымыр да селкеусіз ұйқасқа құрылған өлең ғана іздемейді, әр шығарманың астарынан өзіне ой салар философияны, өзі бұрын көп біле бермейтін ғылыми пайымдаулардың поэтикалық үлгісін, сол арқылы сөз зергері тұжырымдаған соны байлам, тың шешім іздейді. Меніңше Қадырдың қадырын арттырып, өзгелерден өзгешелеп тұратын да осындай ой мен сезімнің тұтасқан бір бүтінге айналып, өлең өмірінің әр кезде де жаңаша сипатта көрінуі, шығарма шешімінің әрқашан да біз күтпеген тұстан келіп шығып, ойлануға итермелеуінде деп түсінемін. 
Ол нені жырламасын, бізге беймәлім әлемнің әр түкпіріндегі аң мен құсты, жан-жануарлар мен жәндікті сөз етсе де, ақын ойы, оның өзі өлеңге объект етіп алған дүниесі бізге таныс нәрседей, көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай анық та айқын болып келеді. Ол қайдағы бегомот па, керік пе, мүйізтұмсық туралы айта ма оларға өзіміздің қазақы теңеулер мен салыстыруларды шебер пайдаланады. Керек болса, олардың әр қилы қасиеттерінің өзін қазақы ұғымдармен сараптайды. 

7. Бекіту тапсырмалары 
1) Ақынның ой толғамдары. (қанатты сөздерін оқу, мағынасын ашу) 
2) Ақын өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын ашу, аудио жазуды тыңдау. 
«Қызыл кітап» 
8. Шығармашылық жұмыс. 
Қадір Мырза Әли - Бес жолды өлең жазу. 
1.Қадір Мырза Әли. 
2.Әйгілі, құрметті, білімді. 
3.Өлең жазды, шығармашылық өмір сүрді. 
4.Қадір Мырза Әли- белгігі ақын. 
5.Ақын. 
9. Қорытынды. 
Тест сұрақтары. 
1.Қадір мырза Әли қай жылы туған? 
А)1936 ә)1925 б)1935 
2. Қадыр Мырза Әли кім? 
а)ақын, жазушы ә) сазгер б) ғалым 
3. Қадыр Мырза Әлидің өлеңі? 
а) Он саусақ ә) Жаз лебі б) Қызыл кітап 
4. 2001 жылы Қадір Мырза Әли қандай сыйлық алды? 
а)Халық Қаһарманы ә) Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. 
б) Кеңес Одағының сыйлығы 
5. Қадір Мырза Әли қай жылы қайтыс болған? 
а)2010 ә) 2012 б) 2011 
10. Үйге тапсырма: 193 бет тапсырма, реферат. 
11. Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по казахскому языку для 8 класса"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 833 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 560
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балкибаева Гуля Шопановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балкибаева Гуля Шопановна
    Балкибаева Гуля Шопановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7794
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов