Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект урока по казахскому языку на тему "Ы.Алтынсарин. Әке мен бала әңгімесін талдау" 5сынып

Конспект урока по казахскому языку на тему "Ы.Алтынсарин. Әке мен бала әңгімесін талдау" 5сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m5f8b809c.gif


Аужанова Айнұр Хаметқызы,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


А.М.Горький атындағы №2 орта мектеп


Степногорск-2011жыл



Аужанова Айнұр ХаметқызыC:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Аужановтар\Мои документы\Фото\Фото0116.jpg

Степногорск қаласы А.М.Горький атындағы №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Қазақ әдебиеті. 5- сынып



Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала» әңгімесін талдау сабағы

Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы, әңгімесінің тәрбиелік мәнін оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, мәтінді талдай алу оқу шеберлігін дамыту.

б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндау, талдай білу, өнегелі білім алу.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыр, салыстыру, бағыттық талдау.

Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту.

Жаңа сабақ:

Мұғалімнің сөзі.

Хронологиялық таблицамен жұмыс.

hello_html_m3cf48db7.gifhello_html_5f6d2807.gif

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.

Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.

Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін, атасы Балқожа бидің хатшысы болады. 1860 жылы Ыбырайға Орынбор облысының басқармасы Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Бұл мектеп 1864 жылы 8 – қаңтарда ашылады. Ыбырай он төрт бала оқытады.ыбырайдың жазған бір хатында: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балаларда менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» - деген екен.

hello_html_5b95020f.gifЫбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.

Ыбырай Алтынсариннің ең алғаш шыққан кітабы «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда жарық көрген.

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелеріне тоқталу.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.

Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.


hello_html_mb68d7e4.gifhello_html_m5f117512.gif

Әңгімеге бағыттық талдау жасау.

І.Б.Әңгіменің тақырыбын анықтау.

ІІ.Б. Әңгіменің мақсатын анықтау.

ІІІ.Б. Әңгімеге жоспар құру. Әке мен балаға салыстырмалы мінездеме беру.

ІV.Б. Әңгімеге қорытынды жасау. Әңгіменің түйінін табу.

hello_html_3d662e33.gifhello_html_3c198828.gif

Сабақты қорытындылау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің тәрбиелік мәнін және өмірбаянын оқушылардың қаншалықты түсінгенін білу мақсатында қорытынды сұрақтар беру және «Сандар сөйлейді» тапсырмасын орындату. hello_html_m73d07c81.gif hello_html_fba3323.gif

Үйге тапсырма:.

1.Сөздікті жаттау

2.Әңгімені оқып, мазмұндау

3.Эссе жазу.

Бағалау.




Қазақ тілі. 6-сынып.


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Сан есімнен өткенді қайталау».

Сабақтың мақсаты:

1)білімділік- сан есім тақырыбынан өтілген мате-

риалдарды еске түсіріп, қорытып, жинақтау;

2)дамытушылық- тақырыпты жан-жақты меңгеру

үшін әр түрлі танымдық ойын,карточкалар қол-

дану, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3)тәрбиелік-оқушыларды сауаттылыққа, тапқыр-

лыққа баулу.


Сабақтың көрнекілігі: таблица, үлестірмелі карточка, суретті карточка,

ойындар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Сыныпта 16 оқушы, 5 оқушыдан сыныпты 3 топқа бөлу.

1-топ-Алғырлар.

2-топ- Тапқырлар.

3-топ- Білгіштер.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

245-жаттығу, сан есімге мағыналық, құрамдық тал-

дау жасау.


ІІІ.Жаңа сабақ.

І-тапсырма. Санесімді қайталау тақырыбына сай 3-топқа жеке тапсырма беріледі. Үлестірмелі карточка таратылады.

1.есептік сан есімнен болжалдық сан есім жасау.

2. есептік сан есімнен реттік сан есім жасау.

3. есептік сан есімнен жинақтық сан есім жасау.

ІІ-тапсырма.

3топқа бірдей карточка таратылады.

Мақсаты:Сан есім қай сөйлем мүшесі болып тұр.

Тақтада орындалады.

ІІІ-тапсырма.

«Жаңылтпаш айту».

3 топ 1-1-не жаңылтпаш айтып, соның ішінен сан есімдерді табады.

М/лы: Пеш үстінде бес мысық-

Бес күзетші, бес мысық.

Тышқан ұстап жемесе

Бола қоймас еш қызық.


IV тапсырма.

Әр топқа жеке тапсырма.

«Ойлан тап».

Халықтық өлшемдер мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу.

М/лы: сүт пісірім-15-20 минут уақыт.

Ет пісірім-1,5-2 сағат.

1 күн- 23 сағат

Егіз қозыдай тату- дос.

1 елі ауызға 2 елі қақпақ қою- үндемеу.

Әр топ оқиды.


V тапсырма.

Тақтада «Кім тапқыр?» ойыны бойынша жасырылған сан есімді тауып, мақалдарды дұрыс оқу.

М/лы: «Ер жігіт ... сөйлемейді.»

«... сом ақшаң болғанша, ... досың болсын.»



VІ тапсырма.

«Үндемес ойыны.»

Мақсаты: Мәтін оқылады.Сан есімді мағынасына қарай , әр оқушы қолындағы керекті сан есім түріне қарай үндемей көтереді.

М/лы: 1. Абай 1845 жылы туып,01904 жылы қайтыс болған.

(реттік сан есім.)

2. Жер шарында құстардың сегіз мыңдай түрі бар.

(болжалдық сан есім.)


VІІ тапсырма.

Күлдіргі жұмбақтар оқу.

Балалар шешімін табады, қай топтың жылдам екендігін анықтайды.

М/лы: Ағашта 100 торғай отыр, аңшы 10 торғайды атып алды, неше торғай қалды. (10 торғай)

VІІ тапсырма.

255-жаттығуды орындау. Сан есімдерді дара, күрделі түріне ажырату.


ІV. Сабақ бекіту. Сан есім тақырыбын шолу.


V.Үйге тапсырма:257-жаттығу.

VІ. Бағалау. Әр топ өз-өздерін бағалайды.






А.М.Горький атындағы №2 орта мектеп.












АШЫҚ САБАҚ.

Тақырыбы: І.Жансүгіров.

«Құлагер» поэмасын талдау.

9а-сынып.








Өткізуші мұғалім: Аужанова А.Х.










Степногорск қаласы


















АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Сан есімнен өткенді

қайталау».

6-сынып.





Қазақ тілі пәні мұғалімі: Аужанова А.Х.




















Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров129
Номер материала ДВ-449842
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх