Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока по казахскому языку на тему "Сын есім"

Конспект урока по казахскому языку на тему "Сын есім"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_7d24716f.jpgМұғалімнің аты-жөні: Алимжанова Лаура Акимбековна


Еңбек өтілі: 16 жыл


Жұмыс орны: Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы «Жамбыл атындағы орта

мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен » коммуналдық

мемлекеттік мекемесі


Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі


Санаты: І санат


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ:

ПӘНІ: қазақ тілі


ТАҚЫРЫБЫ: Сын есім


ЖАЛПЫ МАҚСАТЫ: Білімділік: Сын есім туралы білімдерін толықтыру және тиянақтау;

сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің

зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;
Дамытушылық: лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой -

өрісін, танымын арттыру;
Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге

тәрбиелеу.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: -Топпен жұмыс істеу арқылы кедергілерді жеңе біледі, бірлесіп

жұмыс істеуге машықтанады, бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге

үйренеді

-Өз білгенін ортаға салып, қосымша мәліметтер жинақтайды


ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ: Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау балалардың

ойлау қиялын дамытады.Бір-бірінің білім дәрежесін бағалай білуге

дағдыланады

ӘДІСІ: Интербелсенді оқыту әдістемесі 1 . Топпен жұмыс

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ: Тақырыптық суреттер.

Семантикалық карта

Интербелсенді тақта

Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.


Оқушылар топқа әр түрлі түспен бөлінеді. 1-топ «Сары» - күн

2-топ «Қызыл» - гүл

3-топ «Көк» - аспан

4-топ «Жасыл» - шөп

5-топ «Ақ» - бұлт

Үй тапсырмасын әр топтан бір оқушыдан сұрап, өткен сабаққа қайталау жүргізіледі. Ережені оқып, жаттау

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл»

Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.
- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?
- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.
- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- «Шөп» деген сөз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

СТО, АКТ

Диалог











Постермен жұмыс

Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.
1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.

Оқулықтағы жаттығуларды топтарда бөліп орындау.

412-жаттығу ауызша орындалады. Мәтінді оқып, сын есімдерді табады. (ірі, жіңішке, қауіпті, айқастыра, айбарлы) осы сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын оқушылар өздері айтады. (Ірі жануар, жіңішке талшық, мүйізі қауіпті, аяқтарын айқастыра жатады, айбарлы дыбыс)

413- жаттығу берілген тапсырмасы бойынша оқушылар өз бетінше топпен бірлесе отырып орындайды. Әр топқа бір сөзден бөліп беріледі. Тақтай, көше, көл, жылқы, кесе

Тақтай – жалпақ, тегіс, қалың


414-жаттығу ауызша орындалады. Суреттегі заттарды сипаттап айту. 1-топ допты сипаттайды. 2-топ допты пайдалану тәсілін, 3-топ лимонды сипаттайды, 4-топ лимонның пайдалану тәсілін айтады.


415- жаттығу Ребусты шешу. Шешуіндегі сөздің сын есім екенін дәлелдеу 5-топқа тапсырылады. (Түзу – қандай? деген сұраққа жауап береді. Сондықтан ол сын есім. )

Сергіту сәті

Абай атамыздың Адам болам десеңіз өлеңінен үзінді оқу арқылы оқушылар ойын жинақтап шаршағанын басып, бойын сергітеді.

Ой толғаныс


Семантикалық карта

есімдер

сөздер


Зат есім

Етістік

Сын есім

ойнады


ойнады


доп

доп



әдемі



әдемі

биік



биік

оқушы

оқушы



биледі


биледі


сопақша



сопақша

лимон

лимон



ұшып кетті


ұшып кетті



Үйге тапсырма

Дәптермен жұмысы,ережені еске түсіру

416-жаттығу 148-бет

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

hello_html_57593da2.jpghello_html_506cc006.jpg

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

hello_html_6acd2593.jpghello_html_78ff1a00.jpghello_html_18fac673.jpghello_html_m137a6c25.jpg


КЕРІ БАЙЛАНЫС

«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2015-2016 оқу жылындағы ІІІ негізгі

деңгейлік курстан өткен мұғалім-Алимжанова Лаура Акимбековна


Сабақтың өту мақсаты:

  • оқушылардың оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қаншалықты меңгергенін бақылау

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігін анықтау

Күтілетін нәтиже:

-топпен жұмыс істеу арқылы кедергілерді жеңе біледі, бірлесіп

жұмыс істеуге машықтанады, бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге

үйренеді

- Өз білгенін ортаға салып, қосымша мәліметтер жинақтайды


Мен 2 "В" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Сын есім" тақырыбындағы өткізген сабағыма жасалған кері байланыс. Сабағымды жоспарлау барысында сыныбымның жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін ескердім. Сабағымда Кембридж бағдарламасының жеті модулінің бірі Сыни тұрғысынан ойлау мен АКТ, ТжДБ оқыту, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдандым.

Сабағымның екі сәтті жағы:

  • Тақырыпты толық түсінгені, сын есімнің зат есіммен тілекей байланысуын сөйлем ішінен тауып, сұрақ қою арқылы дәлелдеуі


  • Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, қол шапалақтау арқылы бағалап отыруы.


Сабағымның екі сәтсіз жағы:

  • Оқушылардың көптігі топпен жұмыстың нәтижелі болуына көп кедергі келтіреді.


  • Топтық тапсырмаларда оқушылар бір-бірін бағалауы, бағалау барысында басқа оқушылардың келіспеушілігі сынып ішіндегі психологиялық ахуалды төмендетті.


Қорытынды Өз сыныбымның былтырғы жылға қарағанда топта жұмыс істеуге біршама бет бұрғанын байқадым. Өйткені олар бір-бірімен ашылып сөйлесуге, пікір алысуға, өз ойларын дәлелдеуге бір-бірімен топта кезектесе жұмыс жасауға бейімделген . Дегенмен де бұл сабақта мен басшылықты өз қолыма ала отырып, оқушыларға жетекші сұрақтар қойып диалогке тартып отырдым. Соның нәтижесінде жоспарланған тапсырмалар, оқуды бағалау, кері байланыс толық жүргізілді. Оқушылардың бағалау барысындағы келіспеушілік тудырған сәттерін байқадым. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына өзіндік бағалау жүргізу әлі де болса ертерек деп тұжырымдаймын. Оқушылардың дәптерлері парта бетіне толық сиыспағандықтан жазу каллеграфиясы өте нашар.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-025294

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>