Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект урока по казахскому языку "Жемістер"

Конспект урока по казахскому языку "Жемістер"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Жемістер.

Мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Жемістердің атауын үйрету,жемістер туралы білімдерін кеңейту,жемістерге байланысты сөздік қорын байыту.Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тақырыпқа байланысты өзара ара қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты :Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін дамыту, қызығушылықтарын арттыру,ұқыптылық ,тазалық дағдылырын қалыптастыру,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа , дәстүрлі сабақ.

Әдісі: көрнекіліктермен жұмыс,әңгімелеу,сұрақ –жауап,ойната отырып оқыту әдіс , топтастыру әдісі.

Көрнекілігі: жеміс суреттері,кітап суреттері,топшамалар, интерактивті тақт, кесте.

Сынып: 2 А сынып

Пән : қазақ тілі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару, оқу-құралдарын тексеру, сабақ мақсатын айту).

а) тіл ашар:

- Қазір қандай сабақ?

-Бүгін қай күн?

-Аптаның қай күні?

-Қазір қай ай?

-Жылдың қай мезгілі?

-Ауа- райы қандай?

-Қыс айлары қалай аталады?

-Қыстың бірінші айы қалай аталады?

-Қыстың екінші айы аталады?

-Қыстың үшінші айы аталады?

б) фонетикалық жаттығу : Бұл қалай өзгерген? ойыны.

Ойынның мақсаты дыбыстардың айтылуын және әріп түрінде жазылуын оқушыларға меңгерту, ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аудару.

Берілген сөздерді оқу,аудару,мағыналарын ажырату.

Құс-күз


Қыз-қыс


Ұш-үш


Онң


Тиін-тиын


ІІ.Үй жұмысын тексеру.

а) «Дүкенге саяхат» ойыны арқылы тапсырмаларды орындау


б) «Нан иісі» өлеңін жатқа сұрау


Есіңде болсын, балам,

Нан- қастарлі тағам.

Қоқымын оның шашапа,

Жерге түссе, басапа.


в) Тест

Жіңішке сөзді белгіле.

А.нан С.ірімшік

В. май Д.шай


«Кефир» сөзінің қазақшасы қалай?

А.май С.сүт

В.қант Д.айран


Жіңішке сөзді белгіле.

А.дәмді С.сүт

В.шұжық Д. Іш


«Азық –түлік» сөзінің орысшасы қалай

А.продукты С.сахар

В.хлеб Д.масло


Сергіту

Қане, балалар тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық .


ІІІ .Жаңа сабақ

Мен шиемін ,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Өлеңді оқып,балаларға сұрақтар қоямын.

-Өлең не туралы?

-Шие қайда өседі?

-Шие көкөніс пе, жеміс пе ?

-Ендеше ,балалар біздің бүгінігі тақырыбымыз «Жемістер» деп аталады.

а) сөздік жұмысы. Жеміс атауларын естеріне түсіріп,қайталау. Хормен, жеке – жеке айтқызу.

же-ешь

жедім-ел

дәмді-вкусный

алмұрт-груша

шие-вишня

алма-яблоко

алхоры-слива

жүзім-виноград

анар-гранат

өрік-абрикос

шабдалы-персик

1) Тіл дамыту :кітаппен жұмыс 14О беттегі , екінші тапсырманы орындау.

Диалогті жолдасыңмен оқы.

  • Сәлеметсің бе, Марат!

  • Сәлеметсің бе, Дима!

  • Марат, сен қандай жемістерді білісің?

  • Алма, алмұрт, өрік, анар ,жүзім ,шие.

  • Алма қандай?

  • Алма дәмді

  • Олар қызыл,сары,жасыл болады.

с) Сауат ашу бөлімі.

Тапсырма : Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап жазыңдар.

Көптік жалғауын еске түсіру.

  • лар -дар -тар

  • лер -дер -тер

Сөздер: алма, өрік,анар,шие,жүзім.

д) Сұраққа жауап бер:сызба бойынша сөйлем құру.

Кім нені жақсы көреді?

Саша -ны

Валя -ді

Дима -ті жақсы көреді.

Боря -ты

Коля - ні


ІҮ. Бекіту.

а) «Бақта» ойыны (оқушылар алмадағы берілген тапсырмаларды орындайды).




б) «Жоғалған әріпті тап» ойыны.

Тапсырма : көп нүктенің орныны керекті әріпті жаз.(оқушылар тақтадағы белілген сөздерді толықтырып жазады)

АЛМ....РТ


Ж.....ЗІМ


ӨР...К


АН...Р


ЖЕМ....С


Д....МДІ


с)Топтастыру әдісі.


Жемістер туралы ойымызды жинақтап ,тірек- сызбаны толтырамыз.


Сергіту

Жұмбақ-өлеңді оқып,шешеуін табыңдар.


Неше алма ?

Марат әкеп үш алама,

Аман әкеп үш алма,

Нұр,Бек, Сәтке тең бөлді.

Әркім алды неше алма?


Ү.Үй жұмысын беру.

Жемістің қазақша атауларын жаттау.

14О бет, 2-тапсырма. Диалогті жолдасыңмен оқы.


ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың бағаларын айтып, күнделіктеріне қою.


ҮІІ. Оқушылармен қоштасу.



-Сабақ аяқталды!


- Сау болыңыздар !


























































Автор
Дата добавления 12.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров146
Номер материала ДВ-252810
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх