Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект урока по математике "цифра 5" (Старшая группа)

Конспект урока по математике "цифра 5" (Старшая группа)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2f5869ac.gifЖШС «Раиса» балабақшасы





Тақырыбы:«1 – ден 5 – ке дейінгі сандар. Тура және кері санау.»



hello_html_m663eecb8.jpg



Өткізген:Х.Б.Қабытаева





















Ертіс а., 2015-2016 оқу жылы




Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандар.Тура және кері санау.
Мақсаты: 5-ке дейін санау қабілеттерін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру. 5 санының пайда болуы және құрамын анықтау. 5цифрын жаза білуге үйрету, тура және кері санай білуге үйрету.
Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, цифрлар, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Түрі: Саяхат сабақ
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келген екен.
Қонақтармен амандасайық!
Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Амансың ба, қонақтар,
Сабағымызды бастаймыз,
Жамандықты тастаймыз.
Балалар амандасады.

Балалар көтеріңкі күйде қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді.

Ұйымдастыру
- Балалар қандай ертегілер білесіңдер.
Ертегіні әңгімелеу.
«Дымбілмес»ертегісіне саяхатқа шығатындарын хабарлау.
Өздері білетін ертегілерін айтты.
Саяхатқа шығатындарына қуанды.
Өткен сабақты еске түсіру.
1-ден 10-ке дейін сандарды қайталау
Тура және кері 3 тілде санайды

Жаңа сабақты хабарлау.
5 саны және цифрымен таныстыру.
5 санмен танысты.
Тура және кері санау.
Тура және кері санап үйренді.
5 санына тақпақ жаттау.
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.

Дәптермен жұмыс.
5 цифрын жазу.
5 цифрын жазды.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Сергіту сәтін қимылмен орындады.
1-тапсырма:
Ойын «Үндемес»
2-тапсырма:
Құмырсқаның таңқурайға, жұлдызқұрттың шиеге жетуіне көмектес.
Көмектесті.
3-тапсырма:
Бос орынға тиісті пішінді сал.
Тиісті пішіндерді салды.
4-тапсырма:
Көршісін тап.
Сандардың көршісін тапты.
Сергіту сәті:
«Көңілді жаз» биледі.
5-тапсырма:
Әр суретте қанша зат бар екенін сана және тиісті цифрды шеңбер ішіне жаз.
Тиісті цифрды жазды.
6-тапсырма:
Есеп шығару.
Есепті шығарды.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Бүгін қандай санмен таныстық?
- 5 саны
- Барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар, балалар.
Күтетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі сандар және цифрларды, реттік және сандық есептеуді;
Игеру: 1-5 цифрларының жазылуын,санаған кезде заттың орналасқан орнына бағынтыны туралы, санау тәртібі туралы түсінікті, әр түрлі тапсырмаларды орындауды игерді.
Меңгеру: Тура және кері санауды меңгерді.















































Білім беру саласы:Таным,Денсаулық,Қатынас,Шығармашылық,Әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекет түрі:Қарапайым математика

Тақырыбы: «5 саны мен цифры»

Мақсаты:-Балаларға шамамен 5-ке дейін санауды  және қатарда орналасқан

заттарды көрсете отырып,сандарды ретімен атауды үйрету.

«5» санымен таныстыру.

-Өзіне қатысты заттарды орналастыруда алдында,артында,оң және

сол жағында ,жақында сөздермен белгілеуді үйрету.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,Мантесорий әдістері,ұлттық

ойындар

Көрнекілігі:Гүл шоғы,асықтар,қоржын,видеоролик,жарма

Биллингвистикалық копонент:бес-пять-fight

Математика, 5 саны, балабақшада, түсіндіру,көрсету,ашық сабақ

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Психологиялық сәт:» Гүл шоғы »

-Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Көңіл күйіміз қандай?

-Ендеше,осындай көтеріңкі көңіл-күймен менің қолымдағы әдемі гүлді «бүгінгі күніміз сәтті өтсін» деп сендерге ұсынбақшымын.Ал,сендер бір-бірлеріңе жылы тілектерінді арнай отырып, достарыңа ұсыныңдар.

 

-Осындай әдемі сәтте мен сендермен бірге ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы интеллектуалды жарыс ұйымдастырмақшымын.Ол үшін барлығымыз мына жерден қызыл және көк түсті белгісі бар қағаздарды аламыз.Қызылдар оң жақтағы  алғырлар тобына ,көктер сол жақтағы билгирлер тобына бөлінеді.

(балаларды топқа бөліп отырғызу)

 

Ойын шартымен таныстыру

Ойынымыз ұлттық ханталапай ойыны арқылы өтеді.Ойын барысында берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына асық салып отырылады.Бир асық салынады.Ойын соңында қай топ көп асық жинаса сол топ жеңімпаз болады.

Жауаптардың дұрыс-бұрыстығын қазылар алқасы анықтап отырады.Қазылар алқасы

Фатима апай,Анар апай,Сарсен апай,Бибигул апай

 

Алғашқы жарысты бастайтын топты анықтау үшін екі топтың топ басшылары шығуы тиіс.Ол үшін топ басшыларын сайлайық.

Алғырлар тобына Айлин,

Билгирлер тобына — Ибраһим

 

Тапсырма:Ханталапай

Шарты:шашылған асықтарды кім көп жинаса сол жеңімпаз атанады.

 


Іздену-ұйымдастырушы

-Ал,балалар жарысты кім бастайтынын анықтадық,алғашқы тапсырмаға кірісейік.1-тапсырма:

«Кім жылдам ?»ким коп биледи?

 

 

Шарты:1минут ішінде оқылған сұрақтардың қаншасына дұрыс жауап берсе,қоржынына сонша ұпай түседі.

 

2-тапсырма:»Математикалык Жұмбақ есептер»

Шарты:жұмбақ түрінде жасырылған есептерді ойша жылдам есептеп шешімін табу.Қай топ қанша жұмбақ есепті шешсе,қоржынына сонша асық салынады.

 

3-тапсырма:»Теңге ілу»

Шарты:Теңге ілу ойыны арқылы танбалары түсіп қалған сандарды тауып артык 6кем танбаларын кою. орналастыру.Дұрыс орындаған ойыншы тобына 1асық беріледі.

 

-Ал,балалар келесі тапсырманы орындамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:Видео-ролик арқылы бой сергіту.

 

4-тапсырма:»Орамал тастамақ»

Шарты:Алмаларды  тәрбиеші нұсқауына сәйкес себеттің оң жағына,сол жағына,үстіне,астына орналастыру керек.Дұрыс орындаған ойыншы тобына 1ұпай беріледі.

5-тапсырма:»Таңбалау»

Шарты:Жарма бетінде саусақ арқылы 5 санын таңбалау.Қай топта тапсырманы дұрыс орындаған көп бала болса,сол топ жеңімпаз болып тобына 1 асық ұпай салынады.Қазылар алқасы балалардың тапсырманы қалай орындағанын өздеріңіз тексеріп шығасыздар.

 

6-тапсырма: :»Тоғызқұмалақ »

Шарты:Ұяшықтар сыртындағы сандарға сәйкес ұяшық ішіне таяқшаларды салып,артық,кем екендігін тауып белгісін қою.


Рефлексивті-түзетуші

Бекіту.Ал,балалар бүгін біз қандай санды танып білдк?-5 санын үш тілде айтайықшы\

 

 

Топтардың қоржынындағы жиналған асықтарды санап жеңімпаз топты анықтау,марапаттау.

 

  

-бес

Пять

файт

Күтілетін нәтиже

Нені білуі керек: «5″ санын танып, ажыратып,ретін анықтай білуі керек

Нені игерді:»5″ санын танып, ретін анықтай отырып,үстінде,астында,оң

жағында,сол жағында ұғымдарын меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:тапсырмаларды  дұрыс тиянақты

орындау барысында ,»5″ санын толық танып ,ретін анықтай білді.



Білім беру саласы:Таным

ҰОіӘ:Қарапайым    математика                                                                                         Тақырыбы:5 саны

Мақсаты: 5 саны мен оның таңбасы мен жазылуын көрсету,үйрету.

Көрнекілігі : Слайд,үлестірмелі материялдар,  санамақтар.

Әдіс-тәсіл:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету.  

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс   әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші      ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы

 

Ұйымдастыру кезеңі.   Балалар маршпен кіреді.Балалар бүгін бізге ерекше күн,бүгін бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті.                                              

 – Қане бәріміз бірге келген қонақтармен амандасайық. Жарайсыңдар балалар!Әнұраным,                                Жанұраным,                                                Сөйлер сөзім,                                           Айтар әнім,деп                                           бәріміз бірге еліміздің ән ұранын айтайық.                        Шаттық шеңбері!                                    Балалар далада күн суытқанымен,біздің жүрегіміз ыстық,мейірімге толы.Бір бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып,көңіл күйімізді көтерейік. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.Бәріңе сәттілік тілеймін балалар!                 Қараңдаршы балалар қолдарыңа мен түрлі түсті геометриялық пішіндер таратып бердім.Сендер сол геомет.пішіндер арқылы өз орындарыңды тауып отырасыңдар.Әр стол үстінде геомет.пішіндер қойылған.Қане балалар өз орындарыңды тауып отырыңдар.                 Жарайсыңдар балалар! Балалар  байқап отырған боларсыңдар сендер геомет.пішіндер арқылы өз орындарыңды тауып отырдыңдар.Біз бүгін қандай оқу іс әрекетін өтеміз?      Әрине,таным саласы бойынша қарапайым математика біздің бүгінгі оқу іс әрекетіміз балалар.                                              Балалар бір жылда неше мезгіл бар?       Қане,кім айтады? Жарайсың Мадина.                 Мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер қай мезгіл екенін айтасыңдар.                      Жұмбақ   Жиып теріп болатын,                            Қамбаға астық толатын,                              Қызыл қырман ойнайтын,                             Қай мезгіл деп ойлайсың? Жарайсың Индира!Қазір жылдың қай мезгілі балалар?Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?Қане кім айтады?Жарайсың бәрекелді Аружан!  Балалар біз А.Құнанбаев, С.Көбеев аталарыңның күз мезгіліне арнап жазған қандай өлеңТақпақтарын білеміз?Жарайсыңдар балалар!        Балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын біз өткен оқу іс әрекетін еске түсірейік?Геометриялық пішіндер Төртбұрыш пен тік төртбұрыш болатынбыз балалар.         Төртбұрыш деген не балалар қане кім айтады?Мысалы оларға не жатады?     Ал тік төртбұрыш дегеніміз не?Қане кім айтады?Жарайсыңдар бәрекелді Нұртілеу,Берік.Дидактикалық ойын «Көңілді пішіндер».Балалар енді біз осы пішіндерден не құрастыра білеміз?Қане бәріміз бірге көңілді пішіндер ойынын ойнайық.Қане кім құрастырады?Жарайсыңдар!Балалар осы зымыран мен машина нелерге жатады?      Балалар қане Нұртілеу құрастырған зымыранды санайықшы?Ия төрт геомет. Пішіннен құралған екен.Біз осы уақытқа дейін төртке дейін танысқан болатынбыз.Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын қане мұқият тыңдайық.                                           Жұмбақ .                                                         Бірі үлкен,бірі кіші,                                  Туысқан бірге бес кісі.                                  Ия қане оң қолымызды көтерейікші қанеСанайықшы саусағымызды.Ия төрттен кейін қандай сан екен балалар?Ия балалар бүгін біз оқу іс әрекетімізде 5санымен танысамыз балалар!                                        Ғажайып сәт!                                        Балалар қараңдаршы бізге бүгін қонаққа кім келгенін?Қуыршақ Айсұлу келіпті бізге балалар.Қане Қуыршақ Айсұлумен амандасайық.Қуыршақ Айсұлуда бізбен бірге 5 санымен танысқысы келеді екен.Және сендерге көптеген тапсырмалар ала келіпті».

«Қандай сан жоқ»д\к ойын.

Ойын шарты:Әтеш кез келген санды жасырып ку ка ре ку дейді ал сендер жасырылған санды тауып айтасыңдар балалар.      Жарайсыңдар балалар!          Балалар қане сандарды тура санайықшы,енді кері санайық балалар.Балалар төрттің артқы көршісі неше екен?Ия балалар Ия балалар біз бес санын естиміз ал жазылуын білеміз бе балалар?  Ендеше мен сендерге жазылуын көрсетемін.Бала

Лар қане мен бірінші не қойып жатырмын бірінші?Ия бірінші нүктелер қоямын сол нүктелерді таяқша арқылы қосамын балалар.Міне мынау бес саны балалар.

Бес саны туралы ұғымдар көп балалар ,бес саны киелі сан,бес бірліктен құралады,бес саусағымыз бар және елтаңбамызда бес жұлдыз бейнеленген.Бестік баға,адамның бес парызы бар.                                                                              Тақтамен жұмыс.                                     Енді балалар тақтаға назар аударайық,орындарыңда отырып жұмыс жасаймыз балалар.Көк текше және қызыл текше берілген көк астыңғы текшеге бес гүл қоямыз ал үстіңгі қызыл текшеде үш көбелек тұр балалар.Неше гүлге көбелек қонбай тұр балалар?жарайсыңдар енді орнымызда отырып жұмыс жасайық балалар.Бәрекелді жарайсыңдар балалар! Енді санайықшы неше гүл?Неше көбелек?

Балалар шаршап қалған боларсыңдар ендеше бойымызды сергітіп алайық                                        Сергіту сәті.

Мынау менің жүрегім ,                                       Бәрі осыдан басталған                                 Мынау басым ақылды                               Барлық істі басқарған                                 Мынау менің оң қолым,                              Мынау менің сол қолым                          Барлық істі атқарған.                     Жарайсыңдар балалар.                                              Қуыршақ Айсұлу тапсырмасы.                   1.Санамақтан бес санын құрастыру.                   2.Тақтаға бес санын жазу                   3.Ермексазда бес санын жасау.                       4.Үшбұрыштан бес жұлдыз құрастыру.Іске сәт балалар! Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер!Қане балалар сендерге мен математикалық сұрақтар қояйын сендер жақсылап жауап беріңдер жарайма?    1.Дүкеннен  Асанға анасы үш бесбұрышты доп алып берді.Біреуін досына берді Нешеуі қалды?Жарайсың дұрыс айтасың Аяулым.          2.Үшбұрыштың неше бұрышы бар?Дұрыс айтасың                                               4.Далада екі ешкі,                                  Қорада үш ешкі                                       Қосқанда барлығы                                      болады неше ешкі?Жарайсың дұрыс айтасың .Қане балалар осы сандар туралы қандай тақпақтар біледі екенсіңдер?Жарайсыңдар балалар сендер өте зерек ақылды екенсіңдер.

Балалар енді Қуыршақ Айсұлумен қоштасайық оны басқа балалар да күтіп қалған болар.

 

 

 

 

Қорытынды.

Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық          Қонаққа кім келді бізге?

Қандай тапсырма берді?

Таяқшадан не құрастырдық?

Нүктелермен не жаздық?

Ермексаздан не жасадық? Жарайсыңдар балалар сендер оқу іс әрекетіне жақсы қатыстыңдар балалар Берік,Нұртілеу,Аружан,Бибінұр,Нұрасыл,Индира барлықтарыңа ризамын балалар!Бүгінгі қарапайым математика оқу іс әрекетіміз аяқталды балалар келген қонақтармен қоштасайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү лкенге де сіз,Кішіге де сіз,Үлкендерді құрметтеп,Бас иеміз біз. 

ҚР Ән ұранын айтады.

 

Балалар таңғы жылы лебіздерін айтады.               Аспанымыз ашық болсын!                                              Еліміз аман болсын!                                           Балабақшамыз көркейе берсін!

 

 

 

Балалар өз орындарын                                                   тауып отырады.

 

Математика

 

 

Мадина:Көктем,жаз,күз,қыс

Индира:КҮЗ мезгілі

Аружан:Күн суыта бастайды,                                     адамдар қалың киім киеді,                                        жапырақтар сарғайып түсе                             бастайды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Бибінұр:Алтын сары,қызыл.көк.                                           Алуан алуан жапырақ,                                                       Күзгі бақта күлімдеп,                                                              Көз тартады атырап.

Аяулым:Ой балалар,балалар

Қоңырқай күз болыпты,                                                     Қурап жапырақ солыпты,                                                         Ел егінін орыпты.

Нұртілеу:Барлық қабырғасы тең,бірдей.Терезе,кітап,орамал.                                             Берік:Екі қабырғасы бірдей,                                                 төбе жағы қысқа болады.                                                   Терезе ,есік,дәптер,тақта жатады.                        Берік:машина құрастырады

Нұртілеу:Зымыран құрастырады                                 Балалар не құрастырғанын айтады.

Нұрасыл:Көлік түрлеріне.

1,2,3,4.

 

 

 

Саусақ

 

1,2,3,4,5

Бес саны

 

 

Сәлемсетсіңбе Қуыршақ Айсұлу!

 

 

 

Балалар жасырылған                                                  сандарды тауып айтады

 

1,2,3,4,5

5,4,3,2,1.

5

Жоқ

Нүкте

 

 

 

2гүлге

Балалар орындарында                                                отырып жұмыс жасайды.

5 гүл,5көбелек

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қызыға жасайды.

 

 

 

 

 

Балалар барлық тапсырманы                                              қызыға орындайды.

Аяулым:Бесбұрышты доп болмайды.

Нұрасыл:Үш бұрышы бар.

 

 

Толғанай:бес ешкі

Берік:Мені келсең білгің,                                                      Мен таяқша бірмін.                                                         Барлық санға жол бастап,                                                     Ең басында тұрамын!

Нұртілеу:Бірден кейін тұрамын,                                    Сандар іші тұрағым.                                                        Бірді бірге қосқанда                                                         Мен иіліп шығамын.                                                      Аружан:Екіден соң әрқашан,                                                  Үш саны мен шығамын,                                                     Қос мұйізі майысқан                                                         Ұлттық ою саламын                                              Индира:Төрттен кейін бесті,                                                  білу оңай десті,                                                          Санасаң қолдың саусағын,                                                   Оңай табасың бесті.

Балалар Қуыршақ Айсұлумен қоштасады.

Бес саны

Қуыршақ Айсұлу

Бес санын

 

Орнымыздан тұрайық,                                                     Түзу сызық құрайық,                                             Көріскенше күн жақсы                                                     Сау саламат болайық












































Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров92
Номер материала ДВ-436788
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх