Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока по математике 1 класс на тему "Әріпті өрнектерді салыстыру"

Конспект урока по математике 1 класс на тему "Әріпті өрнектерді салыстыру"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қостанай ауданы

«Семенов орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Серкенова Күләйхан Амантайқызы

Математика - 1 сынып


Сабақтың тақырыбы : Әріпті өрнектерді салыстыру.


Сабақтың мақсаты :

  • Әріпті өрнектер мен санды өрнектерді салыстыруды үйрету. Толық ондықтарды қосу, азайту дағдыларын жетілдіру.

  • Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, үш тілді игеруге бейімдеу.

  • Өзін қоршаған ортаны қорғай білуге, әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : слайдтар, суреттер, есептер жазылған қағаздар.

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, ағылщын тілі.


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі. 3 тілде амандасу - ағылшынша

Оқушылар амандасады - ағылшынша

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Кілең бестік аламыз.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

- Біз неге көктемді асыға күтеміз? Көктемде қандай өзгерістер болады?

Біз бүгін сабақта саяхатқа шығамыз. Қайда баратынымызды білу үшін көздеріңді жұмып, менің айтқанымды тыңдаңдар. ( музыка, құстар үні) .

Орман тып-тыныш. Күн сәулесін төгіп тұр. Құстардың тамаша дауысы естіледі. Жер түкті кілемдей, жата қалып аунағың келеді. Сұлу табиғат аясында дем алып тұрмыз. Жылы жел соғып тұр. Енді көздеріңді ашыңдар. Жаңа әдемілікті, әсемдікті сездіңдер ме?

-Біз қайда келдік?

- Табиғатқа – 3 тілде.

- Балалар біз бүгін табиғат –ананың балаларымен кездесеміз. Кездесуге дайынсыңдар ма?Ол үшін тапсырмалар орындауымыз керек. Экранға назар аударыңдар.

І тапсырма –математикалық диктант – ауызша.

1. 60 санын 20-ға арттыр.

2. 100 санын 90-ға кеміт.

3. 50 мен 20 санының қосындысының мәнін тап.

4. Азайғыш- 90, азайтқыш- 70. Айырманы тап.

5. 10 саны 30-дан нешеге кем?

6. 70-ке 20-ны қос.

7. 50 мен 10 сандарының айырмасын тап.

Орындап болсаңдар, 1 нөмірлі суретті тауып аламыз. Бұл не екен?

Күн – 3 тілде

Алмас ағай күннің суретін салғызады.

ІІ тапсырма – кестемен жұмыс.

- Қосылғыштардың бірін арттырған кезде қосындының мәні қалай өзгерді? Артты.

- Азайтқышты артырған кезде айырманың мәні қалай өзгерді? Кеміді.

- Азайғышты арттырған кезде айырманың мәні қалай өзгерді? Артты.

2 нөмірлі суретті тауып алайық. Бұл не?

Бұлт – 3 тілде.

Орындап болған оқушылар бұлттың суретін салады – Алмас ағай.

Сергіту сәті.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын.

Ауамыз таза болсын

Суымыз мөлдір болсын

Гүліміз жайнап тұрсын!

ІІІ тапсырма - №2.

а а + 30 в в - 30

с + 30 30 + с 50 – с 10

3 нөмірлі суретті тауып алу. Жер – 3 тілде

Жердің суретін салады – Алмас ағай.

ІV тапсырма - №3.

Есептемей салыстыр.

- Қандай өрнектер жазылған?

- Қосынды ма? Айырма ма?

- Әріпті өрнектер деген не?

- Қалай есептемей салыстыруға болады?

4 нөмірлі сурет. Ағаш – 3 тілде

Ағаш суретін салады – Алмас ағай.

V тапсырма – жұмбақ есеп.

Мен бір сан ойладым. Оған 50-ді қосқанда, 90 шықты. Ол қандай сан?

5 нөмірлі сурет . Құс – 3 тілде

Құстың суретін салады – Алмас ағай.

VI тапсырма

Сандарды ретімен қою. Үш тілде санау. Келесі жағын аударғанда – Табиғат-ана деген сөз шығады.

6 нөмірлі сурет. Көбелек – 3 тілде

Көбелектің суретін салады – Алмас ағай

-- Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық. Табиғат – ана бізге риза болды. Енді шаршаған шығарсыңдар, партаға жатып демалып Табиғат – ананың балаларының алғысын тыңдаңдар.

VII. Қорытынды.

- Сонымен балалар, табиғат деген не?

Айша мен Гүлнұрдың тақпағы.

- Балалар табиғатқа ата-аналарыңызбен демалуға барасыздар ма?

Демалуға барғанда қандай ережені есте сақтау керек?

- Ендеше, балалар деніміз сау болсын!

Сүйейік, табиғатты аялайық,

Бізде одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша дем алайық!

VIII. Үйге тапсырма : 180 бет №5 .

ІX. Айдана апай сөздерді қайталатады.

Табиғат – Күн –

Бұлт – Жер –

Ағаш – Құс –

Көбелек –

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар – 3 тілде.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-088678

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>