Инфоурок Музыка КонспектыКонспект урока по музыке "Айтыс өнері дегеніміз не?"

Конспект урока по музыке "Айтыс өнері дегеніміз не?"

Скачать материал

 

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты

Музыка пәні мұғалімі

Сахипов Болатбек Қияқбайұлы

«Айтыс өнері дегеніміз не?»    

 Сабақтың  мақсаты

Білімділік: Оқушыларға айтыс өнерін танытып, жаңа ақпарат      бере                                    отырып музыкалық танымдарын кеңейту. Өз ойын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.«Лига»  музыкалық терминімен таныстыру.

Коррекциялық:ән үйрену орындау кезінде ән мәтінін дыбыстарды таза айтуға үйрету                                                                       

Тәрбиелік: Айтыс өнерінің өмірмен байланысын, эстетикалық, рухани                                   байлығын және музыкалық маңыздылығын түсіндіру арқылы қазақ  музыкасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілігі:тақта, компьютер, күйсандық - ямаха, баян аспабы,суреттер.                  Музыкалық материал:
                            1. Б. Ғизатов «Біздің ән»- дауыс жаттығу ретінде үйрену
                            2. О. Әубәкіров «Оқушылар айтысы»- үйрену
                            3. «Ақындар айтысы» (үзінді)- тыңдау
                            4. «Жар - жар айтысы» (үзінді)- тыңдау
                   Сабақтың жүру барысы.

Әдісі: Дәстүрлі, топтық  

Ұйымдастыру кезеңі:  І. Қызығушылық ояту.
Музыкалық аспаптар жазылған үстелдерге оқушылар топтарға бөлінеді. (домбыра, сырнай, қобыз, асатаяқ, дабыл, шанқобыз)
Қазақ музыка жанрларын атайық?  (Терме, ән, жыр, күй, айтыс)
Дұрыс айтасыңдар айтыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы –
                        

«Айтыс өнері дегеніміз не?»


Айтыс өнері – қазақтың ауызекі әдеби - музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалардың бірі. Суырып салма ақындық өнерінің желісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыс атауы - айтысу деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу, мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.
Айтыс өнерінің бірнеше түрлері бар.  Ең ежелгі, көне түрі
«Бәдік» айтысы. Белгілісі аурудан малды емдеу үшін, айтылатын арбау өлең.
«Жар - жар»айтысы – қыз бен жігіттің үйлену тойы кезінде орындалады.
«Ақындар» айтысы – атақты белгілі ақындар арасындағы айтыс.
«Қыз бен жігіт» айтысы көбінесе ойын - тойларда айтылады

ІІ - Мағынаны тану.
Қазір балалар осы бір үстелде отырғандарымыз 1, 2 санына саналып 2 топқа бөлініп отырайық. Барлық 1 сандар, 2сандар. Әр топқа мәтін беріледі. Осы мәтіндерді мұқият оқып, маңызды, керек мағлұматтарды жазып аламыз. Содан кейін өз орындарыңа барған кезде алған білімдеріңді өз топтарыңа жеткізе білу керексіздер.
Енді балалар бүгінгі сабағымызда айтыстар туралы не білдік? (әр топтан өздері тұрып - жауап береді, 2 топтың жауабын алу, келесі екі топтан сұрақ жауап арқылы бағалау)

Абай:
"Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй"- деген.
Сондықтан бүгінгі танысатын жаңа әніміз О. Әубәкіровтың «Оқушылар айтысы». Жаңа әнмен танысар алдында дауыс жаттығуымызды орындайық
Дауыс жаттығуы:
1. До мажор гаммасын орындау, лигато, стакатто түрінде
2. Б. Ғизатов «Біздің ән»- дауыс жаттығу ретінде:
Үйренсең нотаны,
Әнде саласың.
Барлығын оп - оңай
Жаттап аласың.
Сен де қосыл жасқанба,
Әнің жетсін аспанға
        «Оқушылар айтысы»(мұғалім орындап көрсетеді, содан кейін үйретеді)
Әні мен сөзің жазған О. Әубәкіров “Оқушылар айтысы”
1-оқушы: Айтып қойшы қарағым
                  Қандай боп жүр сабағың?
                  Жайын біліп қояйын,
                  Сендей салақ баланың.

2-оқушы: Сөзін тыңда, қарағым
                   Мен секілді баланың.
                  Сен осында қаласың,

                   Мен лагерьге барамын.
1-оқушы: Қайда барсаң, онда бар,
                  Семіргенің жөн болар.
                  Тәртібіңнен, алайда,
                  Болмай тұр - ау оң хабар.
2-оқушы: Айналайын, көкешім
                 Тәртіпті айтып не етесің?
                 Сендердегі Серікбай
                 Неге жарды шекесін?
1-оқушы: Қай өнегең асып жүр,
                  Қай тәртібің тасып жүр?
                  Сендердегі Сембай да
                  Сабағынан қашып жүр.
Орындаған әнінде «қарағым» сөзіндегі буындар созылып айтылады. Өйткені ноталар арасында доға белгісі тұр. Ол белгіні Лига деп атайды. Яғни «дыбыстарды бірінен соң бірін сабақтастырып байланыстырушы» деген ұғымды білдіреді.

Сөжұмбақ:

1.      Абылай хан тұсында өмір сұрген жырау (Бұқар)

2.      Айтыстың түрі (бәдік)

3.      Жамбылдың ұстазы (Кенен)

4.      Тез жауап қайтару сөз жарысы (Айтыс)

5.      Біржанмен айтысқан қыз (Сара)

6.      Батырлар жырындағы басты кейіпкер (Алпамыс)

7.      Алпамыс жасаған музыкалық аспап (Сырнай)

 

ІІІ Толғаныс

 Енді сұрақтарға жауап берейік, бір - бірімізді тыңдап, қайталамай толықтырып отырамыз.
1. Қазақ музыка жанрларын ата
2. Айтыс деген не?
3. “Көш - көш”деп қандай жағдайда айтылады?
4. Айтыстың түрлерін ата?
5. Қазіргі уақытта айтыстың қай түрі кеңірек дамыған?
6. Өзің білетін ақындарды ата
7. Батыс өңірінің айтыскерлерін ата
8. Айтыскерлер нені жырлайды, қандай тақырыптарды қамтиды?
9. “Біржан мен Сара айтысы”қандай айтысқа жатады?

Бағалау: сабаққа жақсы қатысып жауап қайтара отырған оқушыларды   бағалау.
Үйге тапсырма: «Оқушылар айтысы» жаттау, және өлең шумақтарын     ойдан  шығарып  аттар орындарына  өз  сыныптарындағы  оқушылар     аттарына  ауыстыруға болады.

Сабаққа қатынасуына қарай оқушыларды мадақтау және бағалау.


Айтыс деген өлеңнің майданындай,
Сынға тілді болмайды найза қылмай.
Нәрлі сөзің нұрланып бой балқытсын,
Азанғы қой сүтінің айранындай -          деп сабағымызды аяқтаймыз

 

Мұғалім:

-          Ұлттық өнеріміз –  айтысты ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін сенднрсіңдер, сондықтан сендерге үлкен сенім артамыз. Сондықтан айтысты көріңдер, айтыс айтып үйреніңдер. Айтысты тыңдаған көрермендерге рақмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по музыке "Айтыс өнері дегеніміз не?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 662 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 1082
    • DOCX 17.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сахипов Болатбек Киякбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сахипов Болатбек Киякбаевич
    Сахипов Болатбек Киякбаевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6385
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие навыков успешного чтения с листа и выучивания наизусть нотного текста на уроках фортепиано в младших и старших классах ДМШ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания специального фортепиано в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс повышения квалификации

Музыкальный менеджмент: стратегии успеха и профессиональное развитие в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов