Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока по самопознание "Өнерлі бала сүйкімді"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспект урока по самопознание "Өнерлі бала сүйкімді"

библиотека
материалов


Мектеп: Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі

Сыныбы: 3

Оқушылар саны: 16

Мұғалімі: Ахатова Ләззат Міркемелқызы.

Пәні: Өзін-өзі тану

Сабақ: № 20

Мерзімі:

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: оптимизм, қарапайымдылық, басқалардан жақсылықты іздеу.

Сабақ барысы

Ресурстар,

мәліметтер


Сабақтың мақсаты:

Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашу.

Сабақ міндеті:

- Оқушыларға оптимизм жайында түсінік беру.

- Оқушылардың басқалардан жақсылық іздеу дағдысын дамыту.


(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, жұмыс дәптері, тақырыпқа байланысты суреттер.




1

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Бүгінгі өзін -өзі тану сабағын мен беремін.


Тыныштық сәті:

(Нұрға бөлеу)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

- Балалар көздеріңе не елестеді?

- Қандай сезімде болдыңдар?


2

Үй тапсырмасын тексеру

Ұқыпты ,ұқыпсыз тақырыбына мақал -мәтелдер жазып келу болатын. Енді жазып келген мақал- мәтелдерімізді оқимыз. Өткен сабақта қандай дәйексөз өттік жатқа айтамыз.






3

Жағымды ой пікір (дәйексөз )

Адамның сәні – өнер, білім, ақылы.

Жетес шешен

(Дәйексөздің мағынасын ашу)

Өнерге, білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?

Қандай адамды өнерлі дейді?

Өнер деген балалар, адам бойындағы қасиеттердің бірі. Өнерлі адам дегеніміз белгіілі бір іске шебер адам.

- Енді балалар, бұл дәйексөзді 3 топқа бөлініп айтайық, қай қатар мәнерлеп, жақсы айтады екен.

Дәйексөзді жаттау:

1)1 қатар

2)2 қатар

3)3 қатар

- Жарайсыңдар балалар, енді дәптерлерімізді ашайық, бүгінгі күнді жазамыз. Содан соң осы дәйексөзді дәптерге көшіріп жазып аламыз.



4

Әңгімелеу. Өнерлі жігіт


Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:

Күніне қанша табасың? – деп сұрайды.

Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагерлер:

Мына диуана, дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.


- Балалар, бұл әңгімеде не түсіндіңдер?

- Кім мазмұнын айтып береді?

- Ол қандай жігіт?

- Оны неліктен ертіп кетті деп ойлайсыңдар?

Иә , балалар, бұл жерде өнерлі жігіт жайлы айтылған. Әбунасыр оның бойындағы өнерді көрді де оны өзінің шәкірті етіп алып, ары қарай оқытып ғалым қылады.



5

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын:

Мамандық таңдау

Әр топтың ортасына мамандақ жазылған қағаздар тасталады.

Әр топ қимыл іс-әрекет арқылы сол мамандықты дәріптеп шығады.

Биші қыз туралы бейнебаян көрсету.




6

Топпен ән айту


Айгөлек

Бақытымның бастауы

Арманымның асқары, Айгөлек

Биіктерге самғайтын

Қанат беріп талмайтын, Айгөлек

Қайырмысы

Айгөлек жастары, өнер қуған,

Айгөлек достары, жаны нұрдан.

Шырқайық бәріміз, Айгөлекті

Жұлдызы болайық, Айгөлектің

Мұң бұралған бишіміз,

Күміс күмей әншіміз, Айгөлек

Өнер көзін ашқанда

Талап берер жастарға,Айгөлек

Қайырмысы

Айгөлек жастары, өнер қуған,

Айгөлек достары, жаны нұрдан.

Шырқайық бәріміз, Айгөлекті

Жұлдызы болайық, Айгөлектің

Айгөлек, айгөлек ,айгөлек сән

Айгөлек, айгөлек ,айгөлек ән

Айгөлек-ау айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би билейміз дөңгелеп

Қайырмысы

Айгөлек жастары, өнер қуған,

Айгөлек достары, жаны нұрдан.

Шырқайық бәріміз, Айгөлекті

Жұлдызы болайық, Айгөлектің

Айгөлек, айгөлек ,айгөлек сән

Айгөлек ,айгөлек, айгөлек ән



7








8

Үй тапсырмасы.

І топқа би өнері туралы, ІІ топқа Әншілер туралы, ІІІ топ Ақындар туралы, мәліметтер жинақтап келу. Бүгінгі сабақта танысқан дәйексөзді жаттап келу.



Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка ойнайды. Балалар көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!

Көздеріңді ашуға болады.

   




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров173
Номер материала ДВ-141258
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх