Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект урока по самопознание "Жылы жүрек, жақсы тілек"

Конспект урока по самопознание "Жылы жүрек, жақсы тілек"

Скачать материал

Мектеп: Ахмет Байтұрсынов орта мектебі. 

Күні:  17.01.2015ж.

17.

Тақырыбы: Жылы жүрек жақсы тілек.

Құндылық : Ішкі тыныштық

Қасиеттер: сыпайылық; ашуланбау; тәртіп

Мұғалім: Ахатова  Л.Ш.  

Сыныбы: 3

Оқушылар саны : 16

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығы туралы толық түсінік беру.

Сабақтың  міндеттері:

1.     Сыпайылық сезімі туралы түсінік беру.

2.     Тәртіптілікке, ұжымшылдыққа  тәрбиелеу.

3.     Ашуланбау сезімін жеңе білуге дамыту.

 

Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)

Оқулық, жұмыс дәптері, тақырыпқа байланысты суреттер.

 

Сабақ барысы:

                  1.Ұйымдастыру кезеңі.

 - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

                                      Тыныштық сәті.

                  (Нұрға бөлеу)

       Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

 

- Балалар көздеріне не елестеді?

- Қандай сезімде болдыңдар?

 

 

1.     Үй тапсырмасын тексеру.

«Сазды хикая» ертегі

1.      Көртышқан не себепті жалғыз қалды?

2.      Достарымен қалай татуласты?

3.      Достарыңның сырын сақтай білесіңдер ме?

 

Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

                                        

Жақсы сөз – жанды нұрландырады.

-          Қандай жақсы сөздерді білесіңдер?

-          Отбасында қандай әдемі сөздерді айтасыңдар?

-          Сен кімге сыпайы, әдемі сөздерді айттың?

- Демек балалар, жақсы сөз айту арқылы адамдардың  көңілі көтеріледі. Сондықтан балалар бір-бірімізге жақсы тілек, сөздер айтып жүрейік.

1.Хормен айтқызу.

2.Қатар – қатар айтқызу.

3. Жатқа 3-4 оқушыдан сұрап шығу.

-Ал енді дәптерімізді ашамыз. Бүгінгі күн мен тақырыпты жазамыз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жылы жүрек, жақсы тілек», мақсатымыз: сыпайылыққа, тәртіптілікке, ұжымшылдық сезімдерін бойымызға сіңіреміз.

 

 

Әңгiмелеу (сұхбат).

«Жақсы ата»

Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам табыла бермесі Ерасыл мәлім.

Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Анасына айтып көріп еді. Ол:

-          Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.

Әкесі:

-          Өзің ойнасаңшы, - деп сылап – сипап шығарып салды.Ендігі үміті  әжесі Күмісте болатын, «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, әншейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп-қисап шығарып отыр, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:

-          Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап, ойнатып келейін, - деді.

Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі құмары әбден қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:

-          Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.

-          Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын,- деді мейірленіп.

 

1 сұрақ. Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

2 сұрақ. Атасы немересін қалай жақсы көреді?

3 сұрақ.  Өздерің ата – әжелеріңе қандай жақсы тілек айтасыңдар?

 Тақырыппен байланыстыру қорытынды

 

1.      Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға сары, жасыл, қызыл гүлдер таратылады. Сол түстер бойынша топқа бөлініп отырады.

 

1-топ. «Менің досыма қамқорлығым»

2- топ. «Мен бақытты баламын»

3-топ. «Мен өнерлі баламын» 

Тақырыптарда эссе жазамыз.

 Қарттар үйі  туралы бейнефилім көрсету.

Балалар бір біріне ашық хаттар сыйлау.

 

1.     Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф.Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер билеңдер,

Гүлденсін деп ата-мекен қара орман. (2 рет)

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

1.     Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.(2 рет)

 

 

2.     Үй тапсырмасы.

«Отбасым – шаттық мекенім»  ашық хат жасау.

 

 

1.     Соңғы тыныштық сәтi.   

 Баяу әуен.

-          Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі өткен сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізге сақтайық.

Қатысқандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по самопознание "Жылы жүрек, жақсы тілек""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 998 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 634
    • DOCX 32.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбай Таншолпан Нурышкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куанышбай Таншолпан Нурышкызы
    Куанышбай Таншолпан Нурышкызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8189
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе