Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект урока по самопознанию на тему "Ар – ұждан –адамдық өлшемі" (11 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспект урока по самопознанию на тему "Ар – ұждан –адамдық өлшемі" (11 класс)

библиотека
материалов

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп

9-10 сабақ

Тақырып: Ар – ұждан –адамдық өлшемі

Құндылық: Дұрыс әрекет ету

Қасиеттер: Адалдық, адамгершілік, әділ бол

Мұғалім: Сынып – 11 сынып

Сабақтың мақсаты:

"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту , адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.

Міндеттері:

  • Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші , адами абзал қасиеттердің өлшемі екенін таныту.

  • Ар тазалығына жету үщін өз әрекетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге баулу.Өзін тәрбиелеуге жетуі.

  • Өмірлік әрекетіне өз мінез құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.




Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

« Ар – ұждан –адамдық өлшемі» тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең , әңгіме құрастыр.



2. Дәйексөз

Ақылды болсаң , арыңды сақта,

Ар- ұждан керек әр уақыты.

Нақыл сөзі.


Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып , мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.




3. Әңгімелеу

Өсиет

Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырғанды. Сырым баланың әр сөзіне риза болып, оған мынандай өсиет айтыпты.

- Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөзі бар , соны есіңнен шығармай жүрсең , ел алдында беделді, сыйлы боласың. егер ол сөзді ұмытсаң халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады.

Сырым:

- Ол қандай сөз еді, ата, айтсаңызшы?

Сары би:

- Арлы ұжданды бол!

Елге деген парызыңды ұмытпа!

Намысыңды жастан сақта!

Халқыңды жаралама!

Қалысыңды қаралама!

Оқылған әңгімеден сұрақ-жауап:

Сары бидің Сырым шешенге айтқан өсиетін өз ойыңмен жалғастыр.


4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаз

М.Әуезов


Ар – ұжданым менің өмірім; екеуінің тамыры бір ,

Арымнан айырылсам , өмірімнің де біткені.

У.Шекспир

Төмендегі тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, «Ар- ұжданыма саяхат» тақырыбында эссе жазыңдар.


5. Өлең оқу.


Ар алдында адал, ақпыз десек те,

Сан сұрақтар алар кейде жағадан.

Мүмкін , бізді таңар шулап өсекке

Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.

Алуан ұғым алуан жаққа тартады.

Сан көңілдің тұйығына малтыдым.

Ғашық болып көрмегендер бар тағы,

Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным.

Көзімді алмай маздап жанған оттардан

Саған сенем , саған сенім артамын.

Қорықпаймын түсінігі жоқтардан

Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын!




6.Үй тапсырмасы

«Парыз- азаматтық арқауы» тақырыбына жазбаша түйіндеме жасау.


7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-016804

Похожие материалы