Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект урока по теме "Мемлекеттік тіл"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспект урока по теме "Мемлекеттік тіл"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, тіл көркемдігін сезініп өсуге үйрету.

2.Дамытушылық: тіл байлығын,әуезділігін,шешендігін дамыту.

3. Тәрбиелік:тіл тазалығын сақтауға,шешендік өнерді барынша бойларына сіңіріп өсуге баулу.

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.

Сабақ барысы: оқушылардың амандасуы:

Сәлем бердім халқыма

Сәлем бердім баршаға

Сәлем беру жатады

Ата-баба салтыма. (оқушылар орындарына отырады)


Оқушылармен сұхбат: Балалар,бүгін қыркүйектің нешесі?

Ол аптаның нешінші күні?

Ал қазір жылдың қай мезгілі?

Кеше қыркүйектің нешесі болды?

Ол қандай мереке?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, 22-қыркүйек тілдер күні мерекесі.Осыған орай 15-қыркүйектен бастап біздің мектепте де тілдер онкүндігі өтуде.Оған дәліздерде өздерің жасап ілген түрлі газеттер мен нақыл сөздер дәлел.

Сабағымызды бастамас бұрын мына жұмбақ сөздерді шешіп алайық:

Ең тәтті де...

2-слайд: Ең ащы да...

Ең жұмсақ та...

Ең қатты да не?

Дұрыс айтасыңдар, ол-тіл. Ендеше сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақ? Иә, тіл туралы. Тақырып: «Мемлекеттік тіл».

Сабақтың тақырыбы көрсетіліп, мақсаты таныстырылады.

3-слайд: Біздің еліміздің мемлекеттік тілі қай тіл?

Ол қай жылы қабылданды?

Оны тек қазақстандықтар ғана білуі шарт па?

Балалармен ауызша жұмыс: Қане, кім тіл туралы мақал-мәтелдер біледі?

(оқушылар өздері білетін мақал-мәтелдерін айтады).

Мұғалім оқушыларға бірден үшке дейін санатып, үш топқа бөліп отырғызады.Әр топтан оқушылардың жасаған жұмысын санап ,белгілеп отыратын жауапты сайланады.Сабақ соңында ол оны мұғалімге тапсырады.

4-слайд: тапсырма:мәтінді оқып,жоспар құр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Ол мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22-қыркүйекте алды.Ал 1997 жылы 11-шілдеде жаңа заң өңделіп, қайта қабылданды.Жаңа заң 6-тараудан тұрады.Бірінші тарауда жалпы ережелер берілген.

Қазақ тілін меңгеру Қазақстанда тұратын әр азаматтың міндеті.

5-слайд: тапсырма: синоним сөздерді топтап жаз:

Халық,өмір,жұрт,парыз,тұрады,міндет ,өмір сүреді,ғұмыр.


.

6-слайд.Суретті жұмбақты шешу.

7-слайд. Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып,керекті қосымшаны жалғап жаз.

Тіл(человек) көкке көтереді,тіл арқылы ел(счастье) жетеді.

Ана тілін ұмытқан адам өз (народ) өткенінен де,(будущий) да қол үзеді.

Қазақтар әдемі әрі шешен сөйлеудің үлкен (мастер).



8-слайд: сөз тіркестерімен сөйлем құра: ана тілі,мақтан етемін,көп тіл білу,ауыл тұрғындары,қазақ тілі сабағы.

Келесі тапсырма: оқушылар өздері білетін тіл туралы өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқиды.

9-слайд: Үйге тапсырма: «Тілді білу-парыз» шағын эссе жазып келу.


Сабақты қорытындылау: Сонымен ,балалар,бүгінгі сабағымыз не жайында болды?

Тілді білу кімдердің міндеті?

Оны үйренудің қандай жолдары бар?

Сендер өздерің қазақ тілін білуге құмартасыңдар ма?

Өте дұрыс,балалар, тіл білу-заман талабы.Сондықтан да бәріміз мемлекеттік тілді, сонан соң өзге тілдерді де меңгеріп алуға бар күшімізді салайық..

Сабақ аяқталды.Осы сабақтан алған әсерлеріңізді мына үлестірме қағаздарға спикер түрінде салып,тапсырыңыздар.

Бағалауды әр топтан сабақ басында белгіленген балалар жүргізеді,мұғалімге тапсырады.




































«Сосновка орта мектебі» КММ.














Ашық сабақ:



«Мемлекеттік тіл»














Дайындап өткізген: Айтимбетова А.Ж.












«Сосновка орта мектебі» КММ.







Баяндама:


«Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану жолдары.»






Айтимбетова А.Ж.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-496794

Похожие материалы