Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект урока в начальной школе на тему "Ермексаздан әр түрлі ыдыс жасу" (1 класс)

Конспект урока в начальной школе на тему "Ермексаздан әр түрлі ыдыс жасу" (1 класс)

Скачать материал

Исаев  бастауыш мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

 Байымбетова Лазиза Джигибаевна

Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан әр түрлі ыдыс жасу.

Сабақтың білімділік мақсаты: ыдыстарды таныстыра отырып, олардың ермексаздан жасап үйрету;

Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды  іс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Қорытындылау.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Бағалау.

 

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар бүгін сабағымыз көңілді әтті өту үшін мына өлең шумақтарымен бастайық.

Слайд №1.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең  - еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ермексаздан құлынды мүсіндеу.

Балалар біз құлынды тұтас ермексаздан жасап, оның құйрығымен жалын жеке жапсырлық. Балалар сендерге жеке жапсырған ба, әлде тұтас жасаған ба, қайсысы ұнады? Бір – екі бала қалай жасағаны туралы айтады. Туған баласын түліктің төліне теңеу қазаққа тән қасиет. Ата – ана баласын құлыным, құлыншағым деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрысын құлындай құлдыраңдады деп бейнелеген.

-Құлын ненің төлі?

-Жылқының төлі.

-Жылқының бізге қандай пайдасы бар?

Етін – жесең тамақ, қазы – қарты, жал-жая тәрізді ұлттық тағамдарымыз әзірленеді. Қымызы ішсең шипалы  сусын. Ол өкпе ауруына ем. Жылқыны жасына қарай: 1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті деп атайды екенбіз.

Балалар енді мына сөз жұмбаққа назар аударып шешіп көрелік.

1.Биеден алынатын сусын қалай аталыд? (қымыз)

2.Жылқының жасына қарай аталуының бірі? (дөнен)

3.Ата-ананың  баласын еркелетуі? (құлыным)

4.Қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс? (саба)

Балалар ортада қандай сөз шықты?

-Ыдыс.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз ыдыс жайында болмақ.

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Ата-бабалар мен шеберлер асқа пайдаланатын ыдысты тек  таза заттардан, яғни емен, қайың, арша, алтын, күміс сияқты металдардан ғана жасаған. Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені, қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды.

Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?

Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таң қалдырып, қуаныш сыйлайды.

Көне ыдыстар олар: тостағандар, табақтар, астайлар, ожаулар, қасықтар болатын, сонымен қатар жез құмғандар, терілерден жасалған торсықтар.

 

Слайд  №2. Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған, себебі азық салуға және ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтар жасалған. Торсық тек қымызды құю үшін ғана емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында сақталады.

Саба – қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс. Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі. Мес – емдік қасиеті бар, алысқа апарылатын ақты ешкінің тұтас терісінен жасалған. Жылқы және ірі қара терісінен шелек, басқа да ыдыстар жасалған. Ата-әжелеріміздің ауылында осы көне ыдыстардың сирек түрі ғана сақталып, қолданылуда. Балалар мына менің қолымда сондай ағаштан жасалған табақ тұр, ұстап көрулеріңе болады.

Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, қағаздан, пластмассадан және т.б. материалдардан жасай бастады. Оған дәлел мына суреттегі ыдыстар.

-Балалар ыдыс-аяқтардың өмірде қандай пайдасы бар?

-Табаққа ет салып жейміз.

-Кесеге шәй, сүт құйып ішеміз.

-Стакандарға түрлі сусындар құйып ішеміз.

-Тостақ пен тәрелкелерге тамақтар салып жейміз.

-Қасық, шанышқыларды да тамақ жеу үшін пайдаланады екенбіз.

Балалар бүгін біз ермексаздан ыдыс-аяқ сомдап үйренеміз.

 

Слайд №3. Ол үшін қауіпсіздік ережелерін сақтайымыз керек.

Балалар алдымен мына «Ермексазбен жұмыс» бейнебаянына назар аударыңдар.

 

Слайд №4. Оқушыларға ыдыстың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі. Ермексаздан ыдыс-аяқ жасаймыз.

Балалар шаршаған боларсыңдар,  барлығымыз бірге сергіту сәтін жасап жіберейік.

 

Слайд №5. Жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Балалар мен сендерге ыдыс-аяқтар туралы жұмбақ  жасырғым келіп тұр, қане мұқият тыңдаймыз.

 

Слайд №6. Жұмбақтар:

1.Отқа қойсаң елпілдеп,

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп,

Танауынан бу шығар. (Шәйнек)

 

2.Жұдырықтай қамырды,

Жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау)

 

3.Иініндеқұлағы,

Ішінде бұлағы.

Көмейіне от салсаң,

Ызыңдап тұрады. (Самаурын)

 

4.Сабы бар,

Басы  шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр. (Қасық)

 

5.Ауызы төбесінде,

Тұтқасы денесінде. (Құман)

 

-Балалар сендер ыдыс-аяқ туралы жұмбақтар білесіңдер ме?

- Олай болса бір-біріңе жұмбақ жасырып көріңдер, кім қалай шешеді екен?

-Балалар ыдыс-аяқтар туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

Слайд №7.

-Ал, енді балалар, «Ұйқасын тап» ойын ойнадық. Ойын шарты берілген мақал-мәтелдердің ұйқасын табы.

1.Қазан қайнап  .... (тұрса)

Ақыл сайрап тұрады.

2.Ыдысын ...... (көріп) – асын іш.

3.Қарны ..... (ашқан) қазанған қарар.

4.Қазанған не ..... (салсаң), шөмішке сол ілігер.

ІV. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың алған білімдерін сұрақ – жауап арқылы тексеру.

-Ыдыс-аяқтарға нелер жатады?

-Адам өмірінде ыдыс-аяқтардың қандай пайдасы бар?

-Ермексаздан не жасап үйрендік?

-Қалай жасадық?

-Мүсіндеу мен сомдаудың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

 

Ойын: «Адасқан ыдыстар».

V. Үйге тапсырма: Ермексаздан ыдыс-аяқты сомдауды аяқтап келу.

VІ. Бағалау. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока в начальной школе на тему "Ермексаздан әр түрлі ыдыс жасу" (1 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 033 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 524
    • DOCX 17.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдабергенова Жазира Нурлыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1572
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов