Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект урока "Үй құстары"

Конспект урока "Үй құстары"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Күншуақ» ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Тақырыбы: Үй құстары

Бөлімдері: Экология

Мақсаты:

Білімділік: үй құстарының тіршілігі туралы түсініп айтып беруге үйрету.

Дамытушылық: олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарынынң суреттері, балапанның пайда болуы туралы түсірілген бейнетаспа.

Қажетті көрнекі құралдар:

Әдіс тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Қостілділік компонент: әтеш-петух, тауық-курица, балапан-цыпленок, қаз-гусь, үйрек-утка

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық







-Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Жарқыраған күнге!

-Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де – сіз,

Кішіге де – сіз.

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз.

Балалар шеңберге тұрып, жылы лебіздерін айтады.








Балалар амандасады.

Ұйымдастырушы

лық ізденістік




-Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық.

Тәрбиеші үш топқа құрастырғыш қағаздар таратады.

-Балалар, сендер нені құрастырдыңдар? Яғни балалар, бұл үй құстары екен.

Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»

Тәрбиеші үй құстарының суреттерін тақтаға іле отырып, оларды атап шығады.

-Мынау не, балалар? Дұрыс, мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?

-Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы, тұмсығы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс шығарады?

-Балалар әтешті орыс тілінде петух- деп атайды, ал ағылшын тілінде

-Ал, мынау не? Дұрыс айтасындар, бұл –тауық, ол да үй құсына жатады. Олар жем жеп, су ішеді.

-Тауықтың түсі қандай?

-Олар қалай дыбыстайды?

-Балалар тауықты орыс тілінде курица- деп атайды, ал ағылшын тілінде

-Мынау не? Бұл балалар – қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады.

-Балалар қазды орыс тілінде гусь- деп атайды, ал ағылшын тілінде

-Ал мынау не? Бұл – үйрек. Үйректер суда жүзгенді ұнатады.

-Балалар үйректі орыс тілінде утка- деп атайды, ал ағылшын тілінде

-Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады. Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

Сергіту сәті:

Үнтаспадан «Балапандар биі» орындалады.

Тәрбиеші бейнетаспадан деректі фильм көрсету арқылы балапанның пайда болуын көрсетеді.



-Балалар, тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?

-Балапанның түсі қандай?

-Балапан қандай дыбыс шығарады?

-Балалар балапанды басқа жыртқыш құстар мен ит, мысық жеп кетпеу үшін оны қорғау қажет екен.

-Балалар балапанды орыс тілінде цыпленок- деп атайды, ал ағылшын тілінде

Ойын «Балапандар мен машина»

Ойынның шарты: тәрбиеші тауық болады, ал балалар балапан болады. Балапандар жайылып жүреді де, алдарынан машина шыға келгенде, балапандар тауықтың қанатының астына келіп тығылады.

-Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

-Енді, балалар кәзір біз дидактикалық ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Үй құстарының өнімдері»

Ойынның шарты: берілген суреттердің арасынан үй құстарынан алынатын өнімдердің суретін іріктеу.



Балалар орындарына отырады.


Балалар құрастыруға кіріседі.


Балалардың жауабы.





Балалар назарын суретке аударады.


-Мынау әтеш.


-Түсі қызыл.




-Ку-ка-ре-ку!

Балалар қайталайды.


-Ол тауық.



-Түсі ақ.

-Қыт-қыт-қыттайды.















Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.












Тәрбиешімен бірге қайталап, балалар би билейді.

Сергіту жаттығуын жасап, орындарына отырады.

Балалар таңырқап, балапанның жұмыртқаны жарып шыққанына қуанады.

-Балапан.


-Сары.

-Шиқ-шиқ –дейді.




Балалар қайталайды.



Балалар қимылды ойын ойнайды.






-Ия ұнады.

Балалар орындарына отырады.




Балалар құстың етінен, жұмыртқадан жасалған тағамдар мен мамығынан жасалған заттардың суреттерін іріктейді.

Рефлексивті-

түзетушілік

-Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер? 
- Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар? 

- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! 

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығымыз өте жақсы қатыстық. 
Мадақтау (жұлдызшалар тарату) 

- Қаз, әтеш, тауық, үйрек. 


- Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы. 



Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: үй құстарының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.

Қандай түсініктерді игерді: әтеш, тауық қаз, үйрек, балапанды танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үй құстарының адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлық жасауды.



Тексерілді Хизирова Д.М.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров78
Номер материала ДВ-404363
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх