Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииКонспект уроков "Үздік 20 сабақ"

Конспект уроков "Үздік 20 сабақ"

Скачать материал

Сабақ  1

 

Тақырыбы:Бау –бақшада,бақтарда.

Мақсаты:Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін(көлемін,түсін,пішінін)сөздермен байыту.Балалар сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінік беретін сөздерді енгізу.

Сөздер: Картоп,сәбіз, қызанақ, қияр, қырыққабат, аскөк, бұрыш, таңқурай-бақшада, жүзім, алма, алхоры, өрік, шабдалы, шие, алмұрт –бақта өседі деп түсіндіру.

 

Көрнекі құрал: Алдын ала ілінген көкөністер мен жемістердің қанық түске боялған  суреті,ойыншық        көкөністер мен жемістер(муляждар),сиқырлы қапшық;

 

Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап, «Қоржында қандай сый бар?»  ойынын ойнату,жұмбақ шешу,қорытындылау.

 

І.Мотивациялық-қозғаушы кезең:

                               

                                Сабақтың жүру барысы.

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар:Сәлеметсіз бе?

Тәрбиеші:Балалар,  бүгін біздің оқу-іс әрекетіміздің тақырыбы  көкөністер мен жемістер туралы болмақ.Сабағымызды бастамас бұрын бәріміз шаттық шеңберіне тұрып бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.

Шаттық шеңбері:Сау болсын деп деніңіз

                              Біздер тілек тілейміз,

                              Болашағы Отанның

                              Өзіміз деп білеміз.

Тәрбиеші:Қане, балалар, бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. Мысалы:

 -Айнұр сен бүгін сондай әдемісің.

-Мағжан сен неткен ақылды баласың.т.б.

-Балалар бір-біріне тілек айтып шығады.

-Көп рахмет! Орындарыңа отыра қойыңдар.

 -Ал енді, балалар, айтыңдаршы көкөністер мен жемістерді жылдың қай мезгілінде жинайды?

-   Көкөністер мен жемістерді күз мезгілінде жинайды.

-Балалар көкөністер қайда өседі?

-Көкөністер бақшада өседі.

-Ал жемістер қайда өседі?

-Жемістер бауда өседі.

-Жарайсыңдар, балалар. Ал енді сол көкөністерге не жатады, атап көрейікші.

- Картоп,сәбіз,қызанақ,қияр,қырыққабат,аскөк,бұрыш,таңқурай жатады.

-Ал жемістерге не жатады?

- Жүзім,алма,алхоры,өрік, шабдалы,шие,алмұрт,апельсин жатады.

-Жарайсыңдар,  балалар.Ендеше сол көкөністер мен жемістерді атап көрсетейік .Аружан,  келе ғой,мына суреттер арасынан алманы тауып берші.

-Мінекей.

-Ақан, алмұрттың суретін көрсетші.

-Мінекей.

(Тағы бірнеше баланы шақырып,  ілулі тұрған суреттер арасынан көрсетуін сұрау)

 

Сергіту сәті:

Бау-бақшаға барамыз.

Жеміс –жидек жинаймыз.

Тау-тастардан қорықпай,

Жүгіреміз былай,

Секіреміз былай,

Шалшық судан аттаймыз.

Қиындықтан қорықпаймыз.

 

ІІ. Ұйымдастырушылық- ізденіс кезеңі:

Дидактикалық ойын: Қоржында қандай сый бар?

-Жарайсыңдар, балалар,енді қызықты ойын ойнайық.. Ойынның аты «Қоржындағы заттың атын ата»  деп аталады.

-Ойынның шарты -  қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді атап беру.

Бір-бірден келіп қолымызды қоржынға салып ішінен шыққан затты атайық.

(Балалар келіп қоржыннан шыққан заттың не екенін және оның көкөністер мен жемістердің қайсысына жататынын айтып береді.Оның түсі қандай,дәмі қандай,пішіні қандай,деген сұрақтарға жауап береді.)

Тәрбиеші:Жарайды,балалар.Білгеніміз көп екен,жарайсыңдар!

-Ал енді мен суреттің барлығын алып тастаймын ал сендер көрген көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтарды шешуге тырысыңдар.

 

 

Жұмбақтар:

 

Домаланған ала бас,

Дәмді шырын,даяр ас. ( Қарбыз)

 

Аспай піскен,қайнамай түскен. (Қауын)

 

Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз)

 

Аласа ғана бойы бар ,

Тоғыз қабат тоны бар.(Пияз)

 

Бұл не деген көп киім.

Қабат-қабат көп киім. (Қырыққабат)

ІІІ. Рефлексті –коррекциялаушы кезең.

Қорытынды:

-Жарайсыңдар, балалар!  Қане айта қойыңдаршы,бүгін тіл дамыту сабағында не туралы айтылды.

-         Көкөністер мен жемістер туралы.

-         Олардың біздің ағзамызға қандай пайдасы бар?

-         Олар бізге көп дәрумен береді.

Жарайсыңдар,  балалар, осымен тіл дамыту сабағымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

Сабақ 2

 

Тақырыбы: Қуыршақ бізге қонаққа келді.

Мақсаты: тәрбиешінің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттауын,берілген ойыншық бойынша әңгіме құрауына көмектесу, ойыншықтарды күтіп ұстауға үйрету.

Сөздік жұмыс: қарақат көзді ,шегір көзді,қой көзді,қара шашты қолаң шашты.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету,түсіндіру,жұмбақ шешу, «Ойыншықты тап» ойынын ойнату.

 

І. Мотивациялық- қозғаушылық  кезең

                               Сабақтың жүру барысы

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдерме,  балалар?

-Сәлеметсіз бе?

-Үйде жақсы дем алып күш жинап келдіңіздер ме,балалар?

-Ия

-Ендеше, балалар,  есімізге түсірейік, бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін –дүйсенбі.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Қандай ай?

-Қыркүйек айы.

-Жарайсыңдар, балалар.Қанекей шаттық шеңберіне тұрайық,біздің өмір сүруіміз үшін маңызы зор Күн -ананы,Жер -ананы,Су- ананы,Ауамызды құрметтеп, рахметімізді айтайық.

Шаттық шеңбері:

-Аяулы Алтын Күн -ана,

Шуағың үшін рахмет.

Аяулы Асыл Жер- ана;

Байлығың үшін рахмет.

Аяулы Мөлдір Су -ана,

Бұлағың үшін рахмет.

Аяулы Таза ауамыз,

Аспаның үшін рахмет.

-Ал ендеше орнымызға жайғасайық.

-Балалар, мен сендерге бір қызық жұмбақ жасырғым келіп тұр.ал сендер жауабын табуға тырысыңдар.

ІІ. Ұйымдастырушы – ізденіс кезеңі:

Жұмбақ:

Шыр-шыр етеді .

Құлағыңнан өтеді,

Ұстай алсаң егерде,

Өзі сөйлеп кетеді

(Телефон)

 

Өзі бала секілді,

Аяғы бар қолы бар,

Шашы да бар,басы бар,

Айтқаныңа түсінбей,

Қалатын да кезі бар.

Қыздардың ол достары,

Айтыңдаршы, ол не болар?

(Қуыршақ)

     

     

      Балалар көп ойнайды,

Әкесіне еліктеп.

Өскенде шопыр болам деп,

Қолына ұстап дөңгелек.

(Машина) т.б.

-Жарайсыңдар, балалар! Тыңдаңдаршы, бізге біреу қонаққа келіп тұрған сияқты.

-Ия

-Қане ол кім екен?О.о,о, ол қуыршақ  Айнұр екен. Кел, Айнұр ,қош келдің.

Қайдан келесің?

-Мені дүкен сөресінен Аяулым атты қыз сатып алып еді,мен одан адасып қалдым.

-Жылама Айнұр біздің балалар саған иеңді тауып береді.

-Жо-жоқ, ол үшін олар мені суреттеп қағазға жазып дүкеннің алдына іліп қоюлары керек.

-Біздің балалар бәрін де жасай алады.Қане балалар менің сұрағыма толық жауап берсеңдер Айнұр қуыршақтың сипаттамасы шығады.

-Ендеше сипаттамамызды бастайық.

-Айнұрдың  дене бітімін суреттейік. Оның аяқ-қолдары нешеу, денесі бар ма?

-Ия, Қуыршақ Айнұрдың екі қолы, екі аяғы, басы,  денесі бар.

      -Айнұрдың  шашының түсі қандай?

      -Айнұр қара шашты қуыршақ.

      -Айнұр қарақат көзді қуыршақ. Балалар қарақат көзді деп көзі қара адамды айтамыз.

      -Айнұрдың қандай киімі бар?

      -Айнұрдың  қызыл етігі , қызыл көйлегі, сары жейдесі бар.

      -Айнұрдың бас киімі қандай түсті?

      -Оның бас киімінің түсі қызыл мен сары аралас.

      - Ендеше қағазға Хабарландыру жазайық .Қуыршақ Айнұр өзінің иесі Аяулымды іздейді(Ол өзінің сипаттамасын жазып,қағазға суретін жапсырып іліп қояды.Айнұр орта бойлы қуыршақ. Оның екі аяғы,екі қолы,қара шашыбар.Ол қара көздіқуыршақ.Оның үстінде Қызыл көйлегі,аяғында қызыл етігі,сары жейдесі мен сары ала бас киімі бар.Хабарламаны оқып өз қуыршағын таныған адам болса Құлыншақ тобына хабарласуыңызды сұраймыз).

Себебі ол Аяулымның қандай киім киетінін ұмытып қалыпты.

 (Тәрбиеші хабарламаны іліп келеді)

-Жарайсыңдар балалар. Қане қуыршақ Айнұрмен сергіту сәтін жасайық..

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Біз ақылды баламыз.

Дидактикалық ойын :Ойыншықты ата.

-Жарайсыңдар балалар.Ал енді мына  қоржынға қараңдаршы.Іші толы ойыншықтар.

Сендер қолдарыңды салып қолдарыңа түскен ойыншықтың қандай ойыншық екенін айтуларың керек.Қане Мирас келе ғой.(Қоржынға қолын салып шығармастан не екенін айтады)

-Машина

-Кұрастырғыш ойыншық.

-Қуыршақ.т.б.

-Жарайды балалар сендер барлық ойыншықтың не екенін таптыңдар.Балалар біреу есік қаққандай болды ау деймін.Қане қарайық.

-Сәлеметсіздер ме балалар менің қуыршағымды көрдіңдер ме..

-Ия мінекей

-Рахмет балалар.

ІІІ. Рефлексті – коррекциялаушы кезең:

Қорытынды :

-Көрдіңдер ме балалар әр нәрсені дұрыс сипаттай білсек,бізге тигізер көмегі мол екен.

Осымен тіл дамыту оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Бүгінгі сабаққа қатысқан балалардың бәріне рахмет.              

Сабақ 3

Тақырыбы: Ит және оның кішкене күшіктері.

Мақсаты:Балаларды сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру.

Тәрбиешінің әңгімесіне сүйене отырып әңгіме құрауға үйрету.Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу. Сұраққа жауап беру қабілетін арттыру.Балалрды ойыншықтарын ұқыпты ұстауға үйрету.

Сөздік жұмыс:күшіктер,пысық,үлпілдек.

Көрнекілік құралдар:Иттің ,күшіктің суреті,үйшіктің суреті,сүйектің ,еттің суреті.

Қолданыдатын әдіс тәсілдер:Көрсету,тақпақ жаттату,сурет бойынша әңгімелеу.Иттің жеті қазынаның бірі екенін айтып түсіндіре кету.

Қолданылатын әдіс тәсілдер: Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

 

І. Мотивациялық -қозғаушы кезең:

Сабақтың жүрісі:

-Сәлеметсіздер ме балалар.

-Сәлеметсіз бе.

- Балалар есімізге түсірейік бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін Сәрсенбі

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Қандай ай?

-Қыркүйек айы.

-Жарайсыңдар балалар.Қанекей шаттық шеңберіне тұрайық,біздің өмір сүруіміз үшін

Маңызы зор Күн ананы,Жер ананы,Су ананны,Ауамызды құрметтеп рахметімізді айтайық.

Шаттық шеңбері:

-Аяулы Алтын Күн ана,

Шуағың үшін рахмет.

Аяулы Асыл Жер ана;

Байлығың үшін рахмет.

Аяулы Мөлдір Су ана,

Бұлағың үшін рахмет.

Аяулы Таза ауамыз,

Аспаның үшін рахмет.

-Ал ендеше орнымызға жайғасайық.Балалар мен сендерге саққұлақ күшік туралы тақпақ оқып берейін.

 

Тақпақ

Күшігім менің саққұлақ

Келеді әне шапқылап

Сақтығыңды көрейін

Қойшы атайға берейін-Қалай ойлайсыңдар бұл өлең жолдары кімге арналған?

-Бұл өлең жолдары күшікке арналған.

Дұрыс айтасың бұл өлең жолдары күшікке арналған.Күшікке кім деп ат қойыпты ?

-Саққұлақ деп.

-Иесін көргенде не істейді екен.

-Ол иесін көргенде шапқылайды екен.

-Оны өскенде кімге берем дейді?

-Қойшы атайға

-Неге қойшы атайға беремін дейді.

-Себебі,күшік өскенде ит болады,ал иттер қойшы атайға қойларын бағуға көмектеседі

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ал енді мына тақтада тұрған суретке назар аударыңдар.

Бұл суреттен не көріп тұрсыңдар.

-Бұл суретте атқа мінген батырдың жанында  тұрған итті көріп тұрмын.

-Дұрыс айтасың .Бұл жәй ит емес.Оны құмай тазы деп атайды. Қазақ халқы итті жеті қазынаның біріне жатқызады,себебі ит олардың малын күзетеді,уйін бағады,аңға шыққанда аң улауға көмектеседі.Аңдартың ізін табуға көмектеседі.Жоғалғанда демеу болып уйіңе қайта келуіңе көмектеседі.Иттің де бірнеше түрі болады.Ал бірақ олардың барлығының баласын күшік деп атаймыз.

-Күшіктер қандай болады балалар?

- Күшіктер кішкентай,монтиған, сүйкімді, жүндері үлпілдек болады.

-Олардың кейбіреуі қорқақ,кейбіреуі пысық болады

-Мысықтар жіппен ойнағанды жақсы корсе, күшіктер доппен ойнағанды жақсы көреді.

-Тағы нені жақсы көреді?

-олар етті,әсіресе сүйекті жақсы көреді.

 

ІІ. Ұйымдастырушы- ізденушілік кезең:

-         Жарайсыңдар балалар ендеше бүгін біз осы күшіктер туралы тақпақ жаттаймыз.

Өлең:

                                       Күшігім:

                             Өзі адамға үйірсек,

                             Біздермен көп ойнайды,

                             Үй айнала жүгірсек,

                             Қашып жүр деп ойлайды.

                             Қуып жетіп қалғанда,

                             Білмейді не істерін.

                             Аяғыңнана алғанда,

                             Батырмайды тістерін.

(Балаларға бірнеше рет қайталатып,не туралы екенін сұрайды.)

ІІІ. Рефлексті – корекциялаушы кезең:

Қорытынды:

-         Ал ендеше балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Бүгінгі сабақта біздер ит және оның баласы күшік туралы әңгімеледік. Бүгінгі сабаққа қатысқан балалардың бәріне рахмет.

 

 

Сабақ  4

 

Тақырыбы: Жеті қазынының бірі (Ертегіні айтып беру)

Сабақтың мақсаты:

Балаларға жеті санның киелі екеніні,жеті сурет бойынша ажырату.Жеті қазынаны атауға,еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға,айтылған ертегі бойынша қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру,ертегі бойынша анық,мәнерлі сөйлеуге үйрету.

Жаңа сөздер:Жеті қазына,қыран бүркіт,берен мылтық.

Көрнекілік:Жеті қазынаның суреті.

Қолданылатын әдіс тәслдер: Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,ертегі айту,сұрақ-жауап.

 

                   Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық..

Шаттық шеңбері:

Армысыз,қайырымды Аспан ата!

Армысыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз,шұғылалы Алтын-күн!

Қуан,шаттан алақай!

Қайырлы таң,қайырлыкүн!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық!

Тәрбиеші:Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.Баллалар бір аптада неше күн бар?

-         Сендер бақшаға неше күн келесіңдер?

-         Ал неше күн демаласыңдар?

-         Сонда барлығы неше күн болды?(саусақтарымен көрсетеді)

-         Осы жеті күнді бір сөзбен жинақтап қалай айтамыз?

-         Апта күндері

-         Апта күндерін атайықшы: дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

Балалар біздің қазақ халқына жеті саны «қасиетті киелі сан» болып есептелінеді.Мысалы,айтатын болсақ,жеті ата,жеті шелпек,жеті қазына.

Байқап отырған шығарсыңдар,барлығы жеті санымен айтылады.Бүгін біз сендермен жеті қазына деп нені айтамыз,соны үйренейік.

Суретпен жұмыс:Кәнеки,жеті қазынаны мына суреттің көмегімен ажыратайық.

 1.Ер жігіт

 2.Әйел(бұл ана)

 3.Ақыл,білім.

 4.Жүйрі ат.

 5.Берен мылтық.

 6.Қыран бүркіт.

 7.Жүйрік тазы(ит)

 

Жеті қазынаның мағынасын түсіндіру:

 1.Ер жігіт – дегеніміз елімізді,жеріміздіқорғайтын ер азамат.

 2.Әйел-ол анамыз,біздің ақылшымыз.

 3.Ақыл,білім екеуі бірге жүреді,адамзат ақылмен ойлап,білімм оқып ізденіп,білімін толықтырып,әр нәрсені шешіп отырады.

 4.Жүйрік ат-адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді.Бұрын ат болса.қазіргі кезде көлік.

5 .Берен мылтық-мылтығың болса,аш болмайсың,аң ауласаң күніңді көресің.

6.Қыран бүркіт-құстың мықтысы бүркітің болса, ол сенің қорғаушың,асыраушың деп есепте.

 

 

 

7.Жүйрік ит-адамның досы,көмекшісі қорғаушысы.Адамдар бұрын аң аулауға,алыс жлоға шыққандаөзімен бірге алып жүрген.

(Балалар,әр қайсысының суреттен көрсетіп ажыратады)Осы жеті нәрсе адамда болса,ол адам бақытты.Балаларға «Жеті қазынаның бірі»деген ертегіні айтып немесе оқып беру.

                               Ертегі:Жеті қазынаның бірі.

Баяғыды аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып ормандағы барлық

аңдарды жина деп бұйрық беріпті.Арыстан патшасы әлемде ең қайратты,ең ақылды,әрі епті кім екенін білгісі келіпті.

Лезде арыстанның алдына аңдар жинала қалыпты.Түлкі алға шығып:

-         О әлемде тедесі жоқ патшам!Бұл өмірде сізден қайратты,ақылды,епті жан жоқ..Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз!Сіздің қайырымыңыз шексіз,-депті.

     Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті,ақыды деп арыстанды айтады.

Мақтау сөздерге мәз болған арыстан бір бұрышта құлағы салбырап беті маужырап жатқан итті байқайды.Итке гүрілдеп төне түседі.

-Өй сен мыналардың не айтып жатқанын естіп отырсың ба?Неге сен үн қатпайсың?-дейді.

Ит салмақты үнмен :Әсен бе едің?Неге сонша бүкіл орманды басыңа көтересің?Менің де сені мақтап,бас ұуым керек пе?»-деп тәкаппарлана сөйлейді.

Арыстан:»Ал сонды дүниедегіең қайратты,ең ақылды,әділ әрә епті кім?»

Ит:» Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды,ол тек –адамзат!»

Арыстан одан бетер ашуланып,дереу жолбарысқа:Ит иттігін жасап адамды мақтады.Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауы тиіс.Дереу арамыздан алыстатыңдар!»-депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң иттің мүлде көңілі қалып,олардың арасынан алыстата қол үзіп кеткебарған екен.

Содан бері ит адамның досы,көмекшісі болыпты.Бертін келе «Ит жеті қазынаның бірі»деген қанатты сөз қалыптасты.

(Ертегіні балаларға1-2 рет қайталап оқып беруі керек )

Қорытынды:

1.Ертегі қалай аталады?

2.Ертегі қандай сойемнен басталады?

3.Арыстан өзі туралы не білгісі келді?

4.Түлкі арыстады қалай мақтады?

5.Арыстан итке не деді?(Ал ,сондадүниедегі ең қайратты,ең ақылды,әділ әрі епті кім?)

6.Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?(Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды,ол тек-адамзат)

Осы сөздерді  балалар мен 2-3 рет қайталау

7.Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп атайды екенбіз

8.Осы ертегіде арыстан,итжәне түлкінің не айтқанын кім қайталап береді?

Соңында бір,екі балаға ертегіні толық әңгімелеп айтқызу керек.

 

 

 

 

 

Сабақ 5

Тақырыбы: Зжәне С дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету,дыбыстық сөйлеу мәдениетін түсіндіру.

Мақсаты:Балаларға З жәнеСдыбысының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.Дыбыстың тыныс ала дыбысталуын және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық,таза,әрі түсінікті дыбысталуын бекітуДыбысталу,және жазылу құралдарн дамыту.Дыбысты дұрыс қабылдауға машықтандыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер;Көрсету,түсіндіру,жұмбақ шешу,ойыншықты тап ойынын ойнату.

Көрнекі құралдар:ойыншықтар,плакаттар,Сдыбысынан және З дыбысынан басталатын суреттер,кеспе әріптер.

               Сабақтың жүру барысы:

-Сәлеметсіңдерме балалар.

-Сәлеметсізбе

-Балалар,бүгін біз сіздермен СжәнеЗ дыбысымен танысамыз.Алдымен ол үшін Мына ілул тұрған суреттерге қарайық:

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Сырға.

-Самаурын.

-Сиыр

-Садақ

-Бұл сөздер қандай дыбыстардан басталып тұр

-С дыбысынан

-Ал,Сәбит,Санат,Саят десек ше?

-С дыбысын естиміз.

Ал мына суреттен ше?

-Зырылдауық

-Зымыран

Ендеше Сдыбысы менЗ дыбысының таңбасымен танысайық.Кеспе әріптер қатарынан СжәнеЗ әріптерін алып балаларға көрсетеді.Тақтаға жазып көрсетеді.Балалармен бірге бірнеше рет СжәнеЗ дыбысын қайталайды.Сонымен балалар біздер әріпті- көреміз,ал дыбысты-естиміз, оқимыз.

-Ал енді мына суретке назар аударайық.Бұл суреттегі балаларға ат қоялық

-Санат,Самат;Саят

-Олар не істеп жатыр.

- Санат,Самат;Саят суға түсейін деп жатыр.

-Су қандай?

-Су салқын.

-Ал мына суреттен не көріп тұрсың.Балалар ойыншық ойнап жатыр.

-Балаларға ат қояйықшы.

-Зәуре,Зухра,Замұрат.

-Олар қандай ойыншықпен ойнап жатыр?

-Олар Зымыран,Зырылдауықпен ойнап отыр.

-Жарайсыңдар балалар.Балалар әрдайым есте сақтаңдар Сдыбысы қатаң,Ал З дыбысы Ұяң дыбысқа жатады,(Бірнеше рет балаларға қайталатып айтқызу керек.

Енді жұмбақ шешіп көрейік, қалай қарайсыңдар балалар.

 

Жұмбақ.

Сыртылдайды күнімен

Сыртылдайды Түнімен

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен.(Сағат)

 

Тілі бар сөйлемейді

Алайда жұртқа тұр дейді

Керек болса уақытта

Дәл айтып көрсетеді.

(Сағат)

 

Әшекейі әжемнің

Саусағына тағады

(Сақина)

Дидактикалық ойын:Не қайда тығылды?

Тақтада ілулі тұрған суреттердің біреуін жасыру арқылы не екенін айтқызу,және қандай әріптен басталатынын айтады.

-Сағат.С дыбысынан басталады.

-Зымыран.З дыбысынан басталады.т.б.

Қорытындылау:

-Сонымен балалар біздер бүгін қандай әріппен тыныстық?

-СжәнеЗ дыбыстарымен.

Сағат бізге не үшін керек екен?

-Уақытты көрсету үшін.

-Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сабаққа қатысқан балалардың бәріне рахмет.

 

 

Сабақ 6

Тақырыбы:Көжекпен ойналық

Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету. Балаларды бұйрық райлы сөздермен таныстыру.Етістіктің түрлерімен таныстыру.Қоянмен және оның баласы көжекпен таныстыр.Сөздерді анық,дұрыс айтуға үйрету.Табиғатты қорғауға,аялауға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар:Жабайы аңдар,соның ішінде көжектің суреті,оның үйі т.б.

 

Сабақтың жүру барысы:

Сәлеметсіздер ме балалар.

-Сәлеметсізбе ,

-Қане балалар шаттық шеңберіне тұрып біз Күн ананы,Жер ананы,Су ананы,Ауамызды құрметтеп рахметімізді айтайық..

Шаттық шеңбері:

Армысыз,қайырымды Аспан ата!

Армысыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз,шұғылалы Алтын-күн!

Қуан,шаттан алақай!

Қайырлы таң,қайырлыкүн!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық!-жарайсыңдар балалар,енді орнымызға отырайық.

-Балалар, Қане айтыңдаршы осы бізжабайы аңдарды неге бөлеміз неге бәріміз бірге тұра бермейміз?

-Себебі жабайы аңдар тамақтарын өздері тауып жейді Ал үй жануарларына тамақты біздер береміз.

-Жарайсыңдар блалар біздер бүгін орманға саяхатқа барамыз.Орманға жету үшін біздің алдымыздан қалың ағаштар,ну ормандар,өзенкөл,таулар шығады.Сол ойлы қырлы жерлерде әртүрлі аңдар өмір сүреді. Бұл аңдардан біз қақорыққанымызбен,бізден қорықпайтын да, қорқатын да аңдар бар.Мысалы аю .Ол бізден қорықпайды,себебі ол адамнан үлкен күшті.Бірақ аю денесіне қарамастан аңқау.

  Түлкіні алайық ол кішкентай болса да сақ әрі қу келеді .Ал қоян ше балалар?.

-Қоян өте қорқақ,су жүрек ,Ол тіпті өзініңкөлеңкесінен де өқорқады.Сол себепті де қорқақ адамдарды қорқақ болса қоянға теңеген.Қоян сияқты су жүрек екенсің ғой деп айтқан .Бірақ балалар қоян қорқақ екен деп оны кемсітуге болмайды .Оның да табиғатта алатын өз орны бар.

-Ал ендеше тақтада тұрған аңдардың атын атап жіберейікші.

-Қоян,түлкі,қасқыр,аю,жолбарыст.б.

Балалар бүгін біз қоян туралы әңгімелейміз.

-Сонымен қоян қайда тұрады?

-Қоян орманда тұрады.

-Олқандай тағамды жегенді жақсы көреді,әлде ол шөп жегенді жақсы көре ме.

-Ол сәбіз,орамжапырақ,аскөк,т.б. шөптесін өсімдіктерді жегенді жақсы көреді.

-Оның көптеген жануарлардан өзгешелігі неде ,аяғы ұзын ба тез жүгіре алама алысты жақсы көре ме?

-Оның денесі кішкентай,құлақтары ұзын ,көздері,бақырайған.

-Ал оның терісі қандай?

-Оның жүні жұмсақ,қолғажағымды жұмсақ.

-Жарайсыңдар балалар бәріңіз де шаршаған шығарсыңдар кішкене сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Көлбең көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем ,

Қоян қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

(Балалар қоянша секіреді .Жаттығуды екі рет қайталау)

Дидактикалық ойын:Олне?Бұл кім?

-Балалар менің қолымда жасырынған суреттер тұр.Араңыздан жаужүрек біреуің шығып ол суретте не бейнеленгенін атын атамай соның бейнесін сөзбен суреттеп айтып түсіндіру керек.Ал балалар оның не екенін табуы керек.

-Бұл суретте жабайы аңның суреті. Ол өте қу.Бәрін алдайды.

-Түлкі.

-Бұл аңды аңдардың патшасы деп атайды.

-Албұл суретте қорқақ аңның суреті бейнеленген.

-Ол қоян т.б.

-Жарайсыңдар балалар.Енді осы қоянымыз туралы тақпағымызды жаттайық.

Т.Бердиевтің Сұр қоян өлеңін жаттау.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

 Ытқып ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Қорытындылау:

-Балаларға бірнеше рет қайталату.

-Сонымен балалар біз бүгін не туралы әңгімеледік?

-Жабайы аңдар туралы.

-Соның ішінде кім туралы?

-Қоян туралы

-Сонымен қоян қандай аң болып шықты?.

-Ол көлеңкесінен қорқатынаң болып шықты.

-Жарайсыңдар балалар тіл дамыту сабағымыз аяқталды.

 

 

 

Сабақ 7

 

Тақырыбы:Айгерім қуыршақтың туған күні

Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету.,оларды ойыншық туралы хикая тудырып айтуға баулу.

Өз ойын дұрыс қалыптастыра білу қабілетін дамыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар:Қуыршақ ,оның достары

  Сабақтың  жүру барысы:

-Балалар бүгін Айгерім қуыршақтың  туған күні екен.Қане ендеше біздер Қуыршағымызға арнап,тақпақ, өлең , айтып берейік оған бүгінге дейін не үйренгенімізді көрсетейік.

-Сол біздің сиымыз болсын.Ал ендеше Айгерім қуыршақтың туған күніне кеттік.

-Туған күнге немен барамыз?

-Машинамен.

-Кеттік ендеше.Қолымызға машинамыздың рулін ұстайық.,ал кеттік.(Балалар машинаның дыбысын салып келеді)

-Мінекей балалар келдік  Айгерім қуыршақтың туған күніне.

-Қанекей балалар айтып көріңдерші Айгерім қуыршақтың үйінде не бар екен.

-Оның үйінде қандай жихаздар бар екен?

- Айгерім қуыршақтың үйінде ас үйіне керекті жихаздар бар,қонақ күтуге арналған жихаздар бар.

-Диван,кереует,үстелдер,орындықтар.

-Ал енді қуыршағымыз қайда екен.

-Ол бізді қонақ үйде күтіп отыр.

-Сәлеметсің бе ,қуыршақ Айгерім.

-Сәлеметсіңдерме балалар.

-Сіздерге арнап тәттілер дайындап қойып едім.Келіп дәм татыңдар.

-Жо-жоқ. қуыршақ Айгерім. Біздің балалар саған арнап өлең,тақпақтарын жаттап келді .Сол сыйларын айтқан соң береміз оларға тәттілерді.

-Қанекей Рамазан сен бастай ғой:

 

1  Ұзын құлақ сұр қоян,

     Естіп қалып сыбдырды

     Ойлы қырлы жерлермен

     Ытқып ытқып жүгірді.

   Қарап еді артына

   Қиығын сап көзінің

   Келе жатқан томпаңдап

   Көжегі екен өзінің.

 

-Сен келе ғой:

2    Асыл жан деп әлемде

      Ардақтаймыз ананы!

      Ақын қосып өлеңге,

      Суретінде салады.

           3  Таусылмайды өлеңі,                          6       Мейірімді жел жібек

             Күнде айтып береді                                Күндей ыстық құшағы

             Барған сайын бір жаққа,                        Ет жүрегі елжіреп,

             Кәмпит әкеп береді                                Құлыным деп құшады.

             Әжем мені,өйткені

            Өте жақсы көреді.

 

             4 Аңғара қойып қарасаң          -                       7     Ол қаласа, әр үйге

            Әкеліп берем таяғын                              Апарамын жетектеп

            Әже, қайда барасың?                              Орындаймын бәрін де,

           Деп сұрап та қоямын.                              Айтқандарын екі етпей.

 

         5 - Ұл-қызына ерген,                                8    Менің әжем,ақ әжем

             Немерең біз,әже                                     Ұл мен қыздың бағы әжем,

           Немереңнен өрген,                                 Ертегі айтып бер десең

           Шөберең біз,әже.                                    Айтып берер тағы әжем.

 

 

 

 9  Орнымыздан тұрамыз,

     Қолды белге қоямыз.

      Бұрыламыз оңға бір,

      Бұрыламыз солға бір.

 

10    Біздер тату баламыз,

        Гүл - гүл жайнап жанамыз.

        Жаттығулар жасасақ,

        Жақсы сергіп қаламыз.

 

 

11    Достар тату - тәттіміз,

        Болса қолда тәттіміз,

        Біз бөлісіп жатамыз,

        Бәріміз дәм татамыз.

-Жарайсыңдар ,енді бір ән айтып  берейік.

       Ойыншықтарәні.

Іші толған бөлменің

Ойыншығым көп менің.

Босқа тізіп қайтесің

Келе  дос ойнайық.

 

Қызыл жасыл ала доп

Қоңыр жасыл және көк

Ала шықтым аулаға

Ойнайтұғын бала көп.

-Жарайсыңдар балалар енді үйге қайтатын уақыт болды.Бәріміз мәшинемізге отырып балабақшаға қайтайық..Сау бол қуыршақ Айгерім.

-Сау болыңдар балалар.

(Балалар орындарына отырады.Машинаның дыбысын салып тоқтайды.)

-Осымен сабағымыз аяқталды.Бүгінгі сабағымыз ұнады ма.

-Ия.Сау болыңыз.

-Сау болыңыздар балалар.

 

Сабақ 8

Тақырыбы:Кішкене бағбан.

Мақсаты:Мәтінді мән мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйрету.Балаларды сын есім мен зат есімнен туған сөздердің дыбысталуына қарай көңілдерін аудару.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату ,жұмбақ шешу,дидактиклық ойын Заттың атын ата,

 Көрнекі құралдар:Жеміс-жидектердің,Бау-бақшаның суреттері Бақшадағы жұмыс бейнеленген сурет,

  Сабақтың  жүру барысы:

-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Көкөністер мен жемістерді жылдың қай мезгілінде жинайды?

-Күз мезгілінде

-Дұрыс айтасыңдар балалар,көкөністер мен жемістерді жылдың күз мезгілінде жинаймыз.

-Мына өлең жолдарына  назар аударайық.

         Өлең:              Көңілді бақша

                       Шолып едім бақшаны,

                       Көкөніс біткен көңілді.

                       Жасыл,сары,қызыл,көк,

                       Сан-алуан көкөніс

                       Күзгі бақта күлімдеп

                       Көз тартады желімде

   -Өлең не туралы айтылған балалар?

   - Бау-бақтарда өсетін жемістер мен көкөністер туралы айтылған

    -Бақшада не өседі?

    -Бақшада картоп,сәбіз,қызанақ ,қызылша,қарбыз.өседі.

     -Бақта не өседі?

     -Алма,алмұрт,өрік шие,шабдалы.

Дидактикалық ойын: Заттың атын ата

-Балалар менің алдымда тұрған қоржында көп сый бар. Сендер сол сыйлықтың ,яғни көкөністер мен жемістерді алып,қатты,дәмді ,тәтті,ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау.Пішіндерін айту.

Мысалы:алма-тәтті ,домалақ;сәбіз-қатты,сопақша;бұршақ-ащы,сопақша;т.б.

-Жарайсыңдар балалар. көкөністер мен жемістер туралы біраз хабардар екенсіңдер.Ал енді сол бау-бақтарды күтіп ұтайтын адамды кім дейді білесіңдер ме?

-Балалар ол адамды бағбан дейді.Бағбан бақшаны қарап күтеді.Оған су құяды,ағаштардың түптерін қопсытады,әктейді,арамшөптерін жұлады.Мезгілімен суарады, Оладамның еңбегі зор Күзге дейін баптаған жемістері оның еңбегін ақтайды.

-Ал енді балалар жұмбақ шешіп көрейік.

Жұмбақ

 

Домаланған ала бас,

Дәмді шырын,даяр ас.

                                   (қарбыз)

Аспай піскен,қайнамай түскен.

                                                    (жеміс)

Бақшада өседі,көпөнімдерін береді.

                                                          (жеміс)

Қорытынды :

-Жарайсыңдар балалар.сонымен бүгін не жөнінде әңгімелестік.

-Көкөністер мен жемістер туралы.

-Көкөністер қайда өседі ,ал жемістер ше?

(Балалар жауап береді)

Өлеңімізді еске түсірейік.

 Осымен сабағымыз аяқталды.Бірақ осы көкөністер мен жемістердің мол өнім  беруі еңбекке байланысты екенін ұмытпайық балалар, қарап баптасақ мол өнім аламыз.

»Егін екпесең,жерге өкпелеме»деген халық  мақалында,Не ексең,соны аларсың дегендей бағбандарша еңбек етсең барлығында өсіруге болады.

 

 

 

 

Сабақ 9

Тақырыбы:Бізде Қонжық қонақта.

 Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету.,оларды ойыншық туралы хикая тудырып айтуға баулу.Шағын тақпақтарды жаттауға кейіпкер бейнесін сомдауда көркем оқу әдіс тәсілдерін қолдануға дауыс ырғағына мән беру.

Өз ойын дұрыс қалыптастыра білу қабілетін дамыту.Үй жихаздарымен таныстыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар: Суреттер,Ағаш  үйдің суреті,ондағы заттар,ыдыстар.

 Сабақтың  жүру барысы:

-Балалар біз қайда тұрамыз?

-Біз үйде тұрамыз.

-Қандай үйде тұрамыз?

Сендер өздерің нешінші қабатта ,нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?

-         Үйде қандай бөлмелер болады?

-         «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?»дидактикалық ойыны.

-         Шарты:Бөлмелерді аттап ,онда тұратын заттарды атау.

-         Мына екі сурет бірі киіз үй,екіншісі көп қабатты үй қайсысында тұрғың келеді?

-         Бала өзі қалауымен әңгімелеп береді.

-         (Бір екі баладан сұрақ қойып демейотыра толық ойын әңгімелеп беруге көмектесу.)

Топтағы қазақ бұрышындағы жиһаздарды көріп тамашалайық.

-         Қандай үй жиһаздарын көріп тұрсың?

-         Қандай ыдыстар бар екен?

-         Онымен әжелер не істеп отыр?

Осы жердегі аттар туралы жұмбақ жасырайын,соны шешіңдер:

Кіруге адамбатпайды,

Суға салса жатпайды,

Ішіне кірген заттарды,

Аман-есен сақтайды.     (сандық)

 

Аяғы жрқ,қолы жоқ,

Көйлегі көк,қарны тоқ    (жастық)

 

Кішкене ұлым бар,

Кірген- шыққан сүйеді.    (кесе)

 

Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.   (киіз үй)

Мынау суреттер бойынша әрқайсылардың өз үйлерінің аулаларының,үйдегі жиһаздардан,ыдыстардан не ұнайды,соның суретін салайық.

Сурет сайысы.

Соңында:үй,үй жиһаздары деген көрме құрамыз.Ең әдемі үй немесе жиһаз кімдікі екенсоны көрейік.

 

 

Сабақ  10

 

Тақырыбы:Жаз-күз

 Мақсаты:Балаларға толық сөйлем құратып үйрету.,сурет мазмұнына қарай,әңгіме құрауға үйрету.Балаларды айтылған ойды тыңдауға және оны ұғынуға ,әңгімеге араласып қойылған сұраққа толық әрі еркін жауап беруге үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер; Әңгімелеу,әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,тақпақ(өлең) жаттату

Көрнекі құралдар: Суреттер,Жазғы жайлау,күзгі ағаштар суреті.

 Сабақтың  жүру барысы:

-Сәлеметсізбе,балалар.!

-Сәлеметсіз бе.

-Балалар  айтыңдаршы сіздерге қай жыл мезгілі ұнайды.

-Жаз

-Күз

-Қыс

-Саған күз не үшін ұнайды?

-Себебі ол кезде қарбыз піседі.

-Ал саған ше, жаз не үшін  ұнайды?

- Себебі мен папаммен мамаммен теңізге барармын.

-Ал қыс мезгілі не үшін ұнайды?

-Қыста қармен ойнаймыз.

-Ал енді айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Қай айы?

-Қараша айы .

-Яғни күздің соңғы айы.Енді қыс мезгілі  басталады.Бүгін балалар біз күз мезгіліне,жаз мезгіліне рахметімізді айтып сабағымызды бастайық.

Шаттық шеңбері.

-Қайырымды күз қызыл алмаң үшін рахмет,

Қайырымды күз жасыл қиярың үшін рахмет,

Қайырымды күз көкөністерің үшін рахмет,

Қайырымды күз жемістерің  үшін рахмет.

 

Шуақты жаз күннің нұры үшін рахмет

Жайдары жаз ыстық теңізің үшін рахмет

Нұрлы жаз шуақты күндерің үшін рахмет

Ыстық жаз ойнақы күндерің үшін рахмет,.

 

-Жарайсыңдар балалар!Енді назарымызды тақтада ілініп тұрған суреттерге аударайық.Бұл суреттерде күз бен жаздың суреті бейнеленген. Бірінші суретте балалар жаз мезгіліндегі ауыл бейнесі бейнеленген.Қараңдаршы балалар күннің шуағына шомылып мәз мәйрам болып ойнап жүр Әжейлер қазанға ет асып жатыр, ағалар аттарының әбзелдерін жуып жүр.Жарқырап ағып озен жатыр.

Ал екінші суретте Күңгірт аспан күздің суық күні бейнеленген.Алай дүлей қара суық жел

Ағаштарды тоңдырып барады .Ағаштардың жапырағы түскен,тоңып тұр. Жаңбыр да жауып тұр.Қазір екі топ болып сайысқа түскенде осы белгілерін айтыңдар.

Балалар екі топқа бөлініп ат қойып алайық. көкөністер мен жемістер деп. 1ші топ көкөністер,2 ші топ жемістер деп бөлінеміз.

Мен сіздерге сұрақ қоямын.Сол сұраққа 2 топтың қайсысы бұрын жауап берсе сол топқа жұлдызша беріледі.Қай топтың жұлдызшасы көп болады сол топтың жеңгені.

1-ші сұрақ. Тақтада ілулі тұрған  екі суретті көріп тұрсыңдар. Көкөністер тобы күз мезгілінің суретіне ал жемістер тобы жаз мезгілінің суретіне,кем дегенде үш сөйлем құрауы керек.

2-ші сұрақ..Жемістер тобы кем дегенде 5 көкөністің атын ал көкөністер тобы кем дегенде 5жемістің атын айту керек.

3- ші сұрақ..Белгілі уақыт ішінде көкөністер кез-келген 1 жемістің суретін салып,ал жемістер кез-келген 1 көкөністің суретін салу керек.Сосын оны сипаттау керек.

 

-Жарайсыңдар балалар, енді сәл сергіп алайық.                

-А.Меңжановтың қайда екен әні

 

Қайда екен қолымыз?

Оңымыз бен солымыз.

Білеміз бе оны біз?

 

Міне, оң мен солымыз,

Міне, алақай,қолымыз.

Қол соғайық,бір,екі

 

Ал санайық,бір,екі,

Топылдатып билейтін

Аяғымыз қайда екен?

 

Міне,аяқ,алақай,

Міне,аяқ,алақай.

Бір,екі,деп басайық,

Тез,тез адым жасайық.

 

Еститұғын сиқырды,

Айқай-шуды,тықырды,

Құлағымыз қайда екен?

Міне, алақай,сақ құлақ,

 

Бәрін естір жақсылап

Құлағымыз сақ құлақ,

Құлағымыз сақ құлақ.

-Ал енді балалар жұмбақ сайысына көшейік.

 

Жұмбақты шеш:

Жазда жатсаң-Көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң –жаның рақат табады.(ағаш)

 

 

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.(пияз)

 

 

Жас кезінде қара орман,

Жыл озған сайын ағарған.(шаш)

 

Мен жүгірсем,ол да жүгіреді,

Мен мүдірсем,ол да мүдіреді.

                                                 (көлеңке)

 

Күнде оған қараймын,

Қара шашым тараймын.

                                      (шаш)

 

 

Қорытынды:

-Жарайсыңдар,қане балалар жұлдызшаларымызды санайық.Міне керемет барлығыңның жұлдызшаларың тең болып шықты. Ендеше балалар достық жеңді деп сабағымызды аяқтайық..

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ 12

Тақырыбы: « Менің сүйікті үй  жануарларым»

Мақсаты:  Балаларға үй жануары туралы түсінік беру.

Балаларды үй жануарларымен таныстырып,олардың аттарын атап,төлдерін дұрыс атай білуге үйрету.Сөйлеу барысында сын есімдерді емін еркін қолдануға үйрету.

 Балаларға үй жануарлары туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтқызу арқылы тіл байлығын,ақыл-ойын дамыту.Айтылған әңгіме,қойылған сұрақтарды дұрс түсініп зейін қойып тыңтадуға бейімдеу.

Балаларды  үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын,мақтау,мадақтау,қорытындылау.

Көрнекілік:Теледидар,үй жануарлары бейнеленген бейнетаспа,үй жануарларының суреттері,жайлаудың суреттері,жабайы аңдардың суреттері,төлдерінің суреттері.

                       

                  Сабақтың жүру барысы.

- Сәлеметсіңдер ме балалар.Бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен.қане,амандасайықшы.

    Балалар:

                       Амандасу үлкенге

                      Тәрбиенің басы ғой

                      Ал қане бәріміз,

                      Сәлеметсізбе дейік үлкенге.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

 -Қазір жылдың қыс мезгілі.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар,қыста ауа райы қандай болады?

-Қыста ауа райы салқын,жел боран,аяз,мұз,қар болады.

Тәрбиеші:

-Өте дұрыс,қыста қандай мерекені тойлаймыз?

-Жаңа жыл мерекесін.

 

Тәрбиеші:

  Біз бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелейміз.Үй жануарларына сиыр,қой-ешкі,жылқы,түйе  жатады.Олардың да төлдері бар.

Түйенің баласын- бота

Сиырдың баласы-бұзау

Жылқының баласы-құлын

Қойдың баласы-қозы

Ешкінің баласы-лақ   деп атаймыз.

   -Әр баланың әрине тек ауылдық жерде тұратын балада ғана емес, өзінің сүйікті жануары болады. Кішкентай кезінде ол сол жануар туралы ойлап қиялдап,ойлайды.Мысалы құсты жақсы көрсе ,ол әрдайым ұйықтағанда сол құсқа мініп жүреді. Ал қошақаны немесе лағы,ботақаны барлар олар түстерінде сол сүйікті аңдарымен ойнсп жүреді екен. Солай ғой балалар.

-Ия.

-Ал айтыңдаршы,сендердің қандай сүйікті жануарларың бар?

-Менің қошақаным бар.

-Менің ботақаным бар.

-Ал енді айтыңдаршы не себепті біздер оларды үй жануарлары деп атаймыз

-Өйткені,адамдар жануарларға жем,шөп,су,беріп күтеді,бағады.

   Үй жануарлар қыста қыстауда,ал жазда жайылымда болады.Үй жануарлардың бізге тигізетін пайдасы өте көп.Сүт,ет,қымыз,шұбат береді.Жүнінен киім,кілем тоқиды,киіз басады.

Ал енді балалар «Қай төлдің даусы»деген ойын ойнаймыз.

 Д/о: «Қай төлдің даусы»

-Бір бала ортаға шығып төлдің дауысын салады. Ал қалған балалар оның қандай төл екенін табу керек.

(Бір екі балаға айтқызу)

-Жарайсыңдар балалар .Ал ендеше кім өзінің сүйікті жануары туралы тақпақ айтып береді.

Тақпақтар:

 

1-балаҚой-ешкі бір түлікпіз

Бірге өстік,еш күдіксіз

                             Еті тәтті,сүті бал

                             Қой-ешкі ең құнды мал.

 

2-балаАрғымақ тұлпар жылқымын

Мақтанышым жұртымның

                            Қай түлік келермаған тең

 

3-балаМінезім жайлы- сиырмын

                             Байлығымын бір үйдің

                             Етім дәмді,сүтім бал

                             Сырымды менің ұғып ал

 

4-бала                   Ең зор түлік-түйемін

                              Тікенді шөпті сүйемін

                               Пайдалаңсаң сүтім шұбат

                              Дертке дауа,жанға қуат.

-Өте жақсы балалар,сендер үй жануарлары туралы тақпақтар білесіңдер екен,ал үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Мақал мәтелдер:

 

5-бала     Даланың көркі-мал

 

6-бала     Мал өсірсең,қой өсір

                    Өнімі оның көл-көсір

-Жарайсыңдар,ал енді мен сендерге жұмбақ жасырам ал сендер шешуін табыңдар.

4

Жұмбақтар:

 

1 жұмбақ:                 Кішкене ғана бойы  бар

                                   Айналдыра киген тоны бар.              (Қозы)

2 жұмбақ:                 Үстінде екі тауы бар

                                     Кезікті бір жануар                              (Түйе)

 

 

-Жарайсыңдар балалар,өте жақсы.

- Айтшы Ұлдай сен қошақанды не үшін жақсы көресің?

-Себебі, ол моп-момақан.

-Жарайды ендеше,біз Ұлдайға қосылып қошақаным әнімен сабағымызды аяқтайық.

    Қошақан әнін орындайық.

Қорытынды:

-Жарайсыңдар,балалар,сендер бұл тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер.Үй жануарлар туралы тақпақтар,мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер.Үй жануарларын ұруға болмайды,оларды аялап,қорғауымыз керек.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Орнымыздан тұрып,келген қонақтармен қоштасайықшы.

                       Қол ұстасып тұрайық

                       Шеңберді біз құрайық,

                       Көріскенше күн жақсы

                       Сау-саламат болайық

Балалар қонақтармен  қоштасты.

 

 

 

 

13-сабақ.

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін көбейту,ойыншықтардыңаттарын атай отырып,оларды сипаттауға,ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер:Жұмсақ,резина.

Көрнекілік:Әр түрлі ойыншықтар.көліктің түрлері,резина,жұмсақ ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

-Қазір қандай мезгіл?

-Қандай ай?

-Аптаның қай күні?

М.Әлімбаевтің «Ойыншықтар»өлеңін оқу.

                        Біздерде бар қыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ,бұйырсақ.

Машина

Үлкенмін ғой,міне мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға симаймын.

 

Пойыз.

Рельстің жолы ұзын,

Мынау менің,пойызым,

Тық-тық жолға шықтық,

Тақ-тұқ шамды жақтық тап!

Жолдан кет тақ-тұқ,

Керек соқты.

Бұл өлеңдер қандай ойыншықтар туралы айтылған?

Сенің үйіңде қандай ойыншықтар бар?

Енді дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап»Ойынын ойнаймыз.

Сендер тығылған ойыншықты тауып,атын атап,түсін,үлкен,кішілігін,ажыратасыңдар.Сол ойыншыққа өздерің жақсы мейірімді тілек тілейсіңдер.

Ойын мақсаты:

Ойыншықты атау,және кеңістікті бағдарлай отырып тау.

Мысалы:2-баланы ортаға шығарып:

Алға үш қадам,

Солға бұрыл,

Екі қадам артқа бұрыл!

Не таптың?

Кезегімен балаларды жіберіп әр-түрлі ойыншықткарды алып,оны сипаттап беру(ойыншық-жұмсақ,әдемі,үлкен).

Мысал:Мен ойыншықты сындырмай,таза ұстаймын,тапқан ойыншықтардан көрме жасау.

-Осы көрмеде тұрған(нәрселерді)заттарды бір ауызбен қалай атауға болады?

-Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

 

Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Ойыншықтар           Резиналы            Қатты

Жұмсақ                     Қуыршақ          Көлік түрлері:

Аю,қоян                    Тиін                  Машина,ұшақ,қайық

Түлкі.күшік

Көрмеге ойыншықтарды жұмсақ,қатты резиналы ойыншықтар етіп бөліп қою.

-Әр түрлі ойыншықтар,доптар

-Ойыншықтар туралы жаттаған тақпағымызды есімізге түсірейік.

                 Ойыншықтар

            Іші толған бөлменің ,

       Ойыншығым мол менің.

       Босқа тізіп қоймасаң

       Келе ғой,дос болайық

-Енді,балалар, бәріміз көзімізді жұмайық.

-Ойыншық қоян бізге қонаққа келіпті.

-Қоян менің сендермен бірге болғым келеді,-дейді.

-Олай болса бәріміз «Доптар»туралы өлеңді жаттайық.Соннан соң қоянмен бәріміз бірге ойнаймыз.

-Мына суреттерге қараңдар.Не көріп тұрсыңдар?Доптар бала қасында жазуы бар.Онда допты,сөзді қосып оқиық.Мен сендерге көмектесейін.

                         Қызыл,жасыл,көк ала доп,

                         Қызыл,жасыл және көк

                         Ала шықтым аулаға,

                         Ойнайтұғын бала көп.

Енді біздің топта тақпақты достарымыз көп.

 

 

13-Сабақ

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Сабақтың мақсты:

Балалардың ойыншықтар туралы түсінігін молайту,Ойыншықтардыңаттарын атай отырып, оларды сипаттау,қалай ойнау керекжолдарын аша отырып,ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.Ойыншықты ұқыпты ұстауға дағдыландыру.

Жаңа сөздер:Дүкенші,тексеруші.

Көрнекіліктер:Ойыншықтар,сурет,автобус,бағдаршам, «Ойыншықтар дүкені»

          Сабақтың барысы:

Балалар шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші:Арайлап атқан таңмен сәлемдесейік. (Бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып айтады).

-Армысыз,қайырлы күн!

-Армысыз,қайырымды Аспан ата!

-Армысыз,мейірімді Жер-ана!

-Армысыз,ШұғылалаыАлтын-күн!

-Қуанайық,шаттанайық бәріміз!

-Күліп шықты күн бүгін!

-Бәріміз күндей жарқырайық!

-Бәріміз тату болайық!-деп балалар орнымызға отырайық.Балалар бүгін біздер ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барамыз. Дүкенге немен барсақ екен?

-Автобуспен

-Онда бәрімізқол ұстасып, аялдамаға барайық.

-Міне біздер аялдамаға да келіп қалдық.Бәріміз автобусқа отырайық .(Алдын ала дайындалған фвтобус сұлбасы.

-Балалар автобус ішінде отырғанда тазалық сақтаймыз.Егер үлкендер мінсе міндетті түрде орын береміз олар сіздерге рахметін айтады.

-Келесі аялдамамыз  «Дәріхана»

-Балалар біздер ойыншықтар аялдамасынан түсеміз.

Тексеруші:

-Келесі аялдама «Ойыншықтар » аялдамасы.

-Балалар біздер ойыншықтар дүкеніне  барарда бір-бірімізден ажырап адасып қалмау үшін қолымыздан ұстап жүреміз. Жолдан өтерде де абай болыңдар.

-Балалар бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр.Қане бағдаршам туралы өлеңімізді еске түсірейік.

Алма кезек үш көзің

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!

Жүрме долға таласып.

Қызыл көзін ашқанда.

Сынық сүйем баспа алға!

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

-Ойыншықтар дүкеніне де жеттік.

-Қош келдіңіздер!Мына ойыншықтардың бәрі де балалар үшін жасалған.Ойыншықтар пластмассалы,резиналыжәне жұмсақ ойыншықтар болып бөлінеді. Мына ойыншықтар жәй ойыншықтар емесОлар құпиялы..Сендер оның құпиялығын ашу үшін өздеріңе ұнаған ойыншықтарың туралы жақсы сөздер немесе тақпақтар айтуларың керек.

      Ойыншық

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау,қозы,құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ бұйырсақ

-Балалар көп бала қонжықпен ойнағанды ұнатады ғой,ия балалар.

Ал ендеше сол қонжығымызды суреттейікші.

(Қолдарында бар қонжықты суреттейді)

-Дүкенші: Балалар сендер ұнаған ойыншықтарың туралы тақпақ айтсаңдар

Сендерге сол ойыншықтарды беріп жіберемін.

      Кей қуыршақ ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау,қозы,құлыншақ,

Ұйықта десең ұйықтайды.

Дүкенші:Сен тиін туралы не айтар едің?

Үлп-үлп еткен киімді,

Білесің бе тиінді?

Көзі өткір жұлдыздай,

Жүні жібек құндыздай.

-Біраз ойыншықтардың сырын аштық.Осы ойыншықтардың бәрін жасау оңай емес.Осының бәрі үлкен еңбектің арқасында жасалған «Еңбек түбі береке» дегендей,сендер де тақпақ,мақал айтып,еңбектеніп жатырсыңдар. «Жақсы бала –Еңбекшіл»жейді ғой.

Енді жұмбақ шешейікбалалар:

1.     Әдемі түнде

     Мен жүрсем, жүреді бірге(Ай)

2.Шыр-шыр етеді

Құлағыңнана өтеді

Ұстай қалсаң,

Сөйлеп кетеді.(Телефон)

 

3.Мамықтай ұлпа,

Қанаттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.(Қар)

 

 

4.Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)

 

 

5.Аяғы бар,басы бар,

Арқалаған тасы бар.(Тасбақа)

 

-Балалар,бізге тағы келіп тұрыңдар.

-Енді автобусқа мініп, бақшамызға қайтайық.

1.Дүкенші ,тексеруші деп киімдерін атаймыз?

2.Жаңа дүкеннен қандай ойыншықтар көрдіңдер?

3.Ойыншықтардың  неден жасалған екен ?( пластмасса,жұмсақ,резиналы т.б  )

4,Енді балабақшамызға жеткеннен кейін,әркім өзінің ең жақсы көретін ойыншығының суретін салады.

Ойыншықтар әніні айтып,тобымызға барайық.

Автобустан түсіп,балалар топтарына барып,өздерінің жақсы көретін ойыншықтарының суретін салып жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

14-сабақ.

Тақырыбы:Айлакер түлкі

Мақсаты:Балалардың білтін ертегілерін еске түсіру арқылы тіл байлығын дамыту,айтылған ертегінің мазмұнын,дауыс ырғағын келтіре отырып айтуға жаттықтыру,қиын езде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер:Театр,ешкі,түлкі,шұңқыр суреті.

Жаң сөздер:Шұңқыр,апан.

Сабақтың барысы:

- Ертегіні мәнерлеп айтып беру?

- Ертегі қалай айтылады?

- Ерегіде не туралы айтылған?

- Ертегі қандай сөздермен басталады?

-Түлкінің ешкіге жасағаны дұрыс па?

-Ертегіні тағы бір-рет тыңдаңдар.Содан соң өздерің толық айтып бересіңдер.Ертегіні 2-3 бала бір-бірін жалғастырып айтып шығады.

-Түлкі қандай болды?

-Шұңқыр қандай еді?

-Суық дегенді қалай түсінесіңдер?

-«Өтірікке алданба,бсың бәлеге душар болады»дегенді қалай түсінесіңдер.Балалармен бірге осы мақалды 2-3 рет қайталау.

әрәтүрлі ырғақты дауыспен айтқызып қайталау.

Түлкі суреті              Қандай? әдеміқу,ақылды,батыл,сарғыш,

                                   Қайда өмір сүреді?

Ешкі суреті               Қайда өмір сүреді?Қандай?Аңқау,сенгіш.

Шұңқыр суреті         Қандай? Терең,қараңғы,салқын,ылғалды.

Қандай нәрсе суық болады?                   Жел-қар-жаңбыр-су-сай

Суықтық –туралы тағы не айтуғы не айтуға болады?

Мұз,қыс

                      

                                             Түлкі мен ешкі

-Бір күні түлкі жүгіріп келе жатып,абайсыздан бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су здеп жүріп,әлгі апанға кез болы,түлкіні көреді.

-Ей ,түлкі батыр,не қылып тұрсың?-депті.

-Ой,не қыласың,жаным жай тауып тұр.

«Қырда әрі сусап,әрі ыстықтан өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен»-дейді түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын,әрі су ішпейтін «-деп ойлап,

Секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкі ешкінің үстіне секіріп мініп,оннан мүізіне шығып,далаға ырғи жөнеліпті.

-Сөйтіп жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба,басың бәлеге душар ьоладв»-деген осыдан қалыпты.   

 

                          

  15-сабақ

Тақырыбы:Үй жануарлары.

Сабақтың мақсаты:

Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.Олардың түрлерін бір-бірінен  ажыратуға,әңгімені мұқият,зейін қойып,тыңдап үйрету.Олардыңбізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға,қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Үй жануарларына байланысы тақпақ.мақал-мәтелдерді қайталай отырып,сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.                                                                                                  

Жаңа сөздер:Төлдер,үй жануарлары.

Көрнекілік:Суреттң театр,ғажайып қалта,төлдердің үлгілері.

Сабақтың барысы;

-Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелейміз.Үй жануарларыдеп үйде ұстайтын жануарларды айтамы.Олар мыналар:Қой,ешкі,сиыр,түйе,жылқы,.Сендер көздеріңді жұмыдар көз алдымызға ауылда төлдердің,үй жануарларыныңжүргенін елестетейік.Көзімді аып,дөңгелене отырып,үнтаспанытыңдаймызосы әуеннен не естіп,не сездіңдер.

-Құстың сайрағаны,сарқыраған судың дыбысы,аттың тұяқтарының дыбыы естіледі.

-Балалар үй жануарларына не жатады?

-Түйе,сиыр,қой.ешкі,жылқы,торай,мысық,күшік.

-Мына жайлаудағы суретке қараңдар.Үй жанарларытөлімдеп жайылып жүр екен.Осы үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?

-Түйенің төлі*ботақан,

Қойдың төлі-қошақан,

Ешкінің төлі-лақ,

Жылқының төлі-құлын,

Сиырдың төлі-бұзау.

-Осы төлдер туралы мен өлең оқиын ,сендер тыңдаңдарқандай төлдер туралы айтылғанын шешеіңдер:

Шөре.шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдеме құлғың,-деп нені айтамыз?    –Лақты.

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.           –Ботаны.

 

Әукәм,әукім әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Енең әне келеді.

Ақ мамасын береді.

Бұл не?     Әукешім –бұзауым

 

Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтаңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.   Бұл не?   Құлыншағым-құндызым.

 

Д/о: «Үй жануарлары» ойыны

Ойын мақсаты:Осылай дөңгелене отырып,мына ғажайыпқалтаданүй жануарларына байланысты ойыншық аласыңдар,сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап немесе олар туралы мейірімді сөздер айтуға болаы.

Мысалы:Боташым,қшақаным,құлыншағым,т.б

Сергіту сәті:

Ж.Өмірбековтың  «Төлдер»әнін қойып,қимыл қозғалыспен көрсетуге болады

 

1.Мақал-мәтел сайысы:

  Жылқы-малдың патшасы

   Түйе-малдың қасқасы.

 

 2.  Мал төлімен жарасты.

      Жер гүлімен жарасты.

 

3.Малды баға біл,

   Бабын таба біл.

 

4.Түлік төлден өседі.

 

5.Төлден мал өседі.

  Шыбықтан тал өседі.

 

6.Өлкеңнің көркі мал болар,

   Өзеннің көркі тал болар.

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-сабақ

Тақырыбы:Қыс қызығы

Сабақтың мақсаты:Айналаны,қоршағани ортаны бақылау арқылы қыс мезгілнің көз тоймас қызықтарын,Табиғаттың әсемдігін көріп қана қоймай,тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарау сияқты адамгершілік дағдылапын қалыптастыру.Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,қыс туралы өлең оқып,әңгімелеу.

Көрнекіліктер:Суреттер,Сурет салуға қажетті құралдар,үлестірмелі суреттер.

   Сабақтың жүру барысы:

Қыс көрінісін бақылау арқылы сабақты бастауға болады.

-Ержан,қазір қай мезгілі деп ойлайсың?

-Иә,дұрыс,қазір қыс,далада күн суық.

-Әсел,қыстың қандай ерекше белгілерін білесің?

-Қар,боран,аяз,күн суық,қар ақ,күмістей,қанаттай ақ,Мақта сияқты ұлпа.

Тәрбиеші балаларға қыстың ерекшкліктері туралы әңгіме құрауды ұсынды.

                                 

                                                      Қыс

Қыс келді.Далада қар жауып тұр.Күн суық,аяз.Ағаштардың бұтақтарын қырау басқан.Балалар аулада ойнап жүр.Біреуі коньки теуіп ,ал,кейбіреулеріжотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді.Балалардың бәрі көңілді,жүздерінен шаттық нұры ойнайды.Балалар қардан аққала жасады.Аққаланың біреуі көзін енді біреуі мұрнын жасады.Ал,басына қалпақ кигізіп,қолына сыпырғыш ұстатып қойды.Балалар істеген жұмыстарына қуанды.Қарға су құйып сырғанақ та жасап жүр.  

 

Тәрбиеші бірнеше баланың әңгімесін тыңдап,балалармен бірге отырып талдайды.

Ш.Мұхамежжановтың «Көңілді қыс»өлеңін оқып береді.

        Көңілді қыс

Бір топ бала сырғанап,

Барады,әне жарысып.

Қалды артында қыр,алап,

Іздерінен қар ұшып.

Қырау қатып жағаға,Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға

Бірі шаңғы тебеді.

Сәтке қарап тұрмайсың.

Көңілді еді қыс қандай!

Шаңғыменнен зырлайсың

Қанат бітіп ұшқандай.

 

-Балалар бұл өлеңнің авторы кім?

-Дұрыс,көңілді өлеңнің авторы-Шәміл Мұхаммеджанов.

-Балалар бұл өлеңдң жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Иә,дұрыс,қыс мезгілі туралы.

-Өлең сендерге ұнады ма?

-Ұнады,себебі біз қыста шана,коньки,шаңғы тебеміз.

Тәрбинші өлеңді тағы бір оқып,оны талдау үшін сұрақтар қояды.

-Бір топ бала не істйді?

-Иә,дұрыс,сырғанады,жарысты.

-Балалардың іздерінен неұшты?

-Иә,дұрыс,балалардың іздерінен қар ұшты.

-Балалар,қыста жер бетін қар басады.

-Қыста балалар не тебеді?

-Иә,дұрыс,қыста балалар шаңғы,шана,коньки тебеді.

-Қыс, қандай екен, балалар?

-Иә,дұрыс ,қыс өте көңілді екен.

-Шаңғымен не істейсің?

-Иә,дұрыс,Шаңғымен таудан төмен зырлаймыз.

 

Қорытынды:

-Балалар қыс туралы өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде қыс қызығы қалай суреттелген?

-Балалар,қыстың қандай ерекшелігі бар екн?

-Балалалр,қыста қар неше жауды?

-Қыста балалар не жасайды?

Қыс несімен ұнайды?

Балалар қыста ағаштар қандай болады?

Қыстың жаз мезгілінен қандай айырмашылықтары бар?

Қыста қандай аң тоңын өзгертеді?

Қыс ерекшелігі туралы балалардың білімін толықтыру.

Қыс туралы балаларға ұнаған суреттерін салғызу.

 

 

 

 

17 Сабақ

Тақырыбы :Ұзын құлақ сұр қоян.

Мақсаты:Кескін бойынша қоян жайлы әңгімелеу.Үлгі бойынша бейнелі сипатты әңгіме құрауға үйрету.Сөздің түрленуіне жаттықтыру.

Қоянмен таныстыру.Жабайы аңдар туралы түсінігін кеңейту.

Табиғатты қорғауға қамқорлыққа алуға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,тақпақ жаттату ,ойын ойнату,қорытынды.

Көрнекі құралдар: Жабайы аңдардың суреті,Қоянның суреті,қоян жақсы көретін тағамдар суреті.

  Сабақтың жүру барысы:

Балалар біздер бүгін сіздермен жабайы аңдар туралы әңгімелесеміз. Соның ішінде қоян досымызбен жақынырақ танысамыз.

-Айтыңдаршы балалар жабайы аңдар қайда тұрады ?

-Орманда.

-Орман деген қандай жер балалар?

-Орман деген көп ағаш өсетін жер.

- Ия, көп ағашы бар,өзені бар ,жан баспаған батпақты,сулы ,нулы жерлері бар жерлер балалар.Сендер дұрыс айтасыңдар.

-Неге оларды жабайы аңдар деп атайды?

-Себебі олар орманда өмір сүреді.Оларға адамдар тамақ бермейді.Суармайды жем,шөп салмайды.

-Балалар бірақ ол жануарлардың бізге тигізетін пайдасы да бар екенін ұмытпайық.

-Қанекей балалар мына суретке назар аударайықшы.Суретте өздерің көріп отырғандай  жабайы жануарлар бейнеленген. Қане атап өтейікші.

-Қасқыр,аю, түлкі,арыстан ,жолбарыс,қоян.

-Жарайсыңдар балалар. Мен қазір тақтаға осы аңдардың суретін ілемін, сонан соң сендердің көздеріңді жұмдырып бір аңның суретін тығып қоямын.

Сіздер сол жоғалған аңның не аң екенін табуларың керек.

 

Д/о:Жоғалғанды тап.

(Балалармен бірнеше мәрте ойнау)

-Қане айтыңдаршы қандай аң жоқ?

-Қоян.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.( Тәрбиеші балалармен қоян туралы әңгімелеседі.Балалардың қоян туралы қандай мағлұматы бар екенін анықтайды.)

-Қоян жабайы аң.Оның ұзын құлағы бар.Қоянның төрт аяғыбар. Ол шөп жегенді ұнатады,сәбіз жегенді ұнатады.

-Балалар қоянды ертегілерде қандай аң ретінде суреттейді?

-Қоян қорқақ.

-Әрине балалар,сол қорқақ қоян туралы біздер бүгін өлең үйренеміз.

Ал әзірге сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

Сергіту жаттығуы:

Көлбең көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Қоян қалай жүгіреді,

Көрсетеді қане кім?

 

Өлең : «  Ұзын құлақ сұр қоян.» Т.Бердияров.

 

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің,-  Жарйсыңдар балалар енді бір рет өздерің айтып көріңдер.(Айтады)

Ал балалақайлар біздер енді осы қоянның суретін салып сурет көрмесін ұ

йымдастыра қояйық

 

Сурет салғызу.

                                                                                                                              Жарайды балалар.осымен тіл дамыту сабағымыз аяқталды.Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға көп рахмет.

 

 

 

18 Сабақ

Тақырыбы:Өзіме ұнайтын ойыншық.(Әңгімеле.....)

Мақсаты:Балаларды заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы,әңгімелеуге үйрету.Балалрды екі ойыншықты  қатар қойып олардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы әңгімелеуге бейімдеу.

Әдіс –тәсілдер:Көрсету ,сипатау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Ойыншықтар ,екі бірдей ойыншық,мозаика,құрылыс,көлік түрлері,жануарлар түрлері.

 Сабақтың жүру барысы:

Сабақ ойыншықтар туралы әңгімелесуден басталады.

-Балаларсіздерге ойыншықтар ұнайды ма?

-Ия.

-Қандай ойыншықтар ұнайды?

-Әр бала өзіне ұнайтын ойыншықты атайды.

-Балалар қанекей өздеріңе ұнайтын ойыншықтарың туралы айтып беріңдерші.(Балалар сүйікті ойыншығы туралы айтып береді.)

-Жарайсындар балалар. Ал енді тапқыр болсаңдар жұмбақ шешіп көріңдерші.

Жұмбақ:

Қонса аяғы көп,

Ұшса аяғы жоқ

                         (Ұшақ)

Аяғы бар басы бар,

Арқалаған тасы бар

                          (тасбақа)

Кезікті бір жануар ,

Үстінде екі тауы бар.

                          (Түйе)

-Міне ақылды балалр .Барлық жұмбақты шешіп тастадыңдар ғой.

Ал енді біздің балабақшамыздағы тағы да басқа ойыншықтар туралы  әңгімелей кетейік.

(Тәрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы ойыншықтарды балаларға сипаттатып үйретеді.)

 

Д/О:Не екенін тап?ойыны.

-Балалар мен сендермен мынадай қызық ойын ойнағым келіп тұр .Мен сендерге осы топтағы  бір ойыншықты сипаттаймын. Ал сендер мұқият тыңдап айналамызға зер сала қарап ол ойыншықты тауып аласыңдар.

(Бірнеше ойыншықты суреттеу)

                     Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ,бұйырсақ.

Кей қуыршақ ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

(Балаларға тақпақты бірнеше рет қайталатып не түсінгені туралы сұрау)

 

 Балалардың құрылыс  материалдарымен  жұмысын бақылау.

-Балалар енді алдымызда берілген мозайкаға,құрылыс материалдарыны назар аударайық. Сол берілген мозайкамен өздеріңе ұнаған ойыншықты құрастырыңыздар.

-         Сабақтың соңына құрастырған ойыншықтарыңыздан көрме ұйымдастырамыз.

-         Қорытынды :

-Балалар бүгін біздер өзімізге ұнайтын ойынщықтар туралы біраз мағлұмат алдық. Сабағымызды осымен аяқтаймыз.

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

19 Сабақ

Тақырыбы: Бес ешкі.(Ертегіде қонақта.)

Сабақтың тақырыбы:  Әңгімелеп айтқызу.Балаларды оқылған немесе айтылған ертегінің мазмұнын айтып беруге үйрету.Ертегі қалай басталып қалай аяқалады соны аңғарту.

Қолданылатын әдіс-тәсіл:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.

Көрнекіліктер: Ертегіге байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.Шаттық шеңбері.

-Балалар бүгін мен сендерге «  Бес ешкі » деген ертегі оқып беремін. Мұқият тыңдап отырамыз сонан соң ,ертегінің не туралы болғанын сұраймын.

«Бес ешкі »

Ертегісін оқып беру.

   Пысықтау:                               

Балаларға бес ешкі ертегісі желісі бойынша сұрақ қою.

Сөздік жұмыс

-Балалар ертегіде не туралы айтылған?

-Ертегіде бес ешкі туралы айтылған.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ия.

-Неге кедейдің малы болмады?

-Себебі кедей өз малын байдың малына қосады екен де оның малдары көбейгенде ,бай менікі деп тартып алады екен.

-Боран соққан ай далада ол ешкілерге не кезігеді?

-Қасқыр.

-Қара тоқты ,бес ешкі, құла ат қандай айла қылды?

-Қасқыр өлерде не деді?

-Қасқыр сөзі:

Қара тоқтыны жемеген,

Қобылан басым ау у у у ,

Бес ешкіні жемеген ,

Бегбен  басым ау у у у

Құла атты құдықтан  шығарып алған

Балуан басым ау у у у

Артына шығып ,құран оқып

Молда ма едім ау уу  уу-деп өліп қалған екен.

 

Қорытынды:

-Көрдіңдер ме балалар біреуге ор қазба өзің түсесің деген сөз бар.Бұл жерде де қасқыр алдап бес ешкі,қара тоқтыны,құла атты жеймін деп оырып өзінің қалай көз жұмғанын білмей қалды.

 

 

 

 

Сабақ 20

Сабақтың мақсаты:  Аналарға арналған мереке туралы,балаларғажалпы мағлұмат беру.Біздің елімізде аналарымыздың алатын орны туралы әңгімелесу.Аналарының мамандығы туралыәңгімелеп беруге ұмтылдыру. Аналары мен балаларының бастарынан өткенқызық оқиға туралы айтқызу.Сөйлем құрау кезінде грамматикалық қателер болмауын бақылау.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: Сұрақ-жауап ,түсіндіру,әңгіме,нақыл сөздер.

Көрнекіліктер:Мереке күнгі суреттер,аналарға арналғангүлдер.

Сабақтың жүру барысы:

-Балалар бүгінгі сабағымыз «Анаға сәлем» әнін тыңдаудан басталады.

-Мен үнтаспаны қайта қосайын ,ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар маған не туралы екенін айтып бересіңдер.

(Үнтаспа қайта қосылады.)

-Балалар қандай ән тыңдадық?

-«Анаға сәлем»  әнін.

-Әннің сөзін кім жазған?

-О.Иманалиев.

-Әнін жазған кім?

-Ескендір Хасанғалиев.

- Жарайсыңдар балалар.Өміріміздегі ең жақсы,ең тамаша адам ол ана! Солай емес пе балалар. Сол себепті бізді өмірге әкелген анамызға неше мақтау сөз айтсаң да,ол жеткіліксіз.

Бүгін біз сіздермен аналар мерекесіне арнап өлең өқып оның ең құрығанда бір шумағын жаттап айтып беруге тырысамыз.

-Мұқият,зейін қойып тыңдаңдар.Тұманбай Молдағалиевтің

                 « Анам менің» өлеңі

 

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам ай мамам,

Сені көрсем Қуанам,

Сен керексің қайда да.

Ботам деген даусыңнан.

Мәз боп ерте оянам,

Кір түсірмей жағама

Сенсіз өмір бола ма.

Шашымдыда тарайсың,

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың

Не бүлдіріп қойсам да.

Тау қопарып ,тас жарып

Тұрғызасың сен қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен ана!

 Пысықтау сұрақтары:

-Ал балалар мен сендерге сұрақтар беремін сол сұрақтарға  жауап беруге тырысыңдар.

-Өлеңнің авторы кім?

-Бұл өлеңді ақын кімге арнаған.

-Аналар мерекесі қай күн болып есептеледі?

-Сендер аналарыңның мерекесінде не істейсіңдер?

-Аналарың екеуіңнің бірігіп жасайтын жұмыстарың бар ма?

-Аналарыңды көргенде қайтесіңдер?

-Аналарың сендерге қандай жақсы сөз айтады?

-Балабақшаға барарда кім киіндіреді?

-Аналарыңның айтқанын тыңдайсыңдар ма?

Толық жауап алуға тырысу.

Шығармашылық жұмыс:

Алдын ала дайындалған түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдерді желімдеу.

Қорытынды :

-Балаларға тағы да өлеңді оқып беріп, сабақты аяқтау.

ІІІ. Қорытынды

 

          Кітапшаға енген сабақ жоспарлары балабақшаның естиярлар тобы үшін көмек береді.. Сөздің мәнін ұғына білген бала сөзге тоқтайды, сөздің қадірін кетірмейді, сары алтындай сақтайды.  Ауызша ойын тұжырымдап жеткізе алса, жазбаша  шығарманы  шебер жазуға ұмтылады.  Ауызекі тілде  еркін және  шұбарламай таза сөйлеуге дағдыланады. Тілді меңгерген бала жаңа заманның жаңа технологиясын да қиындықсыз меңгереді. Сондықтан  балабақшадағы «Тіл дамыту» сабағының сапасы әрбір тәрбиешінің көкейтесті мәселесіне айналуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1.     «Зерек бала» бағдарламасы, Астана, 2010

2.     «Мектепке дейінгі тәрбие». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, 2012 -2013 жыл тігінділері

3.     «Бала тәрбиесі». Республикалық қоғамдық педагогика- психологиялық басылым, 2012 жыл №97,98

4.     «Балабақша  меңгерушісі және әдіскері». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, 2012 жыл №5,6, 2013 жыл №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ.Тіл дамыту пәні бойынша жүргізілген сабақ конспектілері:

1.  «Бау-бақшада ,бақтарда.»

2. «  Қуыршақ бізге қонаққа келді.»

3. «  Ит және оныңкүшіктері.»

4. «  З» және «С»дыбыстарының дұрыс жазылуын қадағалау.

5. «Көжекпенен ойналық.»

6. « Жеті қазынаның бірі.»

7. « Айгерім қуыршақтың туған күні.»

8. « Кішкене бағбан.»

9. « Бізде қонжық қонақта.»

10. «Жаз-күз.»

11. « Айлакер түлкі.»

12. «   Қыс қызығы.»

13. « Ұзын құлақ сұр қоян.»

14. «  (Әңгімеле) Менің сүйікті үй жануарларым.»

15. «Ойыншықтар.»

16. «Ойыншықтар дүкені.»

17. « Бес ешкі »ертегісі.Ертегілер елінде.

18. « Анамызға сыйлық.»

19. « Өзіме ұнайтын ойыншық.»

20. « Үй жануарлары.»

ІІІ.Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

 

 

Кіріспе

 

      Бүгінгі заманның талабына сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаның құзіретті дамуына ықпал ететін бірден-бір тұлға - тәрбиеші мен ұстаз.

Балалардың білім беру ошағынан сапалы,саналы білім алып ,болашақ елінің отансүйгіш ,ұлтжанды адам болып қалыптасуы – әрбір педагогтың ұлы мақсаты. Ұлтжандылықтың нәрі туған тілден бастау алса, әрбір болашақ қоғам азаматы өз тілінің қадірін сезініп, құрметтеп өсуге міндетті. Осы ұлы мақсаттың маңыздылығына орай  «Зерек бала» бағдарламасының естиярлар тобына арналған «Тіл дамыту» бөлімі бойынша 20 сабақ жоспары кітапшаға енді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект уроков "Үздік 20 сабақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 1279
    • DOCX 203.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муканова Айгул Изденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муканова Айгул Изденовна
    Муканова Айгул Изденовна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48770
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация в ДОО «Школы для родителей»: формирование психологической грамотности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 99 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Курс повышения квалификации

Основы формирования предпосылок функциональной грамотности дошкольников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов