Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект утренника " Прощание с детским садом"

Конспект утренника " Прощание с детским садом"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Фанфар дауысы естіліп ,залға екі бала кіреді.

1-бала: Құрметті қонақтар , армысыздар,

Бәріңізде есен- сау бармысыздар.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық!

2-бала: Қош келдіңіздер, құрметті меймандар,

Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар.

Гүлдей жайнап өстік балабақшада,

Енді бізді есейді деп ойлаңдар!

1-бала: Ия. Томирис, сенің есіңде ме ,біз балабақшаға келгенде тіліміз былдырлаған кішкентай бүлдіршіндер едік қой (слайд көрсету)

2-бала: Дәуіржан , біз қандай кішкентай болғанбыз , ал қазір балабақшада ән айтуды, өлең оқуды, билеуді үйреніп , тіпті әріптерд і үйреніп, оқуға да төселіп қалдық.

1-бала: Ия, енді міне есейіп балабақшамызбен қоштасып, мектеп табалдырығын да аттағалы отырмыз. Олай болса, бізді осындай дәрежеге жеткізген тәрбиешілерімізді ортаға шақырайық!

2-бала : Толқимын, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай сәт болған, сірә, қаншаңызда,

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық .

Құрметті, тәрбиешілерді ортамызға! (Тәрбиешілер кіреді)

К: Қуашышқа көңіл бүгін тасады,

Бүлдіршіндер өмір есігін ашады.

А: Түлектерге ақ жол тілеп қуанышпен,

Тәрбиешілер ақ тілектен шашуларын шашады!

К. Ал, енді ортаға балғын жүректері лүпілдеп, осы сәтті күтіп тұрған бүлдіршіндерімізді шақырайық!

(Балалар ортаға шарларымен кіріп ,композиция жасайды)

А: Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа жеттіңдер.

Барасындар мектепке ,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,

Өсті, міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

К:

Лүпілдеп нәзік жүрегің

Ерекше күн сен үшін.

Қоштасар сәтте толқулы,

Не дейсің балғын түлегім.

1-Б:

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейрімменен нұр тамар.

Алдарында жауқазындай құлпырып,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-Б:

Біз балауса баламыз,

Жетіліп ой- санамыз,

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз

Өткен күндерді қиялдап,

Сағынармыз әлі-ақ біз.

3-Б:

Оқу білім үйреткен

Өзіңізді қимаймыз,

Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз.

4-Б:

Қуантып әрі қинайды

Бақшамнан алыс кеткенім.

Қажет қой бірақ білімнің

Ізіменең өткенім

Өзіңмен басталып арманым,

Білімнің көгіне самғадым.

Барамын бақытты етуге

Елімнің ертеңгі таңдарын.

5-Б:

Қуанышым мол менің ,

Мектебіме арнадым.

Ұмытпаймын өзіңді ,

Балабақша қош-сау бол!

Хор «Қош бол, балабақша»!

К: Балалар қалай өздерің мектепке баруға қуаныштысындар ма?

Төрежан: Сіздерге сұрақ тар қойсақ бола ма?

К: Әрине, қойындар.

1-Б:

Ол қандай болады екен мектеп деген?

Қалайда оған баруымыз керек пе екен.

Айтқаныңыз бойынша мың құбылған,

Бір ғажайып мекенді елестетем.

2-Б:

Бестік деген бар дейді жақсы баға

Өзі келіп сөмкеме толады ма?

Шаршағанда мектептен жалыққанда

Оқымай ақ қоюға болады ма ?

3-Б:

Пайдалы деп олар да ойлайды да,

Түсте тағы ұйықтатып қоймайды ма?

Зілдей ауыр сөмкені тасымай-ақ

Қалдыруға мектепте болмайды ма?

К: Балалар осы сынды сұрақтардың бәріне жауап алу үшін біз бүгін «Балалық шақтан»- «Сәлем мектеп» бағытына сапар шегіп көрелік.Кәне, барлықтарын билеттерін бойынша өз орындарынды табыңдар. (Балалар орындарына отырады, слайдтан пойыздың дауысы естіліп, суреті көрсетіледі Сол кезде жүгіріп «Тілші» кіреді).

Тілші: Сәлеметсіңдер ме, кішкентай жолаушылар . Мен балалар журналынан келген тілші едім. Сендермен осындай толқулы сәтте сұхбаттасқым келіп тұр.

К: Сәлемет пе, тілші жолдас ,әрине ,біз сізге сондай қуаныштымыз.

Т: Балалар , сендер бүгін қандай көңіл күйдесіздер? -Тамаша, қуанышты,көңілді.

Т: Ал, мектепте білім алып есейген шақта, қандай мамандық иесі болғыларын келеді?

1-б: Тексеруші мен болам

Билеттерді тексерем.

2- б : Мен министр боламын

Тәртіпке мен басшымын.

3-б : Бекеттерді қалдырмаймын

Хабарлаушы мен болам.

4-б: Теңізші мен болам .

Бар теңізге жол ашам,

Жолаушы мен жүктерді ,

Алыстарға жеткізем.

Т: Тамаша, ал қоштасар сәтте тәрбиеші апайларын не айтасыңдар?

1-б: Ботақаным , бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын.

Апайларды ерекше ,

Қуантамыз біз бүгін.

2-б: Жақсылыққа құмармыз ,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс.

3-б. Үлкен сенім жүктеп алып,

Мектепке кетіп барамыз

Тәрбиеші өзіңменен

Қоштасу әнің саламыз! (Балалар ортаға шығып ән айтады)

ХОР: « ТәрБиеші»

Тілші : Балалар сендердің талаптарың өте зор екен. Сендерге сәт сапар, ақ жол тілеймін! (кетеді ,сол кезде хабарлаушының дауысы шығады : Біз « Тәртіптілер» бекетіне жақындап қалдық.

К: Міне ,балалар мектепте бізге ең бірінші керегі тәртіп екен ғой. (пойызға сотқарлар кіреді).

1-С: Біз сотқармыз, даңқымыз,

Алты қырға жетеді.

2-С: Бізді көрген балалар,

Қорқып қашып кетеді.

3-С :Достым бұл жер себебі,

Сотқарлардың мекені.

К: Балалар бұл қалай болғаны біз тәрбие мекені екен ғой десек.

1-С: Мыналардың тәртіпті екені түрлерінен көрініп тұр,кәне біз оларға өз ережемізді үйретіп жіберейік.

«Сотқарлар» әні:

Үйшік жасап, жем беріп,

Аялама құстарды.

Десе сені « бұзақы»,

Аямағын қыздарды.

Ақымық боп кеттің бе?

Көмектеспе ешкімге.

Ақыл айтса үлкендер,

Ыржалаңдап күле бер.

Жуынуды қайтесің,

Кір-кір болып жүре бер.

Қ-сы.

«Сәлем,сау бол,кешірші»

Деген сөздер ескірді.

Қазір ешкім мектепте,

Жақтырмайды бестікті.

Қ-сы

К: Ой-ой-ой! Солай етуге болама , балалар?

Б: Жоқ-жоқ, мүлдем болмайды,

Жасамаймыз ондайды.

1-Б: Ренжітпейміз қыздарды,

Аялаймыз құстарды.

2-Б : Үлкендерді сыйлаймыз,

Ақылдарын тыңдаймыз!

3-Б: Мектепке ертең барамыз,

Бестік қана аламыз.

Бәрі: Дос таспаймыз сотқарлармен,

Тәрбиесі жоқтармен.

1-Сотқар:Ой, мектеп жылдары ең сұмдық жылдар.Ең-ең қорқынышты.Біз сендерді өз мектебіме шақырамынз.Ол мектеп «зиянкестер» мектебі деп аталады. Кәне , кім жазылады, оқу тегін, ақысыз, емтихансыз қабылданасындар.

Төрежан: Онда балалар қандай ғылымменн танысады?

2-С: Біз онда сағызды орындыққа жағуды.төбелеске, өз ісіңді мойындамай басқа біреуге жаба салуға үйретеміз.

К: Балалар, қалай сендер осындай мектепке барғыларын келе ме? ( жо-жо-жоқ)

К: Онда , біз оларға өзіміз бара жатқан білім ордасы туралы әнімізді айтып берейік.Олар сонда түзелер.

ХоР: «СәЛеМ СаҒаН мЕкТеБіМ»

К : Сотқарлар , естідіңдер ме? Біздің балалар сендерге ілеспейді.Кәне, пойыздан түсіп қалыңдар.

1-С : Ой-ой-ой ! Көрерміз қашанғы ақылды болатыңдарын.

2-С : Іштері әлі пысады, жындары кеп қысады.

3-С : Басын әбден шоқыған ,шаршайды әлі оқудан.

1-С : Милары әбден ашиды, бөлу алу қосудан.

3-С : Сонда ғана біздерді,

Жанұшырып іздейді.

3-С : Сол кезде біз сендерге есік ашпай қоямыз. Ал, сау болыңдар, болашақ... (басын ұстап біраз ойланады )....не деуші еді бұндайларды ...иа...иа...иалы...

1-С : Қиялилар!

3- С: ЖоҚ! ...иа...иалылар!

2- С : Зиялылар!

3- С :Ә, иә, иә, иә! Зиялылар. Сау болыңдар, болашақ зиялылар. (Әр түрлі қимылдар жасап , балаларды мазақтап шығып кетеді)

К : Ой, балалар білімге жол ашамыз деп сотқарларға ілесіп кете жаздадық қой.

Жолсерік дауысы: Келесі бекетіміз « Алғыс» бекеті.

Балалар, бұл бекет біздің бақшамызға деген ықыласымызды естігілері келеді екен .Әрине сапарымыз әр түрлі қызықтарға толы болып келеді,ендігі жерде сүйікті бақшамызға , ондағы апайларға деген ыстық ықыласымызды, жылы лебімізді өз өнерлерімізбен көрсетейік.

1-Б :

Сізді біз сирек көреміз,

Құрметтеп көңіл бөлеміз

Сыртымыздан жағдайды.

Жасап жүр деп сенеміз..

Ойынға әсте тоймаймыз,

Балабақша ойнаймыз

Сонда сіз боп ойнауға

Таласуды қоймаймыз.

Тәрбиеші сізді тыңдайды,

Өзгеге мойын бұрмайды.

Жұмсасаңыз бір жаққа

Жүгірмей дәрігер тұрмайды.

Балабақша сәнді, кең,

Болды ыңғайлы жай нағыз.

Бәрі үшін алдымен «Жамалқия Қабденқызы»

Сізге алғыс айтамыз!

2-б :Тыңдауышы мойныңда,

Өлшеуіші қолында,

Ақ халатты дәрігер

Әрқашанда орныңда.

Маңдайымызды ұстайды,

Жүрегімізді тыңдайды.

Аузымызға қасық сап,

«А» деп айт деп ымдайды.

-Білегіңді тос,-дейді,

-Денеңді ұста бос,-дейді,

-Екпесі бір бітпейді,-

Деуші едік «қашан қош» дейді.

Көңілді сау- саламат

Жүргеніміз сіздің арқаңыз.

Қоштасар кез жеткенде,

Дәрігер «Анар» апайға айтамыз көп саламат!

3-Б :Өнерге жансыз бек құмар,

Дейміз сізден текті бар.

Алыстан сізді көрсек те

Ән салғымыз кеп тұрар.

Біз сізге дән ризамыз!

Үйренгенбіз өнер біз

Өнерден қол үзбейміз.

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйреткен «Айнаш, Алуа, Айна» апайлар , сіздерге де мың алғыс.

4-Б:Отырмайтын стол шертіп,

Қағазда болса кем-кетік

Компютердан бір қарап

Жүресіздер ылғи жөндетіп

-Бастық келе жатыр ,- деп,

Тәртіпке бізді шақырып,

Не айтсаңыздар да мақұл деп

Тәрбиешілер жүрер асығып

Жанар, Гүлнәр апайлар

Сіздерге де мың алғыс!

Сіздер үшін «Әдемі қуыршақтар» би билейді.

5-Б :Қағазға сурет салдырып

Қарайсыз көз талдырып

Суреттерімізді мақтайсыз

Аналарымызды таң қалдырып

Данагүл апай сізге де ,

Айтамыз біз мың алғыс.

6- Б :Үйреттіңіздер тілдерді

Келер деп әлі –ақ алдына,

Келешегімізді ойлап біздердің

Үйретпегендеріңіз қалды ма

Ақмаржан, Бақыт апайлар ,

Қабылдаңыздар мың алғыс!

7-Б:Болмайтындай кетпеуге,

Қоштасар кез жеткенде.

Алуа, Гүлден, Гүлнәр апайлар,

Сіздерді де қимаймыз

Және айтамыз мың алғыс!

Ән «Қош , балалар бақшасы».

8-Б :Бақшада болса кем кетік,

Әсте тыным таппайсыз.

Біреулерді ертіп кеп,

Жүресіз ылғи жөндетіп.

Жанат апай сізге де,

Айтамыз біздер көп алғыс!

9-Б :Әр түрлі ұлттың киімі

Бақшада бар қаншама.

Соның бәрін тігетін

Клара , Гүлнәр апайлар

Сіздерге де мың алғыс!

10-Б:Жарқырап есік, терезе

Сүртетін шкаф, кебеже,

Еденді де жуатын,

Жолатпай шаңды қуатын.

Тұмаркүл апайға мың алғыс

Көрінбей жүріп тұратын!

К : Сіздерге біздің ұлдарымыз әдемі билерін арнайды .

Жолсерік : Келесі бекетіміз «Еңбекқорлар» бекеті

(Бір шеттен ұйқыдан әрең тұрған кейіп танытып , жастығын құшақтап Жалқау шығады).

Ж : Түн бе, қазір күндіз бе?

Сендер өзі кімсіндер?

Таңғы сағат он бірде,

Мұнда нағып жүрсіндер?

1-Б :Арман болған білім елін ,

Іздеп жолға шығып едік.

Келер жылға дайындалып,

Біраз жоспар құрып едік.

Ж :Арман , жоспар деген немене өзі? Мазамды алмаңдаршы , орын бар ма өзі, сәл мызғып алайын?(жастығын а басын қойып ұйықтаған болады. Үш бала келіп оятады)

1-Б : Ұйықтамашы , тұршы.

2- Б : Жол көрсетші , жүрші.

3- Б : Айтшы оқу досың ба?

Білім елі осы ма?

Ж : Қайдағы білім елі, қайдағы оқу? Өздерің көп сөйлейді екенсіңдер.

К : Балалар бұл « жалқаулар» елі болды ғой,мұнда келгендердің бәрін ұйқы басады.Келіңдер, Жалқаубекті балалық шақтын әдемі бір күнің еске түсіретін биге шақырайық. Мүмкін ол да қызығып биге қосылар , жалқаулықты тастар.

Би «Балалық шақ»

Ж: Ой , қойындаршы билеріңді. Ұйқымды бұздыңдар ғой. Шіркін, ұйқыдан тәтті не бар дерсің бұл өмірде.


К: Балалар Жалқаубек бізге ілесетін түрі жоқ қой, амал не,і сапарымызды әрі қарай жалғастырайық.

1- Б : Жалқау бикеш оянсын

Боын түзеп, боянсын.

Бір мүмкіндік берейік,

Кемшілігін жоя алсын.

К : Ендеше келіндер, оятайық.

« Жалқауға» әні :

Жалқаулықты таста да .

Қосыл біздің қатарға.

Жүр , мектепке барайық

Білімді көп алайық

Жаттығайық , кел бірге

Риза болсын ел бізге.

Келтіреді күлкіні ,

Қара мына сиқынды.

Бас алмайтын күндіз –түн

Қою керек ұйқыны.

Ж: Балалар маған біраз уақыт беріңдер. Мен жалқаулықты тастап ,жақсы адам боламын. Сендермен мектепте кездесуге уәде беремін. (шығып кетеді)

Жолсерік : Балалар, мен сендерге ризамын. Сендер шыныңда да білім алуға құштар екенсіңдер.Сондықтан келесі бекетіміз « Білім» бекеті екенің қуанышпен хабарлаймын.

( залға Білім ханшасы кіреді, қасында Әліппе, математика, қоңырау, портфель киімдерін киген балалар.)

Білім ханшасы:

Меніменен танысыңдар,

Ең алғашқы әліппемін.

Сөз құраудан жарысындар,

Мынау менің әріптерім.

«Сөз құрау» ойыны

К: Десек те уақытпенен жарыспайды

Қияға қарқынменен қарыштайды

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

«Әліппе» әнің өзіңізге бағыштайды.

ХоР «ӘлПпЕ»

Математика :

Дария білім еліне,

Амалдарым келіңдер.

Қажетсіңдер не үшін?

Түсіндіріп беріңдер.

(Ортаға қосу , азайту, бөлу , көбейту шығады )

Қосу :

Жақсылыққа жақсылық,

Жалықпастан қоса бер.

Не жасасаң алдыңнан,

Тура соны тоса бер.

Азайту :

Айтпа ешқашан өтірік,

Көп сөлеме көпіріп.

Алып таста бұларды,

Жүрмес үшін өкініп.

Көбейту :

Тыңда мені жарқыным,

Көбейсін ой, ақылың.

Қаптап жүрсін жаныңда,

Жанашырың, жақының.

Бөлу:

Ел- жұртыңмен барыңды,

Бөлісуге дайын бол.

«Жомарт, адал, ақылды»,

Деген атқа лайық бол.

Математика :

Сандарым қайдасыңдар, өз орыңдарынды табыңдар.

«Өз орныңды тап» ойыны.

Қоңырау қыз :

Қоңыраумын сылдырлаған,

Қозғап қалсаң сыңғыр қаққан.

Белгі берем білсінші деп,

Уақытты жылжып жатқан.

Пртфель –ұл :

Мектепке бірге баратын,

Арқаңа мініп алатын.

Портфельмін ішіне ,

Керегіңді салатын.

К : балалар қоңырау мен сөмкенің сендермен ойын ойнағысы келіп тұрған сыңайлы . Кәне, біз оларға мектепте қандай бағалар алатынымызды көрсетейік.

(Қоңырау соғылғанда бала сөмкені иығына салып , бағалар тұрған жерден бір бағаны алып сөмкесіне салып ,орнына қайта оралады.)

Әліппе :

Қолыңда деп ертеңім,

Артты саған ел сенім.

Мектепке енді келе ғой

Әліппеңмін мен сенің.

Математика :

Әлі –ақ өсіп жарқыным,

Үйренерсің барлығың

Оқитының төзіммен,

Көрініп тұр көзіңнен!

Білім ханшасы: Міне, балалар «Білім елі» осындай болады. Ол сендерді құшақ жайып , күтіп тұр. Жолдарың болсын!( сыйлықтарын береді, барлығы шығып кетеді)

К :

Аққудай өрнек салған көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле

Бұралып тал шыбықтай тұла бойы

Шаттық пен күлкі үйіріле келбетіне.

«Қоштасу» вальсі

Дәуіржан:

Бақшаны әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап.

Өйткені ол баласындай

Бізді өсірді аялап

Барлығы:

Мың алғыс сүйікті бақшамызға,

Мың алғыс сүйікті апайларға!

Томирис :

Қош бол, әсем бақшамыз,

Қош бол, құрбы-құрдастар.

Қош, балалар бақшасы

Алғаш ашқан есігім,

Қадіріңді білерміз

Біз шалғайда жүрсек те!

ХоР « Бақшамен қоштасу»

А:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып қанат қағып есейіп

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

К:

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерде арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Құтты болсын қадамдарын аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейміз.

Соңы.











Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 03.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров173
Номер материала ДВ-303124
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх