Инфоурок Дошкольное образование КонспектыКонспект утренника "Жасыл шырша жанында"

Конспект утренника "Жасыл шырша жанында"

Скачать материал

Жаңа жылға  арналған  мерекелік ертеңгілік  өткізілетін, әсем безендірілген  залға балалар  қол ұстасып  кіреді 

Т:

Ал, балалар, балалар,

Айналаға қараңдар.

Жаңа-жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, мәз болып,

Шаттана күліп , тойлаңдар!

Ата-аналар , құрметті!

Көкейіме жыр кеп тұр.

Жаңа-жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Жаңа-жылдық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қабылдайық қошеметпен,

Бүлдіршіндер өнерін!

Тамерлан :
Жаңа жыл, жаңа жыл. 
Жаңа жылда-жаңа жыр. 
Жасыл шырша жанында 
Жадырап бар бала жүр. 
Айша-бибі:
Тамаша.тамаша! 
Шыршамыз тұр жараса. 
Басында әсем жұлдызы 
Көз тоймайды қараса. 
Гүлім:
Жасыл желек жамылған, 
Асыл моншақ тағылған, 
Miнe, сұлу шыршамыз. 
Көптен күтіп, сағынған, 
Кел, балалар, келіндер, 
Тамашаны көріңдер. 

Тәрбиешіге бәpi қосылып: 
Қала нұр, дала нұр 
Құтты болсын , Жаңа жыл!

Т: Ал, балалар, балалар

Күні ертеңгі даналар

Жаңа жылға арналған

Кешімізді ашайық.,

Әсем әнге басайық..

                        «Ақша қар» әні орындалады. (Аңдар шығып кетеді)
Тәрбиеші: 
Келіңдер жас ұландар, 
Мені бір уақ тыңдандар. 
Уақиғамда сан қилы 
Қызық- қызық сырлар бар. 
Жаңа жылдың кешінде 
Аңдар келіп бip шешімге 
Достаспақшы ниетпен 
Жиналыпты келісімге. 
Соныменен, қонақтар 
Жаңа жылға арналған 
Көріністі көріңдер 
Шын бағасын беріңдер. 

(Мерекелік музыка ойналады.) 

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да: 

Ау, жарандар,  қараңдар 
Жауып тұр қар себелеп. 
Көкке толды, жерге қонды 
Сансыз аппақ көбелек. 
Тым алыстан, Марстан 
Келіп Аяз атамыз 
Жылды тойлап, 
Билеп-ойнап, 
Көп қызыққа батамыз!  Менің достарым қайда жүр екен?

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады. 

Қоян: Амансыз ба, аю паң! Ұйқыңыз қайда ағажан?
Аю: Жаңа жылдың алдында 
Тойды еске алдым да 
Ұйқымды ашып, сергідім 
Ұйықтамаймын мен бүгін! 
Жылды қарсы алайық 
Би билеп, ән салайық. Қорықпа, менен ,қоянжан!

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап түлкі келеді.

Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем! 
Аю паңға мың сәлем! 
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!

Түлкі:

Достарым, жыл келеді 
Сыйлығын ол береді 
Қутындаған тулкінің 
Өнерін жұрт көреді 
Тауып өз сыңарымды 
Тайсалмай, биге түcемін.  
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан 
Жүрген жерің күлкілі ән! 

Аю, қоян,түлкі бipre билей,жөнеледі.  Осы кезде орталарына кipni келеді

Kipпi: 
Сәлем,достар,аман ба?

Барлығы: Сәлем, кірпі!

Кірпі: 
Нұр берді шырша алаңға 
Жылға шашу шашайық, 
Тойлап, көңіл ашайық. 
Қоян , келші биге басайық! 
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді. 
Тиін: 
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй! Бәріңізге бір сәлем! 
Өнершіл аңдар-ай 
Өңкей паңдар тыңдаңдар, 
Жаңа жылға әнім бар 
Қол ұстасып, биге басып, 
Жыл әніне салыңдар 

Бәpi: 
Сәлем,тиін! 
Жақсы-ақ биі!

Бәpi қосылып, билейді.

Бәрі:  Жаңа жыл құтты болсын, достығымыз мықты болсын!  Жаңа жылдарыңызбен!

Тәрбиеші: Құрметті орман аңдары. Бүгін біз сендердің достықтарына тәнті болып тұрмыз. Әрдайым осындай тату болып жүріңдер. Сендерге біз әрине өте қуаныштымыз. Сендердің әндерін де, билерінде тамаша.Бізге сондай мерекелік көңіл күй сыйладыңдар.

Балалар , кәне бәріміз қосылып «Достық» биін  билейікші.

                                  Би «Достық»

Тәрбиеші:
Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, Соны шешесіңдер ме? 
Балалар: Иә. 
Жұмбақ: 
Ақсақалды бір ата  
Қыста келіп кетеді 
Қызы мен ұлына 
Сыйлық алып келеді 
/Аяз Ата/ 
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар. 
Балалар:

Аяз Ата! Ақша қар!

Шыршамызға кел, кел

Тақпақ айтып береміз,

Бізге сыйлық бер, бер - деп айғайлап шақырады. / Аяз –Ата келе қоймайды. /Балалар тағы бір шақырады/
Тәрбиеші:

Аяз-ата келмеді ғой, кәне мен атамызға тағы бір рет қоңырау шалайын. /Залға «Маша мен аю» мултьфилімнің әуенімен Аю кіреді. Қолында шырша, ортаға әкеліп қояды да, ойыншықтарды іле берген кезде Машаның дауысы шығады./

Маша:Миша, Мишка, а- Миша, сен қайдасың? Қашпа менен. Ау, Ау-у.

/Аю дауысты ести сала басын ұстап қашып, шырша артына тығылады.. Ізінше Маша кіреді/

Маша: Миша, сен қайдасың, тығылма менен, Тығылмақ ойының кеше ойнадық қой. /  Ортадағы шыршаны көреді./ -О, шырша! /Шыршаны айнала жүреді/ Ай, ай, қандай бейбастық. Әдемі шыршасыз жаңа –жылды қалай тойлаймыз. Қазір, біз оны ретке келтіреміз. / «Жасыл шырша» әнің айта бастайды.  Жасыл шырша  жайнаған..., қайда екен орманда ма, әлде үйде ме? Жо-жо-жоқ! Хм!  Қалай еді!/ Жан-жағына қарайды да, балаларды көріп қалады./ -А, сендер не қылып отырсындар , маған көмектеспейсіндер ме, әнді ұмытып қалдым ғой. Кәне, келіңдер , ән шырқайық!

                              «Жасыл шырша» жырланады.                         
Маша: Рахмет! Ал, мен шыршаны әдемілейін . /Шыршаны құлатып алады./

Маша: Ой- ой –ой не істедім?! /Басын ұстап шыршаның қасында жүреді/

Тәрбиеші: Балалар, Аяз –атаға хабарластым, қазір келіп қалады. Ал, бізде қонақ бар сияқты ғой. Сәлем, Маша! Қалың қалай?

Маша: /көңілсіз/ Сәлеметсіз бе? Мен Мишаның шыршасын бүлдіріп алдым. Енді сіздердің шыршаларыңызды алып кететін шығармын.

Тәрбиеші: Тоқта.  Тоқта, Машенька! Қалайша. Ал балалар шыршасыз қалай жаңа-жылды қарсы алмақ. Олай болса сен бізбен бірге бол.

Маша: Жо-жоқ, қала алмаймын. Менің Мишам жоғалып кетті, оны тауып алуым керек.

Тәрбиеші:Маша, сен уайымдама. Кел, балалармен ойын-ән орындайық.Біздің дауысымызды естіп өзі де келіп қалар.

                                       Ән « Буги-буги»

  /Ән аяқтала бергенде Миша шырша артынан шығады. Маша оның мойнына асылып, қуанады/

Маша: Ой, Мишнька, қонжығым менің , сен мені кешірші. Балалармен бірге мерекені тойлайық, Аяз-атаны күтейікші.  / Аю Машаның құлағына сыбырлайды/

Маша:Әрине. Балалар , Миша Аяз- ата барлығымызға сыйлық әкеледі ғой, біз де оған тосын сый жасасақ қайтеді,- дейді.

Тәрбиеші: Маша, балалар  олай болса кәне біз Атамыз бен Ақша қарға арнап әдемілеп шырша безендірсек қайтеді. Кәне, Маша, аю екі топқа бөлінейік.

                                Ойын «Шыршаны безендір»
/Музыка ойналады да Аяз-Ата мен Ақшақар кіреді/

Қызым-ау, міне , тамаша 
Қарашы, біз тойға келдік! 
Кәне,барлығымен амандасайық. 
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға 
Бүлдіршін балаларға бip сәлем! 
Жаңа-жылды алып келдім

Ақ шырақты жағып келдім.

Сендерге мына  балаларым

Тәтті сыйлық алып келдім!
Балалар амандасады:  Амансыз ба,Аяз –ата, ақ таяқты паң ата!
Тәрбиеші:

Аяз –Ата, Ақшақар,

Қош, келдіңдер ортаға.

Балаларды қуантып

Шаттық беріп  баршаға.
Ақша қар:

Күтіп жүрген қанша бала, қанша қыз

Ортаңызда сүп-сүйкімді Қарша қыз.

Жаңа-жылдарыңызбен!

                                   Ән « Аяз ата мен балалар»./ 
Тәрбиеші: Кәне, Аяз-Ата бізге шырша жағуға көмектесіз бе?

Ата: Әрине.Жаңа-жылда балалардың тілегін неге орындамасқа!

Маша: Аяз- ата шыршаны мен жағайыншы, менің міне сіріңкем де бар. /Үлкен қорапша мен шырпы алып . 1-2-3, шырша жарқырай түс ,- деп шырпыны жақпақшы болады.

Тәрбиеші: Ой, Маша не істемекшісін, сен бұлай  бәрімізді өртейсін ғой.Балалар шырша шамдарын осылай жағуға бола ма?  

Балалар : Жо- жоқ! Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!
Балалар тақпақты айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шакырып, шыршаны жағады.

Тәрбиеші: /Аяз-ата демалсын, тақпақтарға жол берейік/

Кел, балалар тақпақ

Тақылдатып айтайық

Аяз –Ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық.

Медина.:
 Жылдың әнің бастайын,

Аяз –ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.
Айша А:
жаңа –жылды қарсы алдық . Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым. Араластым биге де.

Жәния: 
Безендіріп шыршаны, Жыл қуантты баршаны.

Той- маскарады басталды, Аяз –ата басқарды.

Ханшайым:

Аязымен шындалған,Шырша тойы жырланған.

Жылда әкелер сый маған, Аяз-Ата шын бабам.

Мадина.Ш:

Қалып едік сағынып, Жолын қойдық жарық қып.

Күтіп алдық жабылып, Шыршаларға шам іліп.

Айша К :

Жүзімізде күлкі ойнап .Қанаттанды жанымыз.

Жаңа-жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз.

Самина:

Күтіп жүрген қанша біз, Сүп-сүйкімді қарша қыз,

Баршамызға нансаңыз, Алып кепті бал сағыз

Мәншүк:

Алақай, алақай Аяз –Атада ортада.

Алақай-алақай ,Ақша қарда ортада.

Камила:

Тілеймін мен бар әлемге. Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, ата-әже , Құтты болсын жаңа жыл!.

Аяз-ата: Ой, жарайсындар менің кішкентай қыздарым!

Ақша-қар:Балалар , жаңа-жылдың тойында, жан салайық ойынға.

                Ойын «Кім жылдам»  /Бірінші Маша мен аю ойнап көрсетеді.

             Аю ойыннан кейін шаршадым деп шырша артына кетіп қалады/

Ата: Ой, жарайсындар , балғындарым! /Жөтеледі/

Маша:Ата ауырып қалдың ба? Енді қалай жаңа –жылды қарсы алмақшысың?Мен қазір /жүгіріп кетеді де дәрігердің чемоданың алып келеді  .үлкен шприц алып шығады/ емдеймін.

Аяз-Ата: Ой, қызым жәй жөтел ғой, мен ауырып тұрғам жоқ.

Маша:Ата сөйлемеңіз. Сізге сөйлеуге  болмайды./Үлкен градусник алып аяз атаның қолтығына тығып қояды./

Тәрбиеші: Маша, сен атамызды емдегенше , Қарша қыз ұлпа қаршалармен билеп самал желімен атамызды салқындатсын.

Ақша қар: Ия

Менің әсем ұлпаларым

Маған ұшып келеді.

Таң қалдырып өнерімен

Бәрі билеп береді.

               «Ақшақарлар» биі

Тәрбиеші: Аяз –ата енді жақсы болып қалдыңыз ба?

Ата: Ой , Қаршаларым. Маша қызым менің сендерге көп рахмет.Өзімді өте сергек сезініп тұрмын. Тіпті осында отырған әкелермен ойын ойнағым келіп тұр.

               Ойын « Тақия тастамақ»

Ата: Ата-аналары сондай епті екен, ал ұлдарымда қандай өнер бар.

Тәрбиеші: Ұлдарыңыз тамаша тақпақтар айтып бермекші.

Әбілхайыр, Аңсар, Нұрасыл , Емирхан, Омар, Шыңғыс тақпақтарын айтады.. 

Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар. 

                   Ән   «Жаңа-жыл, жаңа жыр»
Ақша-Қар: АязАта! Сіз біздің балаларға әкелген  сыйлықгар қайда? 
Аяз - Ата: Барлық сыйлық қапшығымда еді ғой! /Жан-ағына қарап таба алмайды./ Ә-ә . қу қыз! Маша қайдасын? / Маша шарша артынана аузы басы шірне-шірне болып шығады.

Маша:Ой, қандай тәтті қампиттар! Бірақ сәл аздау болып қалды ма?
Тәрбиеші: Ой, тентек қыз.Балалар енді сыйлықсыз қалатын болды ғой!
Маша:
Ой, апатай алаңдамаңыз. Атамыз сыйқыршы ғой. Бір жағдайын жасайды ғой.
Аяз-Ата: Ай-ай, Маша тентектігіңді енді түзету керек. /Залда айналып жүреді де таяғымен тарсылдатады.Маша сонынаң жүгіріп жүреді. Аяз –Ата: Ақ таяғым тарс-тарс, сыйлықтарды тап-тап. Ата залдағы қарлардың арасынан қапшық алып шығады. Ішінде сыйлық, балаларға таратылады./
 Аяз-Ата: Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын!

Ақша –қар:         

Жаңа-жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен!

Маша мен аю да қоштасады.

 Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! 
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2016-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект утренника "Жасыл шырша жанында""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2016 851
    • DOCX 28.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абубакирова Кенжегуль Жарылкасыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5697
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие речевых навыков у неговорящих детей в структуре группового занятия «Мама и малыш»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Особенности культурно-досуговой деятельности с детьми и подростками

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Особенности работы с детьми после кохлеарной имплантации в условиях дошкольного учреждения

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе