Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект внеклассного мероприятия «Дені саудын – жаны сау»

Конспект внеклассного мероприятия «Дені саудын – жаны сау»

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Дені саудын – жаны сау»

Мақсаты:Денсаулық жайлы түсінік беру.

Міндеттері:

  1. Білімділік:Бала денсаулығының басты кепілі дене бітімі,тазалық туралы мағлұматтар беру.

  2. Дамытушылық:Күн ережесін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.

  3. Тәрбиелік:Балаға жас кезіне өзіне ненің қажет еместігін үйрету.

Көрнекілігі:Газет(денсаулықты қадірле),сөз жұмбақ. Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезені. Сәлеметсіңдер ме, балалар,сабаққа әзірлеу. 2. Психологиялық дайындық, оқушылармен шеңберге тұрып,жақсы тілектер айтамыз. Жақсы орындарына отырындар. Мұғалім:Балалар бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы:»Денсаулықты қадірле»! Қане айтындаршы, балалар «Денсаулық» дегеніміз не? Әңгімелесу. «Денсаулық» деген сөз-денінің саулығы деген мағынаны білдіреді.Денінің-ауру сырқаудан аман, қайратты,жігерлі,көңілді болуының өзі денсаулықтың белгісі. Ал жақсы балалар, ендіше тапсырмалар орындайық. Оқушы тапсырма алады, оқиды. Денсаулыққа байланысты қандай тақпақтар білесіңдер. Мәдина:Сәлемдесейік жымиып, Жүректерге нұр құйып.

Жылы сөздер сергітер, Адамдарды тұнғиық. Қане тағы кім бізге тақпақ айтады. Ержан:Бұрын біздер ауырсақ, Дәрігер қарар жанын сап. Дәріханаға барамыз, Дәрі сатып аламыз. Ернұр: Шомыламын күнде мен, Тамаша екен бұл деген. Балақайлар,бәрің де, Дос болындар суменен. Ержанат: Күлімде күн күлімде. Күлсін барлық бала шат, Денсаулығы мықты болсын Бейбіт болар болашақ. Ақжол: Шынықсын жас бүлдіршін Күлсін барлық бала шат, Денсаулығы мықты болса Бейбіт болар болар шақ. Бауыржан: Бір,екі,үш.бір, екі,үш Тартынба үдет күш Шынықсаң, оңасын Шын батыр боласын. Тапсырма: Денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Денсаулық-зор байлық. Дені саудың-жаны сау. Дәрі шөптен, ақыл көптен. Емнің алды-еңбек. Саулық-байлық негізі. Ас- адамның арқауы. Тапсырма:Денің сау болу үшін не істеу керек? Спортпен шұғылдану керек,дұрыс тамақтану керек,жеміс-жидектер жеу керек. Спорттың қандай түлерін білесіндер? Хоккей,футбол,волейбол,теннис,шаңғы тебу. Дүниедегі ең тәтті нәрсені ата? Ұйқы,адамның жаны,ананың ақ сүті, Мысал оқу. Астында Джип машина, үйі бар,бірақ аурады-ол адам бақытты

ма?-жоқ. Мың доллар ақшасы бар,бірақ аурады-ол адам бақытты ма?-жоқ.Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт не екен?»Денсаулық» Жақсы, балалар, ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер оны шешіңдер. Ертемен күнде сен Шомылған баланы, Қолыңа сүйкесен, Аймалап алады. Кетіп кір,ласың Сүртеді қолын да, Тап-таза боласың, Сүртеді жонын да, Бұл не? (сабын) Бұл не? (сүлгі) Иілсең иіліп, Судан бұл қорқады, Шүйілсең шүйіліп Бұдан кір қорқады. Қарайды кісіге (сабын) Ұқыпты ісіне Бұл не? (айна)

Қимылдаса қос шебер Қыруар-қыруар іс өнер.(қол) Сергіту сәті. (Көзге арналған жаттығулар)


Келесі тапсырма сурет салу. -1 топ - Денсаулыққа пайдалы заттардың суретін салу.

2 топ - Денсаулыққа зиян келтіретін заттардың суретін салу.

Әр топтағы оқушы өздерінің салған суреттерін қорғайды.

Соңғы біздің тапсырмамыз сөз жұмбақ шешейік.

  1. Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек?(дене шынықтыру)

  2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді?(гигиена)

  3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата?(Үнді)

  4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі?(су)

  5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?(ауа)

  6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі?(шылым шегу)

  7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?(валеология)

  8. Адамның денсаулығына ең керекті не нәрсе?(ұйқы)

  9. Американ ғалымы П.Брэг адамдарда болатын аурулардың неден болатының айтқан?(тамақтанбаудан).

Қане, балалар, хормен. «Денсаулық-зор байлық.»

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров75
Номер материала ДВ-455537
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх