Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект внеклассного урока в 7 классе на тему "Ұлттық аспаптар"

Конспект внеклассного урока в 7 классе на тему "Ұлттық аспаптар"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жанар Байбазаровна Жиенбаева

ШҚО,Өскемен қаласы

КММ «Крупская атындағы толық

емес орта мектеп-интернаты»

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі


Сабақтың тақырыбы

Жуан, жіңішке дыбыстар. Үй жануарлары

Сабақтың міндеттері


Үй жануарлары туралы түсініктерін, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, төлдерін атай білуге үйрету, жуан, жіңішке дыбыстарды айыра білу, модуль бойынша алған білімдерін саралап, қорытынды жасау.Оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, ақыл-ойын, білімге деген ынтасын дамыту, сөз тіркес, сөйлем құрай дағдыларын дамыту.Сауатты, таза, ұқыпты жазуға баулу, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарау.

Күтілетін нәтиже

Топпен жұмыс жасап дағдыланады. Үй жануарлары жайында мәліметтерді біледі, көзқарастарын айтып, пікір білдіреді.

Сабақтың түрі

Қорытынды сабақ


Сабақтың әдісі

Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

Музыка, бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі

Электронды оқулық, суреттер,слайд, үй жануарлары бейнеленген парақшалар. 

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі

1.Сәлемдесу

2. Кезешімен сұхбат

3.Топқа бөлу

Топқа бөлініп, топ басшысын белгілейді.

ІІ. Сабақтың тақырыбын,

мақсатын айту.


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары. Жуан, жіңішке дыбыстар». Сабағымыз сайыс түрінде өтеді, 3 топқа бөлініп жұмыс істейміз. Қазір, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Дәптерлерін ашып, күнді, тақырыпты жазады.

ІІІ. Үй жұмысы.


Балалар, сендерге үй жұмысына 1-тапсырма берілген. Осы тапсырманы қатесіз көшіріп жазып, жуан дыбыстарды бір сызықпен, жіңішке дыбыстарды екі сызықпен белгілеу керек болатын. Тексерейік.

Дәптерлеріңдегі тапсырманы тақтаға қарап тексереді, қателерін түзейді.

(Тақтада берілген тапсырмада бір бала жуан, жіңішке дыбыстарды белгілейді).

1.Айтылым

Диктордың атаған жануарларын естеріне сақтайды, содан кейін толық қайталап береді

Қай топ көп сөз есіне сақтап, айтып береді, сол жеңімпаз болады. Мұқият тыңдайық.

Жақсы, диктор қандай үй жануарларын атады.

Кім айтады?(Сиыр, түйе, бие, шошқа ....)

Кім жауабын толықтырады?

1-топ неше сөз санайды,

2-топ неше сөз санайды,

3-топ неше сөз.

(Сиыр, түйе, бие, шошқа ....)

Кім жауабын толықтырады?

1- топ ең көп жануар атады.

2.Ойын «Төлдерін тап»




Қай топ тез және дұрыс жануарлардың төлдерін тауып, белгілейді, сол жеңімпаз болып, жұлдызшаға ие болады.

Тақтада үй жануарларының суреттері, олардың төлдерін табу керек.

(Тақтаға жұлдызша жапсырылады).

Дұрыс және тез тапсырманы

3-топ орындады

3. Ойын «Сөз жарысы»




Бұл ойынға топтың капитандары шақырылады.

Жақсы, бұл сайыста тез және ең аз қате жіберген 2-топ капитаны болды.Сондықтан бұл топ осы сайыста жұлдызшаға ие болды.

Орысша сөздерді, қазақшаға аударып жазады.

Қалғандары берген парақшада көп нүктенің орнына қажетті әріпті қойып жазады.



4. Ойын «Үй жануарлары қалай дауыстайды?»


Бұл сайыста қай топ тез және дұрыс жануарды атайды, сол жеңімпаз атанады.

Жақсы, балалар, осы сайыста тез және дұрыс жауап берген 1-топ балалары. Осы сайыста олар жұлдызшаға ие болды.

Үй жануарларының дыбыстарын айырады.


5. Көру диктанты


Қай топ қатесіз және көп сөзді есіне сақтап жазады,сол жеңімпаз болады.

Қателеріңді түзеңдер, егер қате жоқ болса -5 деген баға қойылады, 1-2 қате болса -4 деген баға, 3-4 қате болса -3 деген баға, одан көп болса -2.

Осы сайыста әр топ тапсырманы тез және дұрыс орындады,сондықтан бәріне бірдей жұлдызша беріледі.

Сөздерді жазады.

6. Ойын – сайыс «Қандай?»


Суретке қарап, жануарларды атап, сөз тіркес құрастырады. Қай топ белсене қатысады, сол жеңімпаз атанады.

Сиыр қандай? Бұзау қандай?

Ешкі қандай? Лақ қандай?

Бие қандай? Құлын қандай?

Шошқа қандай? Торай қандай?

Қой қандай? Қозы қандай?

3-топ сұрақтарға тез және дұрыс жауап берді, сондықтан келесі жұлдызша соларға беріледі.

Сиыр үлкен, бұзау кішкентай.

Ешкі үлкен, лақ кішкентай.

Бие үлкен, құлын кішкентай.

Шошқа үлкен, торай кішкентай.

7. Жазылым


Қай топ белсене қатысады сол жұлдызшаға ие болады.

Мынау не?

Қандай қой?

Кімнің үлкен қойы?

Менің үлкен қойым бар ма?

1-топ жұлдызша беріледі, белсене қатысқаны үшін.

Сұраққа жауап береді. Кезекпен тақтаға құраған сөйлемдерді

Жазады.

Қой. Үлкен қой. Менің үлкен қойым. Менің үлкен қойым бар.





8. Сергіту сәті

Бала,бала, балақан

Қане, қайсы алақан

Саусақтарың айбат,

Былай, былай ойнат.

Топ, топ басайық.

Жалаудан күн жасайық

Жаса, жаса, алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн

Сергітуді орындайды.

9. Ән «Қошақаным менің». Слайд «Қозы»

Тыңдаймыз, ән не туралы екен?

Оқушылардың орындауында «Қошақан» әні.

ІУ.Қорытынды


Сонымен балалар ән не туралы болды?

Жақсы балалар, біз бүгін сабақта не туралы айттық. Қандай үй жануарларын білеміз?

Қошақан туралы.

Үй жануарлары туралы.

(Кластер жасайды, үй жануарларының суреттерін жапсырады)


У. Рефлексия


Нені білдік? Нені үйрендік

Үй жануарларын, төлдерін атап үйрендік, жуан, жіңішке дыбыстарды қайталадық.

УІ. Үй жұмысы


Үй жануарлардың суретін салып келу. Парақшадағы тапсырманы орындау.

Күнделіктерін ашып, үй

жұмысын жазады..

УІІ. Бағалау

Ең көп жұлдызша жинаған 2-топ командасы, сондықтан бүгінгі сабақта олар бес деген баға алады, 1-топ командасы олардан көп қалыспады, сондықтан 4 деген баға , ал 3-топқа бүгінгі сабақта тырысып жақсы жұмыс істеуге құлшынғаны үшін осындай жұлдызшалар беріледі.





Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров64
Номер материала ДВ-455412
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх