1582867
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокДругоеКонспектыКонспект воспитательного часа по предмету самопознание "Әдептілік - тәрбие бастауы"

Конспект воспитательного часа по предмету самопознание "Әдептілік - тәрбие бастауы"

библиотека
материалов

Әзбергенова Әдемі Набидоллақызы

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты

Тәрбие сағаты: «Әдептілік – тәрбие бастауы»

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, сыпайлыққа, өз халқының салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету. Әр оқушының адамның ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: плакат, қанатты сөздер, мақал- мәтелдер.

Тәрбие сағатының барысы:

-Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар. «Әдептілік-тәрбие бастауы» тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Шарамызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне жинала қояйық.

Балалар, «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» дегендей әдепті адамға ең алдымен сәлемдесу қажет. Әрбір халықтың сәлемдесу әдебі бар екен. Қытайлар қолдарын қысып, басын иіп амандасады екен. Айтқан сөзінің мағынасы, яғни ол «Қарныңыз тоқ па? Тамақ ішесіз бе?» дегені екен. Ал, енді ауған халқы бастарын ұстап амандасады екен. Ол «Бастарыңыз аман ба?» дегені екен.

Ал, біздің қазақ халқы қалай амандасады?

Ия, өте дұрыс. Біздің халық төс қағыстырып амандасады. Қане, бәріміз бір-бірімізбен амандасып алайық.(Бәрі осылайша амандасады!)

І кезең. Топқа бөлу. (І топ –Әдептілер, ІІ топ –Ізетшілер)

ІІ кезең. Құпия хаттармен жұмыс.

Оқушылар құпия хаттарын ашып, дауыстап оқып, ойланып айтады.

Әдептілер тобына: 1-хат.

Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен бірге дос болып ойнайын ба?

Ізеттілер тобына:

2-хат. Құрметті достар!

Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, тапсырманы орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады, сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.

Мен бермесем, «Сен сараңсың»-дейді. Мен не істеуім керек?

Пікіралысу.

ІІІ кезең. «Шатастырмай тез тап» мақал-мәтелдерді құрастыру

Балалар, әрқашан әдепті болу үшін, жақсы істер жасау үшін әдептілік туралы мақалдар жаттап жүру керек.

«Әдептің не екенін әдепсіздікті көргенде білесің» деген халқымыз.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Тәрбиелі адам тағалы атпен тең.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

Әдепті бала, арлы бала.

Балатәрбиесі –бесіктен.

Адам әдебімен көрікті.

Әдеп басы-тіл.

Өзіңді-өзің сыйламасаң , өзгеден сый дәметпе.

Жақсылық еккен алғыс орады.

Тәрбие басы тал бесік.

ІV кезең. Жағдаяттарды талқылау.

Өмірде адам түрлі жағдаяттарға кездеседі. Оларды қалай шешуге болады?

Әдептілер тобына:

Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Қарсы бұрыш тан пакет ұстаған қария кездесіп, сен оның байқаусызда қағып кеттің, пакет жыртылып, заттар шашылып қалды. Сенің әрекетің?

Ізеттілер тобына:

Саған апаң өзі жұмыстан келгенше үйдегі жұмыстарды тапсырып кетті. Сен ойынға кетіп, уәдеңді ұмытып кеттің. Сен келгенде, апаң ренжулі. Өзі жұмыстардың барлығын жасап жатыр екен. Сенің әрекетің?

V кезең. Тренинг «Жұбын тап»

Адам- мінезімен сұлу.

Дөрекілік –әдепті.

Ашуланшақ- шыдамды

Ұстамсыз –қарапайым

Өзімшіл- сабырлы

Әдепсіз –кекшіл

Тәкәппарлық –сыпайы

VI кезең. Блиц-турнир

Әдептілер тобына:

  1. Әдептілік белгісі неде?

  2. Көшеде танысың тұр.сен өтіп бара жатырсың. Кім сәлемдесу керек?

  3. Амандасу үрлері қанда й?

Ізеттілер тобына:

  1. Өзіңекөрсетілген сыйға не айту керек?

  2. Телефонмен сөйлескенде кім бірінші сәлемдесуі керек?

  3. Дастарханнан кімнің рұқсатымен тұру керек?

VII кезең. Жүректен –жүрекке. «Әдеп»- сөзін талдау

VIIІ кезең. Ойын «Болашақта мен қандай болуым керек?»



Қорытынды сөз. Әдептілік –барлық адамға жарасып тұратын қасиет. Ол адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. Олай болса, әдептілік-әдеп сақтаудан басталатынын ұмытпағанымыз абзал. Бәрімізде әдепті болайық.









Labirint.ru - ваш проводник по лабиринту книг
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДВ-383702

ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Labirint.ru - ваш проводник по лабиринту книг
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.