Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект занятия : : «Менің елім»

Конспект занятия : : «Менің елім»

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршағаш ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Менің елім»

Мақсаты: Балаларға туған ел туралы түсініктерін кеңейту.

Өзі туған жеріне, өз еліміздің табиғатына сүйіспеншілікпен қарау. Ойын арқылы ой-өрісін кеңейту. Бір бірін сыйлауға, сыпайлыққа, талаптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекліктер: суреттер, киіз үй, көп қабатты үйлер мен көшелер макеты.

Билингвалдық компонент: «Отан»- Countri -/контри/

Сабақтың барысы: - Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

  • Сәлемдесу /Қонақтармен амандасу/

Шаттық шеңбер: Сәлем, сәлем,

Сәлем саған,

Сәлем күнге,

Сәлем барлық әлемге!

Есікті қағып топқа Айсұлу, Айжан атты құыршақтар келеді. Балалармен амандасады. Балаларды біздің елімізге саяхатқа баруға шақырады. Саяхатқа шықпай алдында сендер маған айтындаршы: - Біздің Отанымыз қалай аталады? /-Қазақстан/ ( «Отан»- Countri -/контри/ )

  • Дұрыс балалар, біз Қазақстанда тұрамыз.

Қазақстан тәуелсіз, егеменді, қонақ жай мемлекет. Ал бас қаламыз қалай аталады? – Астана.

Астана қаласы өте әдемі. Табиғаты өте көркем қала. Осы қалада өзіміздің призидентіміздің үкімет үйі орналасқан. Қазақстанның тұрақты ұлты қазақтар. Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір кешуде. Еліміздің табиғаты керемет, таулары, ағаштары, көлдері қандай ғажап. Сол мемлекетте көптеген үлкен, кіші қалалар мен ауылдар бар. Соның ішінде біздің туып өскен қаламыз Павладар. Павлодар әсем көрікті қала, көп қабатты үйлермен мәдениет орындары, балабақша, мектептер дүкендер т.б. әдемі мекемелер орналасқан. Ал ендіше біз сиқырлы пойызға отырып жолға аттанайық. /пойыз ауені қойылады/

Келе, келе жатырмыз, міне келіп қалдық біз.

Балалар қарандаршыертеде адамдар өмір сүрген жерге келдік.Қазақ халқы ертеде киіз үйлерде тұрды, ал киіз үйдің ішінде сандық, дөңгелек үстел, көрпешелер сырмақ болыпты. Ыдыс аяқтары: ағаш қасық, тостаған, ағаш кеселер болыпты. Ол кезде көліктер мүлдем болған жоқ. Адамдар ат жегіп немесе салт мініп жүретін. Ал енді біз сендермен қандай үйлерде тұрамыз? – Иә, балалар қазір біз киіз үйлерде тұрмаймыз, біз көп қабатты үйлерде, өз пәтерімізде тұрамыз. Жиһаздарда мүлдем ұқсамайды. Балалар айтындаршы біздің Павлодарда қандай үйлер бар?

Үлкен және аласа/ жер/ үйлер бар.

Ал, көшелері қандай? Кең және тар көшелер.

  • Дұрыс, балалар ! – Өте тамаша.

  • Ал кім Отан туралы мақал мәтелдерді біледі.

  1. Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

  1. Отан оттан да ыстық.

Жарайсындар, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті: Дөнгелене тұрайық

Керегені құрайық

Ұйықтар боп иіліп

Киіз үйді құрайық

  • Балалар, Айсұлу мен Айжанға саяхат өте ұнады сендерге рахмет айтады.

  • Балалар, қуыршақтардың бір өтініші бар, олар құрлыс заттардан үйлерді құрастыра алмайды. Оларға көмектесейік.

  • Кәнекей біз оларға үйлер құрастырып берейік. Айжанға көп қабатты үй, ал Айсұлуға аласа үйді құрастырады.

Құыршақтар ойын ойнауға шақырады.

- Ойын: «Хан талапай»

Рефлексиялық түзетулер:

- Балалар, бүгін біз сабақта не білдік?

  • Не көрдік?

  • Қайда саяхатқа бардық?

  • Жарайсындар, балалар сендер бүгін тақырыпты жақсы меңгеріпсіндер, отан туралы мақалдар да білесіндер.

Сендер елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз отаның сүйетін азамат болуға тиіссіндер, өйткені біздің Қазақстанымыздың болашағы сендерсіндер.

Айсұлу мен Айжан сендерге сыйлық әкелді. Айсұлу, Айжан шашу шашады, қоштасады.

























































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров69
Номер материала ДВ-384831
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх