Инфоурок Дошкольное образование КонспектыКонспект занятия на тему "Наурыз"

Конспект занятия на тему "Наурыз"

Скачать материал

 


«Наурыз – ән, Наурыз - жыр»

балалар әдемі әуенмен залға кіріп отырады содан кейін тәрбиешіге сөз беріледі)

Жүргізуші: Армысыздар қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз  мерекесімен құттықтаймын.Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурызда күн  мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк  шығып, төрт  түлік  мал түлеп,  көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз   мерекесі.

бүгінгі «Наурыз - ән, Наурыз – жыр» атты ертеңгілкімізді  бастаймыз.

Жүргізуші:Балалар осында қонақтар келе жатқан сияқты, сөйлеген дыбыстары естіледі.

Қыдырдың бірі қонақ деген,

 Ендеше, қонақтарды қарсы алайық!

 (Осы кезде залға Алдар келеді)

Алдар: Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Шайтанды да алдадым

– Ассаламауғалейкум! балалар Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жылымыз берекелі болсын! Айтар жылы сөздерің болса өнерлерің болса аянып қалмай ортаға сала отырыңыздар!

Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе .Наурыз – жыл басы. Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі. Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық. қабыл алыңыздар.

Ән: «Көктемде»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

                     Тойда қызық өнер бар

                     Сіздерге арнап дайындаған,

                     Тақпағымыз тағы бар.

Анеля: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.

Алтынбек:Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

Адеми: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!

Б.Азат: Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз

 

Айлин: Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Айсултан: Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

Жүр-ші:Ал балалар ойнайық

               Ойнайық та ойлайық

               Көсенің күш жігерін

               Осы жерде сынайық

Ойын: «Тақия тастамақ»

Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжемізді қарсы алайық.

Әже:Наурыз құтты болсын.Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін. Бақытты болыңдар балақайлар

Алдар : Әже төрге шығыңыз !

Жүргізуші: Қош келдіңіз!

Наурыз келді тамаша

Ән шырқайық таласа!- дей келе, мына тамаша әнді қабыл алыңыздар!

ӘН: «НАУРЫЗ»

Жүргізуші:Әже Наурыз көженің дайындалуы жайлы бірер кеңес айтып түсіндіріп жіберсеңіз

Әже:

Адал астан бұйырған

Дәм татсын ел жиылған

Бидай салдым көжеге

Мол болсын деп биыл нан.

Өткіздік деп қысты аман

Сүр ет салдым ыстаған

Ұлыс күні сақталған

Тары да бар ақталған.

Ақ бар адал ниеттей

Бала – шаға шиеттей

Ұялуды қойып іш

Тоқтық болсын тойып іш. (Алдарға көжеден ауыз тигізеді)

Жүргізуші: Алдар көсе ! Наурыз көженің дәмі қалай екен ?

Алдар: Тамаша! Дәмі тіл үйіреді! Рас айтамын! Әже қолыңызға дерт бермесін!

Жүргізуші: Наурыз салт – дәстүр мерекесі!

Салт – дәстүрім жараса

             Қайта түлеп жаңаша

             Жарыса өнер көрсетіп,

             Той тойлайық тамаша – дей отыра балалар,  «Тұсау кесер" рәсімін тамашалайық.

(әже тұсау кесер көрсетеді және шашу шашылады).

Жүргізуші:  Ал олай болса, біз бүгін ортамызға, Ақ жаулықты әжеміз  немересіне , «Тұсау кесер»  рәсімін өткізеді. Бәріміз бірге тамашалайық.

Салт-дәстүр: «Тұсау Кесер»                                                                                      

 «Қаз-қаз балам, қаз балам,                                                                                          

 Қадам бассаң мәз болам.     
Тағы, тағы баса ғой.                                                                                                    

 Тақымыңды жаз, балам.                                                                                                                

 Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың! («Тұсау кесер»  жырынан)
Жүргізуші: Құрметті  қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекесіне  арналған  «Тұсау кесер» тойының  батасын  әжемізге жолдаймыз.

Әже:Ниеттерің ақ болсын

Бастарыңа бақ қонсың

Тыныш болсын елім!

Гүл жайнасын жеріміз!

Таза болсын ауамыз!

Тұнық болсын суымыз!

Алланың нұры жаусын!

Алдарыңнан ақ күн тусын!

Жургізуші: Ұлыстың ұлы күніне арнап біздің бүлдіршіндеріміз тағыда дайындаған тақпақтары бар

Б.Асхат: Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!

Алина: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.

Е.Азат: Көктем келді өлкеме,
Табиғатым тамаша.
Гүл қаптады бөктерді,
Нұрға толды айнала

Алиша:Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.

Ахмет: Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.

Інқар: .Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.

Амир: Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады

Жургізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Биші қыздар билесін

Кәне, қарсы алайық!

Би: «Кесемен би»

Жүргізуші: Тойдың сәні әнмен ойын, біздің балалар ұлттық ойындарды жақсы көреді.

Ұлттық ойын «Теңге алу»

Алдар: Балалар, мен былтыр сендерге қонаққа келгенде кішкентай едіңдер, бойларың едәуір өсіп қалып, ал ойларың қандай? Кәне мен тексеріп көрейін?

-          Қандай мерекені тойлап жатырсыңдар? Ұлыстың Ұлы күні

-          Ал, жұмбақ шеше білесіңдерме?

1)      Аспандағы алып доп

Жарқырайды жарық боп (күн)

2)      Иісі жоқ түсі жоқ

Оны ішпейтін кісі жоқ (су)

-          Ал, қазір қандай жыл мезгілі? (көктем)

-          Көктем туралы өлең білесіңдер ме?

Ән: «Көктем»

Алдар көсе: Бойларыңды көрдім, ойларыңды тексердім, ал күштерің бар ма? (Бар) Ендеше « Арқан тартыс» ойының ойнайық.

Ойын: «Арқан тартыс»

Жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән саламыз шырқатып

Би билейміз бәріміз.

«Қара жорға»  биін тамашаланыз!

Алдар көсе:Ал, Ақ әже мен де құр бос келмеп едім, қоржынымда балаларға арнаған бұйымтай сыйлығым бар еді соны өздеріңе тарту етсем деймін, қабыл алыңдар балақайлар!(Әже мен Алдар көсе балалармен қоштасады)

Жүргізуші:

Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект занятия на тему "Наурыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 713 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2020 300
    • DOCX 22.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Эмина Кереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Эмина Кереевна
    Казиева Эмина Кереевна
    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22125
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Единый профориентационный минимум: курс внеурочной деятельности "Россия – мои горизонты"

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Организация деятельности школьного театра в условиях реализации обновленного ФГОС НОО и ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Песочная терапия в работе с детьми

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 425 человек из 61 региона

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе