Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект занятия на тему " Здоровье зубов "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Конспект занятия на тему " Здоровье зубов "

библиотека
материалов

САУ ТІС ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ.

Мақсат: Адам табиғаттың бір бөлігі екендігі жайлы, ас қорытудың маңызды бір бөлігі тістерді күтіп баптау туралы білімдерін тереңдету. Тістерін қорғап күтудің маңыздылығына балалардың көзін жеткізу, санитарлық-гигиеналық дағдыларды жетілдіру.

Көрме: «Тіс – күлкі сәні» балалардың күліп түскен суреттері, тіс күтуге арналған заттар.

Барысы:

1-жүргізуші: Балалар, бүгін сіздерді «Сау тіс – денсаулық кепілі» деген ауызша журналмен танысуға шақырамыз. Бұл журналды оқымайсыздар, тамашалай отырып тыңдайсыздар және толықтырасыздар. Журнал бес беттен ғана тұрғанмен, ол тістерімізді күтудің не үшін қажет екендігін бәрімізге түсіндіре алады. Көңілді әуен ойнаған сайын журналымыздың бір беті ашылады. Кәне, бәріміз бір – бірімізге күлкі сыйлайық. Бәрекелді! Міне, журналдың бірінші беті де ашылды. (музыка).

«Адам табиғаттың бір бөлігі».

2-жүргізуші: Жер шарындағы барлық нәрселердің ішіндегі ең күрделісі және ғажабы ол адам. Адам табиғаттың бір бөлігі: ол дем алады, өседі, дамиды, қоректенеді. Адам баласы ойлайды, сөйлейді, мазмұнды еңбек етеді. Адам ағзасы өзара бірін бірі толықтыратын үйлесімді қызмет атқаратын мүшелерден тұрады. Мына сұрақтарға жауап бере аласыздар ма?

  • Кітап бетіндегі суреттерді қай мүшенің көмегімен көре аламыз?

  • Құстың сайрағанын қалай білеміз?

  • Нан иісін не арқылы сезінеміз? (балалардың жауаптары тыңдалады).

1-жүргізуші: Ендеше жұмбақтар тыңдайық:

  • Бірі сөйлейді, екеуі тыңдап, екеуі көреді.

  • Екі көрші өмір бойы жарысып, бір – бірінен оза алмай келеді.

  • Аттас екі анада бес баладан, олар да аттас.

  • Айдын көлде алтын тас, ау салса да алынбас.

  • Аузы бүрме қызыл қалта, ішінде отыз екі малта.

Өз ағзаңды білу – оны сақтау, денсаулығыңды нығайту үшін керек.

Тапсырма: Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атау: сүлгілер (дене, шаш, аяқ, бет құрғатуға арналған), айна, тарақ, сабын, қол және мұрын орамалдарт.б.

Екінші бет: Біз және біздің тістеріміз.

2-жүргізуші: Сәби дүниеге тіссіз келеді. Алғашқы тістер 6-8 айда пайда болады да, 2 жасқа келгенше тістер 20-ға жетеді, ол тістер сүт тістер деп аталады. Кейін сүт тістердің орнына 32 тұрақты тістер шығады. Олар сүт тістерден гөрі үлкенірек болып, тығыз қатар құрайды. Бұл тістер үнемі күтуді қажет етеді, себебі, одан кейін жаңа тіс өспейді. Біздің тістерімізді эмаль қабығы жауып тұрады, ол денедегі ең қатты зат. Эмаль тісті бүліну мен аурудан сақтайды. Бірақ, ол да кейде шытынайды. Неге? Себебі, біз өте ыстық, суық тағамдарды бірінен кейін бірін ішеміз, мұндай ыссылы суық тіс эмаліне зиян. Жаңғақты тіске салып шағамыз да, өзіміздің тісімізді өзіміз бүлдіреміз. Тістің адам өміріндегі маңызы қандай? Ол ас қорыту жүйесінің маңызды бір бөлігі. Адам тағамды тіспен үзіп алып, шайнап жейді. Ауру тіс әртүрлі ауруларға себепші. Мысалы: тіс ауырса тамақ дұрыс шайналмайды, ол асқазанның жұмысын қиындатады т.с.с.

Оқушы: Тісім қаулап шықты,

Санау қиын тіпті.

Бәрі қардай аппақ,

Әрі қандай мықты.

Ала қаптан алып,

Азу тіске салып,

Апам берген құртты,

Жей аламын шағып.

Үшінші бет: Тіс ауырса дәрігерге жүгір.

1-жүргізуші: Тіс ауыруының ең көп таралатын түрі «тіс жегісі» – деп аталады. Ол тісте қара дақ түрінде пайда болады да, уақыт өткен сайын ұлғая береді. Ол, әсіресе, су мен тағамда фтор аз жерде «тіс жегісі» өте көп кездеседі. Тіс жегісі жаңа басталған кезде оны ауыртпай емдеуге болады. Егер дер кезінде емдемесе, кейін ол тіс ауырады, тістің түбірі бұзылады, емдеу қиын болады. Ол тіпті басқа тістерге де көше бастайды.

Плачет Костя И.Демьянов.

Оқушы: Плачет Костя ноют зубы

Чистит зубы он не любит.

Ни снаружи, ни внутри,

Разболелись сразу три.

Вот сверло жужжит от злости,

Зуб сверлит, ругает Костю:

«Зубы чистит ты не любиш

Вот со мной стал знаком.

Чис – сти зубы, чис –сти з – зуб – бы

Пор –р – рош –ком, пор – р – рош – ком»!

«Тісіңді сақта» көрме экспонатымен танысу.

2-жүргізуші: Зооәзіл.

Қасқыр қоянды қуып жетіп, ұстап алды. –Қорықпа, қоян! Мен сені жемеймін. Концерт тыңдауға шақырайын, - деп едім. Дәл 2 сағатқа созылады. Көрдің бе? Екеумізге билет сатып алдым. Торғай ұшып келіп қоянның құлағына сыбырлайды: – Сенбе! Сенбе оған! Жаңа ғана тіс дәрігеріне тісін емдетті. Енді оған 2 сағатқа дейін тамақ ішуге болмайды.

Төртінші бет: «Пайдалы кеңестер».

1-жүргізуші: Қызыл иек қабынып, тіс жиі ауырмас үшін тамақ құнарлы және сапалы дайындалған болуы керек. Жасыл көкті және жидектерді, бауыр, балық, құс етін пайдаланғанда ағзаға қажет минералды заттар мен дәрумендерді бірге қабылдаймыз. Дәрумендер көзге көрінбейді, бірақ олар тамақтың құрамында адам денсаулығына өте пайдалы қызмет атқарады. Егер «А» дәрумені болмаса көздің көру қабілеті кемиді, «С» дәрумені азайса тіс түсе бастайды, «В» дәруменіні тапшылық ұйқыны бұзады. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, шикі көкөніс пен жемістер жегеннің пайдасы қандай? (балалардың жауаптары)

  • Шикі қатты көкөністер (орамжапырақ, қияр, сәбіз), тығыз жеміс (алма, алмұрт) тісті тамақ қалдықтарынан тазартып, қызыл иекті бекітеді. Жуа мен сарымсақ іріңдететін бактериялады жояды. Сонымен бірге көкөніс, жеміс –жидектерде адамның денсаулығына қажет қуат көзі өте көп.

  • Тісті инемен шұқуға бола ма?

  • Жаңғақты тіспен шағуға бола ма?

  • Темір қақпақты ыдыстарды тіспен ашуға бола ма? (балалардың жауаптары).

2-жүргізуші: «Сырт етіп жаңғақ шағылды».

  • Менің тісім мықты, – деп Дәлер мақтанды да «сырт» еткізіп жаңғақ шақты.

  • Мен де шаға аламын! Әділхан аузына жаңғақты салып жіберіп қатты тістенді. Жаңғақ шағылмады. Қаттырақ қысты, бәрібір «сырт» еткен дыбыс шықпады. Үшінші рет қайталағанда «сырт» етті, бірақ аузынан жаңғақ тұтас шықты да, одан кейін сынған тіс көрінді.

Бесінші бет: «Тіс – күлкі сәні».

1-жүргізуші: Тіс адамның күлкісіне әр береді, әрі дұрыс та мәнерлі сөйлеуге көмектеседі.

Тіс күтудің қандай ережелерін білесіңдер? (балалардың жауаптары).

  • Тісті күніне екі рет тазалау.

  • Тамақ ішіп болғаннан кейін ауыз қуысын жылы сумен шаю.

  • Ыстық тамақпен қабаттастырып суық нәрсе ішпеу.

  • Тәттіні көп қолданбау.

  • Қатты нәрсені тіспен шақпау.

  • Тісті әркім өзінің жеке щеткасымен тазалау.

  • «С» дәруменіне бай көкөністер жеу.

2-жүргізуші:

Улыбнитесь пошире.

И пусть все видят, что ваши зубы,

Согласно словарю эпитетов

Крупные и ровные,

Острые и частые

Твердые и жемчужные,

Белые клыкастые,

Мраморные и крепкие

Самые смехастые.

1-жүргізуші: Сонымен балалар, тістің үш жауы бар екен.

  1. Тіс таты, ол тамақтанғаннан кейін ауыз қуысы дұрыс шайылмаса, тістің ішкі бетіне тас түрінде жиналып, тісті бұзады. Сондықтан тамақтанып болғасын, майлы қалдықтар тұрып қалмас үшін, тісті міндетті түрде жылы сумен шайып, тазалау керек.

2-жүргізуші:

  1. Стомотологтар неге тәттіге қарсы? Себебі, тәттілер тіс татын тіске мықты жапсырушы қызметін де атқарады. Сонымен, қант өзіне қос қауіпті жасырушы екінші дұшпан екен.

1-жүргізуші:

  1. Ал, үшінші жау – фтордың жетіспеуі. Тіс бұзылмау үшін – тәттіден соң міндетті түрде ауыз қуысын шаю, тазалық сақтау, тісті күтіп – баптау ережелерін орындау сияқты – мәдени гигиеналық ережелерді бұлжытпай орындау да маңызды. Егер тістеріміз сөйлей білсе бізге:

Асықпай, аптықпай тазала,

Мұқият ішінен, сыртынан,

Жақсылап ысқыла, ысқыла,

Жолатпа тым суық ыстыға, – деп үйретері сөзсіз.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров196
Номер материала ДВ-300385
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх