Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект занятия "Осень" для групп с государственным языком обучения

Конспект занятия "Осень" для групп с государственным языком обучения



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Күз мезгілі» (тіл дамыту)


Тақырыбы: Күз мезгілі

Сабақтың мақсаты: 1) Күз мезгілі туралы түсініктерін молайту. Ой-өрісін, білім деңгейін жетілдіру. 2) Балалардың тіл байлығын, өз ойын жеткізу, дұрыс сөйлеу мәдениетін дамыту. 3) Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: «Күз» суреті, карточкалар, эмблемалар, боялмаған дайын жапырақтар,гуашь бояуы қылқалам, ватман,орамалдар.

Сөздік жұмыс: алтын күз, жомарт күз, дымқыл, бұлыңғыр, түнерген, тұман, бұлтты.

Сабақтың барысы

  1. Таңғы шеңбер.

(Балалар топқа кіріп, шеңбер құрып тұрады)

Қуан! Шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіз бе!

-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болады, сонықтан бір-бірімізге жылы жүзбен қарап сәттілік тілейік

2. Әңгімелесу.

-Балалар менің мына өлеңімді тыңдап көріңдерші?

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай

Денең мұздап тонады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады? (балалартың жауабы: Күз мезгілінде)

-Дұрыс айтасыңдар, күзде

-Енді бір мезет бәріміз терезеге көз салайықшы, далада ауа райы қандай?

(балалардың жауабы: Суық, жер дымқыл, аспан бұлтты)

-Балалар қалай ойлайсыңдар қазір жылдың қай мезгілі? (балалардың жауабы: Күз мезгілі)

-Жарайсыңдар! (кенеттен топқа бір жапырақ ұшып келеді)

-Балалар қараңдаршы бұл не ұшып келген? (жапырақ)

-Қандай түсті жапырақ?(сары түсті)

-Жарайсыңдар, балалар бұл жапырақ бізге тегін ұшып келген жоқ. Бүгінгі іс-әрекетіміз күз жайлы болмақ.

-Балалар менің қолымдағы не?( Тәрбиеші балаларға тамшы мен сары жапырақ эмблемасын көрсетеді)

-Қалай ойлайсыңдар неліктен біз осындай белгі таңдадық? (балалардың жауабы:өйткені күзде жаңбыр жауып, жапырақтар сарғаяды)

-Жақсы олай болса, екі топқа бөлініп, жапырақтар бір бөлек, тамшылар бір бөлек отыра қалады.

3 Топпен жұмыс

1 топ тапсырма:(негізгі) Сюжетті сурет бойынша әңгімелесу(табиғат өзгерістері)

2 топ тапсырма:(шығармашылық) Жапырақтарды сары немесе тоқ сары түске бояп, боялған жапырақтардан күзгі кілем жасау.

(тәрбиеші алдымен 2 шығармашылық топқа тапсырма береді)

Балалардың назарын «Күз» суретіне аудару.

-Балалар суретте жылдың қай мезгілі берілген? (күз мезгілі)

-Қайдан білдіңдер? (балалардың жауабы)

-Күзді тағы қалай айтады? (алтын күз, жомарт күз)

-Балалар мына суретте қолшатырмен серуенге шыққан баланы көреміз.

-Қалай ойлайсыңдар, ол неге қолшатырмен шықты? (өйткені далада жаңбыржауып тұр)

-Ол серуенге жалғыз шықты ма? (жоқ, итпен серуенге шықты)

-Балалар енді аспанға көңіл аударайықшы, аспан қандай? (Бұлтты, түнерген, бұлыңғыр)

-Ағаштар қандай, оларға не болды? (Жапырақтары сарғайып түсіп қалды)

-Жапырақтар қайда түсіп жатыр? (көлшікке, жерге)

-Көлшік қалай пайда болды?(өйткені жаңбыр жауып, су жиналды)

Бекіту ойыны «Күзде не болады» (балалар кезекпен табиғат өзгерістерін атайды)

-Жапырықтар сарғаяды, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшады, жел соғады, астық жинайды,тұман болады, адамдар жылы киінеді.

-Жақсы күз туралы тағы не айта аласыңдар?


(Балалардың жауабы)

Күз дәнімен көрікті, Шықса көк,

Қыс қарымен көрікті. Түссе сары.


Жаз да өтер, күз де жетер Сайрандады күліп-ойнап,

Жыл мезгілі ауысып. Келді міне алтын күз!


Құстар қайтып , әнін айтып.

Тапсырма: Карточкалармен жұмыс.

-Балалар қазір мына суреттердің ішінен күзге қатысты сурет таңдаймыз. (балалар ол суретті неге таңдағанын түсіндіріп береді)

-Жарайсыңдар балалар! Күз турала көп біледі екенсіңдер!

(Кейін екі топ тапсырмаларымен ауысады. 1-ші топ күзгі кілемді жалғастырады, 2-ші топ сюжетті сурет бойынша әнгімелеседі)

4.Қорытынды-рефлексия

-Бұл күзгі кілемді біз сәбилерге сыйлаймыз.

-Балалар бүгінгі сабақ несімен ерекше болды?

-Келесі жолы жақындағы саябаққа қыдырып баратын боламыз.

-Жарайсыңдар, барлықтарын бүгін жақсы жұмыс істедіңдер!



hello_html_7a4a4a5a.gif


Эмблемалар

hello_html_m1b3d64ae.jpghello_html_1c0af9e5.png


hello_html_426ef660.gif






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров88
Номер материала ДВ-353326
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх