Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект занятия "Жұмбақ әлеміне саяхат"

Конспект занятия "Жұмбақ әлеміне саяхат"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Жұмбақ әлеміне саяхат.

Білім беру аймағы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту.

Мақсаты: Балаларға жұмбақ туралы білім беру, шығармашылық халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Сөздік қорын байытып, сөйлемнің дұрыс грамматикалық қатарын құру.

Әтештің шақырған дауысының фонограммасы қойылады. Бір кезде Мақта қыз шығады.

Мақта қыз: Ой, таң атып қалыпты ғой?! Ал, Күн қайда? Ол әлі оянбаған болар. Балаларға қарап, келіндерші күннің қалай оянатынын көрсетейік.

Көзге арналған «Күн» атты жаттығу жүргізіледі.

Күніміз оянады,

Ол бұлттарды санады

Жоғары қарады,

Төмен қарады.

Оңға, солға (көзбен қозғалыстар жасаймыз)

Көзін ашып – жұмып жыпылықтатады да,

Қайта жұмды.

Күніміздің оянғысы келмейді.

Балалардың көздері жұмылып тұрған кезде Күн бейнеленген сурет шығады.

Мақта қыз: Қараңдаршы, міне Күнде оянды! Келіңдер, оған күлімдейік!

Бет массажы жүргізіледі.

Күніміз оянады

Бетімізге тиді (саусақтарды тигізу).

Шуақтары сипап (мұрыннан құлаққа дейін).

Жылуын бізге берді.

Мақта қыз: Қандай ыстық, мейірімді Күн! Осындай күнде саяхатқа шыққыларын келе ме?

Балалар: Ия.

Мақта қыз: Онда мен сендерді «Жұмбақ әлеміне» апарайын.

Барлығымыз көзімізді жұмайық.

«Әдемі күлімде» жаттығуын орындатады. Ернімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз. Көзімізді ашамыз.

Мақта қыз: Жарайсындар, балалар. Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Жұмбақтар әр түрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар көрмесіне шақырамын.

(Үстел үстіндегі жұмбақтар көрмесіне назар аударып, ондағы заттармен танысады).

Мақта қыз: - Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталиайды, оны ойлап, не туралы айтылғандығын табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін, ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сөзбен айтады.

Ойын: «Жануарларды тап».

Мақта қыз тақтаға екі суретті іледі. Бірінші суретте орманның, екінші суретте үйдің суреті бейнеленген.

Мақта қыз: Балалар мен жұмбақты жасырамын, оның шешуіндегі шыққан жануардың мекендейтін жерін, қорегін табасыңдар.

Өзі қу, әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі).

Тонын киіп тұған,

Жалап бетін жуған. (Мысық).

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян).

Тіл ұстарту.

Мақта қыз қоян туралы саусақ ойынын ойнатады.


Ян-ян-ян

Жүгіріп жүр шаян.

Бұл қоян емес – шаян.

Ян-ян-ян

Жүгіріп жүр қоян,

Бұл шаян емес қоян.

Үстінде киізі бар,


Басында мүйізі бар. (Сиыр).

Аяғы бар, басы бар,

Арқасында тасы бар. (Тасбақа).

Адамға серік,

Күзетке берік. (Ит).

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (Аю).

Балалар жұмбақтың жауабын тауып үй жануары немесе жабайы жануары екенін ажыратады.

Сергіту сәті.

Орманда аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Ойын: «Төртінші артық».

Мақта қыз: Тақтада төрт сурет тұр. Сендер сол суреттерге мұқият қарап, артығын табыңдар.

Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (Қияр).

Қалын киім ұнатады,

Шешіндірсен, жылатады. (Пияз).

Доптар жатыр желісі бар,

Қабат-қабат терісі бар. (Орамжапырақ).


Сырты тәтті, іші тәтті,

Ортасында сүйек қатты. (Өрік).

Балалар төртінші артық суретті табады. Мысалы: алма, өрік , жүзім, сәбіз. Артығы : сәбіз, себебі, ол көкөніске жатады.

Ойын: «Сипаттама бойынша тап».

Мақта қыз: Жұмбақтың шешуін тапқан қандай қызық, балалар, ал жұмбақты ойлап тапқан одан да қызық екен. Мына қораптың ішінде заттар бар. Сол заттарға қарап, балаларға жұмбақ жасырады.

Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап. (Доп).

Үрлесең жеп – жеңіл,

Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң, көк – теңбіл,

Бұлтқа да жетеді. (Шар).

Мақта қыз: Жарайсындар, балалар, сендер өздерін өте тапқыр екенсіндер.

-Қане, балалар, келіңдер «Көңілді тіл» жаттығуын орындайық.

Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі – ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды.

Барлығымыз көзімізді жұмайық.

«Әдемі күлімде» жаттығуын орындатады. Ернімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз. Көзімізді ашамыз.

Мақта қыз : Жарайсындар, балалар!

Сендерге «Жұмбақ әлемі» ұнады ма?

Сау болыңдар!



































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров55
Номер материала ДБ-069686
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх