Инфоурок Другое КонспектыКонспект "Журеги жырдан жаралган"

Конспект "Журеги жырдан жаралган"

Скачать материал

Молдағалиева Гулжазира

  Жұмажанқызы

Атырау  облысы

Құрманғазы  ауданы

Абай  атындағы  жалпы  орта  мектебі

Мектеп  кітапханашысы

 

 

«Жүрегі жырдан жаралған»

(Т.Молдағалиевтың 80 жылдығына поэзия кеші)

Мақсаты: Т.Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар 20 наурыз Қазақстанның халық ақыны, бүкіл Түркі дүниесінің ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты ақын Тұманбай Молдағалиевтың туған күні.Ақынның туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Тұманбай аға еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Ақынның жомарт жүрегі жырдан жаралған, жыр ақынның тірлігі де тынысы да, қуанышы мен қиналысы да. Ақынның ғұмыры жырға, жыры ғұмырына айналған.

Ән: «Шақырады көктем»

 

Жүргізуші: Қазақ елін өзінің терең үнді, тамылжытқан нәрлі жырларымен сусындатқан Т.Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында дүниеге келген.Ақиық ақын Мұқағали былай деген екен:

                    Ей, Тұмаш, есіңде балалық шақ,

                    Кеткен кез дастарханнан нан алыстап,

                    Соғыстың сойқан салған от - жалыны,

                    Бейкүнә сәбилердің күлкілері.

                    Үйітілген татымы кем тарамыс шақ,- деп ақынның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Әкесі майданға аттанғанда бар-жоғы 5-6 жаста екен.Әкесі Молдағали 1942 жылы соғысқа кетіп, қайта оралмады. Тәрбиелеп өсірген анасы Қымқам Алматыда қайтыс болады.Адамның рухани болмысын, сезім дүниесін лирикада шыншыл бейнелеуші, танымал эпик ақындарымыздың бірі – «Әкеммен әңгіме» поэмасында майданға аттанып әкенің әрбір сөзі, қылығы санасында сәулеленген перзентің ішкі сыры. Ауыр мұң мен ойлы сезімталдықтың жыршысы бола білген ақын көңілі. «Өмірінен көрген жоқ той кезінде мен»,-дейді. Соғыстан алған ауыр жараны жүрегіне арқалаған жастың мұңды, сағынышты кейпі балалығы жас болып еріп кеткен, аналардың жылаған көздерінде. Алғашқы күннен бақыт күткен, тағдыр тезіне ішкі дүниесі шындалған бейнесі көз алдыңа елестейді.

Өлеңдерін мәнерлеп оқу: «Жаным ана», «Әкемен сырласу» поэмасынан үзінді. Етекбай атам үйінде кітабы 138 бет. Алыстағы жылдар, ұмытылмас жандар кітабы 138 бет

 

 Жүргізуші:Тұманбай ата көршілес Ақшидегі жеті жылдық мектеп интернатын бітіріп ары қарай есіктегі онжылдық мектеп интернатына  ауысып, 16 жасында орта мектепті тәмәмдаған.

1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факултетін бітіреді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды.1959-70 жылдар аралығында «Пионер» журналында қызмет атқарды.  Тұманбай ата балаларға арнап бірнеше кітап жазды. Бүлдіршіндерге арналған ең алғашқы «Қызыл-жасыл көбелек» деген жинағы 1957 жылы жарық көрді. Одан кейін «Етекбай атам үйінде», «Арман мен Бота», «Мен өсіп келемін» атты кітаптары өздеріңдей жеткіншектерге арналған. 1970-73 жылдар аралығында «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы «Балалар және жастар әдебиетінің» бас редакциясы мен «Жалынның» бас редакторы жұмысын атқарды.

 

«Баламыздың досы бол» , «Дәуреннің ертегісі»өлеңі оқылады. Жарты ғасырдың алтын қоры кітабы 7 бет. 77 бет.

 

Жүргізуші: Т.Молдағалиев нәзік сырлы да, ойлы да, отты жырларымен танылды.1963 жылы «Алатау қызы», 1965 жылы «Зулайды күндер», 1966 жылы «Жүрегім менің сапарда» жинақтары шықты.1967 жылы жарық көрген «жаңа дәптер» кітабы үшін 1968 жылы «Қазақстан комсомолы» сыйлығының лауреаты атанды. 1969 жылы «ескерткіш», «Шақырады жаз мені», «Жүрек сау қашанда» атты кітаптары оқушылардың ілтипатына бөленді.

 

«Туған үй», «Алатау» өлеңі оқылады. Етекбай атам үйінде кітабы 68 бет,122 бет

 

Жүргізуші: Қалам тартқан елу жылдай уақытты сараласақ, қазақ халқы деген ардақты ұғымға сиятын бір елдің еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін үлкен ақынның күмбірлеген жыр жүрегіне, күнгей мен теріскейіндегі ғұмыр – жырына бойлаймыз.

Нұрғиса ағамыз ақынның «Құстар қайтып барады» өлеңі туралы былай деген екен: - Сенің өлеңдеріңе әлі талай ән жазармын. Бірақ дәл мынандай ән енді шықпайды. Мені ақырғы сапарыма осы «Құстар қайтып барады» әнімен айтып шығарыңдар»-деді. Сол себепті Нұрғиса ағамызды өзінің өсиетімен Жамбыл атасының қасына қойып, осы өлеңмен соңғы сапарға шығарып салған екен.

 

«Қатарымыз сиреді», «Домбыра» өлеңі оқылады.Бір асудан асқанда кітабы 206 бет, Қош көктем кітабы 231 бет

Жүргізуші: Ақынның бір естелігінде: «Міне, сол кезден бастап әлі де әнге сөз жазып келемін. Жалпы, ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Осыгдай әнім бар еді, сөз жазып беріңізші деп, алдыма келген адамның барлығын ренжітпеуге тырысамын»-деген екен.

Ең алғаш «Студент дәптері» жарық көрсімен мені өзіме құрбы, іні сазгерлер айналдыра бастады. Жасы менен біразрақ үлкен болса да Шәмші маған қатар құрбыдай еді. Ол маған «Қыз сағынышы» деген әніне сөз жазғызды. Әсет Бейсеуов бір өлеңіме ән шығарды. Біраз өткеннен кейін Нұрғиса ағамыз «Құстар қайтып барады», «Куә бол», «Қайран менің жүрегім» атты атақты әндер, «Ертіс вальсі», Шәмшінің «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Отан» деп аталатын әндер дүниеге келді. Халқымыздың поэзия төрінен орын тапқан ақын шығармашылығы - өзінің әндеріне қосылып жазылған келіп қосылғанда- тұтас бір телегей-теңіз дарияға айналады.

Тұманбай ағамыздың лирикалық кейіпкерінің жүрегі қылау түсе қоймаған сәбидің мінезіндей. Осындай сыршыл да таза жүректен шыққан дүниелер оқырманның бей-жай қалдыра алмас.

 

«Ана тілі», «Бір ауылдың балалары» өлеңдері оқылады. Етекбай атам үйінде кітабы  71 бет Қош көктем кітабы 202 бет.

Ән:

Жүргізуші: «Жақсылықтың барлығы болсын дейтін өзіме, сөйте жүре кісінің несібесін қызғанбас» ақын аға, жанымызға жақын аға Тұманбай молдағалиев жайлы: Өмір де жайдары, көңіл де жайдары,

             Келе жатыр килікпей кикілжіңге қайдағы,

             Жауына да жұдырық сілтеп көрген жері жоқ,

            Ақ қағаздың үстінде аяқталып майданы,- деп басталатын жыр:

                  Өкіне ме кім білген,

                  Текке бір күн өтті деп,

                  Өлең жырдың нөсерін,

                  Күркірете төкті-ау кеп

                  Үлгі бола бастаған ұлыға да, кішіге,

                   Өзі де бір асқақ ән,

                   Өзі де бір текті әулет!- деп аяқталыпты. Біз білетін, ел білетін Тұмағаң ақын ажарлы айтқандай» Аңқылдап жүрген» өлең жазып, еліне жыр арнапты.

 

«Сағыныштар, сарғалдақтар, сары құстар» өлеңі оқылады. Бір асудан асқанда кітабы.256 бет

 

Жүргізуші: Елімізде балаларға арналған бірнеше басылым жарық көрді. Солардың ішінде «Балдырған» журналы бастауыш сынып балаларына арналған әдеби-көркем журнал. 1958 жылы шілде айында алғаш нөмірі жарық көрді. Айына бір рет шығатын «Балдырған» журналы бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбексүйгіштікке, отаншылдық рухха тәрбиелейтін басылым. Журнал бетіне қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланады. Бұл журналды 25 жыл бойы басқарған атақты ақын Т.Молдағалиев атамыз.

 

«Балдырғанға жазыл балам» өлеңі оқылады. Балдырған журналының №10 2013ж

 

Жүргізуші: Құрметті оқырмандар! Бүгінгі поэзия кешіміз өз мәресіне жеткен сияқты. Бүгін біз қазақ халқының қайталанбас ірі тұлғаларының бірі Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы жайында таныстық. Артында  өлшеусіз мол рухани мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект "Журеги жырдан жаралган""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 322 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 809
    • DOCX 17.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдагалиева Гулжазира Жумажановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7988
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой