Инфоурок Всеобщая история КонспектыКонспект по казахскому языку

конспект по казахскому языку

Скачать материал

Орта білім беру ұйымдарындағы балалар қозғалысын белсендіру арқылы қазақстандық патриотизмді  дамыту.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы

Кенжегалиева Гаухар Амангелиева №9 орта мектеп тарих пәні мұғалімі, сынып жетекші

Қазақстан республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы жолдарымен бастауды жол көрдім.                           «Жаңа Қазақстандық патриотизм- біздің көпұлтты және  көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі-Қазақстан патриотизмінің іргетасы барлық азаматтардың тең құқығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бөлімі бар және басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын,қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға, өнер қайраткерлерін құрметтеуге, өнерін түсініп тыңдауға,қошеметпен қарауға,тұрып жатқан Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлт-аралық қарым-қатынасты сақтауға,одан әрі дамыту мақсаты айқындалған. Әр түрлі ұлт өкілдері оқитын мектепте Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты құралы ретінде этнопедагогиканы алып, мемлекеттік тілді әр бала ата анасындай ұлықтауға тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздеудеміз. Патриоттық сезімге тәрбиелеуде мектептен тыс болатын шаралардың маңызы да аз емес. Солардың ішінде патриоттыққа жетелейтін бұл Республика күні, Тәуелсіздік күні, Ата Заң күні, Тілдер күні сияқты мемлекеттік мерекелерді өткізу және даярлау барысында балалар қажетті ақпарат іздеп көп жұмыс істейді, "Наурыз" мерекесінде әдеп-ғұрыптармен, ұлттық киімдермен, халықтық әндермен таныс болады. Осының бәрі де оларды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерімен, салт-дәстүрлерімен табыстырады.
            Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі патриотизм тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану - уақыт талабы. Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасты. Себебі, сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, "Қазақ" атауын бізге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа "қазақ патриотизмі" деп жазылмаса да, ауызекі түрде кейде жыр, өлеңмен тараған отансүйгіш өсиеттердің негізінде жеткен. Ерте заманда елім деп еміреніп, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысқан, Махамбетше айтқанда "Қара қазан, сары баланың қамы үшін соғысқан" батырларымыз аз болмады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Исатай, Махамбет, тағы басқа батырларымыздың ерен ерліктерін ерекше айтуға болады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласына жататын ел қорғау, батырлық істер жайында туған халық мақалдары да халықтың бұл ой-тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да, туған жер, өсіп-өнген ел – Отанды аса қажетті, қадірлі, қымбат деп көрсетеді. Қазағымыз басынан не кешпеді аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды.Қазақстан соғысқа 1 млн. 366 мың адамды аттандырып, Отан қорғауға 5183 қазақтың қыз-келiншектерi қатысыпты.. Қазақстандық әйелдер соғыстың салмағын өзгелермен бiрдей көтердi, зардабын бiрдей тартты, азабын бiрдей арқалады. «Қырман басып, егiн сап, арба айдаған» тылдағы әйел басқа түскен қиындыққа мойымай, ер-азаматтың орнын жоқтатпады. Соғыс – қыршын боздақтардың қыршын ғұмырымен бiрге түтiнiн өшiрмеген әйелдердiң, жесiрлердiң де арман-жастығы, көз жасы.Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi. Өздерiнiң нәп-нәзiк қолдарымен жаралы жауынгерлердi от-жалынның арасынан алып шыққан, ең соңғы бiр тамшы суын, бiр шөкiм тұзын жауынгер достарының аузына тосқан, белiне граната байлап жау танкiсiнiң астына түскен, фашист эшелондарын құлатып, балаларды аман алып қалған, кейде тiптi ерлердің өзін де ұрысқа бастап алып шыққан от жүрек жандарға бас иесің. Баяғы заманда ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер жазған солардың бірі:«Ел іші – алтын бесік», «Туған жердің топырағы да ыстық», Туған жерден топырақ бұйырсын деп, отансүйгіштік сезімді дәріптеген халқымыз «Отанды қорғау – азаматтық парызың»дейді. Ал «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Елін суйген ер болар», «Ерлік білекте емес, жүректе» т.б. мақалдар өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанын қорғап қалу нағыз халқын сүйген әрбір адамның міндеті болатынын танытады. Жастарға халықтық дәстүрге негізделген батыр аға-апаларымыздың ерліктерін насихаттау, өнегелі тәлім-тәрбиелері арқылы жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.

Еліміздің ертеңгі жас болашағы - жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал азаматы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Тәрбиенің түпкі мақсаты - шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз - кісілік қасиеттерді дамыту, дүниетанымын кеңейту, ең бастысы - өз елін, жерін сүйетін, туған топырағының кешегісін, бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алатын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу.                                                            Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назар­баевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті. Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде де «Қазақстан аза­маттарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін оқыту арқылы да жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындау, әскери антқа адал болу, өз халқына жанқиярлықпен қызмет ету, өз елін қасық қаны қалғанша қорғау, өз Отанының патриоты болу, адал, тәртіпті болу, кәсіп білікті ұдайы меңгеру, өз жолдасын бағалау, киімді ұқыпты кию деген секілді көптеген жақсы қасиеттер түсіндіріліп, оларды бойларында қалыптас­тырады.Әскери қызметтің қиындықтарын табанды өткеруге алғашқы әскери дайындық сабақтарының тақырыптарынан басқа әскери патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше деген болсақ қателеспеген болар едім. Әскери істі жіті меңгеруге дайын болу үшін сабақтан тыс Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер, әскери-спорттық ойындар мен эстафеталық жарыстар, әскер тақырыбындағы ерлік сабақтар, қалалық, облыстық слеттерге қатысу, мұражайларға, ескерткіштерге, мәңгілік алау аллеясына бару, әскери әндер сайыстарын өткізу секілді іс-шаралар өте маңызды рөл атқарады.Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшіналғашқы әскери дайындық пәні жетекшісінің білім, тәжірибесі мол және жоғары болуы тиіс. Ізденіс үстіндегі әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ «Алғашқы әскери дайындық» пәні оқу бағдарламасының негізгі мақсаты: саптық, тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге ықпал жасау. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру – біздің мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму бағыттары шеңберіндегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу — орта білім беру оқу орындарынан, яғни мектептерден басталады. Мектеп – мұғалімніңбасшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәжірибе мәселелері жүзеге асырылатын оқу-тәрбие мекемесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны. Мектептерде жастарды жасына және сыныбына сәйкес үшке бөледі: бастауыш сынып оқушылары, орта сынып оқушылары және жоғарғы сынып оқушылары. Патриоттық тәрбие берудің рөлін арттыру, неғұрлым маңызды құралдарына өлкетану, яғни туған өлкенің табиғатын, халқы мен шаруашылығын, оның өткені мен бүгінін жергілікті қоғамдастық өмірін жақсарту мақсатында зерделеу болып табылады. Оқушыларға өзінің туған өлкесі туралы туралы толық, терең мазмұнды білім беруді талап ететін, олардың туған жеріне және табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін, сондай-ақ өз халқының әдет-ғұрпына деген құрметін қамтитын аймақтық-өлкетану ұстанымында өз бейнесін табады.

Ойымды қорыта келгенде біз, мектеп ұстаздары оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін оқушыларымызға еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтардың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-тәнімен сезіндіруіміз керек. Сонда ғана қазақстандық отансүйгіштік ұғымы ел мен жердің бүтіндігін сақтап, халықтар достығы мен бірлігін нығырлай түседі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 1.   Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. –Алматы: Білім, 1997. – 256 б.

2.  Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998.

3.     Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері.  – Алматы: Б.М.Б. 1993.

4. Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы:Рауан, 1998.

5. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.

6. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995.

7. Қазақтың қысқаша тарихы. /Дайын. М. Қани. –Алматы: Жалын, 1994.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по казахскому языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

баяндама

Қазақстан республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы жолдарымен бастауды жол көрдім.                               «Жаңа Қазақстандық патриотизм- біздің көпұлтты және  көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі-Қазақстан патриотизмінің іргетасы барлық азаматтардың тең құқығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бөлімі бар және басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын,қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға, өнер қайраткерлерін құрметтеуге, өнерін түсініп тыңдауға,қошеметпен қарауға,тұрып жатқан Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлт-аралық қарым-қатынасты сақтауға,одан әрі дамыту мақсаты айқындалған. Әр түрлі ұлт өкілдері оқитын мектепте Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты құралы ретінде этнопедагогиканы алып, мемлекеттік тілді әр бала ата анасындай ұлықтауға тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздеудеміз. Патриоттық сезімге тәрбиелеуде мектептен тыс болатын шаралардың маңызы да аз емес. Солардың ішінде патриоттыққа жетелейтін бұл Республика күні, Тәуелсіздік күні, Ата Заң күні, Тілдер күні сияқты мемлекеттік мерекелерді өткізу және даярлау барысында балалар қажетті ақпарат іздеп көп жұмыс істейді, "Наурыз" мерекесінде әдеп-ғұрыптармен, ұлттық киімдермен, халықтық әндермен таныс болады. Осының бәрі де оларды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерімен, салт-дәстүрлерімен табыстырады.
            Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі патриотизм тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану - уақыт талабы. Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасты. Себебі, сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, "Қазақ" атауын бізге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа "қазақ патриотизмі" деп жазылмаса да, ауызекі түрде кейде жыр, өлеңмен тараған отансүйгіш өсиеттердің негізінде жеткен

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2014 952
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжегалиева Гаухар Амангелдиева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9274
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 320 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 769 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек