Инфоурок Русский язык КонспектыКонспект по теме " Алмажан Азаматқызы "

Конспект по теме " Алмажан Азаматқызы "

Скачать материал

Алмажан Азаматқызы

·          

Алмажан   Азаматқызы   Батыс   Қазақстан, Нарынның Бекетай-Бесқасқа дейтін құмында1823 жылы туған.

Қай жылы өлгені жөнінде мәлімет жоқ. Әкесі Азамат 1836-1837 жылдардағы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып,  сол көтерілісте қаза тапқан. Азаматтан Алмажан деген қыз (Алмаш ), Төрежан деген ұл қалады.

Алмажан жасында ақын қыз атанып, өз жанынан өлең  шығаратын болады.  Ол жөнінде бұрынғы Бөкей ордасының қазақтары арасында әр алуан аңыздар бар. Кейбір аңыздар ертегіге айналғанға ұқсайды. «Өлең дарыған», «Түсінде Ерпалуан әулие аян беріп, толға депті. Ертеңіне-ақ сөйлеп қоя беріпті» т.б. Қысқасы, ол қандай тақырыпқа  болсын, мейлінше тез шығарып айта алатын, қабілетті болған.

Алмажаның шығарған өлең-жырлары  көп болса да, оның өз атын сақтап, біздің дәуірімізге жеткен шығармасы - «Жетім қыз» атты поэма.   

Поэма Алмажанның  өз атынан  сөйленеді. Шешесі бұрын өліп, бір қыз, бір бала әкесінің  тәрбиесінде болады. Әкесі көтеріліске қатысып, қайтыс болғаннан кейін, мал-мүліктің  иесі қыз бен жас бала  болып қалады.

Нарын құмындағы елді билеген тоғыз би Алмажанның мал-мүлкіне көз тігеді. Өзін тоқалдыққа алмақшы болады. Қайратты ақын қыз бұған қарсылық білдіріп, ханға арыз айту үшін жас інісін қолынан жетелеп, Нарыннан ханның ордасына -  Жасқұсқа -  жол тартады. Қыз кетерінде өзінің қарт атасына  келіп, билерден   көрген  жәбірін жыр етеді.  Тоғыз биден қорқып,  бір адам да  қыз балаға ере алмайды.

Бұрын алыс  жолға шығып көрмеген  қыз бен жас бала адасып, көп мехнат шегеді. Сөйтіп жүріп хан  қорығына тура келеді. Оған ханның  рұқсатынсыз ешкімнің кіруіне болмайтынын, өз бетімен барушылар жазаланатынын еститін қыз бір пәледен екінші пәлеге жолықтым деп ойлайды.  Қалың жынысты хан қорығы  құмдардан гөрі де қиынырақ соғады. Өстіп, қатты сасып тұрғанда, оларға  Сағитжан деген әкесінің ескі досы кездеседі. Қыз танып, өзінің хал-жайын түсіндіріп, хан ордасына апарып салуын сұрайды. Сағитжан қыз бен баланың  мүшкілдік халін көріп, қолынан келген көмегін көрсетеді. Екеуін ханның ордасына алып барады. Хан ордасына келгесін де, Алмажанның ісі оңына келмейді. Мұндағы билер де Нарындағы тоғыз биден олқы соқпайды. Арыз айту үшін алыстан арып-ашып келген қызды тәлкекке салып, ханға жібермейді. Алмажан олардың да жауыздық ойларын әшкерелейді. Поэманың қысқаша сюжеті осылай аяқталады.

Алмажан (Алмаш) Азаматқызы әдебиет тарихына бірінші рет енгізіліп, оның шығармалары енді ғана зерттелгелі отыр. Оның өлеңдерінен қолда бары - жоғарыдағы аталған «Жетім қыз»1 поэмасы. Басқа өлеңдері әлі қолға түскен жоқ. Осы бір поэмасымен де оны әдебиет тарихына енгізу әртүрлі себеппен орынды тәрізді.

Бірінші, қазақ халқының тарихында даңқы жер жарған талай ақын қыздардың болғанын оқушылар жұршылығы жақсы біледі.  Сара, Жантолы,  Рысжан, Жібек, Тәбия т.б.  Бұлардың ақындығы, шешендігі халыққа мәлім. Топтан озып шыққан саңлақтармен айтысып, талайын сүріндіріп кеткендері де аз емес.  Бірақ  сол ақын қыздардың аттары тек айтыс өлеңдерде ғана кездеседі. Ол әлеуметтік мәні бар, жеке тақырыптарға  шығарған не лирикалық, не эпикалық жанрда өз аттарымен сақталып қалған, әлеуметтік өте бір керекті мәселені қамтыған қазақтың бірінші қызы.  Жасы жас болса да, оның «Жетім қыз» атты поэмасының  авторы болуы және сол  авторлығы ел есінде сақталып,  біздің дәуірімізге жетуі, оны әдебиет тарихына енгізудің керектігін талап етеді.

Екінші, Алмажан поэмасы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісімен тікелей байланысты. Көтерілістің алғашқы жеңілген кезіндегі бір эпизодын және ол жеңілістің халықты қандай дәрежеде күйзелткенін, сонымен қатар хан, сұлтан, билер көтеріліске қатысушыларды қалай жәбірлегенін көрсетеді. «Жетім қыз» поэмасы Махамбет өлеңдеріндегі суреттелетін өмір шындығын растап, дәлелдей түседі.

Үшінші, біз XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетімізде екі түрлі әдеби бағыт болды десек,  оны бір адам ғана жасаған жоқ. Әдебиет тарихында белгілі бір әдеби бағыт болса, сол бағытты бастаушы, негізін салушы өлең шығарушылар да болды.

Идеялық бағыты, көздеген мақсаты, көркемдік ерекшеліктері, тілі бір-бірімен сабақтас бірнеше ақындардың болуы ғана әдебиет бағытын не әдеби стильді туғызатындығы - белгілі қағида. Егер сол дәуірдегі әдеби бағыттың басы, негізін қалаушы Махамбет десек, Алмажанды сол бағытқа тек үн қосушы ғана емес, үлес те қосушы ақын деуге болады.

Төртінші, оның поэмасы көлемі шағын болса да, өз кезіндегі тарихи, әлеуметтік  жағдайлармен байланысты туған және соны шебер суреттейтін, шын мәніндегі көркем поэма. Міне, осы жайттардың жиынтығы келіп, басқа ақындармен қатар, Алмажанның да әдебиет тарихына енгізілуі керек екендігін дәлелдейді.

Біз жоғарыда оқиға автордың  өз атынан баяндалады дедік.  Бірақ  ол түгелдей жалаң баяндаудан құрылмайды. Айтайын деген ойына, көрсетейін деген өмір құбылысына сәйкес,  суреттеулердің әр алуан  түрлері де жиі ұшырайды.

___________

1Жұлдыз, 1959, №1

Поэма - нақтылы өмір шындығы. Алмажан өзінің билерден көрген зорлық-зомбылығын,  басынан кешірген ауыр халін, күйінішін, сондай қиын-қыстауда басқалардың өзіне деген көзқарасын өз қалпында әдемілеп айтып береді. Тарихи жағдай, әр алуан өмір  құбылысына терең бойлап, кеңінен шолып қорытуды Алмаш мақсат етіп қоймайды. Одан оны талап ету де артық болар еді. Ол өзінің көргенін, сезгенін ғана суреттеген. Соның өзінен де сол кездің шындығы айқын көрінеді.

Ең алдымен, 1837 жылы Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, ханның  бұйрығы бойынша, көтеріліске қатысушылардың өздерін ұстап, Орынбор, Сібірге айдату, мал-мүлкін конфескелеу шарасы қолданылды. Жергілікті жерлерде мұны орындаушылар ханның сенімді билері еді. Олар хан бұйрығын орындаумен қатар, бас пайдаларын да  ұмытқан жоқ.  Бұйрықты бетке ұстап, өз қалта, өз құлқындарын да қамтыды.

Нарындағы тоғыз би туралы:

Бар сенгенім тоғыз би,

Өзіме қарай тап берді,

Қорғалауға қара таппадым,

Шағайын енді кімдерге?

Атамнан қалған малды алдың,

Мойныма қой кінәмды,

Жазығым не, билер, сіздерге?

Атаңа нәлет тоғыз би,

Адастырды-ау жөнімнен.

Адастырған емей немене,

Зорлық етіп айырдың

Ата бір қоныс жерімнен.

Сөйлесе билер сөз қалмас,

Алмаш сынды көрімнен.

Екі бірдей жетімді,

Жайсыз жерде жылаттың,

Қорқыныш жоқ, тоғыз би,

Нәубетті кезек өлімнен...

Атамнан қалған малды алдың,

Ең болмаса, тоғыз би,

Шыдамадың қырқына-ай...

Нарындағы тоғыз би Алмаштың малын ғана алып  қоймайды, сонымен қатар оған рухани жәбірлер де көрсетеді. Әуелі алдап, арбап қармағына түсірмекші болады. Інісін шаруаға салып, өзін тоқалдыққа алуды ойлайды. Бұл жаман ойларын түсінген қайратты қыз айтқандарына көнбегенсін, олар зорлауға көшеді.

Атасымен қоштасар жерде айтқан сөзінде:                                  

Атаңа нәлет тоғыз би,

Қызылы сөнбей сәуленің,

Жетімге келіп қол салып,

Дұшпанға қойды  табаға.

Билерден қорлық көргенсін,

Шыдамай кетіп барамын,

Төрежан сынды балаға...

Қызымен жасты Алмашты

Аламын  деп тап берді.

Нарындағы тоғыз залымда

Ойласам, ата, дін бар ма?..

Поэманың бас қаһарманы - Алмаштың өзі. Атасына, әкесінің  ескі досы Сағитжан ноғайға және ордадағы ханның билеріне  айтқан оның сөздерінен қыздың басына түскен ауыр хал де, өзінің ақыл-қайраты да, билерге деген өшпенділігі де, ой-санасының сәбилігі, нанғыштығы да  жақсы көрінеді.

Алмажан жас. Өмір тартысының көп жақтары оған әлі түсініксіз. Сондықтан ол ханда әділдік бар деп сенеді. «Жауыздықты жасаушы билердің өзі, оған ханның қатысы  жоқ. Ханға барсам, ісім жөнделеді», - деп ұғады. Шынында, бұл тәрізді іс-әрекеттердің түп-тамыры сол ханның өзінде жатқанына оның көзі жетпейді.

Сөздеріне қарағанда, Алмажан албырт, ержүрек қыздың бейнесін аңғартады. Тоғыз бидің қаһарынан қорқып, басқалар оның маңына жоламайды,  өзінен басқа сүйенері де, сенері де жоқ қыз тоғыз биге қарсы күреске шығады. Алыс жол, сусыз шөл  не қиындықтар алдында тұрса да, ол кешегі Азамат ердің  қызы болғандықтан, намысын аяққа бастыруды өзіне ар көреді. Оның жас інісіне айтқан сөздерінен бұл жайттардың  бәрі де толық  аңғарылады:

Толықсыған көңілім

Басылмайды, қарағым,

Тоғыз биден кек алмай.

Атаңа нәлет тоғыз би,

Қаңғыртып бізді жіберді-ау,

Дүние-малды көре алмай.

Билерден қорлық көрген соң,

Келемін іздеп Жәңгірді:

Жата алмадым үйімде

Ел-жұртымнан ұялмай...

Жол мен шөл  қиыншылығына шыдай алмай, зарыққан інісін жұбатқанда да, әкесінің атына кір келтірмеуді  бедел тұтып:

Тар жерде жылау лайық па,

Азамат ердің баласы,

Төрежан деген басыңа, - дейді.

Алмажанның әкесі қатардағы жай адам ғана емес, санаулы ерлердің бірі екендігін Алмажанның Сағитжан ноғаймен сөйлескенінен көруге болады:

Кешегі кеткен ер әкем,

Ерлігін оның сұрасаң,

Ер Әліден кем емес,

Өз дегені болмаса,

Пенденің тілін алмаған.

Ақылы артық арыстан

Озып еді байтақтан

Үзілсе арқау жалғаған.

«Жетім қыз»  поэмасында өмір  шындығының ерекше көзге түсетін бір эпизоды Алмажанның хан ордасына барып, ондағы билермен кездесуі деуге болады. Жауыздықтың ордадан алыс жатқан Нарынды ғана емес, ханның өз айналасында бар екенін Алмажан бірден ұғынады. Ханға шағымын айтып, тоғыз биден теңдік аламын деп келген қызға зұлымдықтың ең күшті түрі осы хан орданың маңында екендігі анықталады. Алмажан орданың  маңындағы билерге айтқан сөзінде:

Елім бір көшті талдауға,

Талдаудың түбін барлауға.

Сұрамай жөнімді ұстадың,

Екі бірдей жас жетім,

Көрінді ме оп-оңай,

Билерім, сізге алдауға.

Алыстан іздеп келгенде,

Сендерден қорлық көргенім.

Нарындағы тоғыз залымнан

Құтылдым деген сұм басым,

Қайтадан түстім байлауға.

Ай жалыны айда екен,

Күн жалыны күнде екен,

Орданың басшы билері,

Қас қасқырлар мұнда екен.

Арызға  келген жетімді

Жібермей жолдан тоқтату

Билерім, сізге жөн бе екен?

Нарындағы тоғыз залымнан

Құтылдым деген сұм басым,

Онан да зорлар мұнда екен, - дейді.

Үзіндіде хан маңындағы билердің сыртқы портреттері берілмесе де, олардың ішкі портреттері көз алдыңда тұрмай ма? Құлқынның құлы құзғын, адамдық арын аяққа басқан, аяушылық сезімі сөнген топас, қаярлық қанына сіңіп, жауыздықты жолдас еткен хан маңындағы не сұм-сұрқиялардың психологиясын сезінгендей боласың.

Басқа ақындармен салыстырғанда, Алмажанның өзіне тән бір ерекшелігі - поэмада суреттеген өмір құбылыстарының табиғилығы.

Ержеткен ақындар өмірдің әр алуан жақтарына сарқыла қарап, өмір шындығын ой-сезім түйсігіне қандырып барып, ой елегінен өткізіп көзге елестетсе, Алмажан поэмасы жетім қыз, жетім балаға ілесе жүрген сол кездегі шындықтың бір бөлшегі тәрізді. Поэманың идеялық құндылығы да осында.

Поэманың мазмұнына түрі сай. Ең алдымен, бұл лирико-психологиялық поэмалардың бір түріне жатады. Автордың ой-өрісіне қарай, айналасындағы өмір құбылысына өзінің көзқарасын көрсете отырып және оны өз басындағы қайғы-халдермен тығыз байланыстыру, өзінің күйініштерін қоса жырлауы, қайғылы берілуі поэмадағы психологиялық күйден көрінеді: баяу көңілдің лебі ескендей әсер

Қанаттасым, жалғызым,

Тар жерде жылап жасыма...

Жылағаның қоймасаң,

Кешегі кеткен әке-екең,

Балапан болып жүзбей ме,

Көзіңнен аққан жасыңа.

Көзіңнен аққан қанды жас

Араласып у болды

Ішейін деген асыма.

Құлан бір түзде, қу көлде,

Көңіліңді бұзып, қамығып,

Жылай да берме, шырағым,

Алмажан сынды апа-екең,

Құрбандық болсын басыңа...         

Тек бұл ғана емес, осы тәрізді өз басындағы күйініш, психологиялық сезім күйлерін тамаша шебер түрде суреттейтін эпизодтар поэмада жиі ұшырайды.

Поэма тілі жағынан да құнды. Алмажанның тіл байлығы, қолданған сөз образдарының сонылығы, өмір шындығына дәл келушілігі және суреттеу құралы есебінде қолданылатын  сөздіктері, жас та болса, оның күшті ақын екендігін дәлелдейді.                         

Қараша құс мекендер

Қарағай, қайың, тал басын,

Киік, құлан мекендер

Асқар таудың жал басын.

Осы үзіндідегі сөздерді өмір шындығына  дәлдігі жағынан алсақ,  мына сөзі теріс қолданған екен деп таласу қиын. Егер бұл жерде құс пен аңдардың өміріндегі дәл шындықты ғана көрсетсе, төменгі үзіндіде ақын тағы да осы тәрізді сөздерді қолдана отырып, басқа мақсат қояды:

Қаршыға құстың баласы

Ұшады заулап алысқа,

Қонады зәулім көз жетпес

Бәйтерек басы шалысқа.

Арғымақтан туған қазанат

Болдырмайды шабысқа.

Асылдан қалған тұяғым,

Билерден қорлық көрген соң

Шыдамай шықтым намысқа.         

Қаршығаның алысқа ұшып, биікке қонуы, қазанаттың шабысқа  болдырмауы, намысқа шыдамай шыққан өзінің асыл ердің ұрпағы  екендігіне сәйкес қолданылады. Сонымен қатар бұл үзіндідегі сөз образдары да өмір шындығымен нақтылы түрде қабысады.

Бұл келтірілген үзінділерден басқа да әдемі теңеу,  көркем эпитет, метафора және фигуралардың да неше алуан түрлері кездеседі.  Олардың әрқайсысына жеке тоқтап жатудың керегі аз. Өйткені  бүгінгі оқушы жұртшылығымыздың поэтикалық тілдің түрлерін өз бетімен айыра алатындай теориялық мәліметі мол. Сондықтан поэманың  тіліндегі өзіне тән ерекшелігі жайлы бір-екі ауыз ғана сөз айтуға тура келеді.

Әр ақынның сөздігі, образ қолданысы  оның көзқарасын ашуда көп нәрсені аңғартады. Оның ой-санасының өрісі, өскен ортасы, әлеумет өміріндегі алатын орны, тіршілігі, өзінің немен шұғылданып, не нәрсені өнер тұтқаны - бәрі де олардың сөздігінен байқалады. Аңшылықты кәсіп еткен ақындардың тілінен аңшылықпен байланысты сөз образдарын жиі ұшыратсақ, мал шаруашылығымен не егін шаруашылығымен шұғылданған ақындардың өлеңдерінен сол кәсіптерімен байланысты сөз образдарын молырақ кездестіреміз. Мал өмірінен алынған теңеу, метафоралар қазақ ақындарының барлығында да көп ұшырайтындығы сол өмір тіршілігімен байланысты.

Осы тұрғыдан қарағанда, Алмажан поэмасында авторы қыз болғандықтан, үй іші, жасау-жабдықтармен байланысты жасалған теңеу, эпитет, метафора, солар сықылды поэтикалық тілдердің басқа түрлері көп кездеседі.

Мысалы:

Мақпал бір ойсам жарасар,

Алтын сандық зерлерге...

Алтын зер салсам жарасар,

Қара мауыт жағаға...

Қой айдаттым базарға

Алтынды, күміс теңгеге.

Жасау бір жидым жайнатып,

Қарағайдан салған бөлмеге...

Кешегі әкем барында,

Арғымақ міндім жорға деп.

Сағитжан аға, білмейсіз,

Жөнімді саған айтайын:

Азамат ердің қызы едім,

Менің атым - Алмажан;

Сіздің келген уақытта

Тоғыз жасар қыз едім

Тұлымшағымды салмаған.

Он төртіме келгенде

Салиқалы қыз болдым.

Жібектей шашым талданған...

Пиялай кескен қолымнан

Сұңқарым қашып кеткен соң,

Нарындағы тоғыз би

Біздерді келіп алдаған...

Сусынына шай ішіп,

Бастығына бал жеген...     

Бұл үзінділердегі сөз образдарын тек қыздардан шыққан ақындар ғана тауып қолдануы мүмкін.

«Жетім қыз» поэмасында кейде  үлкен арманын, мұңын, кейде аңсаған тілекке өмір шындығы керісінше келіп, үмітінің үзіліп кетушілігі сол өз айналасындағы әйел-қыздардың күнделікті тіршілігімен  байланысты айтылады. Поэманың  және бір жерінде, әкесінің ел үшін еңбек еткен адам екендігін, қандай қиындықты болсын жеңіп, көпшілік тілегінің орындалуына сеп болған адамдардың бірі болғандығын қарапайым ғана сөздермен тамаша, шебер түрде айтып береді.

Ақылы артық арыстаным

Озып еді байтақтан

Үзілсе арқау жалғаған.

Осы үзіндідегі «арқаудың үзілуі» тәрізді жай, қарапайым  сөздерді өз орнына қолдану арқылы поэтикалық контраст жасау шын шеберлікті  танытады. Әкесінің  өлімін суреттеген  тағы бір жерінде  шендестіру мен әсірелеуді шебер қолданған  байланысын да көруге болады. Мысалы:

Алтын  туы жығылды,

Мысыр сынды қаланың,

Делбесі жібек үзілді

Күймелі күміс шананың, - дейді.

Қорыта айтқанда, Алмажан поэмасы өз кезіндегі өмір шындығының бір алуан көрінісін көзге елестететін, мазмұны  халықтық, көркемдігі күшті поэманың бірі. Ондай поэманың авторы Алмажан Азаматқызының әдебиет тарихынан заңды түрде орын алып, XIX ғасырдағы санаулы  ақындарымыздың бірі  есептелінуі орынды.

Қазақ әдебиеті сайты  http://kazadebiet.kz/node/22442

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по теме " Алмажан Азаматқызы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Алмажан Азаматқызы

·

Алмажан Азаматқызы Батыс Қазақстан, Нарынның Бекетай-Бесқасқа дейтін құмында1823 жылы туған.

Қай жылы өлгені жөнінде мәлімет жоқ. Әкесі Азамат 1836-1837 жылдардағы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, сол көтерілісте қаза тапқан. Азаматтан Алмажан деген қыз (Алмаш ), Төрежан деген ұл қалады.

Алмажан жасында ақын қыз атанып, өз жанынан өлең шығаратын болады. Ол жөнінде бұрынғы Бөкей ордасының қазақтары арасында әр алуан аңыздар бар. Кейбір аңыздар ертегіге айналғанға ұқсайды. «Өлең дарыған», «Түсінде Ерпалуан әулие аян беріп, толға депті. Ертеңіне-ақ сөйлеп қоя беріпті» т.б. Қысқасы, ол қандай тақырыпқа болсын, мейлінше тез шығарып айта алатын, қабілетті болған.

Алмажаның шығарған өлең-жырлары көп болса да, оның өз атын сақтап, біздің дәуірімізге жеткен шығармасы - «Жетім қыз» атты поэма.

Поэма Алмажанның өз атынан сөйленеді. Шешесі бұрын өліп, бір қыз, бір бала әкесінің тәрбиесінде болады. Әкесі көтеріліске қатысып, қайтыс болғаннан кейін, мал-мүліктің иесі қыз бен жас бала болып қалады.

Нарын құмындағы елді билеген тоғыз би Алмажанның мал-мүлкіне көз тігеді. Өзін тоқалдыққа алмақшы болады. Қайратты ақын қыз бұған қарсылық білдіріп, ханға арыз айту үшін жас інісін қолынан жетелеп, Нарыннан ханның ордасына - Жасқұсқа - жол тартады. Қыз кетерінде өзінің қарт атасына келіп, билерден көрген жәбірін жыр етеді. Тоғыз биден қорқып, бір адам да қыз балаға ере алмайды.

Бұрын алыс жолға шығып көрмеген қыз бен жас бала адасып, көп мехнат шегеді. Сөйтіп жүріп хан қорығына тура келеді. Оған ханның рұқсатынсыз ешкімнің кіруіне болмайтынын, өз бетімен барушылар жазаланатынын еститін қыз бір пәледен екінші пәлеге жолықтым деп ойлайды. Қалың жынысты хан қорығы құмдардан гөрі де қиынырақ соғады. Өстіп, қатты сасып тұрғанда, оларға Сағитжан деген әкесінің ескі досы кездеседі. Қыз танып, өзінің хал-жайын түсіндіріп, хан ордасына апарып салуын сұрайды. Сағитжан қыз бен баланың мүшкілдік халін көріп, қолынан келген көмегін көрсетеді. Екеуін ханның ордасына алып барады. Хан ордасына келгесін де, Алмажанның ісі оңына келмейді. Мұндағы билер де Нарындағы тоғыз биден олқы соқпайды. Арыз айту үшін алыстан арып-ашып келген қызды тәлкекке салып, ханға жібермейді. Алмажан олардың да жауыздық ойларын әшкерелейді. Поэманың қысқаша сюжеті осылай аяқталады.

Алмажан (Алмаш) Азаматқызы әдебиет тарихына бірінші рет енгізіліп, оның шығармалары енді ғана зерттелгелі отыр. Оның өлеңдерінен қолда бары - жоғарыдағы аталған «Жетім қыз»1 поэмасы. Басқа өлеңдері әлі қолға түскен жоқ. Осы бір поэмасымен де оны әдебиет тарихына енгізу әртүрлі себеппен орынды тәрізді.

Бірінші, қазақ халқының тарихында даңқы жер жарған талай ақын қыздардың болғанын оқушылар жұршылығы жақсы біледі. Сара, Жантолы, Рысжан, Жібек, Тәбия т.б. Бұлардың ақындығы, шешендігі халыққа мәлім. Топтан озып шыққан саңлақтармен айтысып, талайын сүріндіріп кеткендері де аз емес. Бірақ сол ақын қыздардың аттары тек айтыс өлеңдерде ғана кездеседі. Ол әлеуметтік мәні бар, жеке тақырыптарға шығарған не лирикалық, не эпикалық жанрда өз аттарымен сақталып қалған, әлеуметтік өте бір керекті мәселені қамтыған қазақтың бірінші қызы. Жасы жас болса да, оның «Жетім қыз» атты поэмасының авторы болуы және сол авторлығы ел есінде сақталып, біздің дәуірімізге жетуі, оны әдебиет тарихына енгізудің керектігін талап етеді.

Екінші, Алмажан поэмасы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісімен тікелей байланысты. Көтерілістің алғашқы жеңілген кезіндегі бір эпизодын және ол жеңілістің халықты қандай дәрежеде күйзелткенін, сонымен қатар хан, сұлтан, билер көтеріліске қатысушыларды қалай жәбірлегенін көрсетеді. «Жетім қыз» поэмасы Махамбет өлеңдеріндегі суреттелетін өмір шындығын растап, дәлелдей түседі.

Үшінші, біз XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетімізде екі түрлі әдеби бағыт болды десек, оны бір адам ғана жасаған жоқ. Әдебиет тарихында белгілі бір әдеби бағыт болса, сол бағытты бастаушы, негізін салушы өлең шығарушылар да болды.

Идеялық бағыты, көздеген мақсаты, көркемдік ерекшеліктері, тілі бір-бірімен сабақтас бірнеше ақындардың болуы ғана әдебиет бағытын не әдеби стильді туғызатындығы - белгілі қағида. Егер сол дәуірдегі әдеби бағыттың басы, негізін қалаушы Махамбет десек, Алмажанды сол бағытқа тек үн қосушы ғана емес, үлес те қосушы ақын деуге болады.

Төртінші, оның поэмасы көлемі шағын болса да, өз кезіндегі тарихи, әлеуметтік жағдайлармен байланысты туған және соны шебер суреттейтін, шын мәніндегі көркем поэма. Міне, осы жайттардың жиынтығы келіп, басқа ақындармен қатар, Алмажанның да әдебиет тарихына енгізілуі керек екендігін дәлелдейді.

Біз жоғарыда оқиға автордың өз атынан баяндалады дедік. Бірақ ол түгелдей жалаң баяндаудан құрылмайды. Айтайын деген ойына, көрсетейін деген өмір құбылысына сәйкес, суреттеулердің әр алуан түрлері де жиі ұшырайды.

1Жұлдыз, 1959, №1

Поэма - нақтылы өмір шындығы. Алмажан өзінің билерден көрген зорлық-зомбылығын, басынан кешірген ауыр халін, күйінішін, сондай қиын-қыстауда басқалардың өзіне деген көзқарасын өз қалпында әдемілеп айтып береді. Тарихи жағдай, әр алуан өмір құбылысына терең бойлап, кеңінен шолып қорытуды Алмаш мақсат етіп қоймайды. Одан оны талап ету де артық болар еді. Ол өзінің көргенін, сезгенін ғана суреттеген. Соның өзінен де сол кездің шындығы айқын көрінеді.

Ең алдымен, 1837 жылы Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, ханның бұйрығы бойынша, көтеріліске қатысушылардың өздерін ұстап, Орынбор, Сібірге айдату, мал-мүлкін конфескелеу шарасы қолданылды. Жергілікті жерлерде мұны орындаушылар ханның сенімді билері еді. Олар хан бұйрығын орындаумен қатар, бас пайдаларын да ұмытқан жоқ. Бұйрықты бетке ұстап, өз қалта, өз құлқындарын да қамтыды.

Нарындағы тоғыз би туралы:

Бар сенгенім тоғыз би,

Өзіме қарай тап берді,

Қорғалауға қара таппадым,

Шағайын енді кімдерге?

Атамнан қалған малды алдың,

Мойныма қой кінәмды,

Жазығым не, билер, сіздерге?

Атаңа нәлет тоғыз би,

Адастырды-ау жөнімнен.

Адастырған емей немене,

Зорлық етіп айырдың

Ата бір қоныс жерімнен.

Сөйлесе билер сөз қалмас,

Алмаш сынды көрімнен.

Екі бірдей жетімді,

Жайсыз жерде жылаттың,

Қорқыныш жоқ, тоғыз би,

Нәубетті кезек өлімнен...

Атамнан қалған малды алдың,

Ең болмаса, тоғыз би,

Шыдамадың қырқына-ай...

Нарындағы тоғыз би Алмаштың малын ғана алып қоймайды, сонымен қатар оған рухани жәбірлер де көрсетеді. Әуелі алдап, арбап қармағына түсірмекші болады. Інісін шаруаға салып, өзін тоқалдыққа алуды ойлайды. Бұл жаман ойларын түсінген қайратты қыз айтқандарына көнбегенсін, олар зорлауға көшеді.

Атасымен қоштасар жерде айтқан сөзінде:

Атаңа нәлет тоғыз би,

Қызылы сөнбей сәуленің,

Жетімге келіп қол салып,

Дұшпанға қойды табаға.

Билерден қорлық көргенсін,

Шыдамай кетіп барамын,

Төрежан сынды балаға...

Қызымен жасты Алмашты

Аламын деп тап берді.

Нарындағы тоғыз залымда

Ойласам, ата, дін бар ма?..

Поэманың бас қаһарманы - Алмаштың өзі. Атасына, әкесінің ескі досы Сағитжан ноғайға және ордадағы ханның билеріне айтқан оның сөздерінен қыздың басына түскен ауыр хал де, өзінің ақыл-қайраты да, билерге деген өшпенділігі де, ой-санасының сәбилігі, нанғыштығы да жақсы көрінеді.

Алмажан жас. Өмір тартысының көп жақтары оған әлі түсініксіз. Сондықтан ол ханда әділдік бар деп сенеді. «Жауыздықты жасаушы билердің өзі, оған ханның қатысы жоқ. Ханға барсам, ісім жөнделеді», - деп ұғады. Шынында, бұл тәрізді іс-әрекеттердің түп-тамыры сол ханның өзінде жатқанына оның көзі жетпейді.

Сөздеріне қарағанда, Алмажан албырт, ержүрек қыздың бейнесін аңғартады. Тоғыз бидің қаһарынан қорқып, басқалар оның маңына жоламайды, өзінен басқа сүйенері де, сенері де жоқ қыз тоғыз биге қарсы күреске шығады. Алыс жол, сусыз шөл не қиындықтар алдында тұрса да, ол кешегі Азамат ердің қызы болғандықтан, намысын аяққа бастыруды өзіне ар көреді. Оның жас інісіне айтқан сөздерінен бұл жайттардың бәрі де толық аңғарылады:

Толықсыған көңілім

Басылмайды, қарағым,

Тоғыз биден кек алмай.

Атаңа нәлет тоғыз би,

Қаңғыртып бізді жіберді-ау,

Дүние-малды көре алмай.

Билерден қорлық көрген соң,

Келемін іздеп Жәңгірді:

Жата алмадым үйімде

Ел-жұртымнан ұялмай...

Жол мен шөл қиыншылығына шыдай алмай, зарыққан інісін жұбатқанда да, әкесінің атына кір келтірмеуді бедел тұтып:

Тар жерде жылау лайық па,

Азамат ердің баласы,

Төрежан деген басыңа, - дейді.

Алмажанның әкесі қатардағы жай адам ғана емес, санаулы ерлердің бірі екендігін Алмажанның Сағитжан ноғаймен сөйлескенінен көруге болады:

Кешегі кеткен ер әкем,

Ерлігін оның сұрасаң,

Ер Әліден кем емес,

Өз дегені болмаса,

Пенденің тілін алмаған.

Ақылы артық арыстан

Озып еді байтақтан

Үзілсе арқау жалғаған.

«Жетім қыз» поэмасында өмір шындығының ерекше көзге түсетін бір эпизоды Алмажанның хан ордасына барып, ондағы билермен кездесуі деуге болады. Жауыздықтың ордадан алыс жатқан Нарынды ғана емес, ханның өз айналасында бар екенін Алмажан бірден ұғынады. Ханға шағымын айтып, тоғыз биден теңдік аламын деп келген қызға зұлымдықтың ең күшті түрі осы хан орданың маңында екендігі анықталады. Алмажан орданың маңындағы билерге айтқан сөзінде:

Елім бір көшті талдауға,

Талдаудың түбін барлауға.

Сұрамай жөнімді ұстадың,

Екі бірдей жас жетім,

Көрінді ме оп-оңай,

Билерім, сізге алдауға.

Алыстан іздеп келгенде,

Сендерден қорлық көргенім.

Нарындағы тоғыз залымнан

Құтылдым деген сұм басым,

Қайтадан түстім байлауға.

Ай жалыны айда екен,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 903 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2015 2878
    • DOCX 43.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каниева Гулден Умиртаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каниева Гулден Умиртаевна
    Каниева Гулден Умиртаевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 207377
    • Всего материалов: 51

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в дополнительном образовании

Педагог дополнительного образования по русскому языку и культуре речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Курс повышения квалификации

Лингвокультурологический подход в обучении русскому языку как обеспечение принципов и требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Русский язык" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 454 человека

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе