Конспект по теме "Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы "

Предпросмотр материала:

Тахауи Ахтанов

 

http://kazadebiet.kz/files/tahauiahtanov_1.jpg?1392382478    http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=d9a6eb462548557a35347d5fdefc5aea&n=21         http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=49f4f563a125da16253173ddd9ae8cef&n=21

Тахауи Ахтанов (1923-1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған.

1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды.

1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады.

Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы".

1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М.Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы.

"Әдебиет жөне искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркем өнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.

II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.

 

Краткое описание материала

Конспект по теме "Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы "

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Каниева Гулден Умиртаевна

учитель казахского языка и литературы, классный руководитель 6 "А" класса

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 239492
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 51
  • 239492
    просмотров
  • 51
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Каниева Гулден Умиртаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~240

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: