Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Конспект урока на тему "Адамдардың құқықтық мәдениеті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Конспект урока на тему "Адамдардың құқықтық мәдениеті"

библиотека
материалов

Адамдардың құқықтық мәдениеті

(сынып сағаты)


Мақсаты: Оқушыларға азаматтық, құқықтық мәдениеті туралы түсінік беру. Өздерінің құқығын қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, кіші топтармен жұмыс.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мәдениеті.


Кіріспе

Мұғалім; Қай қоғамда да оның мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғайтын үрдістер үстемдік етеді. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция негізінде Кеңестік Қазақстан дәуірі аяқталды. Еліміздің президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды. Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының президенті ұсынып, оны халық 1995 жвлғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады. Конституция арқылы әлеуметтік құрылысының негіздерін анықтайды.


Негізгі бөлім

Оқушыларды төрт топқа бөледі. Алдымен оқушылар мемлекет, құқық туралы айтады.

І топ

1-оқушы: Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.

2-оқушы: Адамдардың ру болып ұйымдасуы екі сатыдан өтті. Бірінші сатысында әйелдер үстем жағдайда болды, өйткені рулы топтар шеше тұқымын қуалап құрылатын. Ол дәуір матриархат деп аталады. Бертін келе матриархаттың орнын патриархат алмастырады. Бұл процесс егіншіліктің, мал өсіру кәсібінің дамуымен, еңбек құралдарының жетілуімен байланысты болды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде ерлер қоғамдық өндірісте басым жағдайға ие болды да, ру құрылымында шешуші күшке айналды. Осыдан былай қатынастар ерлер ру ішінде үстем жағдайға көшті.

ІІ топ

1-оқушы: Рулық қауым негізінде әскери демократия қалыптасты, ал мұның өзі мемлекет құрудың алғашқы нышаны еді. Мемлекеттің пайда болу процесі әртүрлі халықтарда әр кезеңде жүзеге асты. Кейбір халықтарда (Қытай, Мысыр және басқаларда) мемлекет сонау ежелгі заманда пайда болды, ал өзге бір халықтар тарихында мемлекеттің қалыптасу процесі талай ғасырларға созылды. Мәселен, қазақ қоғамында әскери демократияның нышандары ХҮІІІ ғасырға дейін сақталды.

2-оқушы: Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет бір жағынан әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы.


ІІІ топ

1-оқушы: Мемлекеттің пайда болуына әкеп ұластырған себептер құқықтың қалыптасуына негіз болды. Рулық құрылыста құқықтың қажеттігі болмайды. Ру мүшелерінің, туыстас рулар мен тайпалардың арасындағы қатынастар ерте замандардан бері қарай қалыптасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер арқылы реттеліп отырады. Рулас адамдар рулық әдет-ғұрыптарды ешқандай күштеусіз, өз еріктерімен орындайды. Ол әдет-ғұрыптарды бұзған адам үшін ру мүшелерінің пікірінен асқан жаза құралы болмайтын. Мұның өзі өліммен тең саналатын.

2-оқушы: Жеке меншіктің қалыптасуымен бірге рулас адамдардың арасында мүліктік теңсіздік пайда болды. Осыған байланысты рулық әдет-ғұрыптардың мазмұны өзгерді, олар бірте-бірте жаңа мәнге ие бола бастады: үстемдік етуші топтың ырқын білдіріп, көбінесе солардың мүліктік және жеке өзіндік мүдделерін қорғайтын болды. Тұрмыстық әдет-ғұрыптар енді құқықтық ғұрыптар, яғни жұрттың бәріне бірдей міндетті ережелер түріне айналды.


ІҮ топ

1-оқушы: Сонымен қатар мемлекет, оның органдары адамның мінез-құлқының бұрын болмаған жаңа ережелерін белгіледі. Құқықтық ғұрыптар және мемлекет пен оның органдары қабылдаған құқықтық нормалар негізінде құқықтық жүйе қалыптасты. Құқықтық жүйенің мақсаты – мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау болып табылады. Мемлекет пен оның органдары құқықтық норма талаптарының орындалуын, адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдаланған кезде заңдардың бұзылмауын бақылап отырады. Құқықтық тәртіпті қорғайтын, заңды бұзушыларды заң жолымен жауапқа тартып отыратын арнаулы органдар құрылады. Мұндай органдарға жататындар – полиция, сот, прокуратура, әскер.

2-оқушы: Сөйтіп құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың, құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттік құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер жиынтығы заң деп аталады. Заң ең жоғары күші бар нормативтік құқықтық акт. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңға негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Ойқозғау

Құқықтық мәдениетті қалай түсінеміз? Әр топ өз ойларын ортаға салады.

Мағынаны тану. Әр топқа Конституцияның баптары беріледі.

1-топ: 24-бап

1-оқушы: Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

2-оқушы: Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбек үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

3-оқушы: Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

4-оқушы: Әркімнің тынығу құқықтары бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалысқа кепілдік беріледі.

Топқа қойылатын сүрақ:

- Еңбек ету бостандығы мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу қалай жүзеге асып жатыр?


ІІ топ: 25 бап

1-оқушы: Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

2-оқушы: Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларына олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.

Топқа қойылатын сұрақ:

- Азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі қалай жүргізілуде?

ІІІ топ: 28-бап

1-оқушы: Қазақстан Республикасының азаматына, жалақы мен зейнетақы ең төмен мөлшерін алуға жасына қарай, науқастанған, мүгедек болған асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуға кепілдік беріледі.

2-оқушы: Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.

Топқа қойылатын сұрақ:

- Жұмысқа жарамсыз азаматтарға қандай әлеуметтік көмек көрсетілуде?


ІҮ топ: 29-бап

1-оқушы: Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2-оқушы: Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хақылы.

3-оқушы: Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практика мен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

Топқа қойылатын сұрақ:

- Азаматтардың денсаулығын сақтау жөнінде заңда қандай жеңілдіктер көрсетілген, ол қалай жүзеге асуда?


Қорытынды:

Мұғалім: Адамға құқықтық мәдениет жеке басының рухани қажеттілігін өтеу үшін керек.

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.


Краткое описание документа:

Адамдардың құқықтық мәдениеті

(сынып сағаты)

 

            Мақсаты:  Оқушыларға азаматтық, құқықтық мәдениеті туралы түсінік беру. Өздерінің құқығын қорғай білуге тәрбиелеу.

            Әдісі:  Сұрақ-жауап, кіші топтармен жұмыс.

            Көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының мәдениеті.

 

            Кіріспе

            Мұғалім; Қай қоғамда да оның мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғайтын үрдістер үстемдік етеді. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция негізінде Кеңестік Қазақстан дәуірі аяқталды. Еліміздің президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды. Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының президенті ұсынып, оны халық 1995 жвлғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады. Конституция арқылы әлеуметтік құрылысының негіздерін анықтайды.

 

 

Автор
Дата добавления 01.02.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров430
Номер материала 355345
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх