Конспект урока на тему "Аяқ киімнің табанына ұлтан жапсыру"

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Аяқ  киімнің  табанына  ұлтан  жапсыру

 

Сабақтың мақсаты:

1.     Коррекциялық білімділік мақсаты:

Оқушылардың ұлтан ауыстыру туралы білімдерін  тереңдету және ауыстыру бағытында технологиялық әдістермен таныстыру.

2.     Коррекциялық дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың есту кемшілігін есепке ала  отырып, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.

3.     Коррекциялық тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды материалдарды  үнемдеп пайдалануға баулу, құрал жабдықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. 

 

 

Ұлтанды пішкен кезде үлкен деталдарды шаблон үлгіден сәл артықтау етіп аламыз. Артықтау алатын себебіміз, ұлтанды желімдеп жапсырғанда ұлтанның көлемі сәл кішірейіп өз размеріне сәйкес келеді. Материалды пішкен кезімізде ұлтанның тұмсық жағы өкше жағына қарағанда тығыз болуы керек. Пайдаланатын материалды мүмкіндігінше үнемді қалдықсыз пайдалана білу қажет.

  Бәрін дайындап алғаннан кейін желім жағылатын жерлерге арнайы аяқ киім желімімен екі рет жағып, 15 – 20 минут кептіріп аламыз. Желімді шашақпен біркелкі тегіс жағуға тиіспіз.

  Аяқ киімді оң қолмен арт жағынан ұстап, ал ұлтанды сол қолымызбен желім жағылған жағын жоғары қаратып әкеліп, жапсырамыз. Жапсырған кезде  ұлтанның  шеттері  табанның  шетінен артығы  кесетіндей  шығып тұруы тиіс.

 Ұлтанды  жапсырған  кезде тұмсық жағынан бастаймыз, сосын аяқ киімді табан  жағын жоғары қаратып тұмсығынан бастап қолымызбен қысып біртіндеп жапсырамыз.

 Аяқ киімді қырынан тіземіздің үстіне қойып, екі қолдың бас бармағымен ұлтанды табанға қыса отырып жапсырып шығамыз.

 Ұлтан мен табанды жапсырып болған соң, аяқ киімді темір аяққа (лапка) кигізе отырып балғамен өн бойына соғып шығамыз. Соғу кезінде мықты жабысу үшін аяқ киімді темір аяқта жылжытып, қозғап отырамыз.

  Түгелдей соғып, әбден жапсырып болғасын  ұлтанның артық шығып тұрған шеттерін пышақпен кесуге кірісеміз.

  Аяқ киімді қонышын жоғары қаратып (егер етік болса) , ал  ұлтан  төмен  қарайды.

  Аяқ киімді сол қолмен, бас бармағымыз үстінде, ал қалған төртеуін төменде ұстап кесе бастаймыз. Кескен  кезде, кесілген  жерімізді  жантайтпай  тік кесу үшін  пышағымызды  соған сәйкес тік  ұстауымыз  керек. Кескен кезде кесілген  жеріміз  біртегіс  шығуы қажет,  пышақпен аяқ  киімнің  үстіңгі  жағын  бүлдіріп  алмауымыз  керек.

 

 

   Ұлтанды  кескен кезде пышақты  әлсін-әлсін  суға  салып  алып  отыру  қажет  болады. Дымқыл  пышақ  резеңкені  жақсы  кеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 


1 Сурет.Шаблон үлгі бойынша пішу

 

2 Сурет.Ұлтанды аяқ киім табанына жапсыру

 

3.Сурет. Ұлтанның жабысқан шеттерін қысу


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

Конспект урока на тему "Аяқ киімнің табанына ұлтан жапсыру"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Султангазиев Кайрбек Мугазович

учитель технологий

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 2775
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 3
  • 2775
    просмотров
  • 3
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Султангазиев Кайрбек Мугазович.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: