Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Конспект урока на тему "ҚОЛ ТІГІСТЕРІ"

Конспект урока на тему "ҚОЛ ТІГІСТЕРІ"

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Қол жұмыстарына қолданылатын терминологиялар

және тігіс түрлері

                

       Үйренгенің өзіңе құт,

істегенің еліңе құт!

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру,

-          Тігіс түрлері туралы түсінік беру,

-          Қол жұмыстарына деген көзқарастарын арттыру,

-          Білімдерін сарамандық жүзінде жасай білуге дайындау.

Дамытушылык мақсаты:мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.

Оқушылардыңойлау қабілетін жетілдіруде әдістемелік әдістерді басшылыққаалып,теориялық білімінің жемісін өздеріне бағалату:

Тәрбиелік мақсаты:оқушының өз бетінше жұмыс еріктілігін, өз күшіне сенімділігін қалыптастыру. Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.  Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: технология түрлері,СТО технологиялары,

Дөңгелек үстел, топпен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы

Құрал-жабдықтар:мата қиындылары, қайшы, ине, жіп жұмыс папкасы.

Көрнекіліктер:тігіс түрлеріне арналған суреттер,схемалар, сөзжұмбақ «Эрудит» логикалық дидактикалық ойын , нұсқау картасы, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, математика, сурет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.(қызығушылықты ояту).

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін. «Балауса», «Бәйтерек»

ІІ. Кіріспе

-          Бұл жылы сіздермен қандай тігіс түрлерін үйренеміз?

-          Тігістің түрлерін атап кету (Түзу тігіс, қайшы тігіс, қиғаш тігіс, айқаспа тігіс, тышқан тігіс, кесте тігіс, қайырма тігіс)

-          Тігісті тігу үшін нұсқау картаны тарату

-          Жұмыс үстелінде дұрыс отыру шарттарымен танысу

-          Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

ІІІ. Білім-білікті қорытындылау.Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру мақсатында«Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.

Тақырыбы: «Мата туралы түсінік» , « Қол тігістері».

                   1. Матаны не үшін пайдаланамыз?

                   2. Мақта, зығыр маталары туралы түсінік.

1-тапсырма: Тірексызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап.

2-тапсырма:   Логикалық ойын - Дұрыс жауабын тап.

3-тапсырма:   Жалғастыру диктанты.

4-тапсырма:   Сөзжұмбақ: «Мататану» тақырыбы бойынша 9 түрлі мата атауын табу.«Қол тігістері терминологиясы» тақырыбы бойынша тігіс түрлерінің 10 түрлі аталуын табу.

Жауаптары: көктеп тігу, жапсырма көктеу, бастыра көктеу, көктеу, қадау, көшіру, бүгіп көктеу, қайып тігу, тігімдер, инешаншым.

  

Тірек сызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап:

1. Механикалық                           Сетінегіштігі

2. Гигиеналық                              Мықтылығы

3. Технологиялық                         Жылу сақтағыштығы

4. Мықтылығы:                          матаны бүктеп орағанда мыжылып қалу қабілеті

5. Қыртысталуы:                     матаның шеті сетінеп,жіптердің төгіліп,шашақталуы

6. Гигроскопиялығы:                  жылу мен ылғалдың әсерінен мата көлемінің кішіреюі

7. Жылу сақтағыштығы:         матаның өзіне түскен күшке жыртылуға қарсы тұру қабілеті

8. Сетінештігі                           матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қабілеті

9. Отыруы                                 матаның жылу сақтағыш қабілеті

 

ІV. Сарамандық жұмыс

  1. Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар

  2. Қол тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін « Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу (тақтаға жұмбақтар жазылады,жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады)

Тап-тап, тап жорға, Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас.   (Ине)

 

Екі пышақ бірлесіп,Кесіп пішіп береді

Екеуі бірге жүрмесе, Жоқ қой бізге керегі.               (Қайшы)

 

Тұмсығы мықты, Қырмен ойды тегістеп шықты.       (Үтік)

V.   Қол тігістерін тігу

Нұсқау картасының мазмұнымен таныстыру, таратып беру, тігу жолын көрсету

VІ .  Қортынды бөлім

      Бағалау парағы бойынша оқушылардың білім деңгейі бағаланады.

-          Балалар, мататану негізі және қол тігістерін тігу білімі не үшін қажеттігін өздерің саралап көріңдерші.

«Ізгілендіру» диаграммасы

Білемін тігіс түрлерін

Үйрендім қалай тігілуін

Білгім келеді қайда қолданылуын

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма: қол тігістерін қайталап тігу, кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды әкелу.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

І. Сабақтың тақырыбы: Матамен жұмыс. Қол тігістерінің түрлері.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты: Қол тігістерінің түрлерімен таныстыру, үйрету, 

тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру.

ә) Дамытушылық мақсаты: тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, 

тиімді пайдалануға үйрету.

б) Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу.

ІІІ. Еңбек нысаны : түсіндірме, сарамандық оқыту,

ІҮ. Сабақтың түрі: аралас

Ү. Сабақтың көрнекілігі, керекті құрал-жабдықтар: бүктеме, оқулық, ине, қайшы, жіп, мата, өлшеуіш таспа

ҮІ.Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, математика, әдебиет

ҮІІ. Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

1. Ұйымдастыру 3 мин.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 7 мин. 

Топтастыру (Қол жұмысында қолданылатын құрал-жабдықтар)

а) Бізді, оймақты не үшін қолданамыз?

ә) Ине не үшін қажет және оның неше түрі бар?

б) Қайшы неден жасалады және оның неше түрі бар?

в) Өлшеуіш лента, бор не ұшін қажет? 

3. Жаңа сабақты түсіндіру 10 мин. 

Киім бөліктерін біріктіру және қиындыларын өңдеу үшін жіппен тігу, желімдеу, балқытып біріктіру әдістері қолданылады.

Тігіс орындалуына байланысты қол тігіс және машина тігістері болып бөлінеді. Қолмен тігілген тігістер тұрақты, уақытша, жай және күрделі болып бөлінеді. Бұйымдарды қолмен тігу кезінде тігістің бес түрі пайдаланылады: түзу, қиғаш, айқасталған, торламалы, қайып тігу. 

Түзу тігістер құрылымына байланысты ең жай тігіс, олар бос, тез сөгілетін тігіс болып саналады. Түзу тігістерге түзу көктеу тігіс және көшірме тігіс жатады. Түзу көктеу тігістер бұйымдардың бөліктерін уақытша қосу үшін, машинамен тігу алдында қолданылады.

.Түзу тігістерді тігу үшін инені қиғаштай ұстап матаны үстінен астына жаншиды, сәл алдыға қозғап инені матаның үстіне қайта шығару керек. Көктеп тіккенде инені тігілетін бұйымның бетіне кезек-кезек өткізеді Сонда тігістің жіптері екі бетте де үзік-үзік болып көрініп тұрады.

Көшірме тігіс сызықтарды бір жақтан екінші жаққа көшіру үшін қолданылады. Үлгінің әрбір бөлігінің контур сызықтары бойымен, енін 0,5-0,7 см етіп ілмектеп шығады, содан кейін бөлікті ажыратып, олардың арасындағы жіпті қайшымен абайлап қияды.

Қиғаш тігістерге қиғаш көктеу, шетін ала тігу, бүгіп жапсыру тігістері жатады. Шетін ала тігу. Қолмен тіккенде жіпті тартпай, матаның шетін инемен шаншып солдан оңға қарай тігеді. Жіпті бос тастай, жиі тігу керек. Бүгіп жапсыру. Матаны ішіне қарай қайырып, шетін сәл бүгеді, ине үстіңгі матаның бір жібінен өтіп, одан арй қарай қайырманың ішінен өткізіледі. Инені жиі, арасына 2-3 мм қалдыра шаншу керек.

Киім тігуде көйлек пен белдемшенің етегі, шалбардың балағы, жағаның қиындысы айқасталған тігіспен жапсырылады. Бұл жерде көбіне тігіншілер бұйым тігісін жатқызу мақсатында, яғни қырын шығару мақсатында қолданады. Айқас тігуде инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Айқасталған тігіс солдан оңға қарай тігіледі. Инені матаның ішкі жағының 2-3 жібінен өткізеді, оны өзіне қарай қайырып тастап, инені матаның оң жақ беті бойынша қиғашынан, оң жақтағы бірінші қатарға тік түйрейді. Одан соң бір жақтағы тігіс екінші жақтағы екі қабат тігісінің ортасына түсу үшін мата жібінің жоғарыдағыдай мөлшерін (2-3 жіп) түйреп алады, тігіс аралықтары 0,5-0,7 см. 

Торламалы тігіс – күрделі тігіс болып саналады. Негізінен торлауға және сетінегіш матаның жиегін тігуге қолданылады. Тігіс оңнан солға қарай тігіледі. 

Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Егер машинамен тігу мүмкін болмаса қайып тігу әдісі қолданылады.

Қолмен іс тігушінің негізгі құралары: ине, қайшы, үлгі, оймақ.

 

Автор
Дата добавления 25.04.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров632
Номер материала 495880
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх