Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Конспект внеклассного урока на тему "Алтын қақпа"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Конспект внеклассного урока на тему "Алтын қақпа"

библиотека
материалов

«АЛТЫН ҚАҚПА»

(сыныптан тыс сабақ)


Мақсаты: 1. Байырғы есептерді қолдануда математикамен өмірдің тығыз байланысын түсіндіру.

2. Есептердің мәнін, мақсатын, халықтық салт-дәстүрді білу.

3. логикалық ойлау қабілетін, ойын жеткізе, көнерген сөздерді пайдалана білуге дағдыландыру.

4. Тапқырлыққа, ұлтжандыққа, дәлдікке болжау тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тас қақпа, күміс, алтын қақпа, алтын сандық, микрофон, ән әуені, нөмірленген таяқшалар, компьютер.


Жүргізуші: Жеті ата деген не?

Жауабы: Жеті ата ғұрып, әр адамға жеті атасын білген парыз, ол көргенділік пен білімдікті білдіреді. Қазақ жеті атасын білмесе «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөйлейді. Жеті атаны үйрету – ата-ана борышы. Қазақта «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» - деген мақал бар. Жеті атасын білуге үйрету сандар арасындағы қатыстарды білуге тәрбиелейді.

Тас қақпа сұрағы: - Жеті саны туралы не айта аласыз?

Жауабы: Жеті – ежелгі атау. Қазақта жеті саны киелі сан, бір аптада жеті күн бар. Өлген адамның жетісі беріледі. Жеті атасын білмегенді, жеті жұртты құртқан деп қарғайтын болған.

Күміс қақпа сұрағы: - Бір жігіт ақсақалға: Нешедесіз? – деп сұрады. Сонда ақсақал 4 жылқы тоқтымын деді. Ақсақал қанша жаста?

Жауабы: 51 жаста. Ақсақал 4 жылқы деу арқылы өзіне 4 мүшел тоғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді. Яғни 49 + 2 = 51

Алтын сандық сұрағы: - 3 пар ат 8 шақырымға шапса, 1 ат неше шақырымға шабады?

Жауабы: Ол да 8 шақырым жер шабады.

Жүргізуші: Қазақта санау жүйесі болған ба?

Жауабы: Олар бір-бірлеп те, екеулеп те, үшеулеп те, жетілеп те, тоғыздап та, қырықтап та санаған. Бұлар қазақтың мәдениеті жоғары халық екендігінің дәлелі.

Тас қақпа сұрағы: Бұрынғы ата-бабмыз көбейту ережесін білген бе?

Жауабы: 9 көбейту ережесін қазақтың көбейту ережесі дейді. Санды 9-ға көбейту үшін, мысалы, бесті тоғызға көбейту үшін, алақанды жайып, сол қолдан бесінші саусақты бүксек,бүгілген саусақтың сол жағында тұрған саусақ қырықты, ал оң жағындағы саусақтар бірлікті көрсетеді. Сонда 45 дегенді оқимыз. Осы сияқты 9-ға дейінгі сандар осылай көбейтіледі.

Күміс қақпа сұрағы: - 9 санының сырын білесің бе?

Жауабы: 9 тақ сан, 9-ға байланысты қазақ арасында түрлі өлшемдер туған. Соның бірі – айып өлшемі. Ел арасында ас бергенде, дау-шарада бір тоғыздан үш тоғызға дейін төленетін зат болған. Ол түйе бастаған 8 жылқы, жақсы ат бастаған 8 ұсақ мал, 8 сом күміс бастаған ақша. Қыз жасауы 9 шапан, 9 ішік, 9 бешпет, 9 білезік, 9 көйлек, т.с. түрінде болған. Бұған байлар жылқыларын да үйірмен санаған. Үйірде негізінен 9 жылқы болған. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – 9 құмалақ. 9 санына байланысты ойын-сауық, салт-дәстүр толып жатыр.

Алтын сандық сұрағы: 99 қой 15 қораға қамалды. Неліктен ең болмағанда қораның біреуінде қойдың саны тақ болады?

Жауабы: Егер әр қорада жұптан қой қамалса, онда олардың қосындысы жұп сан болады. Ал 99 тақ сан. Демек ең болмағанда қораның біреуінде тақ санды қой қамасақ қана, тақ сан шығады.

Жүргізуші: Ен, таңба дегенді қалай түсінесің?

Жауабы: Ен, таңба – таным белгісі. Олар түрліше болады. Әр үй өз малына таңба салады. Мысалы: жылқының сауырына темірді қыздырып басады, біреу сынық таңба басса, екіншісі қойына сырға тағады, тағы біреуі мойнына жіп байлайды. Салт-дәстүр, бар нағашысы, жиені келгенде ботаның құлағын кесіп, ен салатын болған. Сол сияқты әр елдің өзінің таңбасы бар. Қазір біз егемендік алғаннан бері өзіміздің ел таңбамыз бар. Таңбаны жасаудың өз қағидалары бар. Ата-бабаларымыздың басқа да сан таңбалары болған. Бірді-бір, екіні-екі таяқша, т.с. Сондай-ақ жіптерді түю арқылы да сандарды белгілеген. Бірлікті кіші түйін арқылы, үлкен бірліктерді түйінін үлкендеу қылған.

Тас қақпа сұрағы: - Дүре салуда математикалық заңдылық бар ма?

Жауабы: Дүре салу – жазаның ең ауыр масқара түрі. Жазалының құйрығын түріп қойып, қамшыны суға салып, 25, 50, 75, 100 рет соғу. Мұндайда қамшы 4,8,16,32 өрмеде болуы мүмкін. Оны би анықтайды. Дүре салу кезінде адам өліп кетсе, құны сұралмайды. Дүре саны мен өрме санына зейін аударсақ, әуелгі сан екі есе артып отырады. Бұл арифметикалық қатар мүшелері. Оның алдынғысын, дүре айырмасы арқылы басқасын табуға болады.

Күміс қақпа сұрағы: - Қазақтың байырғы өлшеуіштерін білесің бе?

Жауабы: Қарыс, сүйем, шөкім, шақырым, тағы басқаларын шамамен есептеген. Бір көнек сүт шамамен 6-7 литр.

1 шелек шамамен – 12,3 литр

1 қап шамамен – 4 пұт – 65,66 кг

1 қадақ – 19,47 кг

1 жамбы – 6 кг

1 кез – 62 см

1 пітір бидай шамамен – 3 кг

1 ширек – 250 г

1 әшмөңке – 50 г

1 таймөңке – 25 г

1 қайнатым шай – 6,5 г

1 шөкім тұз – 12,5 г

1 сүйем – 18 см

1 көген – 25,5 м

1 қазық – метр

Алтын сандық сұрағы: Дыбысты сағат 4 секундта 3 рет соғады. 9 рет соғу үшін неше секунд керек?

Жауабы: 16 секундта. Өйткені әрбір екі соғудың арасы 2 секундқа тең. 9 соғу арасында 8 аралық бар. Олай болса, 8 аралық 2 секундтан 16 секунд құрайды.

Краткое описание документа:

«АЛТЫН ҚАҚПА»

(сыныптан тыс сабақ)

 

Мақсаты:  1. Байырғы есептерді қолдануда математикамен өмірдің тығыз байланысын түсіндіру.

2. Есептердің мәнін, мақсатын, халықтық салт-дәстүрді білу.

3. логикалық ойлау қабілетін, ойын жеткізе, көнерген сөздерді пайдалана білуге дағдыландыру.

4. Тапқырлыққа, ұлтжандыққа, дәлдікке болжау тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тас қақпа, күміс, алтын қақпа, алтын сандық, микрофон, ән әуені, нөмірленген таяқшалар, компьютер.

 

Жүргізуші: Жеті ата деген не?

 

Жауабы: Жеті ата ғұрып, әр адамға жеті атасын білген парыз, ол көргенділік пен білімдікті білдіреді. Қазақ жеті атасын білмесе «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөйлейді. Жеті атаны үйрету – ата-ана борышы. Қазақта «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» - деген мақал бар. Жеті атасын білуге үйрету сандар арасындағы қатыстарды білуге тәрбиелейді.

Автор
Дата добавления 01.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров265
Номер материала 355353
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх