Инфоурок Классному руководителю КонспектыКонспект внеклассного урока на тему "Достық түбі"

Конспект внеклассного урока на тему "Достық түбі"

Скачать материал

Достық түбі – адалдық

(тәрбие сағаты)

Сабақтың мақсаты:

-          адамның бойында болатын болашақ өміріне пайдалы достық сезімнің құдіретін ұғындыру, бұл сезімнің қасиетті де қастерлі сезім, жақсылықтар жиынтығы екендігіне көз жеткізу;

-          достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: кластерлер, эмблема, суреттер, жазылған плакаттар:

1.      Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. (Әл-Фараби)

2.      Дос болма майда тілді күлгенменен,

Бимағна сырты жылтырап жүргенменен.

            3.   Достық деген – ең алдыменен адалдық, жолдасыңның қасиетін сынау.

                                                                                                                 (Н.А.Островский)

            4.   Дос адам сарайыңды жұқмақ етер. (М.Қашқари)

            5.   Көбісі аузыңды аңқитып,

                  Жел болып ұйытқып өтеді.

                  Бір өзі мыңға татыған,

                  Бір досың болса жетеді. (С.Жиенбаев)

 

Мұғалім: Өздеріңе белгілі, өткен жылы ұлтаралық достыққа арналған сабақ өткен болатынбыз. Ол сабақтан әр ұлттың мәдениетінен, өнерінен, тағам түрлерінен мағлұмат алғанбыз. Бүгінгі «Достық түбі - адалдық» атты сабағымыз өміріңе сән беретін, адам бойындағы ғажайып сезім – достық туралы. Өмірде көп көрген, достық мектебінде шыңдалған ақындардың жырларын оқып, ұлтымыздың қасиеттері хадистерін жаттап, даналардың сөздерін санамызға тоқып, достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы екеніне көз жеткізіп, адал досты жалған достан айыра білуге үйрену.

 

«Достықты жырлаймыз»

Оқушы:  Досым, саған сенемін, сеніп өтем!

Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген – адамның көрігі екен,

Достық деген – ақылдың серігі екен.

Қыран-күлкі тамаша – бәрі осында,

Отырмын думан асып жатқанымен.

Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?

Оқушы:  Ұйтқып жатыр көңілді құйын-дауыл

Неге сен келе алмадың жиынға бұл?

Жыраққа жалғыз мені жібермеші

Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр

Сенсіз көңіл қашанда хош тұрған ба?

Сенсіз думан – қызылсыз бос қырман да

Әсіре ойнап қайтейін, әсіре күліп

Сенің орның құлазып бос тұрғанда.

Оқушы:  Достық қымбат өмірде,

Сақтай білсең көңілге.

Терең оймен түсініп,

Сене білсең өмірге.

 

Оқушы:  Қиындықты сенімен бір көрісіп,

Қажымайтын, тайсалмайтын жігері.

Дос дегенім – жарты нанды бөлісіп,

Адалдықтан жаралады жүрегі.

Оқушы:  Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,

Жаман достан жамандық келеді екен.

Оқушы:  Достық сезім нұр құяды көңілге,

Досым үшін тойымдағы төрім де.

Қуаныштың кептері боп самғаған,

Дос көңілдер шырқай берсін өмірде.

Ән «Досыма»

Оқушы:  Талап қойып, таңдап мінсең жорғасын,

Адал болсын қасыңа ерген жолдасың.

Жоқта –  қамқор, күндемесін бар болсаң,

Сапардағы ер жігітке ол да сын.

Оқушы:  Достық қана бақыт гүлін самсатқан,

Жүректерді іңкәр еткен, аңсатқан.

Ей, жігітім! Нарқы қымбат бұл достық.

Тұрады асқақ байлықтан да мансаптан.

Оқушы:  Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

Қиналады – сен қиналаң болғаны,

Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы.

Оқушы:  Жасыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Оқушы:  Дос болма майда тілді күлгенменен

Бимағна сырты жылтырап жүргенменен.

Оқушы:  Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы-жаман айтар деп елемейді,

Бақ-дәулет сол адамнан арылмайды.

Оқушы:  Жан қиыспас дос болсаң,

Сыйласумен жүрерсің.

Шашылып жатса, сыртынан –

Жинасумен жүрерсің.

Оқушы:  Шаттансам достарыммен шаттанамын,

Жасырмай жан сырымды ақтарамын.

Ақ көңіл, пәк пейілін, ақ жүрегін,

Паш етем жақын түгіл жатқа бәрін.

Достықты, досты сүйем беріле шын,

Әрдайым көзіме ыстық көрінесің.

Елжіреп сағынғанда жан достарым,

Кеудемнен жыр боп әр кез төгілесің.

Достарым, арқа сүйер сенімімсің,

Айнымас, ажырамас серігімсің.

Жанымның, көңілімнің айнасысың,

Басқалар сені көріп мені білсін.

 

Көрініс: «Досыммен сырласу»

Оқушы:  Армысың, асыл дсым, жүректегі.

Отырмын өз жаныңа гүл еккелі,

Асырып асулардан бізді ертең,

Отыр ғой мына заман түлеткелі.

Оқушы:  Орын ап жүрегімнің түкпірінен,

Сен маған ақиқатты ұқтырып ең.

Арадан қыл өтпестей шын достықты,

Құрбылар екеумізден ұқты білем.

Оқушы:  Табылмас сынығысың сен асылдың.

Араманға құшақ жая кең ашылдың.

Шақырып қажырлы да қайсарлыққа,

Аса алмас асулардан сен асырдың.

Оқушы:  Көзіңнен сенің айқын сыр көремін,

Қайғыны, қуанышты бір көремін.

Досым-ау Алла қосқан ақ ниетпен,

Сенімен бірге жүріп бірге өлемін.

Оқушы:  Осылай айтылатын сырым саған,

Сырым саған арналар, жырым саған.

Түрім емес, тіліме ғашық едің,

Белгілі айтпасам да түрім саған.

 

Хадистер

 

№ 525 хадис:  Жерді атына қарап, адамды досына қарап тануға болады.

№ 574 хадис:  Әрбір мұсылман үшін адал дос табу – міндет.

№ 588 хадис:  Досыңның сұраған кешірімін қабылдамаған адамның күнәсі өсімқордың күнәсімен бірдей.

№ 705 хадис:  Досымен бір жыл бойы араздасып жүру – оның қанын төгумен бірдей.

 

«Даналар сөзі – ақылдың көзі»

 

1.      «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.» А.Құнанбаев

2.      «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей-ақ қойса болады», - деді Демокрит.

3.      «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды», - деген Аристотель.

4.      «Өз достарыңды бағалай біл, бірақ әкеңнің достарын құрметте», - депті Омар Хайям. Оның мәнісі – ол әбден сыналған достық.

5.      Иман Жүсіп: «Дос болып қас қылғаннан сақта, құдай», - деген.

6.      «Жаман дос – көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.» Абай Құнанбаев.

7.      «Достарыңның арасындағы келіспеушілікке шешім айтқаннан жауларыңның келіспеушілігіне ара түскенің жақсы, өйткені екі досыңның арасына билік айтсаң, бірінен айрыласың, ал екі жауыңа төрелік айтсаң, біреуімен достасасың», - депті жеті ақылманның бірі Блант.

8.      «Бүгінгі достарыңа ертеңгі дұшпаныңа қарағандай қара. Өйткені ертең сондай болып қалуың мүмкін», - депті Грациан.

9.      Марзбан намада: «Дұшпандарыңның көптігінен қорықпа, олардың бірігіп кетуінен қорық», - депті.

10.  «Өзіне дос адам жұрттың бәрімен дос бола алады», - деген екен Сенека.

 

 

 

«Пікір алысу»

Сұрақтар:  Достық дегеніміз не?

Дос пен жолдастың айырмашылығы.

Үш адам нағыз дос бола ала ма?

Нағыз дос қндай болуға тиіс?

(Қандай қасиеттер қажет?)

Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?

Жаман досты қалай танып білуге болады?

(Достыққа кері әсер ететін қасиеттер)

 

 

Қорытынды:  Д – дүниедегі

О – озық ойлы

С – сабырлы

Т – тұрақты

Ы – ыстық

Қ – қарым-қатынас

             Осы гүлдің жапырақшасын толтыру (достыққа қажет қасиеттері)

 

 

 

 

«Мақал-мәтелдер»

 

1.      Сенімді дос – тірегің,

Қалдырма оны бір елі.

2.      Досты кекетпе,

Сөзін екі етпе.

3.      Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.

4.      Алдымен достың қамы,

Содан соң – бастың қамы.

5.      Достардың пұлы ортақ,

Тілі ортақ.

Достардың дауы ортақ,

Жауы ортақ.

 

 

 

 

 

 

 

«Достық картасы»

 

Р/с

 

Достық орны

 

Кімге арналған достық

 

 

Достықтың

түрі

 

1

 

Жанұя, тума-туыс

 

Іні, қарындас, жекжат

 

 

2

 

Мектеп, жұмыс орны

 

Ұстаз, шәкірт

 

 

3

 

Оқу орны

 

Құрбы-құрдас

 

 

4

 

Ұжым, көрші-көлем

 

Замандас

 

 

Көрініс: М.Мақатаев «Сонда да біз...»

Оқушы:  Сабыр, сабыр, ей, достым, ашуланба

Төрт тентегің «Құтыңды қашырғанға».

Бұл өмірде баладан асыл бар ма,

Сабыр, сабыр, ей, достым, ашуланба!

Шектелмесін ашумен бар амалың

Жарылмасын, сабыр ет, қағанағың.

Молшылық қой әзірше, замана тыныш

Орындай сал балаңның қалағанын.

Белдігіңді несіне шешіп алдың?

Таста әрі, балалардың есін алдың.

Қара борбай шағыңды ұмыттың ба?

Қырықыншы жылдарды есіңе алғын.

Оқушы:  Жұтатұғын жалмауыз жұттан да әрі,

Есімде ғой сұрапыл сұқтанғаны

Болса талқан, болмаса бір уыс дән.

Бір шыны сүт, ал басқа түк қалмады.

Шәй орнына қафнақ су сораптадық,

Сонда да жамандық жолатпадық,

Барға мәз, балапандай тояттадық.

Сонда біз өмірді жоғалтпадық.

Оқушы:  Нанды беріп майданға, етті беріп,

Жұбандық өзіміздей көпті көріп,

Отарлы жан отырып қорек еткен,

Көк сиырға өмір бер деп тіледік.

Оқушы:  Жазда аптап, қыста аяз қарып алып,

Арыдық та, ашықтық, жарымадық

Сонда да біз осындай сотқар ма едік?

Балалықты тіпті де танымадық.

Тірі қалдық, өлмедік сонда да біз,

Ошарлы жан, бір үйде он баламыз.

Ұзақ күнге даладан шаршап келіп,

Өлімсіреп қарайтын сонда анамыз.

Оқушы:  Сабыр, сабыр, ей, достым, ашуланба,

Төрт тентегің «құтыңды қашырғанға»

Бұл өмірде баладан асыл бар ма,

Сабыр, сабыр, ей, достым, ашуланба!

 

Тест «Сен қандай доссың?»

  1. Досың туралы ұмытылмас оқиға білесің. Сонда сен:

А – оны басқаларға айтып бересің

Ә - атын өзгертіп айтасың

Б - өз ішіңде «құпия түрінде» сақтайсың.

     2.   Сенің досың сенен жиі киім сұрайды, бірақ оны ешқашанда қайтарған емес. Қазір ол тағы да өзіне ұнайтын киім сұрап жүр.

           А – сұрап тұрған киімді бересің.

          Ә - дәл қазір сол киім өзімде жоқ

          Б – белгілі бір себептермен бере алмайтындығыңды түсіндіріп айтасың.

     3.   Туған күніңе ата-анаң сағат сыйлаған болатын. Байқаусызда сол сағатты досың сындырып алды. Сонда сен

           А – жаңадан сағат сатып алатыныңызды айтасың.

           Ә - сындырған сағаттың ақшасын төлеуін сұрайсың.

          Б – сынған сағаттың төлемін қайтару мақсатында, ұқыпсыздығы үшін қатты ренжісесің.

    4. Сенің досың өзіңе ұнамайтын адаммен жақынырақ танысып араласып жүр. Сонда сен:

         А -  онымен достықты үзесің.

         Ә - оған ештеңе айтпай, бұрынғыша қарым-қатынаста боласың.

        Б – досыңнан екі достықтың біреуін таңдауды өтінесің.

    5. Досыңның қандай да бір ұнамсыз оқиғаға тап болатынын сезесің. Сонда сен:

         А -  өзіңе зияны тимеуі үшін араларыңдағы қатынасты бұзасың.

      Ә - шын ниетіңмен онымен ашық сөйлесесің.

      Б – ештеңеге қарамастан достықты сол қалпында сақтап қаласың.

   6. Құрбым сенің ойыңша досың сенімен адал болуға тиісті. Сонда сен:

       А – саған бәрін айтуға тиіс.

       Ә - өзіңе ғана қажетті сырды айтады.

      Б – бар сырды өз ішінде сақтап қалады.

   7. Досыңның ақша жағынан қиналып жүргенін білесің. Сен оған беруге әзірсің.

       А - өтінемін ал. Досқа көмектесу менің борышым.

      Ә - сенің әрбір көмегіңді ешқашан ұмытпаймын.

      Б – қажетіңе жарап қалар, өтінемін қолымды қақпа.

   8. Сенің бір жерге баруың керек. Соған орай досыңның пальтосы немесе курткасын сұрап алғың келеді. Сонда сен:

       А – бірнеше шараны қолданасың.

      Ә - жасырмай, керек затыңды беруін өтінесің.

      Б – үндемей тістенесің.

   9. Досың жаңа киім сатып алды. Бірақ ол киім саған ұнайды, сондағы сенің көзқарасың:

       А – киімнің қатты ұнамай тұрғанын айтасың.

      Ә - киімнің өзіне ұнамағаны және не үшін екенін айтасың.

      Б – еш нәрсе айтпайсың.

   10. Айналадағы достарыңмен көзқарасың

         А – сенен гөрі ақылдырақ.

         Ә - азырақ ойшылдау.

        Б – бәрі әр түрлі деңгейде.

 

 

 

 

 

 

 

А

Ә

Б

Жауабы

1

1

2

3

21-30 балға дейін:

Айналадағы достарыңның бәрі жақсы. Мүмкін, сенде бір топ болмаса да, - жаныңдағы достарың саған сеніммен қарайды. Сен достарыңды сенім артуыңа болады. Себебі: достарың саған қол ұшын беруге еш аянбайды.

15-20 балға дейін:

Сенің достарың бар. Бірақ кейде сен олармен түсініспей қаласың.

10-14 балға дейін:

Сенде достыққа деген аса мән беретіндей ынта жоқ. Себебі, сен өзіңмен өзің отырғанды жаның сүйеді.

2

1

1

3

3

3

2

1

4

2

3

1

5

1

3

2

6

1

3

2

7

2

3

1

8

1

2

3

9

1

2

3

0

2

1

3

 

 

 

 

 

М.Мақатаев  «Дос болам десең...»

 

Дос болам десең, Досыңды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын.

Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын.

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Достарым көп пе?

Досым аз менің, тапшы емін?

Достарыңмен достастыр мені, асылым,

Достастыр мені?

Болайын құлың нақ сенің.

Достыққа жүрмін,

Достыққа жүрмін құмартып!

Өлгелі жүрмін өзіме - өзім мін артып.

Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан

Достардың барып, ауласында өлген мың артық.

 

    Мұғалім:  Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін.

 

    Үй тапсырмасы:  достық алақанына достарының есімдерін, ал жүрек эмблемасына нағыз шынайы досының есімін толтыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект внеклассного урока на тему "Достық түбі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Достық түбі – адалдық

(тәрбие сағаты)

Сабақтың мақсаты:

-          адамның бойында болатын болашақ өміріне пайдалы достық сезімнің құдіретін ұғындыру, бұл сезімнің қасиетті де қастерлі сезім, жақсылықтар жиынтығы екендігіне көз жеткізу;

-          достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: кластерлер, эмблема, суреттер, жазылған плакаттар:

1.      Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. (Әл-Фараби)

2.      Дос болма майда тілді күлгенменен,

Бимағна сырты жылтырап жүргенменен.

            3.   Достық деген – ең алдыменен адалдық, жолдасыңның қасиетін сынау.

                                                                                                                 (Н.А.Островский)

            4.   Дос адам сарайыңды жұқмақ етер. (М.Қашқари)

            5.   Көбісі аузыңды аңқитып,

                  Жел болып ұйытқып өтеді.

                  Бір өзі мыңға татыған,

 

                  Бір досың болса жетеді. (С.Жиенбаев)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2015 1218
    • DOCX 103 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шинтимирова Амина Камешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шинтимирова Амина Камешовна
    Шинтимирова Амина Камешовна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27296
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе