Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты" Адам ағзасы" қоршаған орта
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспекты" Адам ағзасы" қоршаған орта

библиотека
материалов

hello_html_m5545a809.gifҚоршаған орта 14.09.2015

Тақырыбы: Адам ағзалары және олардың қызметі
Мақсаты: 1. Оқушылардың адам табиғаттың бір бөлігі екендігі туралы білімдерін кеңейту, жетілдіру. Адам денесіндегі мүшелердің өзара байланысымен таныстыру.

2. Жаңа материалды талдау, қорытынды жасау дағдыларын, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Жоспарланатын нәтижелер:
Пәндік:
Адам ағзалары және олардың маңызы туралы білуі; салауатты өмір салтын сақтау.
Тұлғалық:
Салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылу; жекебас ережелерін өз бетінше сақтай білу.
Жүйелі-әрекет:
Алынған ақпаратты талдап, жинақтай алу; қорытынды жасай білу.
Жұмыс түрі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыс, оқулықпен жұмыс.
Қажетті көрнекі құралдар:
Оқулық, карточкалар, адам денесі мен мүшелерінің суреттері.
Пәнаралық байланыс: әбебиеттік оқу, матеметика, бейнелеу өнері.
Өзекті сұрақ:Адам ағзалары қалай жұмыс жасайды?

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
II. Сабақтың мақсаты мен міндетін қою

1. «Миға шабуыл» стратегиясы.

- «Қоршаған дүние» деген сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?
- «Адам-табиғаттың бір бөлігі» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адамның жануарлардан ерекше екендігін дәлелдеңдер. Ол үшін Венн диограммасын толтыр.

III. Білімді белсендіру.

«Мен атаймын, ал сен тап!» ойыны.
Шарты: мұғалім адамның дене мүшелері мен ағзаларын атайды, оқушылар оны көрсету керек.
Мысалы: қол, аяқ, көз, мұрын, бас және жүрек.
- Неге жүректі көрсете алмадыңдар? (Жүрек-ішкі ағза)
- Тағы қандай ішкі ағзаларды білесіңдер?
- Оларды ойлайсыңдар, адамның ішкі ағзалары қалай орналасқан? (Оқушылар жауабы)
- Бұл туралы мәліметті қайдан алуға болады? (Оқулық, қосымша әдебиет, ата-ана, бір-бірімізден....)
IV.Жаңа материалмен істелген жұмыс

Оқулықпен жұмыс
Жұппен жұмыс істеу. «Түртіп алу» стратегиясы.
1. Мәтінді оқу, жаңа мәліметтерді түртіп алу
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Бірін-бірі тексеру

V. Оқушылардың білімін бекіту
Топтық жұмыс
1. Сынып оқушылары 6 топқа бөлінеді. Мұғалімнің әр топқа бір хатқалтадан таратады. Оның ішіне адам дене мүшелерінің суреті мен олардың атаулары жазылған карточкалар салынған.
Әр топқа карточкамен жұмыс істеуге 10-12 минут беріледі.
1-топ. Тірек-қимыл жүйесі
2-топ. Тыныс алу жүйесі
3- топ. Ас қорыту жүйесі
4-топ. Қанайналым жүйесі
5-топ. Жүйке жүйесі
6-топ. Сезім мүшелері

Тапсырма: әр топ тақырыбына сай мәліметі бар материал алады. Берілген адам организімінің жүйесі қандай мүшелерден тұратынын анықтау. Олардың жұмыс істеу сызбасын құрастыру. Жүйелердің адам организімі үшін маңызын анықтауға тырысу. Кестені толтыру (қысқаша)
Жүйе Жүйелер қандай мүшелерден құралған? Ол қандай қызмет атқарады?
Тірек –қимыл жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Ас қорыту жүйесі
Қан айналым жүйесі
Жүйке жүйесі
Сезім мүшелері
2. Әр топ өз жұмысының нәтижесін көрсетеді. Басқа топ мүшелері сұрақ қояды.
3. Дәптермен жұмыс
VI. Сабақты қорыту
Өзекті сұрақ: Адам денесінің мүшелерін ата? (Әр оқушы ойын айта отырып, өзгені де тыңдамай, талқылайды.)
«Адам ойлайды және өз қолымен жасай алады» ойыны.
Шарты: бір оқушы табиғат денесін атайды, екіншісі одан не жасауға болатынын табады.
Мысалы: бір оқушы «құм» десе, екіншісі одан жасалатын «әйнекті» атайды, «ағаш»-«жиһаз, қағаз».
1. Адам денесінің мүшелері қандай қызмет атқарады?
2. Адам денесінің біртұтас жүйе екендігін дәлелде.
3. Адам неге өз денсаулығын сақтау керек?
Рефлекция.
1. Мен үйрендім:......
2. Мені таңғалдырды:......
3. Мен білгім/үйренгім келеді:....
4. Алған білімің өміріңе қандай қажетіңе жарайды?

VII. Үйге тапсырма 3-5 бет мазмұндау


Автор
Дата добавления 30.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров191
Номер материала ДВ-298980
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх