Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспекты" Қан айналым" қоршаған орта 3 сынып

Конспекты" Қан айналым" қоршаған орта 3 сынып

Скачать материал


Канайналым мүшелері

Жарияланды 26-04-2013, 13:18 Категориясы: Биология

Сыныбы: 8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Канайналым мүшелері» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар және олардың құрлысы, қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, тест сұрақтары, көрнекіліктер көрсету, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: «Жүректің құрылысы», «Қан тамырларының типтері», «Қанайналым» деген кестелер, жүректің құрастырмалы үлгісі, суреттер, ғалымдардың портреттері, электронды оқулықтан үзінділер,, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І – Ұйымдастыру.
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру.
«Жылдам және дұрыс» сұрақ - жауап.
1. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?
2. Фагоцитоз қандай құбылыс, «фагоцит» қандай жасушаға жатады?
3. Иммунитет дегеніміз не?
4. Қан топтары.
Қан топтары
Оның қанын қабылдайтын топтар
Оған қанын беретін топтар
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІV топ
5. Лимфоциттер қандай қызмет атқарады?
6. Қанайналым дегеніміз не?
7. Эволюция барысында омыртқалы жануарлардың ішінен, балықтардан сүтқоректілерге дейін,
жүректің құрылысы қалай өзгерген?
8. Тромбоциттер мен қанның ұю үдерісі.
9. Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
10. ЖИТС - тен қалай сақтануға болады?

ІІІ – Жаңа тақырып.
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)

Тарам - тарам бір ғалам,
Айқыш - ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қан тамырлар)

Жүректің орташа салмағы:
Жаңа туған нәрестеде – 20г.

Ер адамдарда – 350г.
Әйел адамдарда – 250г.
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады

Жүректің құрылысы:
2жүрекше 2қарынша
Тұтас қалқа арқылы екі бөлікке бөлінеді.
Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады.
Оң жақ жүрек бөлігінде үш жақтаулы қақпақша.
Сол жақ жүрек бөлігінде қос жақтаулы қақпақша (митральды).
Жақтаулы қақпақшалар тек қарынша жаққа қарай ашылады. Бұған бір ұшы – қақпақша жақтауына, екінші ұшы қарынша қабырғасын бекіген сіңір жіпшелері себеп болды.

Жүрек қуыстарынан қанның ағу бағыттары:
Қан жүрекшеден қарыншаларға қарыншадан артерия қантамырларына қарай ағады.
Сыртын дәнекер ұлпасынан тұратын жұқа қабық перикард қаптайды.
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады
Эпикард Миокард Эндокард
Жүректің сыртын қаптайды Ішкі қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді
Көлдденең бұлшық ет ұлпасынан түзілген

Қан тамырлар түрлері:
Артерия (қызылтамыр)

Қанды жүректен мүшелерге ұлпаларға таратады
Капиллярлар (қылтамыр)
Барлық мүшелерді торлайды, қан баяу аққандықтан қабырғалары арқылы ұлпаларға
оңай өтеді

Вена
(көктамыр)
Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды

Тұжырымдау
Жүрек төрт қуысты.
Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады.
Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады.
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард.
Қан тамырлар: артериялар, веналар, капиллярлар.

ІV – Бекіту.
1. Жүректің құрылысын атап беріңдер.
2. Жүрек немен қапталған? Жүрек қабынан бөлінетін сұйықтықтың қандай маңызы бар?
3. Терминдермен жұмыс.
1. _______________ қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы ___________________ тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар ___________ деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - ______________ деп аталады.
5. ______________ қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін ___________ реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне кедергі______________ жасайды.
8. Жүректегі_____________ қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар_________________ қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты____________ деп аталады.

Жауабы:
1. Жүрек - қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар артериялар деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - аорта деп аталады.
5. Сол жақ қарыншаның қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін жақтаулы қақпақшалар реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне айшық қақпақшалар кедергі жасайды.
8. Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты миокард деп аталады.

4. Сәйкестендіру тесті:
Сұрақтар
Дұрыс жауаптар
Кілт сөздер
1. Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
2. Қан қысымы шамалы
3. Дененің барлық мүшелеріне таралады
4. Қан қысымы жоғары
5. Адам шашынан 50 есе жіңішке
6. Қантамырларының қабырғасы қалың әрі серпімді
7. Қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы оңай өтеді
8. Ұсақ майда қантамырлар
9. Қақпақшалар қайда пайда болады?
10. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады
А) артериялар
Ә) веналар
Б) қылтамырлар
V. Қорытындылау.

Сынақ.
1. ІІ топтағы қанды құюға болады:
а) тек І топқа;
в) І, ІІ топтарға;
с) ІІ, ІІІ топтарға;
д) ІІІ, ІV топраға;
е) І, ІVтоптарға.
2. Артерия қан тамыры:
а) тек қана артерия қанын жеткізеді;
в) тек қана вена қанын жеткізеді;
с) қанды мүшелерден жүрекке жеткізеді
д) жүректен шығатын қанды мүшелерге жеткізеді.
3. Эритроциттың бұзылуы жүреді:
а) көк бауырда;
в) сүйектің қызыл кемігінде;
с) лимфа түйіндерінде;
д) ұйқы бездерінде;
е) сүйектің сары кемігінде.

4. Бұл дәруменнің жетіспеуінен қаназдық кезінде оттегінің гемоглобинмен байланысы төмендейді:
а) В3;
в) В2;
с) В6;
д) В12;
е) С.

5. Лейкоциттердің негізгі қызметі:
а) қоректік;
в) тыныс алу;
с) тасымалдау;
д) қан ұюға қатысу;
е) қорғаныш.

6. Жарадан аққан ірің – ол:
а) клетка аралық заттар;
в) ұлпа сұйықтығы;
с) өлген лейкоциттер, ұлпалар, клеткалар;
д) өлген эритроциттер, ұлпалар;
е) өлген тромбоциттер, ұлпалар, клеткалар.

7. Иммунитет болмайды:
а) туа біткен:
в) жүре пайда болған;
с) табиғи;
д) жасанды;
е) бейтарап.

8. Организмнің антиденені жасау қабілеттілігі организмде қалыптастырады:
а) тромб түзелуден сақтауды;
в) ішкі ортаның тұрақтылығын;
с) иммунитетті;
д) фибриннің фибринге айналуы;
е) протромбиннің тромбинге айналуын.

9. Лимфа қан айналу жүйесіне келіп құяды:
а) артерия арқылы оң жақ құлақшаға;
в) вена арқылы оң жақ құлақшаға;
с) артерия арқылы сол жақ құлақшаға;
д) вена арқылы сол жақ құлақшаға;
е) капилляр арқылы оң жақ құлақшаға.

10. Бөгде клеткаларды танумен жоюға жауап беретін лейкоциттер:
а) Т - лимфоциттер;
в) В - лимфоциттер;
с) базофильдер;
д) эозинофильдер;
е) нейтрофильдер.

«Сен білесің бе.»
Бұл бөлімде ғалымдар, қанды зерттеуде қандай үлес қосқанын айту керек.
Мечников Илья Ильич (1845 - 1916) – орыс биолог, эмбриолог және иммунолог.
Уильям Гарвей (1578 - 1657), ағылшын дәрігер, физиолог, эмбриолог.
Антони ван Левенгук – голландиялық ғылыми микроскопияның негізін қалаған жаратылыс зерттеуші.
Марчелло Мальпиги (Marcello Malpighi)(1628 - 1694) –итальян дәрігері, биолог және анатом.
Ландштейнер Карл (Landsteiner) (1868 - 1943) - атақты австриялық иммунолог.

«Құпия сандар»
Мына сандардың мағнасын аш..
90 % Қандағы судың мөлшері
300 г Жүректің салмағы
120 күн Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы.
0, 9 % NaCI қандағы мөлшері
4, 5 - 5 млн 1ммі эритроциттер саны
6 - 9мың/мм3 Лейкоциттер саны
5 литр Ағзадағы қан мөлшері

«Деңгейлі тапсырма»
ІІІ – деңгей.
Қанайналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Қантамырлар неше топқа бөлінеді?

ІІ – деңгей.
Жүрекше мен қарыншаның бұлшықет қабаттарының ерекшеліктері қандай?
Жүректе қандай қабаттар бар? Әрқайсысын толық сипаттаңдар.

І – деңгей.
Қалыпты жағдайда жүрек 1минут ішінде орта есеппен 5 л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды
1минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?
3. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1минутта 70рет жиырылып - кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады?

Жауаптар:
1. 60Ч5=300 рет, яғни1сағ. 300рет. 300ретЧ24сағ. =7200литр, яғни 1тәулікте 7200литр қан айдайды.
2. 60минЧ2=120рет, яғни 1сағ - 120рет
120Ч24=2880рет, яғни 1тәулікте - 2880рет
3.: 60Ч70=4200рет, яғни1сағ.=4200рет 4200Ч24сағ.=100800рет, яғни 1тәулікте – 100800рет

«Есіңде сақта»
Жүрек – жалқаулықты, енжарлықты сүймейтін мүше. Күнделікті ой еңбегімен шұғылдану барысында үзіліс жасап, дене еңбегімен, спортпен, үй шаруасымен шұғылданып отырса, адамның еңбек ету қабілеті артып, өзін сергек сезінетін болады. Қазіргі күні дәлелдер бойынша адамның ақылдығы оның қимыл әрекетімен түсіндіріледі. Қозғалыс болмаған жағдайда қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылады. Ал қанайналу ағзаны қанмен оттек, энергия, глюкоза, т. б. Заттармен қамтамасыз етеді. Қан айналу жүйесі шынығуды қажет етеді. Денсаулықты бұзылғаннан кейін емес, бұзылмай тұрып ойлау керек.

VI – Үйге тапсырма: § 36. Сұрақтарға жауап беру.
Жүрек құрылысының суретін салу.
VII – Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты" Қан айналым" қоршаған орта 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 136 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2015 1026
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имбетова Айжамал Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 121465
    • Всего материалов: 49

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1151 человек из 81 региона

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 254 человека из 50 регионов

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 23 регионов

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе