Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты " Ас қорыту" қоршаған орта
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспекты " Ас қорыту" қоршаған орта

библиотека
материалов

Ас қорыту мүшелері.Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері. 
Сабақтың мақсаты: 
1. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы және қызметі туралы түсінік беру. 
2. Оқушылардың талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту. 
3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: ас қорыту мүшелерінің суреттері және тірек сызбасы. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру. 
ІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру. 
Ауызша сұрақтар. 
1) Қоректену деген не? 
2) Тағамның құрамында қандай ағзалық заттар болады? 
3) Тағамның ағзалық заттары ағзаға қалай жеткізіледі? 
4) Тағамдық заттар қандай қызмет атқарады? 
Жазбаша тапсырма. 
Көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып қойыңдар. 
1. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен ........ нәруыз қажет. 
2. Май ыдыраған кезде ........... энергия бөлінеді. 
3. .......... түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. 
4. Тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат ........... 
5. Тағамның құрамындағы ағзалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуі ........... деп аталады. 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
Ас қорыту мүшелері 
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады. 
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабат – дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы – бұлшықет қабаты, ішкі қабаты – эпителий ұлпасынан түзілген. 
Ауыз қуысы. Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағыз ауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан – еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады. 
Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады. 
Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс. 
Нағыз ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденеңжолақта бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл – өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады. 
Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамша бездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. 
Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады. 
Қарын – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын – іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. 
Аш ішек – қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін тұүріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. 
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – бүйен деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді тұйық өскен соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (латынша «appendix» - қосалқы деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. 
ІV. Жаңа сабақты бекіту 
Кесте толтыру. 
Асқорыту мүшелері Құрылысы Қызметі 
Ауыз 
Өңеш 
Қарын 
Аш ішек 
Тоқ ішек 

V. Үйге тапсырма. 
Асқорыту мүшелері.



Автор
Дата добавления 30.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров158
Номер материала ДВ-298984
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх