Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты " Біріншіге барамын "

Конспекты " Біріншіге барамын "



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Ертеңгілік : «Біріншіге барамын»

Мақсаты: Балалардың, жыл бойғы өткен білімдерін қайталау. Әріптерді, сандарды, өтілген әңгімелер, ертегілер әңгімелеу. Балалардың тілін даматып, мектепке деген қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші: Айналайын, балалар

Алда мектеп ана бар

Өздеріңнен өседі

Өнерпаздар даналар

Өткізіп қызық күндерді

Алты жасқа жеттіңдер

Алдағы терең білімді

Біріншіге барып алыңдар

Ал, балалар ертеңгілігімізді бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңіздерші.

-Біз тұратын Республика қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

-20-ға дейін санау

-1-ден 10-ға дейін тура, кері санау

-Қазақстанның рәміздерін айту

-Гимнді орындап беру










Олай болса, балалар «Біріншіге барамыз» атты ертеңгілігімізді байтайық.

Табиғаттың тарылтпайық, мөлдір кәусар тынысын

Пәт табиғат, әр жүректің тамылжыған жырысың

Ей, адамзат Ақылға сал, қатыгездік жасама

Өзіңдағы содан тудың табиғаттың ұлысың!- деп табиғатты аялайық

Балалар, еліміздің табиғаты, аң-құстары жайлы білім алдық, туған жерге елге арнап өлеңдер, тақпақтар айтамыз.


Қадамың бар баспаған

Асуың бар аспаған

Халқым жетсін мұратқа

Ей, басқалам-Астанам


Анамыздай тілеуі-ақ

Отан бізде біреу-ақ

Ол- біздің қазақстан

Алтай жайық арасы

Жарты әлемдей даласы

Ол-біздің қазақстан


Шырқап көкке асқақ ән

Болашаққа бас қадам

Қазақ рухын биіктет

Ей, бас қалам-Астанам


Отан сенің ата-анаң

Отан-досың, бауырың

Отан-өлкем, астанам

Отан –аудан ауылың


Данасы мен батыры көп қазақтың

Көрген талай қияметті азапты

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүниенің әлемін


Сары, ақпыз, қарамыз

Бәрімізде баламыз

Бір қалада тұрамыз

Бір мектепке барамыз


Отан –дейміз, от жаққан жерімізді

Отан-дейміз өсірген елімізді

Отан- дейміз туған жер атамекен

Биік тау, орман тоғай көлімізді


Апорт дейтін алма бар

Жер жаратын атағы

Мұндай алма қайда бар?

Алматы оның отаны


Ақ, қара деп бөлмейміз

Бір жыл толған төлдейміз

Туысқанбыз татумыз

Биіктерге өрлейміз

Хор: «Отан» әні

Жүргізуші: Балалар, олай болса тақтаған көрінген суреттер бойынша сөйлем құрайық

Ортада Дайындық «в» сыныптың бір топ қыздарын «Қамажай» биімен қарсы алайық

Жүргізуші: Балалар, ендігі кезекті сауат ашу пәнінен тапсырмалар орындайық.

Хор: «Домбыра сазы»

Жүргізуші: Ендігі кезекті өтірік өлеңдер айтуға кезек берейік

Ақ тауыққа мініп ап

Айға жеттім зымырап

Құйынынан тауықтың

Кетті бұлттар ыдырып


Сүтін сауып торғайдың

Жетім тайды өсірдім

Аққу жегіп арбаға

Бүкіл елді көшірдім


Екі бала бірге кеп

Бір көжекті қуыпты

Ұстап алса сұр көжек

Отыз тонна шығыпты


Мініп алып құрыққа

Өрмеледім бұлтқа

Алып келіп айды

Көрсеттім көп жұртқа


Инемен жер қазып

Су шығардым шөл жерге

Елекпенен құм қазып

Бөгет салдым көлдерге


Құмырсқаға қой бақтырдым

Жапалаққа жайдақ міндім

Тумай жатып тілім шығып

Өлең айтып сайрап тұрдым


Жүргізуші: Дайындық «а» сынып оқушысы Манастың орындауында «Мектебім» әні. Қарсалыңыздар!

Ендігі математика пәнінен тапсырмалар орындайық


1.Геометриялық пішіндердің атын, түсін айту.

2.Есеп шығару

3.Салыстыру

Қарсалыңыздар! Ортада дайындық «б» сыныбының оқушысы Ризаның орындауында «Бала тілегі» әні

Жүргізуші: Өсті міне ойларың

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың

Енді тақпаққа кезек берелік, мектеп, әдептілік, оқу туралы, ұстаз және туған жер туралы айтамыз.


Қарсы ал ерте күн көзін

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты

Жалама аяқ табақты

Пышақты ұста оң қолмен

Шанышқыны сол қолмен


Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда

Жаманнан безуге

Жақсылық жасауға

Қамқоры ұл-қыздың

Мұғалім ол біздің


Үзіп алсаң сен бір гүл

Үзіп алсам мен бір гүл

Не қалады сыйқыннан

Қызыл-жасыл жердің бұл


Нанды үгітпе қадірле

Қабығымен бәрін же

Әдеп қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді


Аңыз, ертек, ән-жырдың

Бәрін бойға құйғыздың

Санамызға сіз біздің

Бар асылды сыйғыздың

Жастық білім шырағы

Рахмет сізге мұғалім


Жайнап өсіп далада

Көздің жауын ала ма

Бірде бәрін жұлғызба

Қасыңдағы балаға


Ана тілін сүймеген

Ақылы жоқ желік бас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас


Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Дайындық сыныпты қыймаймыз

Қоштасатын күн бүгін


Ботақандай бөбек деп

Еркелеткен ұл-қызын

Апамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін


Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер-білім үйреткен

Өзіңізді қыймаймыз


Сұлу дала менің сүйген еркемсің

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О, туған жер тамашасың, көркемсің!


Біріншіге барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Сізге апай келіп тұрамыз


Бұл қуаныш себебім

Бізге қалап ұғарсың

Ер жетті деп бөбегім

Туған далам қуансын


Мектепте енді боламыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Хор «Анашым»

Жүргізуші: Ал, балалар, мен сіздерге жұмбақ есеп айтамын. Сіздер шешіп көріңдер.

Бүкірлеумін, имекпін

Мойнындай үйректің

Сабағыңды білмесең

Мені аласың күнде сен (екі)


Аулада үш үйрек

Қорада бір үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (екі)


Табақта бес алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады қанша алма (жеті)


Бес алған Асанға бес алма

Төрт алған Досанға 4 алма

Үш алған Хасанға 3 алма

Екі алған Бошанға неше алма? (екі)

Енді ортаға оқушыларымызды «Вальс» биімен шақырайық.

Жүргізуші: ендігі кезекті тақпаққа берейік. Ортаға Салтанат пен Назеркені шақырайық




Салтанат

Бас көшеде қырағы

Үш көзді дәу тұрады

Ашса кезек үш көзін

Айтты деп біл үш сөзін

Тоқса, сақтан, жол ашық

Жүрме жолға таласып

Қызыл көзін ашқанда

Сабыр сақта баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Жүре бергін жасқанба

Назерке

Сәл демалып

Тынып ал

Тақпақ таңдап

Ұғып ал

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар

Біріншісі-Дүйсенбі

Екіншісі-Сейсенбі

Үшіншісі-Сәрсенбі

Төртіншісі-Бейсенбі

Жұма деген-бесінші ұл

Алтыншы ұл ол-Сенбі

Жетіншісі –жексенбі

Алғаның жөн мұны ұғып

Ойын «Кім шапшаң?»

Жүргізуші: ал, балалар қане балығымыз жұмбақ шешейік

Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

Жазу үшін саған

Қажет қағаз не? (қалам)

Жазу жазып арықтаған

Жаза-жаза арықтаған (бор)

Отырмайды, тұра алмайды

Түзу жолда бұраңдайды (жылан)

Өшірді, сүртті

Өзгені құртты

Өзін де құртты (өшіргіш)

Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді (қалам)

Ұшып-қонып тынбайды

Қанша соқсаң, сынбайды

Суға салсаң, батпайды

Түскен жерде жатпайды.(доп)

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (түйе)

Жүргізуші: Келесі Ерсайын Ақжүністі индия биімен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Тағы да балаларға кезек берейік.

Үйретіп өмір ұстазын

Үлгілі іске нұсқадың

Ақкөңіл іскер қашанда

Ақылшым менің ұстазым


Мектебім –гүл дәурен балалық

Мектебім-ертеңгі даналық

Мектебім күн болсаң сен бізге

Біз-сәулең тұратын таралып


Әрбір әріп нұрланып

Бізге сырын ашады

Әр әріптен бір жарық

Шұғыласын шашады


Ержетуді тосамын

Жақсы оқып озамын

Көркейтуге қаламды

Үлесімді қосамын

Әсем қала-Астанам

Болған емес бас қала

Мақтан тұтам өзіңді

Үлгі болар жас қала


Бесігінде бақыттың

Ән-жырымен уақыттың

Қанатында арманның

Шыршасындай орманның

Өсіп келе жатырмын


Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан


Ей, жарқын жаз, жарқын жаз

Қандай көркем даламыз

Алаңсыз дем аламыз

Біз бақытты баламыз

Шырқап әнге саламыз

Жүргізуші: Балалар жолдарың болсын, сәт-сапар тілеймін!

Балалар: «Мектеп –кеме, білім теңіз,

Барар жерге тез жетеміз»

Ортада оқушылардың биін тамашалайық. Флеш моб.

Ендеше, ортаға ата-аналарды шақырайық. Оқушыларға тілектерін айтып өтсін.

Жүргізуші: Болуға тырыс талпынып

Асылдардың көзіндей

Кездейсоқпен достаспа

Адалдығын сезінбей

Күтуде сен келешек

Қоғамға өзің берешек

Алдарыңды алып өс

Ата-анаңа болып өс

Еліңнің қамын ойлайтын

Азаматы болып өс!- дегім келеді сіздерге оқушылар

Осыменен құрметті ата-аналар, оқушылар «Біріншіге барамын» атты ертеңгілігімізді аяқталды.

Хор: «Біз мектепке барамыз»







Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі






Біріншіге барамын

(ертеңгілік)





















22 мамыр 2015 жыл



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров114
Номер материала ДВ-368054
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх