Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты "Д дыбысы және әрпі"

Конспекты "Д дыбысы және әрпі"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Д дыбысы мен әрпін таныту,олар арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Д дыбысы мен әрпіне қатысты сөздерді оқыту арқылы оқушылардың тілімен білімін қалыптастыру,буындық, дыбыстық талдау жасату.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру,талдау - жинақтау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Балалар қолымыздан ұстап бір-бірімізге тілек тілеуден бастайық.

Еліміз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Бақытты болайық!

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Нанымыз көп болсын!
ІІ. Өткен сабақтан сұрақ қою.

-Балалар, дыбыс деген не? (дыбысты айтамыз, естейміз)
-Ал, әріп дегеніміз не? (әріпті жазамыз, көреміз)

-Дыбыс нешеге бөлінеді? (2-ге) қандай? (дауысты, дауыссыз)

-Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? (балалар көрсетеді)

-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

Енді, балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Қандай текшемен белгілейміз?

Қ дыбысы бар сөздер айтайықшы. Буынға бөлу. Сол сөздерге сөйлем құрау.

Қала сөзіне дыбыстық талдау жасау.

қ-дауыссыз, а-дауысты, л-дауыссыз, а-дауысты
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу

Сол аяқ пен оң аяқ

Кезек оны тебеді

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгере береді

-Балалар, доп

-Қандай дыбыстан басталып тұр?

-Д дыбысы

- Ендеше, бәріміз хормен айтайық.
- ды
- Созып айтуға келе ме?
- Жоқ
- Ендеше бұл қандай дыбыс?
- Дд дыбысы - дауыссыз дыбыс.

Тақтаға суреттер ілінеді, оқушылар олардың атын айтады.
Бидай, велосипед, домбыра. Дыбыстық талдау жасату.
- Балалар, д дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді екен.

Сөйлемдер құрату.

Бидай- егіс алқабында өседі, одан ұн жасалады, ұннан нан жасалады53231F66


Велосипед- оның неше бір түрі болады. Екі аяқты үлкен адамдар мен балаларға арналған. Үш аяқты түрі ол «Балдырған». 53231F66



Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. 53231F66


(Сөздік қорын молайту, тілін дамыту үшін сөйлемдер құрауға машықтандыру.) Д дыбысынан келетін адам аты бар ма?
Дәптермен жұмыс.
1) Әліппе-дәптеріндегі буындар мен сөздерді оқыту.

- Тақтаға жазу
- Ауада жазу

2) Сөйлемдердің сызбасын жазу.

Сергіту жаттығуы.
Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық

4) Сөйлем құрау. Мысалы: Айдос доп ойнады.

Сөз жұмбақтар шешу.

Ұшып –қонып тынбайды

Қанша соқсаң, сынбайды

Суға салсаң батпайды

Түскен жерде жатпайды (доп)

-Біздер қайда ойнаймыз? (дала)

- Д дыбысынан басталатын адам аты бар ма? (Дана)
Ребусты шешу:

(Дара )53231F66



Сабақты қорытындылау.
- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Д дыбысы қандай дыбыс?
- Д дыбысы бар сөздерді атаңшы?
- Д дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Бағалау. Оқушылардың білімін мақтап, мадақтап бағалау.





Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі





Ашық сабақ

Тақырыбы: Д дыбысы және әрпі







Пәні: Сауат ашу

Өткізген: Жолдыбаева Г

Сыныбы: Д «ә»









22 желтоқсан 2015 жыл





53231F66























































53231F66





























53231F66



































53231F66







53231F66




Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров113
Номер материала ДВ-368034
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх