Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты "Е е дыбысы мен әрпі "

Конспекты "Е е дыбысы мен әрпі "


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ее дыбысы мен әрпі

Мақсаты: «Ее» дыбысымен және әрпімен таныстырып,сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету. Е дыбысын қатыстыра отырып сөз,сөйлем құрау,буынға назар аудару және е дыбысының сөздің қай жерде кездесіп тұрғанын таба білуге дағдыландыру.Байланыстыра сөйлеуге,ұғымталдыққа баулу.

Көрнекілігі:Е дыбысына байланысты суреттер ,сөздер

Түрі: жаңа сабақ

Жүрісі:I.Ұйымдастыру.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.Слайдтан көрсету.

Жарқын күн,жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сенен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік

-Жақсы оқушылар қазір қандай сабақ?

-Әліппе пәнінен нелерді білеміз?

-Әліппеден әріптерді танып,дыбыстарды оқимыз.

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс деген не?

-Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

«Кім жылдам» ойыны.Сөздер оқыту.

II.Үй тапсырмасы: Ң дыбысы.

-Кеше қандай әріппен таныстық?

-Ол қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде кездеседі?

«Аңдар» мәтінін тізбектей оқыту.Мадақтау. «Аңдар» қорытынды сөз.

-Аңдар қайда өмір сүреді?

-Өз бетімен өмір сүре ала ма?

-Үйде бағуға болама?

III.Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу:

*Үй жануары

*Киімді неден тігеді?

*Аяғымызға не киеміз?

*Ас атасы не?

-Оқушылар қызыл жолақтың ішінен қандай сөз шықты ?

-Дұрыс айтасыңдар, емен.

Емен ең мықты ағаш.Емен ағашынан түрлі тұрмыстық бұйымдар жасайды.Көп жыл өмір сүреді.Көп кездесе бермейді.

-Осы емен сөзі қандай әріптен басталып тұр. Е әрпінен.

- Олай болса , бүгін Ее дыбысы және әрпімен танысамыз.

-Қане е дыбысын айтып көрейік.

-қалай айтылып тұр?/созылып\

-Е дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?/дауысты/

-Қандай текшемен белгілейміз?/қызыл/

-Осы е дыбысына байланысты сөздер айтайықшы.

-Емен,еден,ешкі,ескі,кеме,кесе ,бес.

-Енді емен,немере,жер,бес сөздерді буынға бөлейікші.

-Неше буын,неше дауысты дыбыс бар?

-Бұдан қандай ереже шығарып алуға болады?/сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады/

-Емен,ер сөздеріне дыбыстық талдау жасап жіберейік./текшемен көрсету/

IV.Оқулықпен жұмыс.

Жақсы оқушылар оқулыққа назар аударайық.

Бағандағы сөздерді оқып,түсіндіру.

Емен-ағаш; еден-үйдің ,сыныптың; немере,немене-туыстық атау;

Ел-қазақ елі;ер-азамат,жігіт,ат әбзелі; жел-табиғат құбылысы; жер-планета,мекен;бел-адам денесінің бөлшегі,құрылыс құралы;бес-сан

Емен мәтінін оқып,түсіндіру.

-Мәтін не туралы?

-Одан не жасайды?

-Ағаштарды не істеу керек?


Неше? Нешеу?

-Бес белбеу -Белбеу- бесеу.

-Алты ер -Ер-алтау.

Жазу жолындағы сөздерді оқыту.

V.Сергіту сәті

VI.Дәптермен жұмыс.

Оқушылар енді осы Ее дыбысын жазып үйренейік.Жұмыс дәптерлерімізді ашып,жазайық.Ауада жазу,тақтаға жазу.

VII. Сабақты қорыту:

-Балалар , «е» дыбысына байланысты бір ойын ойнап,бүгінгі сабағымызды қорытамыз.

Ойын «Дыбысты анықта».Шарты:балалар орындарынан тұрып,мұғалім өтілген әріптерден басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды,ал «е»дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.

Бағалау.




Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі













Ее дыбысы мен әрпі

ашық сабақ













Өткізген:Алпамысова









2015 жыл


Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров286
Номер материала ДВ-339907
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх