Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Конспекты географи страна Австралия

Конспекты географи страна Австралия


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m17f8c144.gif

Аустралия Одағы
Commonwealth of Australia

Flag of Australia.svg

Аустралия елтаңбасы

Байрақ

Елтаңба



Australia (orthographic projection).svg

Тәуелсіздік күні

Доминион1 қаңтар 1901
Вестминстер статуты: 11 желтоқсан 1931 

(9 қыркүйек 1939қабылданды)
Австралия Жарғысы: 3 наурыз1986 (Ұлы Британиядан)

Ресми тілі

ағылшынша

Елорда

Канберра

Ірі қалалары

СиднейМельбурн,БрисбенПертАделаида

Үкімет түрі

Конституционды монархия

Королева
Генерал-губернаторы
Премьер-министрі

Елизавета II
Квентин Брайс
Кевин Радд

Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті

Әлем бойынша 6-шы-орын
7 692 024 км²
1%

Жұрты
• Сарап (2015)
• Тығыздығы


24 738 269 адам (50-ші)
2,8 адам/км²

ЖІӨ
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда


$882,362 млрд
$ (12-ші)
$55,589 $

АДИ (2011)

Green Arrow Up Darker.svg 0.929 (өте жоғары) (2-ші)

Этнохороним

австралиялық







Аустралия, ресми атауы Аустралия Одағы (ағылш. Commonwealth of Australiaлат. australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан) — Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Австралия Одағы Шығыс ТиморИндонезия РеспубликасыПапуа — Жаңа ГвинеяВануатуЖаңа КаледонияСоломон аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары – СиднейМельбурн.

Мемлекеттік құрылымы

Аустралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес Аустралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Аустралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде.

Аустралияда өкіметтің үш тарауы әрекет етуде:

Парламенті

Аустралия Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғысы - Сенат, төменгісі - Өкілдер Палатасы. Сенатта - 76 сенатор ал Өкілдер палатасында - 150 депутат бар. Өкілдер палатасына депутаттар бірмандаттық округтар арқылы 3 жылға сайланады. Парламентте әр штаттың кемінде 5 депутат өкілдері болуы тиіс. Сенаторлар партиялық тизім бойынша 6 жылға сайланады. Әр штаттың 12 сенатор және әр территорияның 2 сенатор өкілдері бар.

Әкімшілік-территориялық құрылымы

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/2/2c/AustraliaStatesTerritoriesNumb.png

Аустралияның картасы. 1 — Аустралияның астаналық территориясы, 2 — Жаңа Оңтүстік Уэльс, 3 — Виктория (Аустралия), 4 — Квинсленд, 5 — Оңтүстік Аустралия, 6 — Батыс Аустралия, 7 — Тасмания, 8 — Солтүстік территориясы

Аустралия алты штатқа, екі материктік және көптеген басқа да кішкентай территорияларға бөлінеді.

  • Штаттар:

  1. Виктория штаты - жер аумағы: 237 629 км² (Аустралия штаттары мен территориялары бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын), астанасы: Мельбурн қаласы;

  2. Батыс Аустралия штаты - жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы: 2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Перт қаласы;

  3. Квинсленд штаты - жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000 (3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;

  4. Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты - жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын), халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сиднейқаласы;

  5. Тасмания штаты - жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;

  6. Оңтүстік Аустралия штаты - жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын), халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаидақаласы;

  • Материктік территориялар:

  1. Солтүстік территориясы - жер аумағы: 1 420 968 км² (3-ші орын), халқы: 202 500 (8-ші орын), әкімшілік орталығы: Дарвинқаласы;

  2. Аустралияның астаналық территориясы - жер аумағы: 2 358 км² (8-ші орын), халқы: 339 900 (7-ші орын), әкімшілік орталығы: Канберра қаласы.

Әр штаттың және материктік территорияның өз заңшығарушы органдары (Парламент) бар. Солтүстік территориясыда, Аустралияның астаналық территориясында және Квинсленд штатында бірпалаталық ал қалған штаттарында екіпалаталық Парламенттері бар. Төменгі палата - Заңшығарушы Ассамблеясы (Оңтүстік Аустралия және Тасмания штаттарында - Заңшығарушы жиын) деп ал жоғарғы палата - Заңшығарушы Кеңес деп аталады. Штат басшылары - Премьер ал территория басшылары -Бас министр деген атақтарына ие.

Штат пен территория статустарының бас айырмашылығы - федералдық Парламент, территория Парламенттерінің кез келген шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға құқы бар. Ал штат Парламенттерінің шешімдерін тек қана мемлекет Конституциясының 51 тармағына сәйкес келсе ғана өзгерте алады. Қалған жағдайларда штат Парламенттерінің қабылданған шешімдері өз күштерінде қала береді.

Халқы

2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546 адам болған. Австралияның негізгі халқы ЕуропаданАмерикадан қоныс аударған ағылшын тілділер, оларды австралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне тән құндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан. XX ғасырдың 70-жылдары демографиялық дағдарыс және экономиканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пайдалануды талап етті. Австралияға ағылып арабтар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап – Конституцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәселелеріне байланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орындарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді.

Тарихы

Джеймс Кук Австралия материгінің жағалауын Endeavour кемесімен зерттеген

  • Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Австралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;

  • 1606 жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Австралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Австралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.

  • 1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.

Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Австралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде пайдалана бастайды. Австралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.

1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Австралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) [[Вестминстерлік статусқа сәйкес Австралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Австралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады.

Жетекші саяси партиялары

Австралияның Лейбористік Партиясы (Australian Labor Party) (1891 жылы құрылған), Австралияның Либералдық Партиясы (Liberal Party of Australia) (1944) және Австралияның Ұлттық Партиясы (National Party of Australia) (1916).

Либералдық және Ұлттық партияларының коалициясы 1996 мен 2007 жылдар аралығында үкіметті басқарды және 2004 жылдан бастап Сенаттыда бақылауға алған. Дегенмен 2007 жылы өткен парламенттік сайлауда, төменгі палатада көпшілік дауысты Лейбористер партиясы жеңіп алды. Сонымен қатар олар елдің бүкіл штаттардың мен территориялардың Парлменттерінде көпшілік дауысқа ие.

Экономикасы

Австралия индустриялы-аграрлы ел.АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған.Пайдалы қазбаларға бай.Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі.Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған.Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полигр., ағаш кесу және мебель өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан.Австралия шаруашылығының маңызды саласы - қой шаруашылығы.Ол Австралия шаруашылығының 60-70%-ін құрайды.А.ш. дақылдарынан бидай, арпа және сұлы өсіріледі.Жер көлемінің 90%-ін жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр.А-ның ұлттық табыс көлемі 228,1 млрд.Американ доллары, жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді(1995 ж.).Экспортқа жылына 65 млн долларлық өнім шығарылып, 12 млн долларлық импорттық өнім әкелінеді.А-ның дүн. жүзі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі - 1,1%.

Географиясы

Аустралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Аустралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк. Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып, Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр.


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров168
Номер материала ДВ-285678
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх